БАҒдарламасы 6 9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата09.08.2017
өлшемі0,69 Mb.
#23146
1   2   3   4

Мәдениеттің дамуы (1 сагат). Ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті түлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О. де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, Дж.Лондон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Р. Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, САйни, Т.Сатылганов, МАхундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер.

Халықаралық қатынастар (2 сагат). Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы. Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.

Дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісуге ұмтылу. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX ғасырдың соңындағы империалист« соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатиялық дайындық.

Қорытынды (2 сағат).
9 сынып

(барлығы 51 сағат аптасына 1,5 сағат)



ҚАЗІРГІ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

(1914- 2009жылдар)

Бірінші бөлім. Дүние жүзі мемлекеттерінің 1914-1945 жылдардағы дамуы (25 сағат)

Кіріспе (1 сагат). Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы әлем елдері.

ХХ ғасырдың басындағы әлем тарихы (1914-1939 жылдар) Бірінші дүниежүзілік согыс (1 сағат). Соғыстың басталуы, себептері, сипаты және мақсаты. 1914-1916 жылдардағы соғыс қимылдары. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыс. 1917 жылғы соғыс қимылдары. Ресейдің соғыстан шығуы. Дүние жүзі мемлекеттері арасындағы негізгі қарама-қайшылықтар. АҚШ-тың соғысқа араласуы. В.Вильсонның "14 пункті". Компьен келісімі. Басты державалардың жеңілуі және соғыстың аяқталуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындылары және сабақтары.

1918-1939 жылдардагы Еуропа жэне Америка елдері (9 сагат)

Орталық Еуропа елдері мен Ресейдегі революциялық қозгалыстар мен төңкерістер. Еуропа елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Негізгі тенденциялар. Ресейдегі ақпан революциясы. 1917 жылғы соғыс қимылдары және Қазан тоңкерісі. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейдің соғыстан шығуы. Австро-Венгрия мен Германиядағы революциялық дағдарыстар, қарашадағы революциялар. Венгриядағы революция. Венгр республикасы.

Англия. Ұлыбританияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық-саяси дамуы. Д.Ллойд Джордж үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның отарлық саясаты. Жұмысшы қозғалысы. Екінші лейбористер үкіметінің саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Англияға тигізген әсері. " Ұлттық үкіметтің" кызметі.

Франция. Соғыстан кейінгі кезендегі билеуші топтардың саясаты. Жұмысшы және демократиялық қозғалыстар. Халық майданы: саясаты мен қимылдары. Экономикалық дағдарыс. Антифашистік қозғалыс. Францияның сыртқы саясаты.

Германия. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық-саяси жағдайы. Веймар республикасы. Конституция. Жүмысшы және коммунистік қозғалыс. Экономикалық дағдарыс жөне оның әлеуметтік салдарлары. Г.Брюнинг кабинетінің саясаты. Нацистердің үкімет басына келуі және фашистік диктатураның орнауы. Фашистік Германияның сыртқы саясаты.

Италия. Соғыс нәтижелері және оның Италияға әсері. Буржуазиялық-парламенттік мемлекеттің дағдарысы. Фашистердің билікке келуі. Фашизм және буржуазия. Фашизм және оның негізі. Фашистік тәртіп. 1923-33 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіндегі Италия. Фашистердің сыртқы саясаты.

Испания. Ішкі және сыртқы жағдайы. Азаматтық соғыс. Франкизм.

Орталық және Оңтустік-Шыгыс Еуропа елдері. Чехословакия, Венгрия, Польша, Югославия, Болгария, Румыния. Олардың экономикалық-саяси омірі. Билеуші топтардың саясаты. Кеңестік Ресей. Азамат соғысының басталуы, оның себептері. Ресейде кеңес өкіметінің құрылуы және нығаюы. КСРО құрылуы және 1922-1924 жылдардағы дамуы. Ішкі-сыртқы саясаты. Жаңа экономикалық саясат, мәні. Әкімшіл-әміршіл жүйе. Индустрияландыру. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары. Ашаршылық. Жаппай қырғынға ұшырау. Қоғамдық-саяси өмір, мәдени революция. Ұлттық интеллигенпияны жою. Орыстандыру. Тоталитаризм - XX ғасырдың саяси феномены.

АҚШ және Канада. АҚШ-тың бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дамуы. Ішкі саяси бағыттың өзгере дамуы. Гувер үкіметінің ішкі саясаты. Әлеуметтік жөне демократиялық қозғалыс. АҚШ-тың 20-шы жылдардағы сыртқы саясаты. 1929-1933 жыддардағы экономикалық дағдарыс. Ф. Рузвельттің "жаңа бағыты".

Канаданың экономикалық және саяси дамуы. Буржуазиялық реформизм. Мемлекеттік-монополистік капитализмнің (ММК) даму жолдары. Кейнсиандық, оның мәні. Батыстың дамыған еддері мен АҚШ-тың экономикасы мен саясатындағы либерализмнің нығаюы.



Латын Америкасы елдері. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Латын Америкасы елдерінің өлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген әсері. Аргентина, Чили, Уругвайдағы буржуазиялық реформизм. Мексика революциясы және А.Обрегон үкіметі. Никарагуадағы сандинистер қозғалысының АҚШ-қа қарсы күресі және Сомоса диктатурасының орнауы. Бразилиядағы буржуазиялық революция. Чилидегі революциялық оқиғалар.

Екі согыс аралығындагы Азия және Африка елдері (7 сағат)

Жапония. Корея. "Күріш елдері". Париж және Вашингтон конференцияларьшдағы Жапония. Танака үкіметінің саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Жапонияның Азиядағы озбырлығы. Кореядағы жапон отаршылдарының саясаты. 1919 жылғы Кореядағы көтеріліс жоне Жапония реформалары. Саяси ұйымдардың құрылуы. Жапонияның Қытайдағы әрекеттері.

Қытай. Монғолия. Қытайдың бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы. "1919 жылғы 4 мамыр козғалысы". Қытай коммунистік партиясының құрылуы. 1920-1922 жылдардағы саяси партиялар және саяси күрес. Сунь Ятсен. Ұлттық майдан. 1925-1927 жылдардағы үлттық революция. Бірінші Гоминьдан тәртібінің қалыптасуы. Гоминьдан мен Қытай коммунистік партиясының арасындағы қарулы күрестің басталуы. Жапон агрессиясы және озбырлығына қарсы күрестің басталуы. Қытай 1937-1945 жылдардагы Жапония агрессиясына қарсы соғыс кезеңінде (1937-1945 жылдар).

Монғолияның ішкі және сыртқы жағдайы. Халық революциясы және Монғол Халық Республикасының жариялануы. Елдің 1924-1940 жылдардагы дамуы. Социалистік озгерістер және олардың зардаптары.



Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Осы аймақтағы елдердің әлеуметгік-экономикалық және саяси жағдайы. Отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық күрестің кезендері. Саяси ұйымдар мен партиялардың қызметі. Батыс елдерінің ұстаған саясаты. Жапонияның Оңтүстік-Шығыс Азиядагы саясаты. 1929-1933 жылдардагы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Үндіқытай түбегі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі. Индонезия.

Үндістан. Елдің саяси және экономикалық дамуы. К.М.Гандидің ілімі мен қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыстың өршуі. Халифаттық қозғалыстар. 20-шы жылдардың соңы, 30-шы жылдардьщ басындағы экономикалық дағдарыс және саяси жағдай. Англияның Үңдістандағы саясаты. Үндістанның конституциялық құрылысы туралы мәселе. Соғыс алдындағы ел ішіндегі саяси күрес.

Иран. Ауғанстан. Иранның ішкі және халықаралық жағдайы. Англияның Иранды басып алуы. Ұлт-азаттық қозғалыс. Кеңестік Ресеймен қатынастары. 1925 жылгы төңкеріс және Пехлеви әулетінің билікке келуі. Үкімет саясаты. Шет елдердің экономикалық ықпалы. КСРО-мен қарым-қатынастың орнауы. Елдің 30-шы жылдардағы жағдайы. Ауғанстанның тәуелсіздік үшін күресі. Жас ауғандықтар. Елдің 30-шы жылдардағы ішкі дамуы.

Түркия. Бірінші дүниежүзілік соғыста Түркияның жеңілуі және оның зардаптары. Сұлтан үкіметінің саясаты. Ұлт-азаттық күрестің басталуы. Мұстафа Кемалдың саяси қызметі. "Құқық қорғау қоғамы". 1921-1922 жылдардағы Түркия-Ресей келісімдері. Сакарийдегі шетел әскерлерін талқандау және Түрік республикасының жариялануы. Түркия ұлт-азаттық қозғалысының сипаты. Саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер. Елдің сыртқы саясаты.

Азия мен Африкадағы араб елдері. Араб елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Батыс елдерінің отарлау саясаты. Протектор тәртібі. Азиядағы араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарының өрлеуі. Ирак, Сирия мен Ливан, Палестина мен Трансиордания. Араб түбегіндегі жаңа мемлекеттердің құрылуы.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Африка араб елдерінің әлеуметтік-экономикалыц және саяси ілгерілеулері. Мысыр. Ұлттық қозғалыс. Мароккодағы ұлт-азаттық күрес. Риф республикасы. Алжир мен Тунистегі Францияның саясаты. Ливиядағы Италия үстемдігі. Судандағы жағдай. Англия-Мысыр кондоминиумы. Араб елдерінің 30-жылдардағы дамуы. Тропикалық және Онтүстік Африка елдері. Отарлық жүйелер. Африка қоғамының әлеуметтік құрылымы. Ұлттық ұйымдар, олардың талаптары. Оңтүстік Африка одағы. Ақ нәсілшілдердің үстемдігі. Экономикалық даму және буржуазиялық қатынастардың нығаюы. Жұмысшы қозғалысы. Африкалық Ұлттық Конгресс (АҮК). Коммунистік партияның қызметі.

Екі согыс аралығындагы халықаралық қатынастар (2 сагат)

Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу және Версаль жүйесі.

Жаңа елдердің шығуы. Әлем картасындағы саяси өзгерістер мен дүние жүзін қайта құру мәселелері. Ұлттар Лигасы және оның қызметі. Вашингтон конференциясы. Ұжымдық қауіпсіздік үшін күрес. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезіндегі халықаралық қатынастар және Версаль-Вашингтон жүйесінің күйреуі.

Озбырлық саясат ұстаған елдер тобының құрылуы.

Жапонияның Қытайға шабуылы. Литтон комиссиясы және Жапонияның Ұлттар Лигасынан кетуі. Еуропа мен Африкадагы озбырлы елдердің қимылдары. Мюнхен конференциясы және Германияның Чехословакияны басып алуы. Италияның Эфиопияны басып алуы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс). КСРО мен Германия арасындағы бір-біріне шабуыл жасамау туралы пакт және оның Еуропаны бөлшектеудегі рөлі.



Екінші дүниежүзілік согыс (1939-1945 жылдар) (4 сағат)

Екінші дүниежүзілік согыс (1939-1945 жылдар). Еуропадағы соғыс сахнасы. Германияның Польшаны басып алуы. Батыс елдері Англия мен Францияның Германияға қарсы соғыс жариялауы - екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Францияның жеңілуі. Германияның Батысқа шабуылы. Фашистердің Балқан түбегіндегі шабуылы. КСРО-ның Финляндияға қарсы соғысы және нәтижесі. Фашистік агрессияға қарсы халықтардың азаттық күресінің басталуы.

Азия-Тынық мухиттағы соғыс қимылдары. Жапонияның Үңдіқьггай елдерін басып алуы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы жөне АҚШ-ның соғысқа кіруі. Жапон әскерлерінің әскери іс-қимылдары. Қытайдагы соғыс қимылдары.

КСРО-дагы ¥лы Отан соғысы. Қызыл Армияның жеңілістері, олардың себептері. Мәскеу түбіндегі шайқас. Қазакстандықтардың ерлігі. Сталинград пен Кавказды қорғау. Курск шайқасы. Шығыс майдандагы кеңес әскерлерінің шабуылға шығуы. Шығыс және Оңтүстік-Шыгыс Еуропа елдерін азат ету. Одақтас елдердің батыс майдандагы шабуылы. Италияның тізе бүгуі. Екінші майданның ашылуы. Германияның тізе бүгуі. Потсдам конференциясы.

Жапонияны талқандау. КСРО-ның Жапонияға қарсы соғыс ашуы. АҚШ шабуылдары. Ядролық каруды қолдану. Жапонияның тізе бүгуі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

Қайталау (1 сагат)
Екінші бөлім. XX ғасырдың екінші жартысындағы әлем елдері (26 сағат)

XX гасырдың екінші жартысындагы Еуропа мен Америка елдері (12 сагат)

Англия. Лейбористер үкіметінің реформалары. Национализациялау. Әлеуметгік саясат. 1960-1980 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси даму. М.Тэтчер үкіметінің ішкі-сырткы саясаты. 90-шы жылдардағы Ұлыбритания.

Франция. 1946-1958 жылдардагы Төртінші республика. Ш. де Голль және Бесінші республика. 1968 жылғы мамыр-маусымдағы оқиғалары. 1981 жылғы сайлау. Солшыл күштердің жеңісі. Франсуа Миттеран. 90-шы жылдардағы Францияның дамуы.

Германия. Елдің екіге бөлінуі. ГФР мен ГДР дамуы. 50-60-шы жылдардағы ГФР-ның жағдайы. 1962-1982 жылдардағы социал-демократтар үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты. Христиан-демократтардың билікке келуі. Германияның бірігуі.

Италия, Испания, Португалия, Греция. Италиядағы демократиялық өзгерістер. Республиканы жариялау. Конституция. Ішкі-сыртқы саясаты.

Испания үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты. Португалия. Диктаторлық тәртіптің кұлауы. Демократиялық, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.

Грецияның 40-60 жылдардағы дамуы. Монархияның құлауы. "Қара полковниктер" саясаты. Кипр мәселесі. 80-90-шы жылдардағы Греция.

Солтустік Еуропа елдері. Әлеуметтік даму және сыртқы саяси бейтараптық жолында (Финляндия және Швеция). Швеция, Финляндия, Норвегия және Данияның 90-шы жылдардағы дамуы.

Еуропалық интеграция және Еуропа одағы. Экономикалық интеграция және жалпы рынок. ЕЭО-тың кеңеюі. Еуропалык және қаржылық одақтың құрылуы. Саяси бірлікке қарай бет бұру.

1945-1999 жылдардағы Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері. Халық майдандары үкіметтерінің билікке келуі. Экономикалық қайта құрулар: 40-жыддардағы аграрлық реформалар, өндірістің негізгі салаларын национализациялау. Халықтық-демократиялық тәртіптің орнауы. Польша, Чехословакия, Болгария, Румыния, Венгрия, Югославия, Албания жэне ГДР-дағы социализм негіздерін құру шаралары.

КСРО-Югославия жанжалы (1948-1953). Әлеуметтік-экономикалық дамудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар. Халық қозғалыстар.



60-шы жылдардагы Шыгыс Еуропа елдері: даму жолдарын қарастыру. 60-жылдардағы Конституциялар. Чехословакиядағы оқиғалар ("Прага көктемі"), оларды түншықтыру. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің 1941-1991 жыддардағы сыртқы саясаты. Варшава шарты ұйымы (1955-1991) мен Экономикалық өзара көмектесу кеңесінің қызметі және олардың таратылуы.

1989-1991 жылдардағы оқиғалар. Қоғамның саяси ұйымдарындағы өзгерістер. Жаңа елдердің пайда болуы жөне олардың саяси-әлеуметтік дамуы. Саяси партиялар мен қозғалыстардың қоғам өміріндегі орны мен қызметі. Батыс еддерімен жақындасуы. Югославия трагедиясы.

АҚШ және Канада. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың әлемдегі ең қуатты мемлекетке айналуы. Саяси тартыстар және реакцияның күшеюі (маккартизм). Демократиялық және республикалық үкіметтердің 60-70 жылдардағы саясаты. Д.Кеннедидің "Жаңа белестері", 80-жылдары неоконсерваторлардың билікке келуі. FTP және әлеуметтік даму. Нәсілшілдікке қарсы күрес. АҚШ-тың 80-90-жылдардағы сыртқы саясаты.

Латын Америкасы елдері. Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері (тарихи-өркениеттік және қазіргі аспектілер). Саяси түрақтылық (Мексика) және түрақсыздық (көпшілік елдерде). Реформизм мен революциялық күрес. Гватемала, Боливия, Чили, Куба, Никарагуа. Даму жолын қарастыру ("үшінші жолдың" латынамерикалық үлгісі). Чили. 1970-1973 жылдардагы Чили революциясы. С.Альенде. 1973-1990 жылдардагы Чили. А.Пиночет диктатурасы (1970-1990). Экономикалық даму және азаматтық билікке өту. Куба. Социалистік даму тәжірибесі. Кубадағы революция, оның сипаты мен қозғаушы күштері. Куба революциясының қаһармандары. 60-90-шы жылдардагы дамуы. Ф.Кастро. Никарагуа. Сандинистер революциясы. Сандинистердің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Никарагуаның қазіргі жағдайы.

КСРО 1945-1991 жылдарда. Кеңес Одағы 1945-1953 жылдарда. Халық шаруашылығын қалпына келтіру. Әкімшілік-әміршіл жүйенің кеңес қоғамының дамуына тигізген зардаптары. 40-50 жыддардағы сталиндік куғындау саясаты. Халықтарды күштеп ел-жұртынан айыру. КСРО сыртқы саясатындағы бейбітшілік пен соғыс мәселелері: қиындықтар мен қателіктер. "Қырғи қабақ соғыс". Шет елдермен әскери бақталастық. 1956 жылғы КОКП XX съезі, оның қоғамды демократизациялау бағыты. Сталиннің жеке басына табынуды әшкерелеу. Заңсыздык. құрбаңдарын ақтау. Кейбір халықтарды отандарына қайтару және автономияларын қайта қалпына келтіру.

Шығыс аудаңдардагы аграрлы саясат: жетістіктері мен зардаптары Н.Хрущев, КСРО-ның 50-60-шы жылдардағы сыртқы саясаты. 1965 жылғы қазандағы оқиғалар және Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. Реформалар жүргізу жолдары, оның тиянақсыздығы. Сыртқы саясаттағы екіжүзділіктің асқынуы (Польша, Чехословакия, араб елдері, Африка, Ауғанстан, т.е.). "Тоқырау кезеңі". Социализм дағдарысы.



1984-1991 жьлдардағы КСРО. М.Горбачевтің "қайта құру" саясаты. Ұтымды жақтары: демократиялаңдыру, жариялыпық. Қайта құрудың тереңдеуі, қиыншылықтары мен проблемалары. Бүл саясаттың бұрмалануы, халықтардың бостандығына жол бермеу (Алматы, Вильнюс, Тбилиси, Баку оқиғалары). КСРО Компартиясыңдағы дағдарыс. Саяси қайта қүру. Құкыктық мемлекет құру бағыты. Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Төтенше жағдай мемлекеттік комитетінің (ТЖМК) төңкеріс бастауы және сәтсіздікке үшырауы.

КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы. ТМД құрылуы және дамуы. Ресей мен славян республикалары. Кавказдағы жаңа мемлекеттер. Одақтас республикалардың КСРО құрамынан шығуы және тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Бүрьнғы КСРО көлеміндегі интеграциялық процестер. Орта Азия интеграциясы. Экономикалык және әлеуметтік дағдарысқа тап болу, оның себептері. Дағдарыстан шығу жолы.

Кайталау

XX гасырдың екінші жартысындағы Азия жүне Африка елдері (9 сагат)

Жапония, Оңтустік Корея. 1945-1990 жылдардағы Жапония: күйреген жағдайдан дамыған елдердің алдына шығу. Оккупациялық кезендегі реформалар (1945-1951). 1947 жылғы Конституцияның тұрақтылығы. Сан-Францискодағы бейбіт бітімге қол қою. Жапонияның экономикалық дамуы, негізгі кезендері. Ішкі-сыртқы саясаты: АҚШ-пен достасу. Саяси партиялар мен қозғалыстар. ДДП. Ғыльгми-техникалық прогресс және Жапониядағы салттар. Жапон халқының әлеуметтік құқық пен бейбітшілікті нығайту үшін күресі. Демократиялық қайта кұру. Жапония — ірі өндірісті ел. КСРО/Ресей және Қытаймен ара қатынастары.

Оңтүстік Корея. Кореяны азат ету, екіге бөлінуі. Корея түбегіндегі соғыс, оның шығу себептері, зардаптары. 1960 жылғы төңкеріс, әскери диктатуралар. 70-жылдардағы экономикалық дамуы және өркендеуі. 80-90-жылдардағы жағдайы. Демократия жолына түсуі.



Қытай, МХР, КХДР. Қытайдағы азамат соғысы және халық революциясының жеңісі. Әлеуметтік даму проблемалары. ҚХР жариялау, негізгі даму кезендері. 50-жыддарғы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. КСРО-мен достасу. Мао Цзэдун, Чжоу Эньлай. "Үлы секіріс" саясатына өту. "Мәдени революция". Маоға табыну. 1964 жылғы атом бомбасын игеру. 1976-1978 жылдардағы ішкі тартыс. Дэн Сяопин бағдарламасы. 80-90 жылдардағы экономикалық реформалардың нәтижелері. Қазіргі кезендегі Қытайдың ішкі-сыртқы саясаты.

Монғолиядағы 50-80-жылдардағы қайта құрулар. Капитализмнен "өтіп кету" проблемасы және Моңғолия тәжірибесі. 90-жыддардағы әлеуметтік-экономикалық даму. Ұлттық егемеңдік бағыты.



Солтүстік Корея. Технологиялық секірудің механизмі мен нәтижелері. КХДР-ның социалистік жолға түсуі және дамуы. Әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Ким Ир Сенге табыну. Солтүстік Кореяда тоталитарлық режимді жүзеге асыру. Қазіргі кездегі жағдайы және сыртқы саясаты.

Оңтүстік-Шыгыс Азия елдері (АСЕАН). Отаршылдық жүйенің күйреуі. Үндіқытайдагы тәуелсіз мемлекеттер. Въетнамның екіге белінуі. ВДР-ның дамуы. Оңтүстік Вьетнам халқының АҚШ үстемдігіне қарсы күресі. Вьетнам соғысы. Вьетнам бірігуі. Хо Ши Мин. Лаос, Камбоджа, Иңдонезияның тәуелсіздікке жетуі және дамуы. Сукарно. 1965жылғы қанды оқиға және Сухарто диктатурасы. 1998 жылы елдегі ереуілдер. Жаңа үкімет орнауы. 1999 жылғы сайлау нәтижесі. АСЕАН және қазіргі даму бағыттары.

Үндістан, Пәкістан және Оңтүстік Азиядағы басқа елдер. Оңтүстік Азия елдерінің тәуелсіздікке жетуі. Олардың саяси және экономикалык даму жолдары. Капитализмнің үшінші моделі. Д. Неру, И. Ганди. "Неру бағыты". 80-90 жылдардағы Үңдістан. Әлеуметгік тұрақтылық пен ұлттық бірлік мәселесі.

Пәкістан Ислам Республикасының құрылуы мен дамуы. М. Джинна. Кашмир мәселесі және Үндістанмен болған соғыстар. 50-80 жылдардағы экономикалық-саяси жағдай.

90-жылдардағы Пәкістан. 1970-1971 жылдардағы оқиғалар және Бангладештің құрылуы. Бангладештегі саяси-экономикалық өмір. Шри Ланка, Мьянма, Непал. Даму қезендері. Ішкі-сыртқы саясаттары. Тайвань, Гонконг, Сингапур. Әлеуметтік-экономикалык, және саяси даму. Оңтүстік Азия елдері және әлемдік мәселелер. Ядролық қаруды сынау және оның салдары.



Орта Шығыс елдері. Иран. Ауғанстан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси-әлеуметтік және экономикалық даму. Ирандағы 40-жылдар соңындағы халықтық қозғалыстар. 1951 жылғы Мүса Садық үкіметінің шаралары. Иран мұнайы. Мұнай өндірісін дамыту жоддары. "Ақ революция" реформалары. Шах үкіметінің 70-ші жылдардағы саясаты. Саяси-әлеуметтік дағдарыс және Иран революциясы. Аятолла Хомейни. Иран Ислам Республикасының дамуы. Ирактың шабуьшы, оған тойтарыс беру. Қазіргі кездегі жағдайы.

Ауғанстанның 50-60-жылдардағы дамуы. Экономикалық өзгерістер. 1973 жылғы төңкеріс және М.Заһир шахтың биліктен кетуі. Республика өмірі. 1978 жылғы сәуір төңкерісі. Ауғанстандағы азамат соғысының басталуы. 80-90 жылдардағы Ауғанстанның саяси жағдайы. КСРО-ның Ауғанстанньщ ішкі өміріндегі саясаты және оның халықаралық беделінің төмендеуі. Кеңес әскери күштерін шығару. Елдегі жағдай. Ауғанстанның қазіргі ішкі жағдайы.

Түркия. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси-экономикалық дамуы. Демократиялық партияның құрылуы. Түркияның 60-90 жылдардағы дамуы. Ішкі және сыртқы саясат. 1960 жылғы әскери төңкеріс. Т.Өзал саясаты. 90-шы жылдардағы Араб елдері. Азиядағы жылдардағы даму ерекшеліктері. Қазіргі саяси-әлеуметтік өмірі.

Каталог: download -> version -> 1352391757 -> module -> 6522159068 -> name
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет