«Педагогикалық үдеріс» түсінігі. Тұтас педагогикалық үдеріс.Оқу және тәрбие үдерісінің бірлігі мәселесі және «тұтас педагогикалық үдеріс» түсінігіне қайтіп оралу. Педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің функциялары: білім беру, дамыту, тұлғаны әлеуметтендіру. Оқытудың және тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формасы мен әдістерінің өзара байланысы және өзіндік ерекшелігі. Педагогикалық үдерістің ұстанымдары (заңдар) және заңдылықтар түсінігі. Педагогикалық ұстанымдар сипаттамасы: мақсаттыбағдар; тәрбие мен оқытудың өмірмен байланысы; қолжетімділік; оқушылардың жас және жекедара ерекшеліктерін ескеру; жүйелілік және бірізділік; саналылық, белсенділік, оқушылардың шығармашылығы; көрнекілік; баланың жеке басына саналы талапетушілікпен сәйкес оған деген құрмет; беріктік, дамудың және тәрбиенің, білім нәтижелерінің ұтымдылығы және ұғынықтылығы. Тұтас педагогикалық үдеріс ұстанымдарының бірлігі және өзара байланысы.