Бағдарламасы 2 Кедендік Одақтағы техникалық реттеудегі өзгерістер 19


 Бəсекелестіктің негізі - инновация



Pdf көрінісі
бет13/41
Дата24.07.2020
өлшемі1,01 Mb.
#75584
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Айым
Балуан Шолақ, cf,f0 cfke, 1 сыныпқа оқу техникасына карточкалар, 1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын -emirsa
1.7 Бəсекелестіктің негізі - инновация 

 

Дамудың келешектегі жолы экономиканың инновациялық түріне өтумен 



байланысты.  Ал,  ол  –  зерттеуді  белсенді  жүргізуді,  жаңашыл 

технологияларды  дайындауды,  олармен  əлемдік  рынокқа  шығуға  жəне 

ғылыми-өндірістік  өрісте  халықаралық  ықпалдасуды  өрістетуге 

жорамалдайды. 

 

Бұл  моделмен  экономикалық  өсу  -  ғылыми-техникалық  фактордың 



есебінен, 75%-90%-ға дейін  ВВӨ өсімін қамтамасыз етумен жеткізіледі.  

 

Осындай  модель  Батыс  елдеріне  əлемдік  рынокта  ғылыми-сыйымды 



өнімге  өздерінің  ұстанымын  нығайтуға,  жылсайын  үлкен  кірістер  алуға 

жəне  əлеуметтік  -  экономикалық  міндеттерді  табыспен  шешуге  мүмкіндік 

береді.  

Дамыған  елдер  өздерінде  əлемдік  ғылыми-əлеуметтің  90%-нан  көбірегін 

шоғырландырады  жəне  жаһандық  рыноктың  жоғарғы  технологияларының 

80%  бақылайды,  жылсайын  ғылыми-сыйымды  өнімдердің  экспорттық  

көлемі  АҚШ-қа  $700  млрд.,  Германияға  -  $530  млрд.,  Жапонияға  -  $400 

млрд. шамасында əкеледі. 

 

Қазіргі  заманғы  жағдайда  қоғамдық  өмірдің  барлық  өрісінде 



инновациялық  іс-əрекеттің  рөлі  өседі.  Инновация  (ағылш.  innovation)  сөзі 

қазақ  тіліне  «жаңалықты  енгізу»  сияқты  жəне  «жаңалықты  болмаса 

өнертабысты  пайдалану  үдерісі»  (ағылш.  innovation)  білдіреді,  б.а.  жаңа 

идея болмаса жаңалықты енгізу кезінен бастап инновация - жаңа сапаға ие 

болады.  

Инновация  теориясының  нық  тұруына  австралиялық  жəне  американдық 

экономист,  саясатшы,  əлеуметші  жəне  экономикалық  ойдың  тарихшысы 

Иозеф Шумпетердің (1883-1950 жылдар) жұмыстары əсерін тигізді. 

 

И. Шумпетер «инновациялар» терминін алғашқы рет 1911 жылы енгізді. 



«Инновациялар  -  өндірістік  факторлардың  ғылыми  ұйымдастырулық  жаңа 

қиыстыруы,  кəсіпкерлік  рухымен  себептелген  -  пайда  генераторларының 

басты  қозғалтқыштарының  бірі».  Экономикалық  инновациялар  түсінігі  И. 

Шумпетердің  «кономикалық  дамудың»  (1912  ж.)  жұмысында  дайындалған 

болатын.  

 

27




 

Инновацияларды  ойластыратын  жəне  іске  асыратын  адамдарды 

Шумпетер  кəсіпкер  деп  атаған.  Инновациялық  шешім  қабылдап, 

кəсіпкерлер  жаңа  өндірістің  бұрын  белгісіз  қисындастыру  факторларын 

жасайды.  Сондықтан  Шумпетер  кəсіпкерлік  (болмаса  кəсіпкерлік 

қабілеттілік)  классиктерге  белгісіз,  өндірістің  төртінші  факторы  деп 

жорамалдаған.  

 

Жаңалық  енгізуде  талпыну,  өз  күшіне  сенімділігі,  тəуекелге  баруы, 



өзінің  тəуелсіздігін  сезіну  -  тұлғаның  белгісі,  кəсіпкерді  сипаттайтын  жəне 

таптық  жəне  əлеуметтік  топқа  жатудан  байланысты  емес.  Нəтижесінде 

Шумпетер  əдеттен  тыс  тұжырымға  келеді,  тұрақсыздық  факторлары 

саналынатындардың  барлығы  -  монополиялар,  экономикалық  циклдар, 

бəсекелестік  күрес,  шынында  озудың  үдету  факторын  білдіреді.  Ғалым, 

бүлдіру бəсекелестігі, ықпал ету өрісіне күрес, фирмалардың шектелген іс-

əрекетін (жарнама, патенттер) тежемейді, керісінше дамудың ұзақ мерзімін 

тездетеді, деп санаған. Өнімнің болмаса үдерістің негізгі технологияларына 

тимейтін өзгерістерді модификаттау, жақсарту болмаса модернизациялау деп 

атауға болады.  

 

Инновациялық-технологиялық  даму  ХХI  ғасырда  қоғамды  құраудың 



ажырамайтын  бөлігі  болады.  Қазіргі  заманғы  ғылымда  инновациялар 

əлеуметтік  экономикалық  дамудың  маңызды  факторы  сияқты 

қарастырылады.  Сонымен  инновация  -  кез  келген  компанияға  рынокта 

талассыз  бəсекелестік  артықшылыққа  кепілдеме  беретін  негізгі 

фундаменталдық  фактор.  Инновациялар  өндірістің  өсуінің  жəне  еңбек 

өнімділігінің элементінің орталық болатынын кең мойындайды.  

Инновациялар  мекеменің  барлық  бөлімдерінде  жəне  өмірлік  циклдың 

барлық  кезеңдерінде:  зерттеуде,  жобалауда,  дайындауда,  маркетингте, 

қызмет  көрсетуде  жəне  мүмкін  өнімді  жоюда  (өңдеуде)  өтуі  мүмкін. 

Үдерістерді,  шығаратын  өнімдерді  болмаса  көрсетілген  қызметті 

модернизациялауға жағдайы жоқ мекемелер, əсіресе барлық əлем бойынша 

бəсекелестіктің  артуымен,  экономикалық  дағдарыс  кезінде  өміршең  болып 

қалуы екі талай.  

 

Нарықтық  заманда  бəсекелестік  өте  күшейіп  барады.  Біздің  елде  де, 



халықаралық  деңгейде  де,  бұрын  үкіметтің  Қазақстандық  компанияларға 

қолдау  көрсетін  мүмкіндіктері  болатын.  Мемлекет  шағын  жəне  орта 

бизнеске қолдау көрсетіп, жеңілдік жасайтын. Шетелден келетін тауарларға 

салық  салынып,  отандық  өндірушілердің  шығаратын  өнімдерін  таратуға 

жеңілдіктер  жасалынатын.  Сол  себептен  бəсекелестікті  жеңуге 

Қазақстандық  компанияларға  мүмкіндік  болатын.  Ал  қазіргі  жағдайда 

Кедендік  Одақ  бойынша  Ресей  жəне  Беларусь  елінің  компаниялары 

Қазақстандықтармен тең жағдайға түсіп отыр. Қазақстандық компанияларға 

жеке жеңілдік жасауға мүмкіндік енді болмайды. Олар теңдей дəрежеде таза 

нарыққа  түсіп  жатыр.  Бұрындары  қандай  да  бір  мемлекеттік  тапсырысқа 

«ұлттық  мазмұнды»,  үкіметтік  сатыпалупорталына  түскен  кезде 

Қазақстандық  компания  болуға  тиісті  деп  жазылатын.  Енді  Кедендік  Одақ 

 

28



ашылғалы  Қазақстан  аумағында  Ресей,  Беларусь  компаниялары 

Қазақстандықтармен  бірдей  тең  дəрежеде  бəсекеге  түсіп,  порталға  шығуға 

мүмкіндік  алып  отыр.  Сондықтан  көшбасшылар  жаңа  концепциялар  іздеуі 

керек, жаңа стандарттарды еңгізуі керек, жаңа басқару тəсілдерін пайдалану 

керек.  Қазіргі  компаниялар  өзімен-өзі  ғана  өз  қиыншылықтарын  шеше 

бергені дұрыс емес. Ол халықаралық деңгейде қандай жақсы тəжірибе бар, 

қандай  білім  бар,  соны  алып  өздеріне  іске  асыруы  керек.  Сапа  жүйесі 

күнделікті тіршілікке байланысты болуы керек. 

 

 

Б ү к і л 



Дүниежүзінде жұмыс істеп жатқан ИСО стандарттарының пайдасын біздің 

кəсіпорындар  басынан  аяғына  дейін  көрмей  отыр.  Жапония,  Америка, 

Германиядағы  алдыңғы  қатарға  шыққан  компаниялар  «Кока-кола», 

«Тойота»,  «Фольсваген»  компаниялары  осы  стандарттардан  қандай  пайда 

көрді  деген  сұрақты  əр  басшы  өзіне  қойып,  өз  компанияларының 

мүмкіндіктерін жетілдетуге қадам жасауы керек. 

С о н д ы қ т а н 

мемлекеттік қызметтегі кез келген қызметкер ойына келгенді жеке блогында 

немесе  əлеуметтік  желілерге  жариялауға  тиіс  деп  ойлаймын.  Біздің  елде 

Сертификат алғысы келетіндер көп. Бірақ, сапа жүйесін іс жүзінде дамыту 

қажеттігін  əлі  де  түсінбейді.  Алдыңғы  жылы  Қазақстанға  8  мыңнан  аса 

бизнесмендер  келіпті.  Өткен  жылдармен  салыстырғанда,  елімізге  келген 

Ресей  компанияларының  саны  80  пайызға  артқан.  Ресейден  келетін  сүт 

өнімдерінің  сақталу  мерзімі  6  ай  немесе  1  жыл  болып  келеді.  Олар 

тағамдарының  ұзақ  мерзімде  сақталу  үшін  əр  түрлі  қоспалармен  нəрлеп, 

оның үстіне оларды тетро пакеттерде жеткізеді. Кеңес үкіметі кезінде сүттің 

сақталу  мерзімі  ары  кетсе,  бес  күннен  аспайтын,  ал  қазір  тым  ұзақ 

сақталуының өзі күдік туғызады, адамның бойына үрей келтіреді. Неғұрлым 

сақталу  мерзімі  қысқа  өнімдердің  құрамында  айтарлықтай  қоспалар 

болмайды.  Бəсекелестікті  жеңу  деген  сол.  Өзіміздің  майымыз,  сүтіміз, 

айранымыз шығатын болса, өзге елдің өнімдеріне жүгінбей, өз өнімдерімізді 

ел  тұтынатын  болады.  Сонда  экономикамыз  өркендеп,  алға  жылжыйды. 

Қазақстанның  еті  тұрғанда,  Ресейден  немесе  Австралиядан  айлап  жүріп 

келетін,  мұздатылған  етті  сатып  алып  неғылайын  деген  тұтынушыға  ой 

келеді. Егер біздің елдің өнімі бəсекелестікке қабілетті болса, онда шетелдік 

өнімдер нарықтан жайлап ысырыла бастайды.   

Қ а з а қ с т а н д а 

жайылымда  жайылған  мал  мен  Қытайдағы  торда  тұрып,  жем-шөп  жеген 

малдың  етінің  екі  түрлі  болады  екен.  Байлаулы  тұрған  малға  неше  түрлі 

салмақ  қосатын  қоспалар  беріледі,  ал  жайылымдағы  мал  өзіне  қажетті 

дəрумендерді  жер  анадан,  табиғи  түрде  бойына  сіңіреді.  Мəселен,  шетелге 

тек  қана  бидай  жібермей,  ұн,  ұн  өнімдері  мен  макарондардың  сан  алуан 

түрін  шығаратын  болсақ,  онда  біздің  елдің  экономикасы  бұдан  əрі 

қарқындап  дамыйтын  болады.  Жаңа  Зеландия  елінің  4  млн.  халқының  40 

млн.  қой,  20  млн.  сиыр  малы  бар.  Австралия  мен  Аргентина  да  солай. 

Көптеген  компаниялар  халықаралық  стандарттарды  өз  тəжірибелеріне  тек 

қана  қағаз  жұзінде  енгізіп,  ол  жүйенің  мүлдем  жұмыс  істемейтіндігін 

 

29




мойындайды.  Компаниялардың  85  пайызы  сапа  жүйесін  енгізу  салдарынан 

еш нəтижеге қол жеткізе алмай отыр. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет