БАҒдарламасы (8 сынып, 34 сағат) 2017 2018 жыл Құрастырған: А. Р. Искакбекова информатика пәнінің мұғалімі Теміртау қаласы



Дата29.01.2018
өлшемі311,88 Kb.
#35985
түріБағдарламасы
Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп- гимназиясы» КММ


ҚАРАСТЫРЫЛДЫ КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Әдістемелік бірлестік директордың ҒӘЖ «№15 ҚМГ» КММ

отырысы бойынша орынбасары директоры

Хаттама № _______ __________К. Бопан _________ Б.К.Нашкенов

« ___ » _______ 2017 жыл « ___ » ________ 2017 жыл « ___ » ________ 2017 жыл

Әдістемелік бірлестік жетекшісі

____________Ж.Ш. Досмуратова

«Ақпараттық моделдеу. WEB дизайн»

қолданбалы курсының


БАҒДАРЛАМАСЫ

(8 сынып, 34 сағат)

2017 – 2018 жыл

Құрастырған: А.Р.Искакбекова

информатика пәнінің мұғалімі

Теміртау қаласы

 
Түсінік хат 

 

«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады [1]. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». 



Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.Бұл құрастырылған бағдарламаның мақсаты: ұлттық рухы қазақ тілінде орныққан тұлғаға бірнеше тілді меңгерте отырып, таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілетін дамыту, рухани құндылықтарды әлемдік деңгейге шығару болып табылады. 

Тақырыптық жоспарлауда мамандыққа баулудың  бағыттарының бірі ретінде модельдеу қағидалары қарастырылған. Модель – жасанды құрылған объект. Ол схема, сызба, логикалық-математикалық таңбалы формулалар, физикалық құрылымдар түрінде беріледі.Модель құру процесі модельдеу деп аталады. Модельдеу қағидаларына зерттелетін объектінің қасиетін, өзара байланысын және қатынастарын аналогты түрде сипатталуын жатқызуға болады.

Қазіргі кезде неғұрлым кең таралған қарапайым модельдерге: графикалық модель – объектіні сурет, кескін, схема түрінде бейнелеу; сөздік модель – объектіні сөзбен, ауызша сипаттау; математикалық модель – объектінің заңдылықтарын, әсерін, қасиетін математикалық заңдылықтар бойынша бейнелеу; информациялық модель – ауызша, сөзбен берілген мәліметті формальді тілде бейнелеу; көрнекі модель – зерттелетін объектіні схемелар, диаграммалар, графиктер түрінде сипаттау мәселелері қарастырылады.

Бағдарламаның орындалысы барысында  өзіндік сыни көзқарасы қалыптасқан,  шығармашылық қабілеті жоғары, заман талабының сұранысына сай бәсекеге қабілетті тұлға бейімделетін нәтижеге жетуге болады.



Бағдарламаның мақсаты: 

Модельдеу WEB дизайн қағидаларын өздерінің кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету, нәтижелі жұмыс жасауға баулу.



Бағдарламаның міндеттері: 

-  оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;



Күтілетін нәтижелер: 

  • Шығармашылық қабілеті жоғары, заман талабының сұранысына сай бәсекеге қабілетті тұлға бейімделеді. 

Үйрену: 

Модельдеу тәсілдерін, оларды  қолдану жолдарын үйренеді және  өз бетімен шығармашылық жұмыс жасауға дағдыланады.

 Кәсіптік бағдары:

-          компьютерлік дизайн;

-          web – дизайн;

-          жүйелік программалаушы;

-          администратор, секретарь–референт

Бағдарлама 8-9 - сынып оқушыларына бір оқу жылына 34 сағатқа есептеліп жасалған. 

Пәнаралық байланыс: математика, физика, биология, география, химия, ағылшын. 

Оқушылардың  дайындық деңгейіне  қойылатын талаптар:

Таңдау курс міндетіне оқушыларда  модельдеу қағидаларын қалыптастыру, модельдеудің типтері мен тәсілдерін білу және модельді жасау  дағдыларына баулу, күнделікті  өмірде  компьютерді  пайдалану құрал ретінде  еркін пайдалана алуға үйрету.



Бағдарламаны  оқытуды аяқтау формасы: қорытынды тест жұмысы 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:  

  • Шығармашылық жұмыс.

-  Өз бетінше іздену жұмыстары.

- Тақырыптық жоба жасау, қорғау



Жоба тақырыптары:

1.      «Менің мектебім»

2.      «Менің қалам»

3.      «Менің отбасым»

4.      «Менің елім»

5.      «Менің болашақ мамандығым»



Информатика пәні бойынша 8 сыныптарға арналған «Ақпараттық модельдеуWEB дизайн» қолданбалы курсының тақырыптық жоспары




Тақырып мазмұны

Сағат

саны

Өтілу мерзімі

Ескерту




І тоқсан










1

Кіріспе. Техника қауіпсіздік ережесі

1







2

Ақпараттық модельдеу қағидалары.Объектілерді модельдеудің негізгі принципі

1







3

Модельдеудің тәсілдері, маңыздылығы. Модельдеудің типтері

1







4

Слайд-фильм туралы ұғым, қолданылуы. Power Point –тың  жалпы сипаттамасы, терезесі

1







5

Power Point  бағдарламасында слайд-фильмдер жасау әдістері.

1







6

Слайд – филмдерді  жасау.

1







7

Шығармашылық жұмыс

1







8

Практикалық жұмыс

1










ІІ тоқсан










9

Movie Makerбағдарламасына сипаттама

1







10

Фильм жасау әдістері

1







11

Фильмдерді  өңдеу әдістері

1







12

Шығармашылық жұмыс

1







13

Жоба жұмысын орындау, қорғау

1







14

Телекомуникациялық желілер

1







15

Ауқымды желілер. Интернет ауқымды желісінің қызметтері

1







16

Шығармашылық жұмыс

1










ІІІ тоқсан










17

WWW. Іздестіру жүйелері

1







18

Интернетте жұмыс, ақпарат іздеу, алу.

1







19


MS Excel бағдарламасы. Берілгендерді енгізу және редакциялау

1







20

Берілгендерді форматтау

1







21

Формуланы енгізу және көшіру

1







22

Диаграммалардың түрі. Диаграммаларды  құру.

1







23

Диаграммаларды редакциялау. Диаграммаларды  форматтау

1







24

Мәліметтер базасының жүйесін басқару

1







25

Excel-дегі мәліметтер базасы

1







26

Шығармашылық жұмыс

1










ІҮ тоқсан










27

Негізгі түсініктер: Интернет, WWW, Web - сайт, браузерлер, URL, IP - адрес



1







28

Интернет қызметі. Іздеу жүйелерімен жұмыс.



1







29

Web - сайт құрылымы. Дизайн, басқару жүйесі

1







30

HTML тіліне кіріспе. Web - бет құрылымы

1







31

Web - құжатты пішімдеу: абзацтар, тақырыптар, қаріп параметрлері

1







32

Web - құжатты пішімдеу: қаріп параметрлері

1







33

Жаңа жолға көшу, сызықтар, арнайы символдар қою, жолды жүгірту. Сурет, фотобейнелер, иллюстрациялар қою .

1







34

Қорытындылау. Тақырыптық жоба жұмыстары

1










Барлығы

34








Қосымша 1

БАҒЫТТАУШЫ ҚЫЗМЕТШІ  СӨЗДЕР 

 

Қызметші сөз 

Орысша аудармасы 

Қазақша аудармасы 

 


begin 

end 


goto 

if 


then 

else 


for 

do 


until 

while 


to 

downto 


repeat  

in 


read 

write 


начало 

конец 


перейти к 

если 


то 

иначе 


для 

выполнить 

до 

пока 


увеличивая до... 

уменьшая... 

повторить 

в 

ввести 



вывести 

басы 

соңы 


көшу 

егер 


онда 

әйтпесе 


үшін 

орындау 


дейін 

әзір 


… дейінкөбейту 

дейіназайту 

қайталау 

ішінде 


енгізу 

қорытындылау 



 

 СИПАТТАУШЫ   ҚЫЗМЕТШІ   СӨЗДЕР: 

 

Қызметшісөз 

Орысшааудармасы 

Қазақшааудармасы 

 


case 

const 


label 

program 


var 

Вариант 

константа 

метка 

программа 



переменная 

вариант 

тұрақты,   константа 

белгі 

программа 



айнымалы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қосымша 2

Арнайы пәндік лексика мен терминология: 

 


Компьютер мен 

жүйелердің 

техникалық 

сипаттамалары 



Ақпарат көлемі 

Data amount 

Алфавиттік амал 

Alphabetic approach 

Ықтималдық амал 

Probabilistic approach 

процессор 

processor 

Процессордың қызметі 

Functions of processor 

Процессордың негізгі сипаттамасы 

Basic characteristics of a 

процессор 

processor 

Компьютерлік жүйелер 

Computer net works 

Денсаулық және 

қауіпсіздік 



Электронды құрылғылар 

Electronic equipment 

жүйедегіқауіпсіздік 

Internet safety 

Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу 

Абсолютті сілтеме 

Absolute link 

Салыстырмалы сілтеме 

Relative link 

Кіріктірілген функциялар 

built-infunctions 

Программалық қамтамасыз ету 

 


Программалық қамтамасыз етудің 

Classification of software 

жіктелуі 

 

Жүйелік программалық қамтамасыз ету 

Systematic software 

Қолданбалы программалық 

Applied software 

Қамтамасыз ету 

 

Алгоритмдеу және программалу  

Программалау жүйесі 

Systems of programming 

Кіріктірілген ортаның компоненттері 

Components of integrated 

 

environment 

Таңдау операторлары 

Selection statement 

Қайталау операторлары 

Iterative statements 

параметрлі цикл 

forloop 

соңғышартты цикл 

post-testloop 

алғышартты цикл 

pre-testloop 

алгоритм трассировкасы 

Tracking algorithm 

 

 


Қосымша 3 

 

Информатикалық диктант №1 

 

КОМПЬТЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 


  1. Alphabetic approach, processor, functions of processorbasic characteristics of processor 

  • Алфавиттікамал–ақпараттыөлшеудіңобъективтікамалы.. 

  • Процессор -(ағылш.central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім) 

  • Процессордың қызметі- программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған, барлық есептеулер мен ақпарат өндеу қызметтерін атқарады. 

  • Процессордың негізгі сипаттамасы- программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема 

Информатикалық диктант №2 

 

1)  bitbinary digit, byte, kilobyte, Megabyte, Gigabyte, Terabyte, Peta byte, information volume 

Ақпарат санының өлшем бірлігі бит деп аталады (екілік сан). Компьютерде ақпаратты өлшеу үшін сегіз бит жиынтығы алынады. 1 байт = 8 бит. Бит пен байтпен қатар ақпарат көлемін өлшеу үшін келесі бірліктер қолданылады: 

Килобайт (Кбайт, Кб) = 1024 немесе210байт; 

Мегабайт (Мбайт, Мб) = 220байт,немесе1024 Кбайт; 

Гигабайт (Гбайт, Гб) = немесе230байт,немесе1024 Мбайт; 

Терабайт (Тбайт, Тб) = 240байтнемесе1024 Гбайт. 

Петабайт (Пбайт, Пб) = 250байтнемесе1024 Тбайт. 

Хабарламаның ақпараттық көлемі дегеніміз – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпенжәне т. с. с. өлшенген ақпараттың көлемі.  

 

2) the alphabetical approach, alphabetical, the size of the letters of the alphabet 

Ақпаратты өлшеудің алфавиттік амалы мәтіндегі ақпарат санын анықтауға мүмкіндік береді. Мәтінді жазуда қолданылатын символдар жиынтығы алфавит деп аталады. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавит өлшемі деп аталады.  

i=log2n 


Мұндағы n– алфавиттің өлшемі. Мысалы, сегіз символдық алфавитте әр символдың 3 бит салмағы бар: log2 8=3 

 

3) equally likely, two equal versions of probability 



 

Тиынды аспанғалақтырғандағы нәтиже хабары 1 бит ақпарат береді, себебі нәтиженің мүмкін нұсқаларының саны 2 («орел» немесе «пешка»). Нұсқалардың екеуіде тең ықтималдықты.Бұл есептің жауабымына теңдікті шешуден шығады: 2х=2, бұданх=1.  



Қорытынды:Кез келген жағдайда бір оқиғадағы тең ықтималдықты екі нұсқаның бірі туралы хабар 1 бит ақпарат береді. 

 

4) processor, microprocessor, motherboard, Processor speed 



Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 

 

5) computer system, coprocessor, cache memory, chipset 



Компьютерлік жүйе құрылымы келесідей құрылғылармен толықтырылады:  

сопроцессор, кэш-жады, үлкенинтегралдықсхемалар. 



Сопроцессор – орталық процессормен келісіп жұмыс істейтін және оған қосымша мүмкіндіктер беретін көмекші процессор. Сопроцессор программалық түрде жүзеге асыратын аппараттық функцияларды жүзеге асырады.  

Кэш-жады – негізгі жадыдан толтырылатын процессорға жақын арада керек болады деген мәліметтерді сақтау үшін арналған тез әркетететін буферлік жады.  

Чипсет – бұл бір функционалдық жиынтығы бар үлкен интегралдық схемалар. Ал біздің жағдайымызда бұл перефериалық құрылғылар мен қамтамасыз етілген өте үлкен интегралдық схемалар.  

 

Информатикалық диктант №3 



ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК 

System blok,security, internet safety, information system 

  • Жүйелік блок-дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. 

  • қауіпсіздік-жеке адамның, қоғамның, мемлекеттік мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. 

  • Ақпараттық жүйе- объектіні басқаруға қажетті ақпаратты беру мен жаңарту, сақтау, жинақтау жүйесі 

  • Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе. 

 

Информатикалық диктант №4 

 

1) electronic devices, peripheral devices, system unit 

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін құрылғыларды олардың функционалдық қызметіне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және перифериялық, яғни шеткері құрылғылар. 

 

2) system unit, еxternal devices 

 

Жүйелік блок мыналардан тұрады: 

- микропроцессор; 

- оперативті (жедел) естесақтауқұрылғысы 

- тұрақты есте сақтау құрылғысы 

-    қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары. 

Ал, шеткеріқұрылғыларқұрамы: 

-    мәлімет енгізу құрылғылары 

-    мәлімет шығару құрылғылары 

-    мәлімет жинақтаушылар 

 

3) monitor, keyboard, mouse, modem, streamer, networkadapter 

- Текістік және графикалық информацияны бейнелейтін монитор немесе дисплей 

Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған пернелік тақта 

-    қолмен басқарылатын тышқан графиктік тетігі- графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы 

-    Модем- телефон желісі арқылы басқа копьютерлермен мәлімет алмасуға қажет құрылғы 

-    Стример- мәліметтерді магниттіктаспада сақтауға арналған құрылғы 

-    Желілік адаптер компьютерді жергілікті желіде (торапта) қолдануға мүмкіндік береді 

 

4) Plotter, scanner, Printer 



- графиксызғыш немесе плоттер - сызуларды (графиктерді) қағазға басатын құрылғы 

- сканер - графиктік немесе текістік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы 

- қағазға текістік және графиктік мәліметтерді басып алуға арналған принтер 

 

5) information security,  data protection 

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. 

Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.  

Разрыв страницы 

Информатикалық тест №5 

АҚПАРАТТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕРДЕ ӨҢДЕУ 

.relative linkabsolute linkmixed link 


  • Абсолтті сілтеме – Формуласы бар ұяшықтардың орнын ауыстыру кезінде аргументтер ұяшығының координаталары өзгермейді. 

  • Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді. 

  • аралас сілтеме – мұнда «$» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 -  бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 – қатарды тұрақты қалдырып,бағананы өзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады. 

 

Информатикалық диктант №6 

 

1) absolute link 



абсолютті сілтеме – формуланы көшiру барысында белгiлi бiр ұяшыққа немесе аймаққа сiлтеме жасау қажет болса абсолюттi сілтеменi қолданамыз. Абсолюттi сiлтеме «$» белгiсiнiң көмегiмен жазылады. Мысалы, $C$15 түрiнде сiлтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тек C15 ұяшығындағы мән пайдаланылады; 

 

2) relative link 



салыстырмалы сілтеме – Excel кестесi ұяшықтың адресiн ағымдағы ұяшық адресiне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына =D1+D2формуласын енгiзейік. Осы формуланы С4 ұяшығына көшiрсек, мұнда =С1+С2 формуласы автоматты түрде енгiзiледi; 

 

3) mixed link 

 аралас сілтеме – мұнда «$» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 -  бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 – қатарды тұрақты қалдырып,бағананы өзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады. 

 

4) MS Excel formulas 



MS Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез-келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән: 

- ең бірінші сивол ретінде міндетті түрде «=» белгісін жазу керек; 

- формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшықта шығады; 

- формулалар    жолында    белсенді   ұяшыққа   жазылған    формула көрсетіледі; 

-формулада   жасалған   сілтемелердегі   мәндер   өзгерген   жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді. 

 

5) master functions, 10 Recently, Full Rules List, Financial, Date and time, mathematical, Statistical, broadcast and arrays, Manage Data and then Test 

Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx  батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шеберінпайдаланыпфункциялардыіздеудіжылдамдатумақсатындаолардыкелесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категорияларыбойыншатоптастырған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қолданған әдебиеттер: 

 


  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 

  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 

  1. Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңы 

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары. 

  1. «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 1066 бірлескен бұйрығымен бекітілген 

  1. Типовая учебная программа по предмету «Информатика» для 5-9 классов уровня основного среднего образования. http://nao.kz/ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет