БАҒдарламасы 6 9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/4
Дата09.08.2017
өлшемі0,69 Mb.
#23146
1   2   3   4

Араб елдері. Азиядағы араб елдерінің соғыстан кейінгі жағдайы. Араб бірлігі. Сирия мен Ливанның тәуелсіздікке жетуі. Палестина мәселесі. Палестина соғысы, арабтардың жеңіліске үшырауы. Ирак. Багдад пактісі. 1958 жылғы Ирак революциясы. БААС. Елдің 60-90-жылдарғы жағдайы. С. Хусейн саясаты. Араб түбегіндегі елдер. Аден, Йеменнің бірігуі. Парсы бұғазындагы әмірліктер. Араб мұнайы. Ливан жағдайы. Азаматтық соғыс және басқа араб елдері. 90-шы жылдардағы Палестина мәселесін реттеу үшін күрес. Израильдің саясаты. Біріккен араб республикалары құрамындағы Сирияның дамуы. Африкадағы араб елдері. 1952 жылгы Мысырдағы революция, оның мәні. Г.А.Насер үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты. Суэц дағдарысы. 1956, 1967,1973 жылдардағы соғыстар. А.Садат әкімшілігі. Кэмп-Дэвид процесі. Израиль-Мысыр бейбіт бітімі және оған қарсыласу. X. Мүбарак кезіндегі Мысыр. Магриб елдерінің 60-90 жыддардағы тәуелсіздікке жетуі және дамуы. Алжир, Тунис, Марокко, Судандағы әлеуметтік-экономикалық ілгерілеулер. Ливиядағы 1979 жылгы революция. М.Каддафи саясаты. Араб халықтарының өміріндегі Ислам.

Африкадагы араб мемлекеттерінің қазіргі жагдайы. Тропикалық және Онтүстік Африка елдері. Отарлық жүйенің күйреу кезендері. 1960 жыл — Африка жылы. Ұлт-азаттық революциялар. Жас мемлекеттердің даму жолдары. Жаңа отаршылдық саясат. Африканы "қырғи қабақ соғыстың" шеңберіне итермелеу. Этникалық жанжалдар. Африканың бірлігі туралы мәселе. Азық-түлік және қаржы жағдайы. Әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер. Нәсілшілдікті жою. Н.Манделаны Оңтүстік Африка Республикасының президенттілігіне сайлау және оның саясаты. Африка — үлкен даму жолына түскен құрлық.

1945-2009 жылдардагы халықаралық ңатынастар (2 сагат)

Согыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мәселелерді реттеу. Еуропа мен Азияда әскери-саяси блоктардың қүрылуы. "Қырғи қабақ соғысы" және әскери қақтығыстар. Атом қаруын сынау, т.б. жаппай қырып-жою қаруларын жасау. Халықтардың бейбітшілікке үмтылуы. Бейбіт өмір сүру принциптері. КСРО-Қытай жанжалы. Кариб дағдарысын реттеу (Н.Хрущев, Д.Кеннеди). 1963 жылғы ядролық сынақтарды жою туралы шарт.

1970-1980 жылдардағы халықаралық қатынастар. 70-жылдардағы шиеленісті бәсендету шаралары. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу жөніндегі 1975 жылғы Хельсинкидегі келісім. Стратегиялық және қарапайым қаруды қысқарту туралы келіссөздер. 70-80-жылдардагы халықаралық катынастардың шиеленісуі. КСРО-ның жанжалдар туғызуы (Еуропада, Латын Америкасында, Африкада, Азияда). Соғыс пен бейбітшілік мәселелерінің адамзаттың әлемдік проблемасына айналуы.

80-жылдардың соңы - 90-жылдардагы халықаралық қатынастар. Аймақтық жанжалдар проблемасын реттеу үшін күрес. Таяу Шыгыс, Африка, Латын Америкасы. БҰҰ қазіргі замандағы орны. Әртүрлі елдердегі бейбітшілікті нығайту мен адамзаттың өмір сүруі қозғалысының өсуі. 90-жылдардағы еуропалық процестің (Хельсинки) дамуы.

КСРО-ның құлауы. Жер үшін дау-таластар (Кавказ, Орта Азия, Қара теңіз жағалауы). Еуропа ынтымақтастығы. Еуропа Одағы. АҚШ пен НАТО-ның күшеюі. Югославиядағы жанжалдар. Таяу Шығыстағы жағдайлар. Оңтүстік Азиядағы оқиғалар. Қиыр Шығыстағы мәселелер. Шекара жөне жер таластарын реттеу. Ресей-жапон арал тартыстары.

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар. Әлемдік мәселелер: соғысты болдырмау, жаһандану, экология, су, азық-түлік, халық санының өсуі т.б. Қазақстанньщ әлемдік сыртқы саясаттағы орны.

XX-ХХІ ғасырдагы мәдениет, ғылым, техниканың дамуы (2 сагат)

Ғылыми-техникалық прогресс. Ғылым мен техникадағы жаңалықтар (физика, биология, химия, металл қорыту, медицина, кибернетика, электроника т.б.). Ғарышты игеру. Ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдары. Мәдениеттің жалпыламалық және ұлттық негіздері (Еуропа, Америка, Азия, Африка). Дәстүрлік және авангардизм. Ағарту ісінің дамуы. Қоғамды ақпараттандыру және адамның рухани өмірі. Әлем мәдениетінің жақындасуы. Әдебиет пен поэзия. Сурет пен сәулетшілік. Өнердегі адам мен халықтың орны.

Қорытынды (1 сагат)

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6- сынып

Білім алушылар:

  • алғашқы өркениет ошақтарын;

  • шумер – аккад қала мемлекеттерінің дамуын;

  • Хаммурапи тұсында Вавилонның дамығанын;

  • Ассирияның әскери мемлекет болғанын;

  • филистимляндардың палестиндіктердің арғы тегі екендігін;

  • Финикияның қала-мемлекеттерден құралғандығын;

  • Египетте ірі өркениет ошағы болғандығын;

  • пирамидалар мен сфинкстерді;

  • ежелгі қытайдағы билік еткен әулеттердің атын;

  • ұлы Қытай қорғанын;

  • үнді өркениетін;

  • үнділіктердегі касталық құрылысты;

  • ежелгі Грекиянің қалалар тарихымен сипатталатынын;

  • Афиныда демократиялық басқару жүйесінің болғандығын;

  • Римнің алғаш шағын қала-мемлекет болғанын;

  • Римде республикалық, одан соң империялық жүйе өктемдік

еткендігін;

  • ғұндардың батысқа жорығының ақтық кезеңінде батыс Рим

империясының құлап, Римнің талқандауға ұшырағанын;

Білім алушылар:

  • Хаммурапи заңдарынан алынған үзінділерге талдау жасай алады;

  • қала-мемлекеттер ұғымына түсінік бере алады;

  • пирамидалар мен сфинкстерге сипаттама жасай алады;

  • Ұлы Қытай қорғаны туралы әңгімелеп бере алады;

  • Үнділіктердегі касталарды ажырата алады;

  • Акрополь, Зевс мүсіні жөнінде сипаттама жасай алады;

  • демократия, республика, аристократия ұғымдарын ажырата алады;

  • театр, актер, комедия, трагедия түсініктерін ажырата алады;

  • грек және римдік шешендерді қазақ шешен-билерімен салыстыра алады;

  • биліктің империялық және республикалық түрлерін ажырата алады;

  • ғұндардың дүнижүзі тарихындағы орнына сипаттама бере алады;


7 - сынып

Білім алушылар:

  • ортағасырлар ұғымының мәнін;

  • Қытайда ортағасырларда өктемдік еткен әулеттерді;

  • Үндістандағы Ұлы моғол билігін;

  • Тадж-махал, оның ерекшеліктерін;

  • ортағасырлардағы көрнекті ирандық билеушілерді;

  • түріктердің батысқа жорығын және Түркия мемлекетінің қалыптасуын;

  • Ұлы түрік империясының құрылуын, оның құрамына кірген елдерді;

  • Моңғол империясының құрылуын;

  • Араб елдерін;

  • ислам тарихын;

  • Франктер мекендеген аймақ пен оларды билеген әулеттерді;

  • Испандықтардағы басқару жүйесін;

  • белгілі ағылшын билеушілерін;

  • Киев княздығы тарихын;

  • Ресейдегі мемлекеттік құрылымдарды біледі.


Білім алушылар:

  • Моғолстан мен ұлы Моғолдар билеушілерінің тегінің бір екендігін ажырата алады;

  • түркия мемлекетін құрушылардың көне түрік ұрпақтары екендігін түсіндіре алады;

  • моңғолдардың жаулаушылық әрекетіне сипаттама бере алады;

  • ислам дінінің мәні мен мазмұнына қысқаша сипаттама жасай алады;

  • Еуропадағы корольдік билік жүйесіне сипаттама бере алады;

  • феодалдар мен шаруалар ұғымдарының мәнін ажырата отырып, сипаттама жасай алады;

  • орыс княздықтарына салыстырмалы сипаттама бере алады;

  • ортағасырладағы елдер мен мемлекеттер аумағын контурлық қартаға түсіре алады;

  • XVIII – XIX ғасырлардағы Еуропа елдерінде капиталистік құрылыстың негізгі белгілерін;

  • Англиядағы өнеркәсіптік төңкерісінің негізгі себептерін;

  • XVIII – XIX ғасырлардағы әлеуметтік күрестердің формаларын;

  • буржуазиялық революциялардың себептерін және ерекшеліктерін;

  • XIX ғасырдағы Ресейдің сыртқы саясатының мәнін және бағыттарын;

  • Осман империясының қалыптасу мен даму ерекшеліктерін;

  • Жапониядағы буржуазиялық революцияның өзіне тән ерекшеліктері мен маңызын;

  • Париж коммунасының мақсаты мен міндеттерін және еркешеліктерін;

  • буржуазиялық мемлекеттердің формаларын;

  • отарлау саясатының мәнін;

  • отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды;

  • XVIII – XIX ғасырдағы дүние жүзілік мәдениеттің негізгі көрсеткіштерін біледі.


8-класс

Білім алушылар:

  • «жаңа тарих» түсінігін ажырата алады;

  • Жаңа тарихтың хронологиялық шеңберін сипаттайды;

  • Жаңа тарихтың дамуының басты кезеңдерін ажырата алады;

  • Жаңа тарих кезеңіндегі негізгі оқиғаларды сипаттайды;

  • Капиталистік қатынастардың дамуының ерекшеліктерін түсіндіреді;

  • Буржуазиялық төңкерістердің мәні мен сипатын ажыратады;

  • Қазақстанға жоңғарлар шапқыншылығы тарихын айтады;

  • Жаңа дәуір кезеңіндегі еуропалық және азиялық елдердің даму ерекшеліктерін ажыратады;

  • Бірінші дүниежүзілік соғысының себептері мен салдарын;

  • Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыстың мақсаты мен міндеттері;

  • Кеңес одағының құрылуының барысы;

  • Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалысының қайта жандануының себептері мен ерекшеліктерін;

  • Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі саяси өзгерістердегі жаңа мемлекеттердің құрылуын;

  • XX ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс елдерінің даму ерекшеліктерін және оның ортақ белгілерін;

  • КСРО-ның ыдырау себептерін;

  • ТМД-ның құрылуы және оған қатысатын мемлекеттерді;

  • XXI ғасырдың басындағы Дүние жүзілік ғылыми техникалық дамудың ерекшеліктерін;

  • XX ғасырдағы тарихи дамудың негізгі кезеңдерін;

  • XX ғасырдағы жетекші партиялар мен қоғамдық қозғалыстарды;

  • тарихи фактілерді сипаттау және қорытындылауды;

  • XX ғасырдағы ғылыми – техникалық прогрес дамуының негізгі кезеңдерін;

  • негізгі ұлт – азаттық қозғалыстар және олардың маңызын біледі.

Білім алушылар:

  • Қазіргі заман тарихы дамуының негізгі кезеңдерін ажырата алады;

  • Екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандары туралы түсіндіре алады;

  • Қазіргі қарқынды дамудағы елдерді ажыратады;

  • Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалысының қайта жандануының себептері мен ерекшеліктерін түсіндіре алады;

  • Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі саяси өзгерістердегі жаңа мемлекеттердің құрылуы туралы түсінігі болады;

  • XX ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс елдерінің даму ерекшеліктерін және оның ортақ белгілерін ажырата алады;

  • XX ғасырдағы тарихи дамудың негізгі кезеңдерін сипаттайды;

  • тарихи фактілерді сипаттайды және қорытындылай алады;

  • XX ғасырдағы ғылыми – техникалық прогрес дамуының негізгі кезеңдерін сипаттай алады;

  • негізгі ұлт – азаттық қозғалыстар және олардың маңызын түсіндіре алады;

9-сынып:

  • негізгі ұлт – азаттық қозғалыстар және олардың маңызын түсіндіреді

  • XX ғасыр тарихының негізгі дәуірлерін және соларды анықтайтын процестерді ажырата біледі;

  • XX ғасырдағы Ресей, Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің саяси тарихындағы ең маңызды да бетбүрысты оқиғаларды сипаттай алады;

  • соңғы жүз жылда Еуропада, Азияда және Африкада пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді атай алады;

  • XX ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуының негізгі кезендері мен тенденцияларын анықтай алады;

  • XX ғасырдагы ғылым мен техниканың негізгі жетістіктерін;

  • XX ғасырдағы негізгі қоғамдық және саяси қозғалыстардың мәнін, олардың маңызын ажырата біледі.

Білім алушылар:

  • қазіргі заман тарихындағы реформалар мен революциялардың орны мен маңызын корсету, оларды жүзеге асырған қайраткерлер туралы айтып бере алады;

  • қазіргі заман тарихындағы азаттық күрестердің нәтижелері мен маңызына баға бере алады;

  • қазіргі заман тарихындағы идеология мен саясат арасындағы байланысты назарда ұстау алады;

  • халықаралық қатынастардың жалпы тұрғысындағы жекеленген оқиғалардың мәні мен маңызын ашып көрсетуді меңгере алады;

  • екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралык жағдайға;

  • қазіргі заман дәуіріндегі жанжалдар мен соғыстардың себептері мен салдарларына сипаттама бере алады;

  • әртүрлі елдердегі саяси жүйелер мен режимдерге (демократиялық, авторитарлык, тоталитарлық);

  • XX ғасырдағы өз елдері мен адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің дамуының негізгі белгілеріне сипатама бере алады;

  • соңғы жүз жыддықта Еуропада, Азияда, Африкада пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді картадан корсете алады;

  • әртүрлі елдердің саяси жүйелері мен режимдеріне салыстырмалы сипаттама жүргізу (қарастырылып отырған режимдердің саяси тәжірибесінің фактілеріне сүйену арқылы);

  • өз елі мен дүние жүзіндегі саяси оқиғаларға шолу жасау (тарихи алғышарттарын көрсете отырып);

  • нақты ситуациялардағы жеке елдердің, блоктардың, қозғалыстардың, жетекшілердің үстаған позицияларын салыстыра алады;

  • халықтар арасында қалыптасқан ынтымақтастыққа, сондай-ақ теке тірестікке мысалдар келтіре алады.

ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Осы пәннің тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.

Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклетерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

Ішінара іздену әдісі – оқушыларды бірте-бірте белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді. Мәселен, бояулы суретке, құжатқа түрлі сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге, оқулық мәтінімен байланыстыра оқытуға үйретеді.

Информациялы – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

Әңгімелесу әдісі – бұл әдістің білімдік те, тәрбиелік те және дамытушылық та маңызы зор. Ол бүкіл сыныпты қамтиды, оқушылардың белсенділігін арттырады, олардың таным қызметін, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамытады және оқыту барысында ұжымдық сипаттада жүргізуге болады.

Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша әсіресе мәдениет тақырыптарын өту барысында кеңінен қолдануға болады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.

Репродуктивті әдіс – Оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды көздейді.Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен, ұқсас белгілеері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады.

Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.

Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология әдісі. Оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту үшін қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпараттық нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Олар ақпаратты материалдарды жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп, пайдаланады. Хрестоматиялық материалдар негізінде электронды карталарды тақырыптар бойынша пайдалануға болады. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.

Зерттеу әдісі – Шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.

Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.Тарихтан жаңа тақырыпты үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану барысында материалдық мәдениет ескерткіштері, бейнелеу өнерінің шығармаларымен жұмыс жасау арқылы да болады.

Тарихи - көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи- көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет