Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет41/48
Дата22.04.2020
өлшемі371,65 Kb.
#64147
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
сыни ойлау

6. Тыңдап отырған үштік

Мақсаты:

Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы ролі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.



Ұйымдастыру:

Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.



Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсінтеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.Келесі жолы рөлдер ауысады. (ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



7. Өкіл

Мақсаты:

Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу.



Ұйымдастыру:

Топтарды сынып бойынша үш-төрттен орналастыру.



Жаттығудың сипаттамасы:

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды . (ақпарат көзі http://www.at-bristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



8. Мозаика

Мақсаты:

Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.



Ұйымдастыру:

Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.



Жаттығудың сипаттамасы:

«Мозаиканың» басымдылығы - оның топты жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.

• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .

•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.

•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.

•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады. (ақпарат көзі http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет