ІV Пайдалы және зиянды заттар мен ағзалар (6 сағат) Ауладағы қоқыстар, олардың зияны. Қоқыс заттардың түрлері және қордалануы. Ӛндірістік, ауылшаруашылығының қалдықтары және тұрмыстық қоқыстар. Қоқыстардан тазалаудың маңызы. Сенбіліктер және оның рӛлі.
Пайдалы және зиянды ӛсімдіктер туралы ұғымдар. Арамшӛптер. Улы ӛсімдіктер. Сақтық шаралары. Пайдалы ӛсімдіктерді қорғау.
Пайдалы және зиянды жануарлар туралы ұғымдар. Пайдалы жәндіктер. Оларды қорғаудың қажеттілігі. Зиянды жәндіктер. Олардың табиғаттағы рӛлі. Жабайы аңдар мен құстар. Үй құстары. Жыртқыш құстар. Жыл құстары.
Улы және адам баласына қауіпті жәндіктер. Үйдегі жәндіктер. Улы жәндіктерден сақтану жолдары.
Жойылып бара жатқан құстар мен жануарлар туралы түсініктер. Құстарды, жануарларды қорғау қажеттілігі. Тірі ағзаларды қорғауды ұйымдастыру жолдары. Алғашқы экологиялық зерттеулер.