Филоэмбриогенез– эволюциялық ӛзгерістер онтогенездік дамудың жолы ӛзгеруімен байланысты.
Феногенетика- организмнің жеке дамуы барысында генотиптің рӛлін зерттейтін генетика ғылымының бір тармағы.
Фенокопия- сыртқы орта факторларының және қандай да болмасын тұқым қуалайтын мутацияның әсерінен пайда болатын организм фенотипінің тұқым қуаламайтын ӛзгерісі.
Ценогенез – нақтылы жеке даму жағдайларына ұрпақтардың не жас особьтардың бейімделуі.
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдерді және жалпы заңдылықтары туралы ілім.
Эволюция- тірі табиғаттың тұқым қуалау, ӛзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.
Экотоп– белгілі экологиялық жағдайларда ӛмір сүретін және де ӛзіне тән бейімдеушілік белгілері болады.