Бағдарламасы 2021-2022 оқу жылы Алға ауданының білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілді



бет2/4
Дата05.02.2023
өлшемі56,61 Kb.
#167496
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
өнерлі менің қолдарым - Айсина 2

Түсінік хат
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті, білім саласында қаралып жатқан қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың білім дағдысы деңгейін кеңейту, ой - өрісін, сана - сезімін, таным, қабылдау әрекетін, өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыруға, қиялын дамытуға қажет.
«Өнерлі менің қолдарым» бағдарламасы даярлық топ балаларына арналып құрылған. Жапсыру, сурет салу, мүсіндеу бала өміріне шеберліктерін дамытып, ойлау қабілеттерін арттырады.
Бала үшін өзіне ұнаған артық ештеңе жоқ,оған барлық жағынан ұқсағысы келеді.Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істей аламын деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, сен өзің істей аласың деп тәрбиелеу ең ұтымды тәсіл. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезеңдерді нақтылы анықтай білуі кажет. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді.

Пікір

№ 4 Алға орта мектебінің мұғалімі Айсина Айгүл Сансызбайқызының 5 - 6 жастағы балаларға арналған «Өнерлі менің қолдарым» бағдарламасын әзірлеп, шығармашылық саласы арқылы балаларды шеберлікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, икемділікке тәрбиелеуді мақсат


қойып отыр.
Бұл бағдарламада баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар кім кімді де қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану баланы жан - жақты терең ашуға, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін тигізеді.
«Өнерлі менің қолдарым» бағдарламасы «Мемлекеттік стандартқа» сай балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың шеберлік қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сай құрылған. Осы бағдарлама бойынша сабақ өту барысында бүктеу, жапсыру, қию, мүсіндеу, құрастыру арқылы қолдарының шеберлігін дамыту, икемділігін қалыптастыру көзделген.
«Өнерлі менің қолдарым» бағдарламасы ересек топтағы балалардың жасына сай 32 сағат көлемі арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама педагогикалық - психологиялық талаптарға толық жауап береді және ересек топ бүлдіршіндеріне тиімді.
Тәрбиешінің басты мақсаты жан-жақты қалыптасқан жеке адамды тәрбиелеу болса, бұл «Өнерлі менің қолдарым» бағдарламасы тәрбие мақсатына жетуге көмегі болады деген ойдамын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет