кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды.
Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар,
бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің
ақаулары көбейеді.
Өндірістік кəсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды жəне
аралас болуы мүмкін.
Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары
(жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе жəне шам арқылы бір уақытта)
іске асырылады. Табиғи жарықтандыруды нормалау табиғи жарықтандыру
коэффициенті (ТЖК) арқылы іске асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау
«А- Стандарт» ЖШС
қауіпсіздігі, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау
саласындағы саясаты өнеркəсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті жəне
қоршаған ортаны қорғау (ҚЕҚОҚ) саласындағы мақсаттар мен міндеттерді
айқындауға жəне оларды жүзеге асыруға негіз болып табылады. ПҚИ
компаниясының ҚЕҚОҚ саласындағы басым міндеттері қауіпсіз еңбек
жағдайларын қамтамасыз ету, компанияның қызметкерлерінің жəне
компанияның өндірістік нысандары жұмыс істейтін аудандарда тұратын
халықтың денсаулығын қорғау болып табылады.
Аталған мақсатта ПҚОСИ, ПҚОП жəне ПҚСҮ компанияларында
экологиялық менеджмент саласында халықаралық ISO 14001:2004
стандарттарына жəне кəсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз ету
саласында OHSAS 18001:2007 стандарттарына сай келетін басқару жүйелері
(ҚЕҚОҚ СУ) сəтті ендірілді, ал ПҚҚР компаниясында 2011 жылы жоғарыда
аталған стандарттарды ендіру бойынша бастапқы кезең аяқталды.
Атап айтқанда, қызмет түрлері бойынша аспектілерді бағалау
жүргізілді, компанияның қызметкерлерін оқып-үйрету аяқталды жəне ішкі
аудиторлар даярланды, сондай-ақ түрлі саясаттар мен рəсімдер əзірленді
жəне жаңартылды. Бүгінгі таңда ПҚҚР өзінің экологиялық менеджмент
жүйесін, денсаулық қорғау, еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесін
сыртқы тараптың сертификаттауы / тіркеуі бойынша жұмыстарды жүргізуге
дайындалуда.
«А- Стандарт» ЖШС басты экологиялық міндеттерінің бірі –
бөлімшелерінде халықаралық менеджмент жүйелерін ендіру жəне жұмыс
күйінде ұстау. 2010 жылы ПҚОСИ, ПҚОП жəне ПҚСҮ қадағалау аудитінен
табысты өтіп, ол ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің ISO 14001:2004 жəне OHSAS
18001:2007 стандарттарына сəйкестігін растады.
ЖШС тобы өзінің кен орындарында өндіретін ілеспе газды
экологиялық жағынан қауіпсіз түрде пайдалану – компанияның бірінші
кезектегі міндеттерінің бірі. Газды тиімді пайдалану ісіне инвестициялар
жасай отырып, «А- Стандарт » экологиялық ахуалды жақсартуға, сонымен
қатар қазақстандықтар үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік
беретін инфрақұрылымдық нысандарды тұрғызуда. 2010 жылы Арысқұм
кен орнындағы ақаба суларды тазартуға арналған биологиялық тоғандардың
екі желісінің құрылысы сəтті аяқталып, іске пайдалануға берілді, онда
76
Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ жəне Солтүстік-Батыс Қызылқия кен
орындарында түзілетін ақаба сулар тазартылады. Тəуліктік тазалау
өнімділігі 400 м3 құрайды.
Өндірістік үдерістердің қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту
мақсатында компания жыл сайын табиғат қорғау шараларына, халықаралық
стандарттарға сай келетін ресурс үнемдеуші технологиялар мен үрдістерді
ендіруге айтарлықтай қаражат бөліп отырады. Тиісті жоспарда
қарастырылған жəне ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісілген
осы іс-шаралар толық көлемде жəне белгіленген мерзімдерде іске
асырылады.
ПҚОП өндірістік жұмысын табиғат қорғау туралы ҚР заңнамасына,
сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісілген нормативтік-
рұқсаттық құжатқа сəйкес жүзеге асырады. ПҚОП компаниясы қоршаған
ортаға шығарылатын эмиссиялар бойынша 2011 - 2012 жылдарға арналған
рұқсатты уақтылы алды.
Сондай-ақ 2010 жылы жаңа тоған – ОҚО, Ордабасы ауданындағы ақаба
сулар жинақтауышы іске пайдалануға енгізілді. Тазартылған ағынды
суларды өртке қарсы жүйеге қайтару Қалалық су арнасы желілерінен
алынатын таза судың баламалы мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: