Айырым бекеттерінің түрлері
Берілген пойыздар санын телімдерден өткізу үшін және темір жол желісіндегі жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін, аралыққа бөлінеді, яғни жол телімдерін бір-бірінен бөліп Айырым бекеттер жасайды.
Айырым бекеттердің жол құрылымдары болады (айрылыспа бекеті, басып озу бекеті және станса), жол құрылымдарысыз (автоблокировкадағы өткізетін бағдаршам және жартылай автоблокировкадағы жол қосымдары).
Айрылыспа бекеті деп дара жол желісіндегі орналасқан, қарсы келген пойыздардың айрылысуы мен бір бағыттағы пойыздардың бірінен-бірі озып өтуіне арналған жолдары бар бөлім бекеті.
Озба бекеті деп қос жолды желіге орналасқан, пойыздардың бір-бірінен басып озуы және керекті жағдайда пойызды бір басты жолдан екінші басты жолға ауыстыра алатын жолдары бар аралық бекетті атайды.
Станса деп пойыздарды қабылдап, жөнелту, кездестіру және басып озу жолдары бар, жүктерді қабылдап және беру, жолаушыларға қызмет көрсету операцияларын жүргізу мүмкіндігі бар, ал жол құрылымдары дамыған бекеттерде пойыздарды сұрыптау және құрастыру жөніндегі маневр жұмыстарын және олармен техникалық операциялар жүргізетін бекеттерді атайды.
Стансалар аралық, телімдік, сұрыптау, жолаушылар және жүк стансалары болып бөлінеді. Стансаға магистральдық мәндегі, кем дегенде үш бағыттан күре жолдар тоғысса, ол торапты станса деп аталады.
Стансалар жұмысының көлемі мен күрделілігіне және техникалық құрылғыларына қарай кластарға бөлінеді. Үлкен көлемді жұмысы бар және жоғарғы дәрежелі техникалық жабдықталған стансаны кластан тыс, ал кейінгілерін I, II, III, IV және V класты станса деп атайды.
Жол қосымдары, айрылыспа және озба бекеттері
Аралық станса
Аралық станса айырым бекеттері, онда пойыздардың кездесуіне, басып озуына және тоқтаусыз өтуіне, сонымен қатар жүктерді тиеп-түсіруге арналған жол құрылғылары бар. Бұл стансалардың айрылыспа мен басып озу бекетерінен айырмашылығы жүк операцияларының құрылғыларында.
Аралық стансада билет сатады, жолаушыларды мінгізіп-түсіреді және қызмет көрсетеді, сондай-ақ келетін пойыздармен жөнелтетін жүктердің тасымалдау құжаттарын дайындайды. Жеке аралық стансалар жөнелту маршрутын құрастырады, кәсіпорындардың кірме жолдарына қызмет көрсетеді, кейде қаламаңындағы жолаушылар пойызының айналым бекеті болады.
Аралық станасада жолаушылар ғимараты, олардың арасынан жүретін платформалар, жүк қоятын қойма, техникалық, қызметтік, тұрмыстық ғимараттар орналасады.
Телімдік станса
Құрамды техникалық тексеруге, құрама және телімдік пойыздардың жұмысына, локомотив бригадаларын ауыстыруға және темір жол желілеріндегі тартымдарға қызмет көрсетуге телімдік стансалар орнатылады.
Телімдік стансаларда келесі негізгі операциялар орындалады: жолаушылар және жүк пойызын қабылдап-жөнелту және жіберу, жолаушыларға қызмет көрсету, жүк операцияларын орындау, телімдік және құрама пойыздарды сұрыптау мен құрастыру, локомотивті жөндеу және жабдықтау, вагондарды жөндеу және техникалық тексеру.
Көрсетілген операцияларды орындау үшін телімдік стансаларда жолаушылар мен жүктің құрылғылары, жүк операциясы,локомотив пен вагон шаруашылығы болады.
Телімдік стансалар топографиялық, геологиялық жағдайларына қатысты және жұмыс ерекшеліктері қатарлас, ығыспа, жартылай ығыспа парктерінің орналасқан нұсқаларымен жобаланады.
Сұрыптау стансасы
Сұрыптау стансасы деп – жүк пойыздарын жаппай сұрыптап, құрастыратын стансаны айтады. Мұнда әр бағыттан жиналған транзитті және жергілікті вагондардан жолдағы стансаларда қайта өңделмей алыс қашықтыққа баратын пойыздар құрастырылады. Сұрыптау стансасында жүк стансаларынан өтетін, телімдік, құрама және беретін пойыздарды құрастырады. Сұрыптау стансаларын жүкті жаппай тиеп немесе түсіретін аумақтарда орналастырады, ірі кәсіпорын орталықтарымен, темір жол бекеттерінің тораптарымен байланыстырылады, онда вагон ағымдарының жинақталған орындары болады.
Сұрыптау стансаларында пойыздарды қабылдап, сұрыптау және жөнелту парктерінің өзара орналасуын былай бөледі: қатарлас, бір ізді және араласып орналасуы.
Сұрыптау жүйесінің санына қарай станса бір бағытты және екі бағытты болады. Екі бағытты жүйенің сұрыптау құрылғылары, белгіленген бағытта вагондарды өңдейді (жұп немесе тақ). Бір бағытты стансада сұрыптау паркі вагондарды екі бағытта өңдейді. Маневр жасау әдісіне қарай сұрыптау стансасын дөңесті және дөңессіз деп бөледі.
Жолаушылар және жүк стансасы
Үлкен қалаларда жолаушыларға қызмет көрсету үшін және ірі кәсіпорын орталықтарын жүк стансалрының жүрісінен оқшау жеке дайындайды. Олардың жұмысы жолаушыларға қызмет көрсету және тасымалдауға дайындатын техникалық операцияларды орындау және жолаушылар пойызының жүрісін ұйымдастыру. Жолаушыларға қызмет көрсету билеттерді сату, қол жүгін қабылдау, сақтау және беру және т.б. Техникалық операциялардың құрамына қабылдау, жөнелту, жөндеу, тазалау және жолаушылар пойызын жабдықтау жатады. Егер техникалық операциялардың көлемі үлкен болса, жолаушылар стансасына арнайы техникалық стансалар қояды. Басқа жағдайларда жолаушылар құрамын тасымалдауға дайындау операцияларын, жолаушылар стансасының техникалық парк жолдарында жасайды. Жолаушылар стансасының келесі негізгі құрылғылары бар: пойыздарды қабылдайтын, тоқтайтын және жөнелтетін жолдары, сондай-ақ қызметтік, пошталық, жүк және тікелей қатынастағы вагондар; жолаушылар ғимаратындағы қызметтік бөлмелер (вокзал); жолаушылар платформасы және вокзалға байланысқа шығатын жолдар (тоннелдер, жаяу өтетін көпірлер) және вокзал маңайындағы перрон жолдары; жүк пен поштаны қабылдап, сақтап және беретін ғимарат; СОБ және байланыс құрылғылары, байланыс желілері; жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және каналдар жүргізу.
Жүк стансасы
Жүк стансасы жүкті жаппай тиеп, түсіру жұмыстарына арналған. Бұл станса ірі өндіріс орындары мен елді мекендерде салынады. Оның қызметі мен атқаратын жұмыс сипатына қарай жүктің барлық түрін тиейтін және түсіретін, яғни мамандандырылмаған (жалпы пайдаланатын) станса және жүктің кейбір түріне арналған стансаны мамандандырылған деп атайды. Вагондағы жүктерді ауыстырып тиеу бір темір жол колеясындағы вагондарды басқа колеяға ауыстыру, ауыстырып тиеу стансаларында жүргізіледі. Жұмыстың технологиялық үрдісі келесіден тұрады. Тарататын вагондар сұрыптау стансасының қабылдау жолдарына келеді. Келу операциялары орындалғанан кейін және белгіленген вагондар локомотивке жүк ауласындағы тиеп-түсіру фронтына қойылады. Бір уақытта жүк операциялары аяқталған соң, вагондарды жинап, қоятын жолдарға қояды. Тиеп-түсіру фронтына вагондарды қояды. Жүк операциялары аяқталған соң, қойған жолдардан локомотив вагондарды алып шығады, және оларды сұрыптаудың жөнелту жолдарына береді. Содан соң толтырылған құрамда жөнелту операцияларын орындағанда, әкететін локомотив сұрыптау стансасына жеткізеді.
Дәріс №13. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Айырым бекеттерінің түрлері
Аралық станса
Телімдік станса
Сұрыптау стансасы
Жүк стансасы
Темір жол тораптары
Дәріс№14 Станцияның техникалық жұмысын ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |