1.4. «Мемлекет және бизнес» курсын оқу үрдісінде студенттер пәнді оқу бойынша алған білімдер негізінде ойлаудың экономикалық бейнесін, кәсіби қызметте тәртіптің экономикалық стилін қалыптастырады, алынған теориялық білімді тәжірибелік қызметте қолдана алады, экономикалық талдау әдістерін меңгере алады, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шеше алады.
Пәннің міндеттері аталған курс транзиттік экономиканың теориялық-методологиялық және ұйымдіқ-құқықтық проблемалары бойынша білімді, нарықтық қатынастардың аясын кеңейту жағдайындағы оны мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесін, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу методологиясы мен оны ұйымдастуруды оқытып үйретеді. Мемлекет пен бизнестің – екі жақтары үшін де тиімді «ынтымақтастықты» қамтамасыз ететін механизмдердің бүкіл арсеналын негіздеу мен тиімді пайдалану осындай реттеудің маңызды жағы болып саналады.
«Мемлекет және бизнес» курсынаң негізгі мәселелері оны оқытудың шетелдік тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанға тән экономикалық сипатты ерекшеліктерімен айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |