«Робототехника және бағдарламалау» элективтік курсының мақсаты бағдарламалаудың түрлі орталарында робототехника жиынтықтары мен компьютерлермен жұмыс істеу барысында оқушылардың жобалау, логикалық, алгоритмдік және программалық ойлауын дамыту.
Деңгей бойынша оқу тапсырмасы
кеңістікте жылжитын және сыртқы ортадағы оқиғаларды ескеретін құрылымдарды жасау және бағдарламалау (Робототехника Elementary);
бір жазықтықта жылжитын объектілер және сыртқы ортадағы өзгерістерді ескеретін құрылымдарды жасау және бағдарламалау (Робототехника Junior).
екі жазықтықта жылжитын объектілер және сыртқы ортадан алынған ақпаратты түсіндіретін құрылымдарды жасау және бағдарламалау (Робототехника Senior).
ақпарат тасымалдайтын және объектілерді бір жазықтықта жылжытатын электр сұлбаларын құру (Робототехника Arduino).
Android және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін мобильді қосымшаларды жасау (Мобильді қосымшаларды әзірлеу).
C++ және Python бағдарламалау тілдерінде олимпиада тапсырмаларын шешу (Олимпиадалық бағдарламалау).
3D-объектілерді құру, 3D-объектілердің шынайы визуализациясын жасау, объектілерді 3D-принтерде басып шығару (3D-модельдеу және веб-сайт құру).
Windows және Android операциялық жүйелеріне арналған Unity платформасында ойындарды жасау (Unity-да 2D және 3D ойындарын бағдарламалау).