Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


материалдық және рухани құндылықтарға



Pdf көрінісі
бет129/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   189
Байланысты:
umkd-4

материалдық және рухани құндылықтарға 
бөлуге болады. Қарапайым адамдардың 


көшиілігі өмірдің мән-мағынасын материалдық құндылықтарды жинаудан, байлыққа 
ұмтылудан көреді. Американ философы Э.Фромм бұл құлдылық бағытын «алу» 
категориясымен көрсетеді. Ал екінші бағытты - адамның рухани ізденісін, оның шындық, 
әсемдік, жақсылыққа, шығармашылық деңгейіне ұмтылысын өмірде «болу» 
категориясымен ұштастырады.
Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі қызметі құндылықтар әлемін 
сараптау, әлеуметтік өмірде қандай құндылықтар болуы керек, болуға тиіс, соларды 
негіздеу болып табылады.
И.Канттың моральдық императивтерінің бірі - адамды әрқашанда мақсат-мұрат туг, 
оған ешқашанда құрал ретінде қарама деген терең ойы еді. Ал Бұл талаптан адам бүкіл 
тіршіліктің патшасы болуы керек деген тұжырым шықпауы керек. Керісінше, ол бүкіл 
тіршіліктің ең жетілген түрі болғаннан кейін, бәрін өзімен бірге көтеріп (коәволюция), 
гүлдетіп, үндесті (гармония) өмір сүруі қажет.
Әрине, бүгінгі таңда адамды құрал ретінде пайдалану -өмірде жиі кездесетін 
құбылыс. Адам өмірде кейбір кезде өз орнын таба алмай, қиналып, зардап шегеді, тіпті 
өмірден түңілуі де мүмкін. Уақытында М.Монтень айтқандай, «кімның басына сартыл-дап 
бұршақ үрып жатқса, сол бүкіл жер бетін найзағай мен дауыл алып кеткендей көреді». Ол, 
әрине, сол адамның әлсіздігін, тіпті ақыл-ойының тайыздығын көрсетеді дер едік. Әрине, 
біз Бұл өмірге сұранып келген жоқпыз, бірақ осы ғажап Дүниенің бір кішкентай да болса 
бөлігі ретінде 
бармыз.
Одан артық құндылық бар ма екен?! Өмір қиындықтары, 
кездесетін сәтсіздіктер - уақытша, оларды жеңе білу керек, өйткені сен адамсың.
Адам өмірінен шығатын келесі құндылық - 
денсаулық,
оны дана бабамыз «бірінші 
байлық» деп кеткен. А.Шопенгауер айтып кеткендей, «адамның бақытты болуының 9/10-
ы оның денсаулы-ғына байланысты». Расында да, тек денсаулықтың арқасында ғана 
өмірде кездесетін ауыртпалықтарды көтеріп жеңуге, ішкі табиғи дарындарды дамытып, 
шығармашылық деңгейге көтерілуге бола-ды. Сондықтан денсаулыққа саналы түрде 
қарап, спортпен шүғыл-данып, уақытында тамақтанып, өз дене ахуалыңа зәбірлік жасамау 
керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу - ең зор байлық - 
денсаулығыңды өз қолыңмен жоюмен тең. 
Сонымен қатар, өкінішке орай, өмірде мүгедек, табиғатынан әлсіз туған жандар да 
кездеседі. Мұндай жағдайда олар өз рухының күші арқылы өмір мәнділігі мен 
құндылығын, қанша қиын болса да, аша білуі керек, ол үшін, әрине, жақындары, жалпы 
қоғам, мемлекет тарапынан көмек қажет. Дүниежүзілік тарих Мұндай адамдардың өмір 
қиындықтарын жеңіп шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өзінің өшпес ізін қалдырғаны 
жөнінде мыңдаған айғақтар келтіреді. Қайсыбір қоғамның адамгершілік келбетін сол кем-
тарларға жасаған ізгі істерінен көруге болады. Өкінішке қарай, біз бүгін Бұл жағынан 
мақтана алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет