Модуль сипаттамасы
Информатика пәнінен жұмыс оқу бағдарламасы 01140100 “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының 4S01140101 “Бастауыш білім беру мұғалімі” біліктілігі бойынша Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2021 жылғы 23 шілдедегі №362 бұйрығына 1 –қосымша ), мамандықтардың үлгілік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығымен бекітілген ), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бүйрығы және мамандықтарының кәсіптік стандарттарын басшылыққа ала отырып жасалған.
"Информатика" пәнін оқу мақсаты білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы ролі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған информатика пәнінің үлгілік бағдарламасында 4 бөлім қарастырылған:
1 – ші бөлім : «Компьютерлік жүйелер».
2 – ші бөлім : «Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру»..
3 – ші бөлім : «Ақпараттық процестер және жүйелер».
4 – ші бөлім: «Қосымшаны құру».
Информатика пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі - 98 сағатты құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
- оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;
- оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
- оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.
|