Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


Батыс мәдениеті әкстраверттік



Pdf көрінісі
бет65/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   189
Байланысты:
umkd-4

Батыс мәдениеті әкстраверттік 
(ехіга - латын сөзі, сыртқа 
бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде
жетілдіруге бағытталған болып шықты. 
Бұл арада «Шындық қайда, кімнің қолында: Батыста, я Шығыста ма?» - деген заңды сұрақ пайда 
болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны 
жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері - ғарыштағы ұшып 
жүрген жасанды Жер серіктері, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі, өмірдің шын 
сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі 
техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с. 
Бірақ, сонымен қатар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар XIX ғ. аяғынан бастап-ақ, бүкіл 


XX ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағанын ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, 
Х.Ортега-и-Гассет, Ә.Фромм, Г.Маркузе т.с.с). Материалдық Дүниені өз еркіне көндіріп, оны 
өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бүгінгі таңда әбден көзі жетті. XX ғ. өткен 
екі дүниежүзілік соғыстар, соның Нәтижесінде қырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы 
экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық жағынан бай болғанымен, 
рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де Батыс иркениетінің түйықтыққа келіп 
тірелгенін көрсетеді. 
Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті, 
дүниесезімімен ұштастыра (іілген елдерді саусақпен ғана санауға болады (Жапония, Малайзия, 
Сингапур, Оңтүстік Корея). Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы 
болса да, көп Шығыс елдері жаңа ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда 
ксдейшілік пен қайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс 
елдеріндегі халықтар Батыс та§8 тесііа туындыларын қабылдамайды, өйткені олардың рухани 
болмысына олар қайшы келіп, қалың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар 
әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай 
түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр 
етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде әкстремизм мен терроризмнің 
етек алуына, сонымен қатар «ғаламдасу үрдісімен» бірге кіретін Батыстың чорлық-зомбылық, 
порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым адамдардың «таза 
исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм саяқты кертартпа діни үйымдардың 
құрамына кіріп, саяси әстремизмнің қайнар көзіне айналып жатқанын байқауға болады. 
Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет