БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі


Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары



бет2/3
Дата23.10.2016
өлшемі0,57 Mb.
#45
1   2   3

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары

Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.

Сарыарқа – ұлы дала. Сарыарқа тұрғындары – аргипейлер, исседондар.



Шаруашылығы. Маусымдық жайлаулар. Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер. Тасмола археологиялық мәдениеті. «Мұртты» обалар.

Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан. Табиғи-климаттық ерекшеліктер. Савроматтар мен аргиппейлер – Солтүстік Қазақстан тұрғындары. Шаруашылығы. Мал шаруашылығы және оның ерекшеліктері. Археологиялық ескерткіштер. Металл өңдеу.

Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан. Табиғи климаттық жағдай және елді мекендер. Шілікті даласынан табылған Патша қорғандары. Берел қорымдары. Шығыс Қазақстан мәдениеті. Полихром стилі. «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде ежелгі қалашықтар мен қорымдарға археологиялық зерттеулер.

Қайталау.
ІІІ бөлім. Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері (4 сағат)
Дін және мәдениет.

Ежелгі Қазақстанның мәдениеті.

Сақтардың имандылық әдептегі ережелері. Өмірдің адамгершілік формалары және басқару әкімшілігінің қатал жүйесі. Ғұндардың тұрғын үйлері. Көшпелілердің киімдері. Шалбар – көшпелілердің өнертабысы. Аттарды баппау. Көшпелілердің әскери жетістіктері.



Көшпелілердің салттары мен дінге сенушілігі. Көк Тәңірі. Әруақтарға сиыну. Жерлеу рәсімдері.

Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты. Антропология деген не? Қола кезеңіндегі адамдардың антропологиялық сипаттамасы. Ерте дәуір кезеңіндегі адамдардың бейнесі.

Жылдық қорытынды қайталау
7 сынып

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

( Ү ғасыр –ХҮІІ ғасырдың соңына дейін)

(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5сағат)
Кіріспе (1 сағат) Дәуірге сипаттама. сипаттама. Даму ерекшеліктері, Орта ғасырлар ұғымы және оның маңызы. Орта ғасырлар кезеңдері.
1 бөлім. Ерте ортағасырлардағы Қазақстан (10 сағат)
Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер (6сағат)

Түрік қағанатының құрылуы. Жер аумағы, халқы, шаруашылығы және мәдениеті. Ақыртас – ерте орта ғасырлық мемлекет орталығы

Батыс Түрік қағанаты. Территориясы, әлеуметтік жағдайы мен шаруашылығы.

Түргештер қағанаты. Түркештердің шығу тегі. Түргеш қағанатының құрылуы. Сыртқы саясат. Шаруашылығы мен пен мәдениеті. Соғдылықтар Жетісуда.

Қарлұқтар мемлекетінің құрылуы.

Жер аумағы, халқы, шаруашылығы. Саяси жағдайы Мәдениеті. Ислам дінін қабылдауы. Түркі жазуының қалыптасуы, Қағанаттың ыдырауы. Қойлық – қарлұқтардың астанасы.



Оғыз мемлекетінің құрылуы.

Оғыздар тайпаларының орналасқан жері. Қоғамдық құрылысы. Этникалық құрамы. Қазақстан территориясында оғыздар олардың шаруашылығы мен үй кәсіпшілігі. Қолөнер. Оғыз мемлекетінің ыдырауы. Жанкент – оғыздар астанасы.



Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қағанаттың қоғамдық және саяси жағдайы. этникалық және тайпалық құрамы. Қимақтар мемлекетінің құлауы. Қимақтар мәдениеті мен қолөнері.

ҮІ-ІХ ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (3 сағат)

Дәуір мәдениетінің сипаттамасы. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері. Қалалар мен қоныстар. Тұрғын үй. Қорғаныс құрылысы. Қала ғимараттары. Кесенелар, мешіттер молалар. Керамикалық бұйымдар және қыш құмыралар жасау. Металлургия және металл өңдеу. Қолөнер. Сауда. Ақша. Көшпелілердің материалдық мәдениеті, оның ерекшеліктері.

Сәулет және өнер. Діни сәулет өнері. Бейнелеу өнері. Қолданбалы өнер.

Әдебиет және дін. Тіл, жазу және мәдениет. Ертедегі түркілер жазуы. Араб жазуы. Халық ауыз әдебиеті. Ислам және басқа діни сенімдер.



Қайталау (1 сағат)
2 бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан (25 сағат)

Кейінгі орта ғасырларда Қазақстан территориясында құрылған мемлекеттер (4 сағат)

Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің құрылуы, территориясы, саяси құрылысы және шаруашылығы. Жер иелену түрлері. Мәдениет.

Наймандар, керейттер және жалайырлар. Тайпалардың орналасуы. Саяси құрылысы мен шаруашылығы. Тайпа одақтарының өзара қатынастары.

Қарақытайлар Жетісуда. Қоғамдық- саяси құрылысы. Алым-салықтар жүйесі. Сыртқы байланыстары.

Қыпшақ хандығы. Қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси жағдайы мен сыртқы байланыстары.

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы. (2 сағат)

Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі.

Керуен жолдарының бағыттары. Тоғысқан жерлерде орналасқан қалалар, олардың саудасы мен экономикасының дамуы.

Ұлы Жібек жолының мәдениетті дамыту және халықтар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі.

Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өтетін жолдарының басты тармақтары. Жетісу – Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы. Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын негізгі қақпасы.

Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу аумағындағы бөліктерін зерттеу.


Х-ғасырдан-ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті (5 сағат)

Қалалардың дамуы. Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Сайрам, Сығанақ т.б. Қала құрылысындағы сәулет өзгерістері. Қорғаныс құрылыстары. Қоғамдық ғимараттар: цитадель, базар алаңы, архитектуралық ерекшеліктері. Тұрғын үйлер.

«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалалар туралы зерттеулер



Қолөнердің мен сауданың дамуы дамуы. Кыш- құмыралар кәсіпшілігі. Мыс кәсіпшілігі. Тас өңдеу. Сауда және ақша айналымы. Зергерлік өнер. Ұсталық өнер. Жер шаруашылығы.

Сәулет өнері және құрылыстың дамуы. Сәндік - қолданбалы өнер оның ерекшеліктері. Мазарлар, Кесенелер, Мешіттер, Моншалар. Дамаскідегі Бейбарыс сұлтанның мешіті.

Дін және мәдениет. Діни нанымдар оның әртүрлілігі.

Ислам діні мен араб тілінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы әсері. Отыра кітапханасы. Ғылым мен мәдениеттің гүлденуі: математика, философия, әлеуметтану, музыка, жаратылыстану, тіл білімі, медицина және ғылымның басқа салалары. Халық медицинасы.



Ғылым мен білімнің дамуы. Тіл, ғылым мен әдебиет. Түркі тілдес халықтардың ортақ аса көрнекті ғалымдар мен ойшылдар, ақындар: Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұн.

«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер.


ХІІІ -ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан (9 сағат)

Монғол империясының құрылуы. Монғол империясының қоғамдық құрылысы. Монғол-татар әскерлерінің Қазақстанға баса көктеп кіруі. Халықтардың Шыңғыс хан шапқыншылығына қарсы қаһармандық шайқасы. Отырар қорғанысы. Монғол ұлыстарының құрылуы. Жошы мен Шағатай ұлыстары. Монғолдардың жаулауының әлеуметтік зардаптары.

Алтын Орданың құрылуы. Алтын Орданың күшеюі. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.

Ақ Орда. Оның дербестікке ие болуы. Жер аумағы мен этникалық құрамы. Ішкі және сыртқы жағдайы. Шаруашылығы.

Ақсақ Темір мемлекеті. Темірдің әскерлерінің Алтын Орда, Ақ Орда, Моңғолстан, Қытай, Үндістан ға жорықтары, олардың салдары.

Ноғай ордасы. Жер аумағы және этникалық құрамы. Сарайшық қаласы - ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Ноғай Ордасының әкімшілік, саяси- экономикалық және мәдени орталығы. Ноғай Ордасының ыдырауы. Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір, мекендеген негізгі тайпалардың этникалық құрамы мен олар орналасқан жерлер. Ішкі, сыртқы жағдайы.

Әбілхайыр хандығы. Хандықтың нығаюы және мемлекеттік құрылымы

Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердегі мемлекеттік-әкімшіліктің құрылуы. Қоғамдық құрылысы. Жерді пайдалану және салық жүйесі. Хандықтардың мемлекеттік-әкімшіліктің құрылымы.

Шаруашылық жағдайы. Мал шаруашылығы мен егіншілік. Қалалар және қоныстар. Қолөнер.
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық процесстер. Қазақ халқының қалыптасуы. (2 сағат)

Қазақстандағы этно-саяси үрдістер.Халықтың этникалық құрамы және ежелгі туыстық белгілер. Этникалық өзгерістер және этно-саяси қоғамның қалыптасуы.

Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздері. «Алаш» этнонимі және «Жүз» туралы. Өзбек- қазақ» халықтарының бөлінуі. Қазақ этнонимінің шығуы туралы.

ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті ( 2сағат)

Материалдық мәдениет. Баспана. Киім кешек. Әдеп- ғұрыптар мен салттар. Қалалықтардың өмірі мен тұрмысы. Қолөнер мен үй жиһаздарын жасау. Зергерлік және ұсталық өнер. Сауда, рухани мәдениет. Халықтың ауыз әдебиеті. Ертегілер мен аңыздар. Айтыс. Жұмбақтар мен Мақал-мәтелдер. Жазу. Білім. Сәулет өнері. Қазақ күйлері мен билері. Жыршылық өнер және жыраулар. Бақсылық өнер. Халық медицинасы. Әлемнің пайда болуы туралы халықтың түсінігі.

Сәулет өнері және оның ерекшеліктері. Қала салу. Кесене құрылысы. Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі. Көк кесене. Кесенелер. Қолданбалы өнер. Зергерлік өнері.

Қайталау (1 сағат)



3 бөлім. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан.

Біртұтас мемлекеттің құрылуы (15сағат)

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы. Ұлттық мемлекеттің құрылуының алғы шарттары. (3 сағат)

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары. Жәнібек пен Керейдің қызметі.

Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Жәнібек пен Керей. Жер аумағы, этникалық құрамы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Хандықты басқару ісі және сыртқы байланыстар. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы (4 сағат)

Қасым хан. Қасым хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің күшеюі. Қасымның ішкі және сыртқы саясаты. Территориялық кеңеюі. Халықтың өсуі. Қасым заңдары.

Хақназар хан. Хақназар тұсындағы хандықтың қуаттылығының артуы мен саяси өрлеуі. Хақназар ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Тәуекел хан. Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы. Қазақ-өзбек қарым қатынастары. Орыс мемлекетімен қатынасы.

Есім хан. Ішкі және сыртқы саясаты. Тұрсын ханның бүлігі. Есім ханның заңдары.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы. (2 сағат)

Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылуы. Ұлттық басқару жүйесі. Халықтың әлеуметтік құрамы.

Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктері. Егін шаруашылығы. Қолөнер. Көшпенділер өркениеті. Қазақ қалалары және олардың тоқырау себептері.
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан. (3 сағат)
Қазақ хандығының әлсіреуі. Ішкі қайшылықтардың өршуі. Орталық биліктің әлсіреуі. Сыртқы жағдайдың хандықтың әлсіреуіне тигізген әсері.

Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары. «Жеті жарғы». Ұлы билер. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясаты.

Қазақ-жоңғар қатынастары. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ-орыс қатынастары.


ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. (3 сағат)

Қазақ халқының мәдениеті. Мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Ауыз әдебиетінің дамуы. Ауыз әдебиетіне жалпы сипаттама.

Әдебиет және өнер: ақын-жыраулардың, халық әншілері мен сазгерлері шығармашылығы. Жазу. Күнтізбе. Материалдық мәдениет. Салттар. Киім-кешек пен ұлттық тағамдар.

Ислам діні оның таралуы. Қазақстандағы көшпенділер өркениеті.



Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі. Доспамбет пен Жиембет жыраулар. Қазақ фольклоры: батырлар жыры, лиро- эпостық жырлар, әлеуметтік-тұрмыстық поэмалар. Ертегілер, аңыздар, мақал- мәтелдер. Саз өнері.

Тарихи әдебиет. Мұхаммед Хайдар Дулати. және «Тарих-и Рашиди» Қадырғали Жалайыридің «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыс-наме», Қазақ халқының әдеби тілінің қалыптасуы.

Қорытынды қайталау.
8 сынып

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

(XVІІІ ғ.басы - 1914 жылға дейін)

(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5сағат)


1 бөлім. Қазақстанның XVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы (12 сағат)

Кіріспе. XVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандықтарының ішкі, сыртқы жағдайы.

Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы соғысы.

Жоңғар мемлекетінің күшеюі. XVІІІ ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жерлеріне басып кіруі.

Негізгі шайқастар. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды».

Шапқыншылыққа қарсы азаттық күрес. Басқыншыларды қазақ жерінен қуу. Қарақұм пен Ордабасындағы құрылтайлар. Азаттық күрестің көрнекті қайраткерлері; Абылай, Бұқар, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай т.б

Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Қазақ хандықтарының Ресеймен дипломатиялық, экономикалық, сауда және саяси байланыстары. Патша үкіметінің отарлық саясатының басталуы. ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүз бен Орта жүзде қалыптасқан жағдай.

XVІІІ ғасырдың ортасындағы Қазақстан. Кіші жүздегі қайшылықтардың шиеленісуі. Қазақ- башқұрт қатынастары. Ресеймен экономикалық қатынастардың дамуы. Жер мәселесінің шиеленісуі.

Абылай хан билігі. Абылай ханның сыртқы саясатының сипаты. Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беруді ұйымдастыруы. Жоңғар хандығының әлсіреуі. Абылай ханның бүкіл қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі. Абылай хан – аса көрнекті саяси қайраткер.

Қазақтардың 1773-1775 ж. Е.И. Пугачев Шаруалар соғысына қатысуы. Оның себептері, қатысу барысы, соғыстың жеңілуі.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі. Себептері, барысы, аяқталуы және маңызы.

XVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі. Олардың еңбектеріндегі Қазақстанның жағырапиясы, тарихы және этнографиясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді, Бұқар жырау және т.б.

Қайталау.
2 бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы (9 сағат)

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. «Сібір қырғыздар жөніндегі жарғы» және Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. «Жарғыдағы» әлеуметтік мәселелер. «Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы», Кіші жүзде хан билігінің жойылуы «Жарғыдағы» әлеуметтік мәселелер.Сыртқы округтердің құрылуы.

Реформа бойынша әкімшілік бөлініс. Қазақстанда патша үкіметінің нығаюы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан экономикасында болған өзгерістер. Қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайы. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы.

Қазақстанда отарлық езгінің күшейе түсуі. Патша өкіметінің бекеттері, станицалары мен линияларының салынуы. Қазақ жерін зорлықпен отарлау. Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы, барысы, қозғаушы күштері. Көтеріліс туралы түрлі көзқарастар. Қасым Абылайұлы және оның ұлдары- қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының басшылары.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Кенесары Қасымұлы- қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат, мемлекет қайраткері. Кенесары хандығы. Ұлттық тәуелсіздік жолындағы бүкіл халықтық қозғалыс. Қоқан билеушілеріне қарсы күрес. Патша үкіметінің ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы шаралары. Кенесарының опат болуы. Қозғалыстың жеңілуі, маңызы.



1836-1838ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Бөкей хандығының құрылуы. Территориясы. Шаруашылық, әкімшілік және саяси жағдайы. Көтерілістің себептері. Көтеріліс басшылары- Исатай Тайманұлы. Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің негізгі ошақтары. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы.

Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

Көтерілістің себептері, барысы. Орыс әскерлерінің Хиуаға жорығы. Қоқан хандығы ұстанған бағыт. Есет Көтібаров бастаған көтеріліс. Патша әскерлерінің Ақмешітті алуы. Қазақтардың Қоқан бектерінің үстемдігіне қарсы күресі.


3 бөлім. Қазақстан- Ресей империясының отары (4 сағат)

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Ұлы жүз қазақтары Қоқан және Хиуа шонжарларының қоластында. Ресей әскерлерінің Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы. Ұлы жүздің Ресейдің қоластына өте бастауы. Отаршылдық Жетісуды отарлау тәсілдері. Верный қаласы негізінің салынуы. Лепсі, Талғар, Есік, Қырғыздардың Ресейге қосыла бастауы.

Қоқан үстемдігіне қарсы азаттық күрес.

Патша әскерлерінің Әулиеата, Шымкент және басқа да қалаларды басып алуы. Қоқан, Бұқар хандықтарының әлсіреуі.



Ресейдің қазақ жерін басып алуының аяқталуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары. Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатының бұрынғыдан да күшеюі.
Төртінші бөлім.

Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті (4сағат)

Халық ағарту ісінің жайы. Мұсылмандық білім беру жүйесі: мектептер мен медреселер. Орыс тілінде оқытатын мектептер. Азия мектебі, тау-кен мектептері, әскери оқу орындары.

Ғылым және Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу.

Жағырапиялық зерттеулер. Декабристер мен петрашевскийшілердің Қазақстанға жер аударылуы және олардың ғылыми- зерттеу қызметтері. Қазақстанды зерттеген Ресей тарихшылары.



Қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиеті, оның негізгі бағыттары және көрнекті өкілдері. Музыка мәдениеті. Музыкалық және поэзиялық жарыстар. Жыраулар, күйшілер, ақындар. Орыс –қазақ әдебиетінің байланыстары.

Қазақстардың тұрмысы мен өмірі. Сәулет өнерінің ескерткіштері. Шаруашылық еңбек құралдары. Қазақтардың қару – жарақтары. Үй- тұрмысы.
Бесінші бөлім. ХІХ ғасырдың екнші жартысындағы қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайы. ( 11сағат)
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа.

Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны дайындау. Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша ереже». Облысты, уезді, болысты, ауылды әкімшілік басқарудағы өзгерістер. Реформаның отаршылдық мәні. Қазақтардың шұрайлы жерлерін патшаның әкімшілік орындарының одан әрі тартып жаппай тартып алуы.



60-70 жылдардағы азаттық үшін күрестер. Күрестің себептері. Орал, Торғай облыстарындағы күрестің басталуы. Барысы. Патшаның жазалаушы әскерлерінің азаттық күресінің негізгі ошақтарын басуы. Маңғыстаудағы көтеріліс, оның басшылары. Жалдамалы жұмысшылардың көтеріліске қатысуы. Көтерілістің жеңілу себептері және маңызы.

Қазақстанның экономикалық жағдайы. Патша өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты және оның отаршылдық мәні. Орыс шаруаларын Қазақстанға жаппай қоныс аударту. Қазақтарды құнарлы жерлерден ығыстыру. Көшпелі өмірде болған өзгерістер. Ауыл кедейлерінің тұрмысының нашарлауы. Ауылдағы таптық жіктелу. Шаруашылықтың түрлі салаларының дамуы. Темір жол құрылысы. Сауда. Банк қызметінің ұйымдастырылуы. Қалалар. Жәрмеңкелер. Жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы.

Қазақстан- Қытай сауда қатынастары.

Бұқтырма, Петропавл, Семейдің Синьцзянмен сауда-саттық жүргізетін орталықтарға айналуы. Сауда қатынасының одан әрі өркендеуі, оның себептері.



Қазақстанның ХІХ ғасырдың соңындағы әлеуметтік-саяси дамуы. Түркістан өлкесін және далалық облыстарды басқару жөніндегі ереже. Отарлық басқару жүйесінің нығаюы. Сот құрылысындағы өзгерістер, оларды жүргізудің түпкі мақсаты. Жұмысшы қозғалысының басталуы. Халықтың әлеуметтік жағынан теңсіздігі. Балалар еңбегін қанау. Жұмысшылар наразылығының түрлері. Алғашқы ереуілдер.

Ұйғырлар мен дұңғандердің Жетісуға қоныс аударуы.

Қытай жеріндегі ұйғырлар мен дұңғандердің жағдайы. Олардың бір бөлігінің Жетісуға қоныс аударуы, оның себептері. Алғашқы қоныстары. Шаруашылығы, егіншіліктің дамуы. Еңбекшілерді қанаудың күшеюі. Ұйғыр, дұңган мәдениетінің дамуы. Ұйғыр мен дұңған мәдениетінің көрнекті өкілдері. Ұйғырлар мен дұңған әдебиеті. Халықтардың өзара қарым- қатынасы.

Қайталау.

Алтыншы бөлім. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті. (5сағат)
Орыстың демократиялық мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген ықпалы. П.Семенов- Тянь- Шанскийдің зерттеулері, Қазақстан тарихының зерттелуі. Халыққа білім беру ісі. Орыстың азаттық қозғалысының өкілдерінің қазақтармен байланысы.

Шоқан Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы. Шоқан Петербургте. Шоқан және Ф. М. Достоевский. Қазақстанға жер аударылған революцияшылдардың ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдардағы қызметі, олардың жергілікті халықпен байланысы.

Халыққа білім беру және ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (0841-1889 жылдар) ХІХ ғасырдың екнші жартысында халыққа білім беру ісінің жайы. Жаңа мектептер және олардың қиындықтары. Мектептер мен медреселер. Халық ағарту ісінің орталықтары. Оқу орындарын ұйымдастыру. Ыбырай Алтынсарин- жаңашыл педагог, қоғам қайраткері. Ы. Алтынсариннің өмірі, ағарту саласында халқына сіңірген еңбегі мен ғылыми- этнографиялық зерттеулері. « Қырғыз хрестоматиясы», ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы оқу-ағарту мекемелері және ғылыми қоғамдар. Кітапханалардың ашылуы. Азаматтық және діни оқу орындары. Халыққа білім беру ісіндегі қиындықтар және орын алған кемшіліктер.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев (1845-1904) және қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ұлы ойшыл. Өмірі мен шығармашылық қызметі. Абай- аудармашы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.

Өнер және музыка. Бейнелеу өнері. Қазақстан тақырыбына өз шығармаларын арнаған көрнекті суретшілер. Қолөнер және зергерлік.

Музыка мәдениеті. Құрманғазы Сағырбайұлы. Дәулеткерей Шығайұлы. Тәттімбет Қазанғапұлы. Ықылас Дүкенұлы. Әсет Найманбайұлы. Біржан Қожағұлұлы. Ақансері Қорамсаұлы және басқалар.


Жетінші бөлім. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан ( 5сағат)

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік- экономикалық жағдай. Қазақ жерінің әкімшілік – территориялық бөлінісі. Халқы, патша үкіметінің отарлық саясаты салдарынан оның саны мен құрамының өзгеруі. Ауыл шаруашылығының жағдайы. Өнеркәсіп оның отаршылдық сипаты. Алтын, тұз, мұнай кәсіпорындарының жұмысы. Темір жол салу. Сауда өнеркәсіп буржуазиясының, жұмысшы табының қалыптаса бастауы. Жұмысшылардың әсіресе қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысы.

Қазақстан Ресейдің 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі. Жұмысшы қозғалысының басталуы, қазақ шаруалары қозғалысының күшеюі. Ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ интелегенциясының рөлі. Социал- демократиялық және кадеттік топтардың дағдарысы.



Ұлттық- демократиялық қозғалыстың өрлеуі. Қазақтың зиялы қауымының қызметі, оның көрнекті өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай. М. Жұмабаев және басқалар.

Алғашқы қазақ баспасөздері: «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті және олардың қызметі.



Қайталау ( 1сағат)
9 сынып

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН

( 1914-2009)

(барлығы 51сағат, аптасына 1,5 сағат)



Кіріспе (1сағат)

Бірінші бөлім.

ХХ ғасырдың басы Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916жылғы көтеріліс жылдарында (6сағат)

Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғысы жылдарында. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген зардаптары. Қазақстан еңбекшілері жағдайының нашарлауы.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Патша өкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы. Қазақ демократияшыл интеллигенцияның қызметі. Стихиялық көтерілістің басталуы, оның қозғаушы күштері мен сипаты. Көтерілістің Жетісу, Торғай және басқа ошақтары.

Көтерілістің басшылары: Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, т.б.

Көтеріліске байланысты қазақ демократияшыл интелегенцияның ұстанымы. Көтерілісшілерге қарсы патшаның жазалаушы отрядтары. Қазақстан аумағынан қазақтарды қуу. Көтерілістің жеңілу себептері және оның тарихи мәні.



Қазақстан 1917 жылғы ақпан төңкерісі кезінде. Ресейдегі ақпан төңкерісінің жеңісі. Қос өкіметтің құрылуы. Қазақстанда Кеңестердің жәнеУақытша органдарының құрылуы. 1916 жылы бас сауғалап Қытай мен Ауғанстанға көшкендерді қайтару жөніндегі шаралар. Тыл жұмысына алынғандардың қайтып келуі.

Бұқараның революциялық белсенділігінің артуы.

Қазақ комитеттері. Саяси партиялар және ағымдар. Облыстық қазақ съездері.

«Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. Партияның көрнекті қайраткерлері. Басқа да да партиялар мен ұйымдар. Жастар ұйымдары ( « Еркін дала», «Бірлік», «Жас қазақ» т.б) және олардың қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет