Бағдарламасы 2022-2023 оқу жылына арналған Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері



бет1/8
Дата27.09.2023
өлшемі64,89 Kb.
#182745
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Силлабус. Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері. 3-курс. Күндізгі бөлім. 2022-2023 ж.




Оқу бағдарламасына қосымша (Syllabus)
Білім алушы үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы
2022-2023 оқу жылына арналған
Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері
ККТМТN 1220

1. Негізгі мәліметтер

Институт

Педагогикалық

Білім беру бағдарламасы

6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті



Курс

3

Семестр

5

Оқыту нысаны

күндізгі

Оқыту бағдарламасы

негізгі

Пән циклы

БП

Компонент

ТК

Кредит саны

5

Сағаттар саны

150

Бағдарлама жетекшісі

Искакова Шырай Кабдрахмановна, гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы

Кеңес уақыты
(БОӨЖ жеке)

1-апта

2- апта

3-апта

Бейсенбі 15-30

Бейсенбі 15-30

Бейсенбі 15-30

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

1. Нормативтік қазақ тілі
2. Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика
3.Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация
4 Этнолингвистика және қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

Постреквизиттер

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы
2. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

"Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері" пәнінің мақсаты – қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктерін, морфема және оның табиғаты, морфеманың сөздік құрамы, тегі, генеологиялық негізі, сөз таптарының басты қағидалары, грамматикалық құрылыстың қолдану шеңбері, тілдік құрылыстың белгілі бір деңгейлерінің жүйелік ерекшеліктерін ашу.
Пәннің міндеттері:
1.Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.
2.Практикалық, лабораториялық сабақтар мен БОӨЖ, БӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.
3.Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.



Оқыту нәтижлері:

Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер :
ОН1 - қазіргі қазақ тілінің морфологиясы курсының зерттеу нысаны мен мақсат –міндеттерін және осы саланы зерттеген ғалымдар еңбектерімен танысады. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктерін,қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдардарды ( грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория жайлы жаңа білімдер беру;
ОН2 - сөздің морфологиялық құрылымы, морфема және оның табиғаты, морфеманың сөздік құрамы, тегі, генеологиялық негізі, морфеманың түрлері, сөз формалары және оның жасалу тәсілдері, түрлері;
ОН3 - сөз таптары, олардың жіктелуі туралы түсініктерін кеңейту;
ОН4 - зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесі, синтаксистік сипаты жайлы ғылымдағы жаңалықтармен таныстыру;
ОН5 - сын есім , оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік қызметі,сан есім , оның лексика-семантикалық , морфологиялық , семантикалық өзгешелігі, семантика-морфологиялық топтары ;
ОН6 - есімдіктер және олардың мағыналық топтары;
ОН7 - етістіктің лексика-грамматикалық , морфологиялық сипаты , етістік формаларының жүйесі ;
ОН8 - үстеудің морфологиялық белгілері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет