2- тарау. «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
23. Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды бес ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады:
1) Визуалды өнер;
2) Сәндік-қолданбалы өнер;
3) Дизайн және технология;
4) Үй мәдениеті;
5) Тамақтану мәдениеті.
24. «Көркем еңбек» пәнінің тақырыптық мазмұны
1) 5 сынып (ұлдар)
Бөлім «Визуалды өнер»
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдар. Классикалық бейнелеу өнерінің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.
Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы. Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива.
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері. Шығармашылық жұмыс.Көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі формалары мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері.
Сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар. Материалдар мен құрал-жабдықтармен танысу
Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым. Идеяларды талқылау мен дамыту. Нобай орындау. Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым. Бұйым дайындау.
Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Бұйым өру. Жұмыстардың көрмесі.
Бөлім «Дизайн және технология»
Конструкциялық материалдар. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу. Конструкциялық материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар, қол еңбегі құралдары, құрылғылар.
Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Материалды таңдау және дайындау.
Сыртқы және ішкі сызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыларамен көркемдеп аралау.
Сымнан бұйымдарды модельдеу. Нобайлар дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері). Материал таңдау. Құралдар-жабдықтар мен құрылғылар. Бұйым дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері).
Түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (ұрмалы және соқпалы) жобалау. Музыкалық аспапты құрастыру. Жұмыстардың көрмесі.
Бөлім «Тамақтану мәдениеті»
Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер. Электротехникалық арматура. Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау (батарея, гальваникалық элементтер).
Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары.
Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
2) 6-сынып (ұлдар)
Бөлім «Визуалды өнер»
Портрет жанры. Портрет түрлері. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет. Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы. Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан) материалдардан орындалған портрет). Портреттегі түс. Орындау техникасы.
Заманауи портрет. Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе.
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).
Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу. Жұмысты қорғау.
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу. Зергерлік бұйым нобайын орындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Зергерлік бұйым дайындау. Бұйымды көркемдеп безендіру.
Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары (өздігінен ізденіс зерттеулері). Табиғи материалдардан дайындалатын бұйым нобайын орындау. Табиғи материалдардан бұйым дайындау. Бұйымды көркемдеп безендіру.
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру
Бөлім «Дизайн және технология»
Электрлік және қол еңбегі құралдары мен жабдықтары. Тәжірибелік жұмыс. Құрамалы бөлшектерден робот құру. Роботтың шығу тарихы мен оның түрлері (өздігінен ізденіс зерттеулері). Роботты жобалау және дайындау. Нобай. Материалдарды іріктеу, таңдау. Робот құру. Робот бөлшектерінің жылжымалы механизмін құру бойынша эксперимент жүргізу.
Көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәлімет (өздігінен ізденіс зерттеулері) . Көлік құралы үлгісін дайындау. Нобай. Материалдарды іріктеу, таңдау. Көлік құралын орындау. Үлгінің жеке бөліктерін дайындау. Үлгіні құрастыру, безендіру.
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру
Бөлім «Тамақтану мәдениеті»
Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Электрсызбалардың шартты белгілерімен танысу. Электр тізбегі. Батарейкалы шамшырақ дайындау.
Электрлік қол еңбегі құралдарын қолданып тұрмыстағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
3) 7-сынып (ұлдар)
Бөлім «Визуалды өнер»
Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер. Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция). Өздігінен ізденіс зерттеулері. Қазақстанның заманауи суретшілері. Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау (2D немесе 3D форматында).
Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері. Нобай орындау. Материалдарды таңдау және дайындау. Бұйымды көркемдеп күйдіру. Безендіру.
Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Дизайн және технология»
Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар. Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру. Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу. Бұйымның дизайны. Материалды таңдау және дайындау. Бұйымды жасау. Материалдар мен бөлшектерді механикалық өңдеу. Бұйымды безендіру.
Көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Ауыл шаруашылық өндірістегі заманауи техникалар мен жабдықтар. Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны жөндеу. Үй экологиясы.
Үйдегі микроклимат.
4) 8-сынып (ұлдар)
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Мозаика өнері. Мозаика орындаудың түрлері мен техникалары. Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау. Нобай және материалды таңда. Мозаика панносын орындау. Көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру.
Бөлім «Дизайн және технология»
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу. Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау. Материалдарды өңдеу. Бұйымды дайындау.
Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау.
Бөлім «Дизайн және технология»
Үстел ойыны. Шығу тарихы. Үстел ойынының тұжырымдамасы. Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама. Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру. Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі (өздігінен ізденіс зерттеулері). Электрқұрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау.
Бөлменің жөндеу жұмыстарына арналған заманауи материалдар мен құрал-жабдықтар (тәжірибелік жұмыс).
5) 9-сынып (ұлдар)
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар. Интерьердің сәнді заттарының (шамшырақ, сәнді сағаттар) дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу. Идеяларды дамытуды талқылау мен нобай орындау. Жұмысты жоспарлау. Интерьерге арналған сәндік заттарды дайындау мен безендіру.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Дизайн және технология»
Сәулет өнерінің үздік туындылары. Заманауи сәулет өнері. Қазақстан сәулет өнері (заманауи және тарихи). Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы. Сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті материалдарды анықтау және таңдау. Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Дизайн және технология»
Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі. Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы: көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ).
Идеяны дамыту және талқылау. Материалдарды таңдау. Графикалық құжаттама. Техникалық спецификация. Бұйымды әзірлеу. Әрлеу.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Интерьер/экстерьердегі ландшафт элементтері. Шығармашылық идеяларды визуалдау.
Интерьердегі жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру. Интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар).
Интерьерді аудандарға бөлу және жоспарлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар).
6) 5-сынып (қыздар)
Бөлім «Визуалды өнер»
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.
Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт.
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы.
Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива.
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері.
Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері).
Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау. Көркемдік кестемен бұйымды безендіру.
Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Бұйым өру.
Жұмыстардың көрмесі.
Бөлім «Дизайн және технология»
Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу. Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар.
Тігін бұйымдарының классификациясы. Идеядан өнімге (тігін бұйымдары)
Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар). Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта)
Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмыстың орындалу бірізділігі. Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Тамақтану мәдениеті»
Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу. Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу.
Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы.
Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
7) 6-сынып (қыздар).
Бөлім «Визуалды өнер»
Портрет жанры. Портрет түрлері. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет. Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы. Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет). Портреттегі түс. Орындалу техникасы.
Заманауи портрет. Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе.
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау.
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы).
Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау.
Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы).
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Дизайн және технология»
Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай. Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу. Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау. Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру.
Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар). Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмысты орындау бірізділігі. Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру.
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Тамақтану мәдениеті»
Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері. Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы . Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы. Десерт әзірлеу технологиясы.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Гигиена ережелері. Бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы. Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау. Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
8) 7-сынып (қыздар)
Бөлім «Визуалды өнер»
Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер. Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция). Өздігінен ізденіс зерттеулері. Қазақстанның заманауи суретшілері. Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау (2D немесе 3D форматында).
Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру.
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары.
Бұйымның нобайын орындау. Материалдар мен құралдарды дайындау. Көркемдік жазбаны орындау. Сәндеу. Безендіру.
Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру
Бөлім «Дизайн және технология»
Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру. Нобай. Материалдар мен құралдарды дайындау. Жиынтықты орындау.
Киім бөлшектерін пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін құрастыру және өңдеу. Бұйымды сәндеу.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Тамақтану мәдениеті»
Қазақтың ұлттық тағамдары. Әлем халықтарының тағамдары (өздігінен ізденіс зерттеулері). Әлем халықтарының тағамдары. Тәжірибелік жұмыс (суши, пицца, көже).
Бөлім «Үй мәдениеті»
Тұрмыстық техниканы таңдау. Тұрмыстық техниканы қолдану ережелері.
Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде.
9) 8-сынып (қыздар)
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас) Әр түрлі ұлттық бұйымдар. Құрал-саймандар мен материалдармен танысу. Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдар дайындау. Шығармашылық жұмыстарды орындау. Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу.
Жұмысты қорғау. Көрмеге ұсыну.
Бөлім «Дизайн және технология»
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы.
Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері). Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері). Бұйымдарды әшекейлеу.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Дизайн және технология»
Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны (тұтас жеңдер).
Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау. Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау.
Бөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен безендіру. Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру.
Жұмысты қорғау.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдарды дайындау. Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау.
Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі.
Медицина, фитотерапия және косметологиядағы өсімдіктің рөлі.
10) 9-сынып (қыздар).
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері. Кілем тоқу материалдары мен құрал жабдықтары .
Бұйым нобайын жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау. Шығармашылық жұмысты орындау. Декор жасау мен безендіру .
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру
Бөлім «Дизайн және технология»
Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері).
«Сән және жеке тұлға үйлесімділігі» эксперименті. Жеке даралық имиджін жасау. Идеяларды жүзеге асыру. Аксессуарлар, шаш үлгісі, визаж құралдары негізінде жеке даралық образды жасау.
Киім топтамасын жасау эксперименті/жеке даралық имидж үшін аксессуарлар. Жұмысты қорғау.
Бөлім «Дизайн және технология»
Сәнді киім дизайны «Fast cloth» қарапайым геометриялық формалар (пончо, кейп, туника) (сән журналдары). Киім және аксессуарлардың заманауи өндірісі.
Нобай. Идеяны жүзеге асыру. Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау. Бұйымды жасау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді жинау мен бұйымды сәндеу.
Жұмысты талдау мен бағалау. Жұмысты қорғау.
Бөлім «Үй мәдениеті»
Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде. Шығармашылық идеяны визуалдау (нобай). Шығармашылық идеяны іске асыру.
Интерьерді мерекеге орай безендіру. Шығармашылық идеяны визуалдау (нобай). Шығармашылық идеяны іске асыру.
25. «Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған.
26. «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Қоршаған орта туралы білім мен түсінік;
2) Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік;
3) Ақпарат көздерімен жұмыс істеу;
4) Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау;
5) Дизайн дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс жасау;
6) Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары.
27. «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі;
2) Құралдар мен жабдықтар;
3) Жасау технологиясы;
4) Тамақтану мәдениеті;
5) Үй мәдениеті;
6) Техника қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы ережелерін сақтау.
28. «Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы;
2) Идеяларды талдау және бағалау;
3) Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау;
4) Жұмысты жетілдіру және бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |