Үйірме сабағының түрі мен тәртібі
Үйірме жұмысының негізгі түрлері – жеке, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және көпшілік үйірме сабақтары. Әр сабақтың соңында білім алушылар танымдық тапсырмалар, ребустар шешеді.
Үйірменің ұзақтығы: үйірме кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Бірінші оқыту жылы – аптасына 2 рет (2 сағат + 2 сағат = 4 сағат);
Білім алушылар тобының түрі: топтағы оқушылар құрамы тұрақты болады.
Білім алушыларды жинау ерекшелігі: үйірмеге балаларды жинау еркін түрде баланың өз таңдауы және ата-анасының келісімімен, топтағы бала саны бірінші оқыту жылы 10 -15 адам.
Топтар ұлдар мен қыздар қатысатын әр түрлі жас ерекшелігі бар балалардан құрылады.
Білім алушылар саны оқыту жылына байланысты өзгеріссіз қалады.
Күтілетін нәтиже және олардың нәтижелілігін анықтау әдістері оқу жылында үйірме мүшелері білуі тиіс:
туған өлкесінің тарихы мен мәдени мұрасы, өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тіршілік қызметтерін білуі;
білім алушылар ізденіске, еңбекқорлыққа қиындықты ойлана отырып шешуді үйренуі;
логикалық ойларын дамыта отырып өлкеге деген танымдық қызығушылығы артуы;
тірі табиғаттың негізгі белгілерін білуі.
Достарыңызбен бөлісу: |