ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
6M020100 – «Философия» МАМАНДЫҒЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Формальды логика» пәні
1 тақырып. Логиканың даму тарихы
Антика дәуіріндегі логикалық ілімдер. Аристотельдің логикасы. Пайымдаулар туралы ілім. Силлогизм теориясы. Стоиктер, эпикурейліктер мен скептиктердің логикасы. Ортағасырлардағы логика. Қайта Өрлеу мен Жаңа дәуірдегі логика. И. Канттың трансценденталды логика мен Гегельдің диалектикалық логикасы.
2 тақырып. Предмет логики, ее значение и место среди других наук
Логиканың пәні мен мәні. Терминдер мен ұғымдар. Танымдағы ойлаудың рөлі. Ойлаудың заңы мен формасы туралы ұғым. Формалды логика; диалектикалық логика; Табиғи тіл; жасанды тіл; пікір айту логикасының тілі.
3 тақырып. Логиканың негізгі заңдары
Тепе-теңдік заңы. Қарама-қайшылық заңы. Үшіншісі жоқ заңы. Жеткілікті негіз заңы.
4 тақырып. Ұғым ойлаудың формасы ретінде
Ұғымның мазмұны мен көлемі. Ұғымның түрлері. Ұғымды бөлу: дихотомиялық бөлу; белгі түрінің өзгерісі бойынша бөлу. Жіктеу. Жинақтау. Ұғымды шектеу. Ұғымды анықтау.
5 тақырып. Қарапайым пайымдау және оның құрылымы.
Пайымдау − ойлау формасы ретінде. Қарапайым пайымдау. Күрделі пайымдау. Атрибутивті пайымдау, экзистенционалды пайымдау, қатынастық пайымдау, Пайымдау субъектісі мен предикаты. Кесімді пайымдау. Күрделі пайымдаулардың түрлері.
6 тақырып. Дедуктивті ой тұжырымы, силлогизм және оның құрылымы
Ой тұжырымы ойлаудың формасы ретінде. Жанама ой тұжырымы. Қарапайым кесімді силлогизм.
7 тақырып. Индуктивті ой тұжырымы
Индукция ұғымы. Толық индукция. Толық емес индукция. Ғылыми индукция. Статистикалық топтастыру. Себеп-салдарлы байланысты анықтаудың негізіндегі индукция.
8 тақырып. Аргументация теориясының логикалық негіздері
Аргументация және дәлелдеу. Аргументацияның құрамы: субъектілері, құрылымы. Аргументацияның тәсілдері: негіздеу және сын. Аргументациядағы ережелер мен қателіктер: тезис, антитезис, аргументтер, демонстрация, дәлелдеу, дәлелдеудің түрлері.
9 тақырып. Аналогия және гипотеза
Аналогия бойынша ой тұжырымы. Гипотеза ұғымы. Гипотезаның түрлері. Гипотезаны теріске шығару. Гипотезаларды тексеру және оларды мақұлдаудың тәсілдері.
«Қазақ философиясының тарихы»пәні
1 тақырып. Түркі өркениеті және оның ерекшеліктері.
Әлемдік өркениеттегі түркі мәдениетінің маңызы. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың материалдық мәдениеті. «Орхон-Енисей» ескерткіштері және олардың түркі халықтарының жазба мәдениетінің қалыптасуындағы орны. «Қорқыт ата кітабы» − түркі мәдениетінің көрнекті ескерткіші.
2 тақырып. Қазақ философиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.
Қазақ философиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Қазақ философиясының тарихын кезеңдерге бөлу. Арғықазақтардың дүниетанымдық бағдарлары мен алғашқы категориялары және олардың арақатынасы.
3 тақырып. Тәңіршілдік метафизикасы мен философиясы.
Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдері. Тәңіршілдік сенімі. Тәңіршілдік және зороастризм жән. Тәңіршілдік және оның қазақ дүниетанымындағы орны.
4 тақырып. Көшпелі түркі мемлекеттерінің философиясы.
Түркі халықтарының этногенезінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері. Түркі халықтарының мәдениетінің дамуының мемлекеттік кезеңі. Түркі халықтарының көршілес елдермен мәдени өзара қарым-қатынасы. Түркі халықтарының діні мен наным-сенімдері. Көшпелілердің космологиялық түсініктері. Түркі халықтарының тілі, жазу мәдениеті, халық медицинасы. тюркских народов. Түркі халықтарының музыкалық мәдениеті.
5 тақырып. Қазақстан территориясындағы Мұсылман Ренессансы Қазақстанға ислам дінінің таралуы және оның қазақ халқының рухани болмысын қалыптастырудағы ықпалы. Мұсылман Ренессансы және Түркі өркениеті.
6 тақырып. әл-Фараби философиясы.
Әл-Фарабидің шығармашылық өмірбаяны. Әл-Фараби философиясы. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары. Ғылымдарды жіктеу.
7 тақырып. Ж. Баласағұнның философиясы және Махмұд Қашқаридің әлеуметтік-философиялық көзқарастары
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі негізгі ойлар. Махмұд Қашқари және оның «Диуани-лұғат-ат-түрк» / «Түркі тілдерінің сөздігі» шығармасы.
8 тақырып. Ясауи философиясы
Сопылық – исламдағы діни-философиялық ағым ретінде. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хиһмет». Қазақстан территориясындағы сопылықтың дамуы.
9 тақырып. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының философиялық идеялары.
Қазақ фольклорының дүниетанымдық мазмұны. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының философиясы. Шалкиіз. Актамберді жырау. Доспамбет. Бұқар-жырау.
10 тақырып. Қазақ Ағартушылығы
Қазақ ағартушылығының қалыптасуы. Қазақ ағартушылығының негізгі ерекшеліктері және оның тарихи негіздері.
11 тақырып. Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарастары.
Ш. Уәлихановтың философиялық және ғылыми-жаратылыстанулық көзқарастары. Ш. Уәлихановтың әлеуметтанулық концепциясы, этикалық және эстетикалық көзқарастары.
12 тақырып. Ы. Алтынсариннің философиялық көзқарастары.
И. Алтынсариннің философиялық көзқарастары, дінге қатысты ойлары. Ы. Алтынсариннің педагогикасы.
13 тақырып. Абай мен Шәкәрім философиясы.
Абай философиясының өзіндік болмысы. Адамшылық-этикалық концепциясы. Діни философиясы қазақ халқы туралы ойлары. Шәкәрім. «Үш анық».
14 тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және қазақ халқының ұлттық ояну философиясы. Міржақып Дулатұлы және оның қазақ халықының тарихы философиясы. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың философиялық дүниетанымының негізгі белгілері. Қазіргі кездегі қазақ философиясының өзекті мәселелері мен даму үрдістері.
15 тақырып. Қазақстандағы марксистік философия
Қазақстандағы маркстік-лениндік философияның ерекшеліктері. Қазақстанда марксизмнің таралуы. Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы. Диалектикалық логиканың Алматылық мектебі. Қазақстандағы марксистік философияның жетістіктері мен қарама-қайшылықтары.
16 тақырып. Қазақстан Республикасы философиясының ерекшеліктері
Қазақстандағы постмарксистік философия. Қазақ философиясының тарихын зерттеудің тарихи-философиялық принциптерін негіздеу. Арғытүркілер мен түркілердің философиялық мұрасын зерттеу. Дәстүрлі қазақ философиясын зерделеу. Қазақ халқының рухани мәдениеті мен эстетикасын зерттеу.
«Философияны оқыту әдістемесі» пәні
1 тақырып. Философияны оқыту әдістемесі.
Философияны оқытудың мәні. «Философияны оқыту әдістемесі» ұғымы: объектісі, пәні, құрылымы, қызметтері, мақсат, міндеттері және принциптері. Педагогика – әдістеме − дидактика: ұғымдары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Оқыту пропедевтика, ағартушылық, білім беру және дүниетанымдық мәдениетті және философиялық талғамды қалыптастыру құралы ретінде. Зерттеу университетіне өту жағдайындағы «философияны оқыту әдістемесінің» ерекшеліктері.
2 тақырып. Қазіргі заманғы білім беру мәселелік оқыту ретінде.
Қазіргі заманғы білім беру философиясы. Дәстүрлі білім берудің дағдарысы. Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің трансформация. Білім беру мәселелері жөніндегі әлемдік ғылыми пікірталасқа қосылу. Философиялық білім берудің ұғымы, мазмұны, мақсаттары мен мәні. Философияны оқыту үдерісінде философиялық принциптерді өзектендіру. Философия мен философиялық пәндерді оқыту үдерісінде ойлаудың философиялық мәдениетін қалыптастыру.
3 тақырып. Орта білім беру жүйесіндегі дәріс.
Дәрістер: мақсаттары міндеттері, қызметтері. Дәрістерді өткізу түрлері. Лекцияның әдістемелік құрылуы; жалпы міндетті элементтер мен шығармашылық бастаудың бірлігі. Дәрісті класикалық әдістемелік құру: жоспар, уақыт есебі, кіріспе, мақсаттар, міндеттер, негізгі ұрандар, қорытынды. Философияның жалпы курсы, философия тарихы, мәдениет философиясы, ғылым философиясы, дін философиясынан дәріс оқудың ерекшеліктері: мақсат-міндеттері мен қызметтері.
4 тақырып. Орта білім беру жүйесіндегі семинар
Seminarium: семинар жүргізудегі дәстүрлі және инновациялық негіздер. Семинарлар: мақсат-міндеттері мен қызметтері. Семинарларды әдістемелік құру: жалпыға міндетті элементтер мен шығармашылық бастаулар. Семинарды әдістемелік құру. Семиналарлардың негізгі пункттері мен кезеңдері, белгілі бір формада жүргізідетін семинарларға «технологиялық» және әдістемелік тұрғыда дайындалудың ерекшеліктері. Әртүрлі әдістемелердің мүмкіндіктері мен кемшіліктері.
5 тақырып. Өзіндік жұмыс және білім алушылардың білімін бақылау формалары
Қазіргі заманғы білім берудегі өзіндік жұмыстың орны мен рөлі. Білім беру және білімді өз бетінше жетілдіру. СӨЖ ұғымы, мақсат-міндеттері, түрлері мен өткізу мерзімдері және оғани арналған бағдарламалар мен тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері. СӨЖ-дің түрлері. Оқушылардың, гимназистер, лицеистердің, колледж студенттерінің өзіндік жұмыстары: ерекшеліктері, формалары, жоспарлау, ұйымдастыру мен өткізу мәселелері.
6 тақырып. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы сабақтан тыс жұмыс
Фаультативті және қосымша сабақтар түсінігі, мақсат-міндеттері мен қызметтері. Сабақтан тыс білім жүйесіндегі үйірмелер мен клубтардың орны. Философиялық пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстардың тиімді түрлерінің әдістемесі. Киноклуб, оқырмандар клубтары мен конференциялары, көрмелерді бару, т.б. және олардың білім алудағы, ағартушылық, тәрбиелік, эвристикалық қуаты және қоғамтанушы педагогтың, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының ерекшеліктері. Философияны оқытудағы дәстүрлер мен жаңашылдықтар.
«Қазіргі заманғы философия» пәні
1 тақырып. Сыни рационализм.
«Сыни рационализм» философиясының қалыптасуы. «Сыни рационализм» және неопозитивизм. К. Поппердің «Ғылыми жаңалықты ашу логикасы» және «Тарихшылдықтың қайыршылығы» атты еңбектерінің жалпы сипаттамасы. Философия мен ғылымды демаркациялаудың мәселелері. Класикалық эмпиризмді сынау: Ф. Бэконнан Юмға және неопозитивизмге дейін. Батыстық ғылым философиясының динамикасындағы К. Поппердің философиялық зерттеулерінің орны мен рөлі.
2 тақырып. Философия Т. Кунның философиясы және И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасының әдіснамасы.
Т. Кунның философиялық позициясы. Т. Кунның «Ғылыми революциялардың құрылымы» еңбегінің сипаттамасы. Т. Кунның негізгі әдіснамалық тұғырнамалары. Нормативті ғылым және ғылыми революциялар ұғымдары. И. Лакатостың «Ғылым философиясы»: әдіс ұғымы.«Ғылым-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасын жасау.
3 тақырып. П.Фейерабендтің әдіснамалық анархизмі
П. Фейерабендтің философиялық идеяларының қалыптасуы. Сыни рационализм философиясын сынау. П. Фейерабендтің «Әдіснамалық мәжбүрлеуге қарсы» атты еңбегін талдау. Плюрализм принципі. Әдіснамалық анархизм ұғымы.
4 тақырып. Структурализм философиясы.
Структурализм философиялық бағыт ретінде. Құрылымның ұғымы мен қызметтері. Структурализмнің мектептері. Структурализмнің негізгі түсініктері. К. Леви-Стростың көзқарастарының қалыптасуы. К. Леви-Стростың құрылымдық антропологиясы. Құрылымдық антропологияның негізгі әдіснамалық принциптері.
5 тақырып. Постмодернизм философиясы
Постмодернизмнің эволюциясы. Модерн және постмодерн. Модерннің бағдарламалық жобасы. Модерннің идеалдары мен құндылықтары. Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. Постмодернистік адамның дүниетанымы. Постмодерндік қоғам. Основные Постмодерннің негізгі белгілері.
6 тақырып. Ж. Дерриданың деконструктивизм концепциясы.
Деконструкция термині. Өз заманының философиясын сынау. Логоцентризм. Фоноцентризм. Негізгі «шешілмейтін» ұғымдар мен терминдер.
7 тақырып. Ж.Лиотар және постмодерн феномені.
Постмодерн модерндегі терең өзгеріс ретінде. Работа Лиотардың «Постмодернизмнің жағдайы» атты еңбегі. Модерннің күйреуі. Білім және билік. Лиотардың «Дау» атты еңбегі. Әділеттіліктің «мәселелерін» талдау. Лиотардың к эстетика мен өнерге деген қатынасы.
8 тақырып. М. Фуконың философиялық идеялары.
М. Фуконың «археологиялық» зерттеулері. Генеалогия ұғымы. Генеалогияның негізгі қызметтері. «Класикалық дәуірдегі ессіздіктің тарихы» атты еңбегіне шолу. Білімді қалыптастырудың ерекшеліктері. Билік-білім контаминациясы мәселесі. Дискурсивті практикалар. Фуко идеяларының 20 ғасыр философиясына тигізген ықпалы.
9 тақырып. Философия және класикалық психоанализ
З. Фрейдтің философиялық көзқарастары. З. Фрейд философияның ерекшеліктері туралы. «Тотем және табу» еңбегіндегі бейсаналылықты таалдауы. З. Фрейдтің бейсаналылық концепциясы контекстіндегі дін мен мораль феномені. З. Фрейдтің «Мен және Ол» еңбегіндегі психиканың топографиялық моделі. Класикалық психоанализ философиясының ғасырдағы батыс мәдениетіндегі орны мен рөлі. Класикалық психоанализдің қазіргі заманғы батыс философиясына тигізген ықпалы. Э. Фромм класикалық психоанализдің реформаторы ретінде.
10 тақырып. Франкфурт мектебінің философиясы.
Франкфурт мектебінің әлеуметтік-философиялық зерттеулерінің динамикасының негізгі кезеңдері. М. Хоркхаймердің философиялық шығармашылығы. Т. Адорноның философиялық идеялары. «Ағартушылық диалектикасы» Франкфурт мектебінің философиялық зерттеулерінің бағдарламасы ретінде.
11 тақырып. Г. Маркузенің философиялық көзқарастары
Г. Маркузенің шығармашылық жолы. Г. Маркузенің «Бірөлшемді адам» еңбегі. Еңбектің негізгі идеялары мен түсініктері. Унификация мен стандартизацияны қалыптастырудың негізгі әлеуметтік-мәдени тетіктері. Бұқаралық мәдениет бірөлшемділікті қалыптастырудың негізі ретінде. Мәдениеттегі жаттану мен заттанудың тамырлары.
12 тақырып. Герменевтика
Герменевтиканың философиялық идеяларының қалыптасуындағы әлеуметтік-мәдени алғышарттар. Герменевтиканың дамуының негізгі кезеңдері. Фр. Шлейермахердің тұжырымдарының герменевтикалық мәселелердің дамуындағы рөлі мен мәні. В. Дильтейдің герменевтиканың қалыптасуына қосқан теориялық үлесі. Қазіргі заманғы философиялық герменевтика. Х.-Г. Гадамер қазіргі заманғы философиялық герменевтиканың жетекші теоретигі ретінде.
13 тақырып. 20 ғасырдағы «Ғылым философиясының» қалыптасуы мен динамикасы. «Ғылым философиясының» қалыптасуы.
20 ғасырдағы батыс мәдениетінің тарихи-философиялық дамуындағы «ғылым философиясының» пайда болуы. «Ғылым философиясының» қалыптасуының негізгі кезеңдері. Эмпириокритицизм философиясының негізгі түсініктері. «Логикалық позитивизм» философиясы. Тілді логикалық талдау мәселесі
14 тақырып. Э. Гуссерльдің феноменологиясы
Класикалық феноменологияға қатынасы. Қазіргі заманғы феноменологияның қалыптасуы. Қазіргі заманғы феноменологияның негізгі қайнар көздері. Э. Гуссерль қазіргі заманғы феноменологияның негізін салушы ретінде. «Картезиандық ойлар» атты еңбегін талдау. Еңбектің негізгі мәселелері. «Таза сана» ұғымы. «Картезиандық ойлар» еңбегіндегі «сананың» интенционалдығы ұғымы. Э. Гуссерль феноменологиясының батыс әлемінің философиясындағы орны мен рөлі.
15 тақырып. 20 ғасырдағы философиялық-діни концепциялар.
20 ғасырдағы батыс мәдениетіндегі философиялық-діни ізденістердің өзектілігінің артуы. Сенім мен ақыл мәселесін философиялық тұрғыда зерделеу. 20 ғасырдағы діни-философиялық ізденістердің ықпалды рөлі. 20 ғасырдағы діни философияның негізгі бағыттары. Неотомизмнің қалыптасуы. Тейяр де Шарденнің христиандық эволюционизмі. Тейяр де Шарденнің феноменологиясы. Космогенез теориясы. Ғылым және дін.
16 тақырып. М. Хайдеггердің экзистенциальды философиясы
«Экзистенциализм» термині. Экзистенциализм философиясының қалыптасуының мәдени негіздері. Экзистенциализм философиясының басты алғы теориялық негіздері. Экзистенциализм философиясының негізгі бағыттары. Экзистенциализмнің негізгі мәселелері. М. Хайдеггер неміс экзистенциализмінің негізін қалаушы ретінде. М. Хайдеггердің феноменологиялық әдісінің мәні. «Өлім» экзистенциалды феномен ретінде. Хайдеггердің онтологиялық герменевтикасы.
17 тақырып. К. Ясперстің трансцендентті экзистенциализмі
К. Ясперс және философия. Философияның пайда болу негіздері мәселесі: таң қалу, күмәндану, дүр сілкіну. Философиялық сенім ұғымы. Философиялық сенім концепциясы. «Рухани ахуал» ұғымы және оның сипаттамасы. «Шекаралық жағдай» ұғымы. «Шекаралық жағдайдың» негізгі құрамдас бөліктері. «Шынайы және жалған коммуникациялар».
18 тақырып. Ж.-П. Сартрдің экзистенциалистік идеялары.
Француз экзистенциализмі және оның ерекшеліктері. Ж.-П.Сартрдің «Болмыс және Ештеңке» атты еңбегінің сипаттамасы. Еркіндік мәселесі. Еркіндік адам болмысының мәні ретінде. Адам өмірінің шынайылығы мен жалғандығы мәселесі. Таңдау және жауапкершілік мәселесі.
19 тақырып. А. Камю Абсурд философиясы.
А. Камю және оның шығармашылығы. А. Камюдің негізгі еңбектері. Жалғыздық және өмірдің мәнсіздігі мәселесі. Абсурдтылық философиясының негізгі идеялары «Бүлікшіл адам» атты еңбегін талдау. А. Камюдің философиялық идеяларының батыстың интеллектуалдық қауымына тигізген ықпалы.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. − М., 1997 ( 2000).
Абишев К.А. Философия. − Алматы, 2000.
Ильин В.В. Философия. В 2 кн. − М., 1999.
Кириллов В.И., Старченко А.А. Логика. − М., 2002.
Мынбаева А.К. История, теория и технологии научной деятельности высшей школы. − А., 2010. − 257 с.
Реале Д., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней: в 4 тт. - М., 2000.
Сегизбаев О.А. Казахская философия XV - начала XX века. − Алматы, 2008.
Cпиркин А.Г. Философия: Учебник. – М., 2006.
Философия (под ред. Т.Х. Габитова). − А., 2003.
Қосымша әдебиеттер:
Антология мировой философии. В 4-х т. − М.: Мысль, 1969-1972.
Алтаев Ж.А. Исламская философия: новый взгляд. – Алматы, 20107
Абай. Книга слов. − Алматы, 1992.
Аль-Фараби. Философские трактаты. − Алма-Ата,1970.
Асанов Н.А. Планирование, организация и контроль учебного процесса в вузе: подходы, решения, опыт. − А., 2003. − 400 с.
Арсеньев А.С. Философские основания понимания личности. − М., 20017
Гуревич П.С. Философская антропология. М. 1997.
Гершунский Б.С. Философия образования для ХХI века. М, 1998.
Кириллов В.И., Старченко А.А. Логика. М., 2002
Касымжанов А.Х. Аль-Фараби. – Алматы, 2000 (М., 1985).
Касымжанов А.Х. Портреты: Штрихи к истории Степи Вып.1 Алматы:Ун-т «Кайнар», 1995
Методические рекомендации к базовому курсу «Философия» / И.В. Ватин, В.Е. Давидович и др. − Ростов-на-Дону, 1995.
Проблемное обучение и преподавание философии. − Минск, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |