Break операторы оны біріктіретін switch, do, for, while операторларының ең ішкісінің орындалуының тоқталуын қамтамасыз етеді. Break операторы орындалғаннан кейін басқару үзілген оператордан кейінгі операторға беріледі.
Мысал:
char ZNAC;
int x,y,z;
switch (ZNAC)
{
case '+': x = y + z; break;
case '-': x = y - z; break;
case '*': x = y * z; break;
case '/': x = u / z; break;
default : ;
}
Тапсырмалар 1-деңгей
Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын программа құру керек.
Екі санның үлкенін табатын программа құр.
Үш санның үлкенін табатын программа құру керек.
Екі санның кішісін табатын программа құру керек.
Үш санның кішісін табатын программа құру керек.
Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.
Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
Санның тақ немесе жұп екендігін анықтайтын бағдарлама құрыңыз.
Енгізілген бүтін санның үшке бөлінетіндігін не бөлінбейтіндігін тексеретін бағдарлама құру қажет.
Апта күнін енгізу арқылы оның атауын шығаратын бағдарлама құрыңыз. Қате мәліметтер енгізілген жағдайда тиісті хабарлама шығуы керек.
2-деңгей Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан ) енгізіледі. Билет «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады.
1-ден n – ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру керек.
Y= ex sinx+cosx функциясының мәндерінің [a, b] аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа құрыңдар.
Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.
Дөңгелектің ауданын есептейтін программа құру керек.Программа шығатын мәліметтің дұрыстығын тексеру керек.
Санкт-Петербург қаласының негізі қай жылы салынғандығы туралы білімді тексеретін бағдарлама құрыңыз. Қате жауап берген жағдайда дұрыс жауабы шығарылуы қажет.
Адамның оптималды салмағын есептейтін, оны адамның өз салмағымен салыстырып, толу немесе арықтау керектігі жөнінде ұсыныс беретін бағдарлама құрыңыз. Оптималды салмақ мына формула бойынша анықталады: адамның бойы – 100.
Пернетақтадан кез-келген әріпті енгізген кезде сол әріптен басталатын заттардың атауын шығаратын бағдарлама құрыңыз.
Айдың нөмірі арқылы сәйкес жыл мезгілін шығаратын бағдарлама құрыңыз. Егер дұрыс емес санды көрсеткен жағдайда «Қате, ондай жыл мезгілі жоқ» деген хабарлама шығуы керек.
Апта күнін көрсету арқылы келесі хабарламаның бірін көрсететін бағдарлама құрыңыз: «Жұмыс күні», «Сенбі» немесе «Жексенбі».
3-деңгей Параллель немесе тізбектей жалғанған екі кедергіден тұратын электрлік тізбектің кедергісін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
электрлік тізбектің кедергісін есептеу Берілгендерді енгізіңіз: Бірінші кедергінің шамасы (Ом) -> 15 Екінші кедергінің шамасы (Ом)-> 27.3 Жалғану түрі (1-тізбектей, 2-параллель) ->2 Тізбек кедергісі: 9.68 Ом Фото шығарудың құнын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Фото форматы 9х12 немесе 10х15, егер фото 10-нан көп болса, онда 5% жеңілдік беріледі. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Фотолар Формат (1 – 9x12; 2 – 10x15) -> 2 Саны, дана -> 15 -------------------------------------- Бағасы: 3.20 руб. Саны: 15 дана Сома: 48.00 руб. Жеңілдік: 2.40 руб. Төлеуге: 45.60 руб. Тоқ шамасын анықтайтын бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама енгізілген мәліметтерді тексеруі қажет, егер олар қате болса (бөлгіш нөлге тең болса), қате туралы хабарлама шығады. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Электр тізбегіндегі тоқ Қуат, ВТ -> 60 Кернеу, В -> 0 Қате! Кернеу нөлге тең болмауы керек. Сақина ауданын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама берілген мәліметтерді тексеруі қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Сақина ауданын есептеу Берілген мәліметтерді енгізіңіз: Сақина радиусы (см) -> 3.5 Тесік радиусы (см) -> 7 Қате! Тесік радиусы сақина радиусынан үлкен. Уақытты минут және секундтан секундқа айналдыратын бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама енгізілген мәліметтерді тексеруі қажет, егер мәліметтер қате болса, тиісті хабарламаны шығаруы қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Уақытты енгізіңіз (минут.секунд) -> 2.90 Қате! Секунд саны 60-тан үлкен болмау керек Квадрат теңдеуді шешетін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруі қажет. Егер белгісіз санның екінші дәрежесіндегі коэффициенті нөлге тең болатын болса, тиісті хабарламаны шығару қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Квадрат теңдеуді шешу Бір жолға коэффициенттерді енгізіп басыңыз -> 12 27 -10 Теңдеу түбірлері: x1= -25.551 x2= -28.449 Өнеркәсіптегі қызметкерлер кітапшасындағы қызметкерлердің аты-жөнін енгізгенде олардың жынысын анықтайтын бағдарлама құру қажет.
Вклад бойынша табысты есептейтін бағдарлама құрыңыз.
Жеңілдік берілетін тауар құнын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Егер тауар бағасы 1000 тг-ден артық болса 10% жеңілдік беріледі. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Жеңілдік берілетін тауар құнын есептеу Тауар бағасы -> 1200 Сізге 10% жеңілдік беріледі Жеңілдік берілетін тауар құны: 1080.00 тг Келесі күннің датасын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):
Бүгінгі датаны сан арқылы көрсетіңіз (күн ай жыл) -> 31 12 2014 Айдың ақырғы күні! Келе жатқан Жаңа жылыңызбен! Ертең: 1.1.2015