Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет102/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189
Байланысты:
umkd-4

Хаят, 
яғни 
Тіршілік 
(қара-ңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.). Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 
сипатын көрсетеді, бірақ олар жоғарыда көрсетілген негізгі 3 сипатты нақтылайтын, 
түсіндіретін құндылықтар. Олар: 
Басар (қырағылық), Сәміг (сергектік), Ирада (қалау), 
Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтіруші).
Енді Абайдың 
Философиялық антролологиясына 
келер болсақ, жаратылған 
адамның ақыл-ойы, күш-қуаты 
бар, ал ол 
-Алланың ғылыми құдіреттілігінен 
шығатын 
қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай 
Рақымшылдыққа 
аса көп көңіл бөледі. Ол да - Алланың 8 
сипатгарына кірмесе де, Оның негізгі қасиеттерінің бірі, себебі оның аттары Рахман 
(Жарылқаушы), Рахим (Мейірімді), Ғафур (Кешіру-ші), Уадуд (Сүюші), Хафиз (Қорғаушы), 
Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық беруші), Нафиг (Пайда беруші), Уәкил (Өкіл), 
Латиф (Ілтипатты) - бәрі де Рақымшылдықты көрсетеді (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 
б.). 
Абай адамның ерекше пенде ретінде жаратылғанын ескертеді: «Адам баласынан 
махшарда (о дүниеде. - С.М.) сұрау беретүғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм 
махаббат бар» (аталған одебиет, 87 б.). Дүниедегі өлі табиғат, тіршілік болсын - бәрі де адам 
үшін жаратылған: «...Жер мақтасын кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, қүхтар жүнін, етін, 
жүмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар балығын, балықтар 
уылдыры-ғын, хатта ара балын, балауызын, қүрт жібегін - һәммасы адам баласының 
пайдасына жасалып, ешбірінде Бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі - адам баласына 
таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.), - деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрі де Алла 
тағаланың адамға деген сүйіспеншілігін көрсетеді, олай болса, адам да Жаратқанды барлық 
жан-тәнімен сүю керек, сонда ғана ол өз өмірінің мән-мағынасын табады. 
Сонымен адам - Ғарыштың өзегі, ерекше пенде. Бірақ, соған қарамастан, ол - шектеулі, 
өлшемді, ал Алла тағала - өлшеусіз, шексіз. Сондықтан «біз Алла тағаланы өзінің білінгені 
қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес... өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге 
болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Біз Бұл арада Абай ойының сол кездегі Еуропа 
топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенін байқаймыз: әңгіме дүниенің бәрін 
қайта өзгертуде емес, ол - тәкаппарлыққа, Құдаймен теңесуге деген адам іңкәрін туғызып, оны 
шайтан жолына түсіреді. Сондықтан Абай:
«Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң арқалан. 
Сен де бір кірпіш дүниеге, 
Тетігін тап та, бар қалан!» - деген ұран тастайды. 
Бүгінгі таңдағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет