Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған



бет4/6
Дата21.10.2022
өлшемі184,86 Kb.
#154464
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектептегі тарих пәні

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар



  1. 5-сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:

1- тоқсан

5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Кіріспе сабақ


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу

Алғашқы адамдардың өмірі


Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;
5.1.2.1 – алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары


Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?



5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;
5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі


Зерттеу сұрағы: Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?

5.4.1.1 – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Ботай мәдениеті


Зерттеу сұрағы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?

5.4.1.1 – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы


Зерттеу сұрағы: Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?



5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру



Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері


Зерттеу сұрағы:
Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

5.2.2.2 – археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;
5.2.2.5 – Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау.

Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері


Зерттеу сұрағы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?

5.2.1.1 – алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;
5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат

5.1.2.1 – алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

2- тоқсан

5.2А
Ежелгі көшпелілер өмірі

  • Қазақстан территориясында темірдің игерілуі


  • Зерттеу сұрағы: Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?

5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру

  • Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы


  • Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?


5.4.1.2 – көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
Зерттеу сұрағы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы
Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

5.2В
Сақтар



Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Зерттеу сұрағы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?

5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

«Алтын адам» археологиялық олжасы
Зерттеу сұрағы: Есік обасынан табылған «Алтын адам» кім болды?



5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;
5.2.2.4 – Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау;
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Қайталау









3- тоқсан

5.3А
Сақтар



Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары


Зерттеу сұрағы: Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады?



5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшелік терін түсіндіру;
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Берел қорғандары

Зерттеу сұрағы. Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды?





5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;
5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау

Тасмола археологиялық мәдениеті


Зерттеу сұрағы: «Мұртты обалардың» ерекшелігі неде?

5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;



Сақ патшайымы Томирис

Зерттеу сұрағы: Тарихи деректерде Томиристің бейнесі қалай сипатталған?



5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Шырақтың ерлігі


Зерттеу сұрағы: Сақтар тәуелсіздік үшін қалай күресті?

5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Сақтардың Александр Македонский әскеріне қарсы күресі


Зерттеу сұрағы: Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?

5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

5.3В
Үйсіндер мен қаңлылар



Үйсіндер туралы жазба деректер

Зерттеу сұрағы: Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?

5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру ;
5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;
5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?

5.4.2.3 – Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;
5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Қаңлылардың қоғамдық құрылысы

Зерттеу сұрағы: Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады?

5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
5.3.1.2 - ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

4- тоқсан

5.4А
Ғұндар



Ғұн тайпаларының бірігуі

Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?



5.1.1.3 – ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;
5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары


Зерттеу сұрағы: Ғұндармен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар?

5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы


Зерттеу сұрағы: Ғұндардың Батысқа қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?

5.1.1.3 – ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

Аттила және оның жаулаушылық жорықтары


Зерттеу сұрағы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?



5.1.1.3 – ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;
5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

5.4В Сарматтар



Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі

Зерттеу сұрақтары: Сармат қоғамы несімен ерекшеленеді?



5.2.2.1 - археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.3.1.1 – картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру

Сарматтардың саяси тарихы

Зерттеу сұрағы: Сарматтар қандай мемлекеттермен қарым-қатынаста болды?

5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

5.4 С
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу

Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты

Зерттеу сұрағы: Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?

5.1.1.2 – Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпатын анықтау

Ежелгі Қазақстанға саяхат



5.4.1.1 – ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;
5.4.1.2 – көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау;
5.4.2.3 – Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру

Қайталау












  1. 6- сынып:

Бөлім



Тақырып, мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:

1- тоқсан

6.1А
VI – IX ғасырлардағы Қазақстан



Кіріспе сабақ


Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер


Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;
6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау ;
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

Ежелгі түріктердің жазуы


Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6.2.3.1 – көне түркі жазуының маңызын түсіндіру

Атлах шайқасы


Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды?



6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;
6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

Оғыз мемлекеті


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай?

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау



Қимақ қағанаты


Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау

Түріктер туралы тарихи деректер


Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?



6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;
6.2.1.1 – түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру

Түркі әлемі қалыптасуының басталуы


Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;
6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету

2- тоқсан

6.2А
X ғ. – XІІІ ғ. басындағы Қазақстан



X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер


Зерттеу сұрағы: X ғ. – XIII ғ. басында саяси карта қаншалықты өзгерді?



6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Қарахан мемлекеті
Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6.2.1.2 – ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;
6.3.1.4 – тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Наймандар, керейіттер және жалайырлар


Зерттеу сұрағы: Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай болды?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Қыпшақ хандығы


Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6.3.2.4 – қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;
6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі


Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?

6.4.2.2 – Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы


Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;
6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті


Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты?

6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;
6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
6.2.3.2 – Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;
6.2.2.4 – түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;
6.2.3.3 – «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау

Қайталау









3- тоқсан

6.3А
XIII – XV ғасырдың
I жартысын дағы Қазақстан



Моңғол империясының құрылуы


Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы


Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
6.3.1.5 – Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау

Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары


Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы


Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Ақ Орда


Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы


Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті


Зерттеу сұрағы: XIII – XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау

Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері


Зерттеу сұрағы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;
6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

6.3В Қазақ халқының қалыптасуы



Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы


Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?

6.1.1.3 – ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;
6.1.1.4 – «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

6.3С Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы



Қазақ хандығының құрылуы


Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады?

6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;
6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;
6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

4- тоқсан

6.4А
Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы



Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі


Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты


Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы


Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?



6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы


Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы


Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
6.3.2.7 – Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі


Зерттеу сұрағы: Неліктен А.Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы


Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?

6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

6.4В
XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет



XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті


Зерттеу сұрағы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады?

6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі
маңыздылығын айқындау

XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті


Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?

6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы


Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде?

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Қайталау












  1. 7-сынып:

Бөлім

Тақырып, мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:

1- тоқсан

7.1А
Қазақ-жоңғар соғыстары



Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы


Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?

7.1.1.1 – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;
7.2.2.1– халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.4.1.1 – жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы


Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?



7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.1.1 – Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Қазақ-жоңғар шайқастары


Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?

7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру

7.1В
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы



XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы


Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады?

7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы


Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр хан Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?

7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.3 – Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау

2- тоқсан

7.2А
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті



XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы


Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау

XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті


Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

7.2.2.4 –қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

7.2В
Отарлау және ұлт-азаттық күрес



XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы
Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды?

7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс


Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

1822-1824 жж. патша реформалары


Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?

7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі


Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс


Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Қайталау







3- тоқсан

7.3А
Отарлау және ұлт-азаттық күрес

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары


Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында



XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар


Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау



Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі


Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты


Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?

7.4.1.2 – отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
7.1.1.2 – Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;



7.3С
Қазақстан Ресей империясының құрамында



Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау

Жәрмеңке саудасының дамуы


Зерттеу сұрағы: Қоянды жәрмеңкесіне неліктен халық көп жиналды?

7.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы

Зерттеу сұрағы: “Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?



7.2.1.2 – ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;
7.1.2.2 – қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру

4- тоқсан

7.4А
XIХ-XX ғасырдың басындағы
Қазақстанның мәдениеті



XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы


Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?

7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;
7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау

XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі


Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай формада дамыды?

7.2.3.2 – XIXғ. ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру

Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы


Зерттеу сұрағы: Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Ы. Алтынсарин – педагог-новатор


Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

7.2.3.3 – Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл


Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады?

7.2.2.2 – Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы.


Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?

7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау



Қайталау












  1. 8- сынып:

Бөлім

Тақырып, мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:

1- тоқсан

8.1А
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан



Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Зерттеу сұрағы: Не себепті А.Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп санады?

8.3.1.1 – қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;
8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы
Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;
8.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері
Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Зерттеу сұрағы: Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
8.3.1.4 – «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;
8.2.3.1 – ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру

XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері
Зерттеу сұрағы: Қазақ интеллигенция өкілдері ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;
8.3.1.5 – Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру

2- тоқсан

8.2А Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы



Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жж.)
Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды?

8.3.1.2 – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы ұлттық автономиялар
Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

8.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы
Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?

8.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;
8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Әскери коммунизм саясатынан ЖЭС-қа көшу
Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?

8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
8.4.1.1 – деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау

Қайталау









3- тоқсан

8.3А Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде



Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустриализация
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустриализацияның қарама-қайшылығы неде?

8.4.2.1 – Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

Қазақстандағы ұжымдастыру
Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?



8.4.1.2 – күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;
8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау



1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар
Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?



8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

8.3В
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым



Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы
Зерттеу сұрағы: А. Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

8.2.2.2 – Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау

XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым
Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

8.2.3.3 – XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау;
8.2.3.2 – кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау

Сатпаев – жан-жақты ғалым
Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

8.2.3.4 – Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

4- тоқсан

8.4А Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты?

8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру

XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?

8.2.2.4 – Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;
8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
8.2.2.3 – өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында



Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы: Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырлары халық есінде сақталды?



8.3.2.1 – қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;
8.3.2.2 – Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы: «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?

8.4.2.2 – Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;
8.1.2.2 – соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?

8.2.2.5 – соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау

Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды?

8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

Қайталау












  1. 9- сынып:

Бөлім

Тақырып, мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:

1- тоқсан

9.1А
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)



Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы


Зерттеу сұрағы: Соғыстан қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?

9.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;
9.4.1.1 – Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге
баға беру;
9.4.2.1 – өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау

Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені


Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды?

9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;
9.3.2.1 – XX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау

Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері


Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

9.2.3.1 – Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;
9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

9.1В
Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)

«Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Зерттеу сұрағы: «Жылымық кезеңі» қоғамға қандай өзгеріс әкелді?

9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Тың игеру жылдарындағы Қазақстан


Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті?

9.4.1.1 – Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру;
9.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау

Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?

9.3.2.1 – XX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;
9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

2- тоқсан

9.2А
Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)



1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы


Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар «тоқырау» кезеңі деп аталды?

9.4.2.1 – өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;
9.4.1.1 – Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру



XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар


Зерттеу сұрағы: XX ғ. ІІ жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?

9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
9.3.1.4 – әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау;
9.3.1.2 – қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру;



«Тоқырау» жылдарындағы демографиялық үдерістер


Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай фактор лар әсер етті?



9.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;
9.1.1.2 – өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру



9.2В
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)



XX ғ. 40-80 жылдарындағы білім беру жүйесінің дамуы


Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?

9.2.3.2 – білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

XX ғ. 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері


Зерттеу сұрағы: XX ғ. ІІ жартысындағы ғылымның қай салалары көбірек дамыды?

9.2.3.2 – білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

XX ғ. 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы


Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?

9.2.2.1 – кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау;
9.2.2.2 – Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау

Қайталау







3- тоқсан

9.3А
Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде


Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па?

9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;
9.4.1.2 – Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау

Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары


Зерттеу сұрағы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды?

9.3.1.5 – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;
9.3.1.4 – әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау

«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық үдерістер


Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті?

9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

9.3В
Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1997 жылдар)



Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы


Зерттеу сұрағы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңының тарихи маңызы?

9.3.1.6 – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;
9.3.1.7 – өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, тәуелсіз Қазақстанның жариялануының тарихи маңызын түсіндіру

Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті


Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды?

9.3.1.10 – Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне баға беру

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар


Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде?

9.3.1.8 – Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау
9.3.1.6 – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау
9.3.1.3 – Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау



Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның халықара лық қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?

9.3.2.2 – Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;
9.3.2.3 – Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық даму


Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды?

9.4.1.3 – Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау;
9.4.2.2 – нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;
9.4.2.3 – Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер


Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде?

9.1.1.3 – Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау
9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демография лық процестерге баға беру
9.1.2.1 – қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау
9.3.2.4 қазақ диаспора-ларының тарихи Отанымен байланы-сының маңыздылы-ғын айқындау

4- тоқсан

9.4А
Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап қазіргі заманға дейін)

Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең


Зерттеу сұрағы: «Қазақстан - 2030» Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады?

9.3.1.9 – ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;
9.1.1.3 – Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау

Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы


Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай?

9.4.2.2 – нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;
9.4.1.4 - аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау;
9.4.2.4 - сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу

Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік дамуы


Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы қалай өзгерді?

9.1.2.1 – қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан


Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?

9.3.2.3 – Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;
9.3.2.2 – Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы


Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды?

9.3.1.11 – Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау

«Қазақстан – 2050» стратегиялары


Зерттеу сұрағы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі?

9.3.1.9 – ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет