БАҒдарламасы ақтау, 2010 жыл мазмұНЫ


Техникалық және кәсіптік білім беру



бет4/7
Дата28.01.2018
өлшемі3,45 Mb.
#34343
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Техникалық және кәсіптік білім беру. 2013-2014 оқу жылының басында Маңғыстау облысында 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Ауылдық аудандарда, Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудандарында 4 колледж жұмыс істейді.Жетібай кәсіптік колледжі 2013 жылғы 28 қыркүйекте құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылған Құрық ауылындағы жаңа ғимаратқа көшті.

Мамандар даярлау – құрылыс, мұнай мен газ өндіру және қайта өңдеу, энергия және химия өнеркәсібі, медицина, білім беру, өнер, ақпараттық технологиялар, сервис, көлік түрлері (әуе көлігінен басқа), экономика мен қаржы және тағы да басқа бағыттар да115 мамандық мен біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Оқушылар контингенті – 25868 адам, оның ішінде мемлекеттік колледждерде – 15521 адамды (60%), жекеменшік колледждерде – 10347 адамды (40%) құрайды.

9 сыныптың негізінде 16511 адам (жалпы контингенттің 63,8%-ы), оның ішінде мемлекеттік колледждерде – 10473 адам (63%), жекеменшік колледждерде – 6038 адам (35,3%) оқиды.

2013-2014 оқу жылына қабылдау 7888 адамды, оның ішінде сырттай оқу бойынша – 1959 адамды (2012 жылы – 8341 адам), мемлекеттік колледждерге – 3805 адамды (2012 жылы – 4684 адам); мемлекеттік емес колледждерге – 2124 адамды (2012 жылы – 3657 адам) құрады.

Оқуға қабылдаудың төмендеуі, Ш. Есенов атында Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті колледжінің, Маңғыстау политехникалық колледжінің Форт-Шевченко қаласындағы филиалының, М. Тынышпаев атындағы Қазақс көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің Мұнайлы ауданындағы филиалының жабылуына байланысты болды.

Мамандар шығару 2013 жылы 4919 адамды (78,2%) (2012 жылы – 82,6%) құрап, оның ішінде 2775 адам (56,4%) жұмыс орналасты, 680 адам (13,8%) ЖОО-нда жоқуын жалғастырды, 145 адам әскерге шақыртылды (3%), 245 адам декреттік демалыста (5%), 1074 адам (21,8%) жұмысқа тұрған жоқ.



Күшті жақтары

колледждер жүйесін ұлғайту және колледж мұғалімдері және оқушылары санының артуы.

оқу үдересіне оқытудың екіжақты жүйесінің элементтерін енгізу.

Әлсіз жақтары:

мемлекеттік тапсырыс беру негізіндегі оқушылардың үлесінің қысқаруы кезінде колледждердегі ақылы түрдегі білім берудің артуы және басым болуы.



Қауіптері:

техникалық және кәсіби және жоғары білім беру салаларындағы ақылы білім беру объективті емес бағалануына және жоғары білім алуға сай емес түлектерді іріктеуге әкеп соқтыруы мүмкін және болашақ мамандарды дайындау нәтижесінде көрініс береді;

колледждердегі өндірістік білім беру шеберлерінің төлем ақысының төмен болуы олардың кәсіби білім беру жүйесінен кетуіне себеп болады және оқушылардың қай мамандықтан болса да тәжірибелік дағдысында білім беру үрдісінің сапасының төмендеуінде көрініс береді және еңбек нарығындағы колледж бітірушілерінің қажеттілігінде қиыншылықтар туғызады;

Мүмкіндіктері

облыста, әсіресе ауылды аймақтардағы жаңа техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының және жатақханалардың құрылысы арқылы қол жетерлігін ұлғайту;

колледждер жүйесін ұлғайтуда мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;

білім беру жүйесінің және кәсіпорын, ұйымдар арасында тығыз байланыс орнату үшін, сонымен қатар дайын мамандарды жұмыспен қамту мәселесін жоятын бірлескен білім беру ұстанымын енгізу;

кәсіби білім беру жүйесіне білікті мамандарды келуге ынталандыру шараларының жүйесін жасап шығару, әсіресе ауылды аймақтарда.
2.2.2.3. Денсаулық сақтау.

Облыстың денсаулық сақтау желісі құрамында дербес 40 мемлекеттік медициналық ұйымы, оның ішінде 8 облыстық аурухана (оның ішінде 5 диспансер), 8 мамандандырылған аурухана, 6 дербес емхана, 5 облыстық орталық, 5 орталық аудандық аурухана, 2 аудандық аурухана, 4 ауылдық емхана, 26 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт және өзге де 14 медициналық ұйым бар 93 объектіден тұрады. Меншік нысаны бойынша 5 мемлекеттік мекеме, 24 мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық жүргізу құқығындағы 13 кәсіпорын бар.

Облыста медициналық-демографиялық және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Туу көрсеткіші республикадағы ең жоғары болып табылады және 1000 адамға шаққанда 30,54-ті құрайды (ҚР – 22,58). Өлім-жітім республикалық көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 8,4 болғанда 5,03-ке дейін төмендеді. Ағымдағы жылдың 9 айында осы көрсеткіш 4,9-ды құрады. Бұдан басқа, халықтың табиғи өсім көрсеткіші деңгейінің мейлінше жоғары деңгейі байқалады – 1000 адамға шаққанда – 25,51 (ҚР – 14,17).

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2 есеге артты, яғни осы көрсеткіші 2010 жылы 69,59 жасты құраса, 2012 жылы 71,56 жасты құрады.

Ана өлімі 3 есеге төмендеді, яғни осы көрсеткіш 2011 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 24,7 болса, 2012 жылы 8,9, ала 2013 жылдың қорытындысында 11,2 құрады. Облыс ана өлімінің көрсеткіші бойынша республикада 9 орын алады.

Туберкулезбен күрес саласында жүйелі шаралар қабылдануда.

Біріншіден: Туберкулездің нысанынан қарай стационарлардағы науқастардың орны бөлінді, көптеген дәріге көнбейтін науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны артты, сондай-ақ аурудың суперрезистентті нысанына шалдыққан науқастар үшін бөлімшелер құрылды. Бұдан басқа, торакалдық хирургия бөлімшесі ашылды.

Екіншіден: Санитарлық эпидемия қызметкерлері инфекция ошақтарын таратпау мақсатында, адамдардың, бірінші кезекте балалардың екінші қайтара ауруына жол бермеу жұмысын жақсартты.

Үшіншіден: Фтизитар қызметтің жұмысына аудит жүргізу жолға қойылды.

Төртіншіден: Туберкеулездің ерте анықтауда және емдеуді ұстап тұру сатысында емдеу жүргізудегі бастапқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі өсті.

Бесіншіден: Ауруларды еріксіз емдеу және мультирезистік түрмен емдеу жолға қойылды.

Жүргізілген туберкулезге қарсы ісшаралардың нәтижесінде облыста соңғы 3 жыл ішінде туберкулезбен ауыру деңгейін 17,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді (2010 жылы – 100 мың халыққа шаққанда – 98,1; 2011 жылы – 54,9; 2012 жылы - мақсатты индикатор 99,9 болғанда 81,4 (ҚР-86,8). Көрсеткіш 2013 жылы 77,1-ді құрады.

Соңғы 3 жылдың динамикасында туберкулезден өлу көрсеткіші 44%-ға төмендеді.

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуы мақсатты индикатор 0,05-тің орнына 0,006% шегінде сақталуда.

Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде қалып, аса қауіпті инфекциялардың вакцинамен басқарылатын және әкелінген жағдайлары анықталған жоқ. Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Бұдан басқа, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оң динамика байқалады. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан (бұдан әрі – ҚАЖА) өлудің 36%-ға, яғни 100 мың адамға шаққанда 102,1-ден 90,8-ге дейін төмендеуі байқалады.

Қатерлі ісіктен өлу 2013 жылы өткен жылдың осындай кезеңіндегі 100 халыққа шаққанда 62,9-дың орнына 61,5 құрады. 5 жыл және одан көп өмір сүрген қатерлі ісігі (бұдан әрі – ҚІ) бар науқастардың үлесі салмағы 2012 жылдың осындай кезеңіндегі 48,8-дің орнына 61,5 құрады. Есепті кезеңде алғаш рет анықталған ерте І-ІІ сатыдағы онкологиялық науқастардың саны 50 адамға өсті.

Осылайша, науқастарды ерте бастан анықтауды жақсарту 5 жыл және одан көп өмір сүретін онкологиялық науқастардың үлес салмағын арттырудың бір себебі болып табылады. Бұдан басқа, осы көрсеткіштің жақсаруын амбулаторлық және стационарлық деңгейлерде тиімділігі жоғары дәрі-дәрмек құралдарының қол жетімділігімен түсіндіруге болады.

Жол-көлік оқиғаларынан өлуді төмендету мақсатында, Бейнеу аудандық орталық арууханасы мен Жетібай аудандық ауруханасының негізінде 10 төсек-орындық ауданаралық травматологиялық бөлімшелер құрылды. Астана қаласындағы ғылыми рейрохирургиялық орталықта 7 маман, оның ішінде 3 дәрігер, 3 медбиек және 1 фельдшер оқытылды.

Денсаулық сақтау басқармасы «Жүрек» орталығын құру арқылы, облыстық аурухананың кардиологиялық қызметін қайта құрылымдауды жүргізді. Оның құрылымында кардиология, жіті коронарлық патология, ревматология, кардиохирургия және кардиореанимация бөлімшелері ашылды. Бұдан басқа, облыстық аурухананың неврологиялық бөлімшесінің негізінде жіті терапия, раенимация блогы, мультитәртіптік бригадасы бар ерте бейімдеу бөлімшесі бар 25 төсек-орындық инсульт орталығы құрылды.

Мыналар:

жекелеген халықтың санаттарына скрининтік зерттеу жүргізу кезінде ҚЖА-н ерте анықтау;

жоғары диагностикалау тәсілі – коронароангиографияны енгізу;

медициналық қызмет көрсетудің емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеу тромболиздік терапия;

ЖММК енгізу арқылы кардиохирургиялық көмекті жетілдіру бойынша қосымша шаралр қабылданып, 3 жыл ішінде 599 коронарлық артерияларды стенттеу, 15 қолқа-коронарлық шунттау (ҚКШ), 17 ангиопластика, туа бiткен жүрек кемiстiгiне (ТЖК) 72 операция, жүре пайда болатын жүрек кемістігіне 47 операция, 26 жасанды жүрек ырғағының жүргізушісін имплантацияцау жүргізілді.

Ересек тұрғындар арасында 8 нозологияны ерте анықтау жөніндегі Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. 2011-2012 жылдары 325317 адам скринингтен өтуге тиіс болатын, 320 969 адам қаралды (98,6%), 22115 анықталды (6,9%). Анықталған науқастарды сауықтыру жұмысы жүйелі негізде жүргізілуде.



Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде өскелең ұрпақ арасында дене шынықтыру белсенділігінің төмендегені байқалады. Жастарға ықпал ететін факторлар нашақорлық, шылым шегу, алкоголизим болып табылады.

Сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар күшейтілді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 7 жастар орталығы жұмыс істейді. Орталықтар жарақтандырылған, штаттар толықтырылған, психологтар, социологтар және заңгерлер жұмыс жасайды. Бекітілген кесте бойынша гинеколог, уролог, нарколог, психиатр сияқты мамандар косультация береді. Облыстың БМСК ұйымдарының жанында 8 табакка қарсы орталық жұмыс істейді, 16 онколог кабинеті ашылды.

БМСК ұйымдарыының деңгейінде 3 «Денсаулық» мектебінің, оның ішінде 42 кардиология мектебінің, отбасыны жоспарлау жөніндегі 17 «Дені сау бала» мектебінің қызметі жандандырылды.

Облыстық балалар ауруханасы мен облыстық перинаталды орталықтың негізінде педиатр дәрігерлерді, жалпы практика дәрігерлерін және орта медициналық қызметкерлерді үздіксіз оқытатын ДДҰ-ның «Тиімді перинаталды күтім» және «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу» стратегиясын енгізу жөніндегі оқу орталықтары жұмыс істейді. Бұдан басқа Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Бейнеу ауданынан басқа облыстың барлық аудандарында Балалық шақтағы ауруларды сабақтастыра емдеу орталықтары жұмыс істейді.

Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу мәселелері жөнінде халықтың хабардар болуын көтеру мақсатында, «Денсаулық» бағдарламасы жүргізілуде. Есепті кезеңде қан айналымы жүйесінің аурулары, онкология, босандыру, бал аурулары және тағы басқа өзекті мәселелер жөнінде 60 телебағдарлама өткізілді (2011 жылы – 12, 2012 жылы – 24, 2013 жылы – 24). Бұдай басқа, бұқаралық ақпарат құралдарында 1761 мақала жарияланып (2011 жылы – 482, 2013 жылы 545), «Қазақстан Ақтау» теледидарламасының 5 бағдарламасы бойынша медициналық мәселелер жөнінде 1119, оның ішінде 2011 жылы – 271, 2012 жылы 482, 2013 жылы – 366 телебағдарлама көрсетілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмысы жалғасуда, оның аясында 2012 жылы 5 жоба іске асырылды. 2013 жылы үкіметтік емес ұйымдарды тартумен 13 248,0 мың теңге сомасына 11 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

ҮЕҰ-ды тарту арқылы Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ақпаратты компания белсенжі жүргізілуде.

Есепті кезеңде жылжымалы медициналық кешендердің мамандары облыстың ауылдық елді мекендеріне 168 рет шығып, 53 529 ауыл тұрғынын қарады, 6 618 зертханалық және 18 012 аспаптық зерттеу жүргізді, бейінді мамандар 22 910 адамға консультация берді, мамандар 12 421 ауруды анықтады, олаурды сауықтыру жүргізілуде. Осылайша, ауыл халқына консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі жақсартылды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Облыс тарихында алғаш рет жоғары технологиялық көмек түрлері көрсетіліп бастады (эндопротездеу, нейрохирургиялық, эндоурологиялық операциялар және гинекологиядағы бейнеэндоскопиялық операциялар және т.б.). Облыстық аурухананың клиникалық практикасына 2010 жылғы қарашада кең диагнстикалық мүмкіндіктері бар жаңа, жоғары деңгейлі магнитті-резонансты томограф сатып алынды.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар Тұтастай алғанда, облыстың денсаулық сақтауының бюджеті өсу беталысына ие: 2011 жылы бюджет 9 549 694,0 млн. теңгені құрады, 99,8% игерілді; 2012 жылы – 11 528 357,4 млн. теңге болды, 99,4% игерілді; 2013 жылы – 12 726 352 млн. теңге болды, 99,8% игерілді.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, «350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана, 13 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА) және жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 1 ДА салынды.

Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы 2011 жылы – 1 153881,0 мың теңге, 2012 жылы – 599 875,0 мың теңге, 2013 жылы – 940 640,0 мың теңге сомасына нығайтылды.

РБ-тен берілетін трансферттер есебінен облыстың барлық амбулаторлық-емханалық ұйымдары қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін айқындайтын жедел талдауыштармен(57 бірлік – 34 352,0 мың теңге), жүрек мен қан тамырларының раталогиясын диагностикалауға арналған УДЗ аппараттарымен (3 бірлік – 54 784,0 мың теңге), тредмил жүйелермен (3 бірлік – 46 018,0 мың теңге), Ақтау №2 қалалық емханасы 32 000,0 мың теңге сомасына ретиналды томографпен, 39125,0 мың теңге сомасына маммографпен жарақталды.

Есепті кезеңде облыстың медициналық жедел жәрдем қызметі, Маңғыстау облыстың ауруханасының санитарлық авиация бөлімшесі және Облыстық перинаталды орталық 22 реаномобильмен (523172,0 мың теңге( және 15 санитарлық автокөлікпен (247 000,0 мың теңге) жарақталды.

Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы үшін 2011 жылы 180 000,0 мың теңге сомасына компьютерлік томограф сатып алынды.

Бұдан басқа, босандыру және балалар ұйымдары 70 747,0 мың теңге сомасына жаңа туылғандарға арналған 9 инкубатормен жарақталған. Гемостазды үздіксіз экстракорпоралды коррекциялау аппараты (12 480,0 мың теңге), альбуминдік диализге арналған аппарат (32 495,0 мың теңге), операциялық бөлімшені жарақтандыруға арналған кешен (204 400,0 мың теңге), наркозбен тыныстау аппараты (15 570,0 мың теңге), бейнеэндоскопиялық кешен (16150,0 мың теңге), медициналық-генетикалық орталық үшін бағдарламалық жабдықтамасы бар УДЗ аппараты (39 000,0 мың теңге) және тағы басқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Кардиологиялық қызметті дамыту мақсатында, 255 0730,0 мың теңге сомасына ангиограф, Маңғыстау облыстық ауруханасы үшін жасандықан айналдыру аппараты мен өзге де құрал-жабдықтар сатып алынды.



Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала табудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар жүйесінің ұлғаюы, соның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде;

әлеуметтік-маңызды аурулардан болатын өлім көрсеткіштерінің төмендеуі;

тұрғындардың орта медициналық қызметкерлер құрамымен жеткілікті қамсыздандырылуы.

Әлсіз жақтары:

облыс бойынша дәрігер кадрлардың тапшылығы 2013 жылы 400 маманды, ауылда 75 маманды құрады;

Ақтау қаласында БМСК ұйымдарының жеткіліксіз инфрақұрылымы;

Қауіптері:

тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы, жас мамандарды орнықтыруға теріс ықпал етеді;



Мүмкіндіктері:

дәлірек айтқанда Жаңаөзен қаласында, Мұнайлы ауданында денсаулық сақтау объектілерін және Ақтау қаласында 500 келушіге арналған емхана салуды бюджеттік және жеке қаржыландыру көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатымен ұлғайту;

халықтың денсаулығын қорғау мәселесінде сектораралық өзара іс-қимылды күшейту;

ведомстволық жатақханаларда орын бөлу;

Қазақстан Республикасының әр өңірлерінен аса тапшы мамандарды тарту;

қызметтегі медицина қызметкерлерін сақтап қалу және жас мамандарды, оның ішінде шағын қалалар мен ауылды елді мекендерге тарту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу.



Күшті жақтары

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала табудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар жүйесінің ұлғаюы, соның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде;

әлеуметтік-маңызды аурулардан болатын өлім көрсеткіштерінің төмендеуі;

облыс бойынша аурушаңдық деңгейінің жалпы төмендеуі;

тұрғындардың орта медициналық қызметкерлер құрамымен жеткілікті қамсыздандырылуы.



Әлсіз жақтары:

көбінесе алғашқы медико-санитарлық көмек беру ұйымдарындағы, сонымен қатар ауылды аймақтағы (170/40) дәрігерлік мамандардың тапшылығы;

төмендеу тенденциялары болғанымен туберкулезбен ауыру орташа республикалық көрсеткіші салыстырғанда жоғары болып тұр;

аналар мен нәрестелер өлімі орта республикалық деңгейден жоғары;

медициналық жабдықтарды жаңартудың жеткіліксіздігі.

Қауіптері:

медициналық қызметкерлердің төлем ақысының көлемін есептеу әдістемесінің толық жетілмегендігі медицина мамандарының денсаулық сақтау жүйесінен кетуіне және медициналық қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себепші болады.



Мүмкіндіктері

медициналық ұйымдардың қосымша түрлерінің құрылысының бюджеттік және жеке қаржыландыру көлемін арттыру, жекелеп айтқанда Жаңаөзен қаласында, Мұнайлы ауданында және Ақтау қаласындағы реабилитация орталығы, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік ұстанымымен;

тұрғындар денсаулығы мәселесінде сектораралық қарым-қатынасты нығайту;

қызметтегі медицина қызметкерлерін сақтап қалу және жас мамандарды соның ішінде шағын қалаларда және ауылды елді мекендерде тарту бойынша іс-шаралар кешенін жасап шығару.


2.2.2.4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту және халықтың табысы. Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2011 жылғы 241,9 мыңнан 2013 жылдың 3 тоқсанына дейін 274,4 мың адамға дейін (2012 жылы – 271,7 мың адам) немесе 13,6% өсті. Экономикалық белсенді емес халық саны зерттелген кезеңде 94,9 мыңнан (2012 жылы – 106,8 мың адам) 116,5 мың адамға дейін немесе 9,4%-ға өсті.

Экономикалық белсенді емес тұрғындардың негізгі бөлігін күндізгі оқу нысанында оқитындар - 47%, зейнеткерлер – 28,3%, үй шаруасындағылар- 14,3%, денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) – 0,4% құрайды.

Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2011 жылғы 227,8 мың адамнан (2012 жылы – 256,3 мың адам) 2013 жылғы 3 тоқсанда дейін 259,2 мың адамға дейін немесе 13,8%-ға өсті. Облыста экономикалық белсенді халыққа қарағанда жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – 95,3%. Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте (35,1%), дәлірек айтқанда тау-кен өндіру өнеркәсібі кіші секторында – 21,5% шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 0,9%-ы, көлік және байланыста – 0,8%-ы, ауыл шаруашылығында жиыны - 0,1%-ы жұмыспен қамтылған.

Жұмыспен қамтылған халықтың 32,5%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты табысы төмен салаларда жұмыс істейді.

Жұмыспен қамтылған халық санының орташа жылдық қарқыны облыс бойынша 2011-2013 жылдары 113,7% құрады. Мейлінше жоғары өсу қарқыны «Өнеркәсіп» - 140% және «Тау-кен өндіру өнеркәсібі»- 120% секторларында байқалады. Жұмыспен қамтылған халықтың өсу қарқынының төмендеуі «Электр энергиясын, газ және су өндіру және бөлу» секторында байқалады (16%-ға).

Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің төменгі деңгейі байқалады - 9,7% (2011 жылы – 22,1 мың адам), 2012 жылы 7,4%, 18,9 мың адам), 2013 жылы – 7,1%, 18,4 мың адам), бұл орташа республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай төмен (30,5%). Бұл халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі айтарлықтай бөлігінің жалақы деңгейі мейлінше жоғары және тартымды мұнай-газ өнеркәсібі мен ілеспе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғанына байланысты (вахталық әдіспен жұмыс істейді).

Облыстағы орташа айлық жалақы республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады (орташа республикалық деңгейден 1,3 есе асып түседі) және 2011 жылғы 151,0 мың теңгеден 2012 жылы 158,4 мың теңгеге дейін және 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 183 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының кесінінде әр түрлі болып келеді. Ең жоғары жоғары деңгей өнеркәсіпте, тау-кен өндіру өнеркәсібінде (орташа облыстық деңгейден 65%-ға жоғары), көлікте, қоймалауда және құрылыста (орташа облыстық деңгейден 43% жоғары) байқалады. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы мен орман өсіру (26-37%) секторларында сақталуда.

Бір қызметкердің атаулы айлық орташа жалақсы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 12 ең төменгі күнкөріс мөлшерін қамтамасыз ете отырып (2013 жылдың желтоқсанында 20958 теңге), 251675 теңгені құрады немесе 2012 жылдың осындай деңгейінен 8,3%-ға көп. Нақты жалақы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 4,6%-ға ұлғайды.

Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын белсенді іске асыру жүргізілуде. Инфрақұрылымдық және индустриялывқ жобаларды іске асыруды есепке ала отырып, облыста 2011 жылы – 25364 жұмыс орны, 2012 жылы – 25540 жұмыс орны, 2013 жылы – 23403 жұмыс орны құрылды.

Нәтижесінде, тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 2011 жылғы 5,8%-дан 2012 жылы – 5,7%-ға, 2013 жылдың 3 тоқсанында 5,5%-ға (15,1 мың адам) дейін төмендеді.

Сонымен бірге, облыстағы жалпы жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейден асып түседі 5,2%-ға), бұл жұмысқа орналастыру үшін тиісті білімі мен біліктілік деңгейі жоө оралмандардың облысқа көптеп келуімен байланысты болып отыр.



Халықты жұмыспен қамту және олардың табысы бойынша SWOT-талдау:

Тұтастай алғанда, облыстағы ашық еңбек рыногындағы жағдай экономикалық белсенді халық санының өсуіне, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне байланысты оң беталыстағы сипатқа ие. Бұған өңір экономикасын әртараптандыру бағдарламасын, индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыру, Халықты жұмыспен қамту және кадрларды даярлау стратегиясын іске асыру ықпал етті.



Күшті жақтары:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы жәрдемдесудің белсенді шараларын пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай құралдарын белсенді пайдалану;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру.



Әлсіз жақтары:

халықтың «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы туралы хабардар болмауы;

ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары;

игерілген мамандықтардың еңбек рыногының қазіргі замандағы талаптарына сай келмеуі;

көлеңкелі жұмыспен қамтудың және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық тобының бар болуы;

кәсіпорындардағы персоналды қысқарту қаупі;

халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігін жұмысқа орналастыру проблемалары;

жұмыс күшін жұмылдыру үшін кедергі болатын тұрғын үй жағдайларының болмауы;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының тым артық болуы;

жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі;

құрылымдық теңгерімсіздік (тау-кен өндіру өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандардың мейлінше жоғары үлесі, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың төменгі үлесі);

оралмандар біліктілігінің жеткіліксіздігі;

әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін тқрақты жұмыс орындарының жеткіліксіздігі;

ауылдық жердегі кәсіпкерліктің әлсіз дамуы.



Қауіптер:

экономикалық даму қарқынының бәсеңдеуі еңбек ресурстарына сұранысты тежейді;

еңбекақы төлеуде үлкен айырмашылық болғандықтан, құрылыста, ауыл шаруашылығы кешендеріндегі бар жұмыс орындарына сұраныстың болмауы;

жалақы бойынша мүмкін кешіктірулер.



Мүмкіндіктері:

білікті шетелдік жұмыс күшін тарту үлесінің төмендеуі;

қосымша жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру арықылы халықты жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

өз ісін ұйымдастыруы үшін шағын кредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Халықты әлеуметтік қорғау. Табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен (қатысты кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 2011 жылы Қазақстан Республикасы бойынша орташа 5,3% болғанда, облыс бойынша 10,4% құрады. Кедей халықтың мейлінше жоғары шоғырлануы ауылдық жерде байқалады.

Жоғары кедейшіліктің негізгі себебі – өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін негізгі өткізу рыноктарынан алыс болуына, ауыр климаттық жағдайларға және судың жетіспеушілігіне байланысты ең төменгі күнкөріс мөлшерінің жоғары деңгейі.

Бұдан басқа, кедейшіліктің жоғары деңгейіне облысқа 2007-2011 жылдары көп балалы және аз қамтылған отбасылардың (оралмандардың және көрші өңірлер мен ТМД елдерінен өзге де мигранттардың) көшіп келуі ықпал етті.

Халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру бойынша алынған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың үлесін 2012 жылы 3,7%-ға (ҚР бойынша – 3,7%) және 2013 жылдың 3 тоқсанында 2,1%-ға (ҚР бойынша – 3,1%) дейін төмендетуге мүмкіндік болды.

Сонымен бірге, ауылдық жердегі кедейшіліктің деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болып тұр (2011 жылы – 14,5%, 2012 жылы – 6,3%, 2013 жылдың 3 тоқсанында – 3,7%).

Статистикалық деректер бойынша, облыстағы халықтың орташа айлық атаулы табысы елдегі ең жоғарылардың бірі болып қалуда - 2011 жылы 69811, 2012 жылы – 72271, 2013 жылы - 84733 тенге, бұл орташа республикалық деңгейден 1,5 есе асып түседі. Бұл ретте, ауылдық тұрғындардың негізгі бөлігін жалақы құрайтын жиынтық ақшалай табысы қала тұрғындарынан 2-3 есе төмен. Халықтың жан басына шаққандағы жиынтық ақшалай табысы 2013 жылы 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға ұлғайды.

Бұл ретте, негізгі бөлігін жалақы құрайтын ауылдық тұрғындардың атаулы ақшалай табысы қалалық тұрғындардан 2-3 есе төмен.

Ауылдық жерде халықтың кедейшілігін төмендету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек төлеу, ауыл халқын кредиттеу және шағын кредиттеу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, азаматтардың табыстарын ұлғайтуға айырықша назар аударылуда.

Заңнамамен көздестірілген әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті бюджет қаражаты мен өзге де қаражат көздерінің есебінен аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Тұтастай алғанда, 2011-2013 жылдары аз қамтылған отбасылар санының біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2011 жылғы 7473 адамнан 2013 жылы 3407 адамға дейін немесе 2,2 есе азайды. Атаулы әлеуметік көмектің мөлшері 2011 жылы 2347 теңгені, 2013 жылы 2117,9 теңгені құрады.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар саны 2011 жылғы 4846 адамнан 2013 жылы 4264 адамға дейін төмендегені байқалады.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының орташа айлық мөлшері 2011 жылы – 805,9 теңгені, 2012 жылы – 830,0 теңгені, 2013 жылы – 869,4 теңгені құрады.

2011 жылы 7473 аз қамтылған тұрғынға 210,5 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4846 балаға 46,9 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 9154 азаматқа 137,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2012 жылы 7890 аз қамтылған тұрғынға 181,5 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4789 балаға 44,9 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 8953 азаматқа 158,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2013 жылы 3407 аз қамтылған тұрғынға 86,6 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4264 балаға 44,5 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 10825 азаматқа 210,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Облыс бойынша 628 орындық 4 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. 40 орындық Тұрғылықты жері белгісіз адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, 1394-тен астам қартайған жалғызілікті азаматтарға, мүгедектерге және мүгедектердің балаларына үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімі.

Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло құралдарымен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен және арнайы қозғалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, санаториялық-курорттық сауықтырумен қамтылған.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер санының 2,9 есе азаюы және атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшерінің 2,1 есе өсуі;

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

Әлсіз жақтары:

табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының облысқа көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың болмауына және ауыл шаруашылығын дамыту үшін ауыр климаттық жағдайларға байланысты ауылдық жерде жұмыспен қамтудың қиындығы;

көп балалы отбасылардың көп болуы;

аз қамтылған отбасылардың жұмыспен қамтудың белсенді нысандармен жеткіліксіз қамтылуы.

Қауіптері:

аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі.



Мүмкіндіктері:

халықтың нақты табысының өсуі;

үкіметтік емес ұйымдар қызметінің жандануы;

жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану.



2.2.2.5. Мәдениет және тілдерді дамыту

Мәдениет. Облыста 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 117 мәдениет мекемесі жұмыс істейді (2009 жылы – 113 бірлік).

Мұражайға келушілер саны 2013 жылы 69,5 мың адамды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 37,9 мың адамға артқан. Мұражай қоры 2009 жылмен салыстырғанда 2,7 мың бірлікке артып, 72,2 мың бірлікті құрады.

Облыстағы клубтар саны 2009-2013 жылдардағы кезеңде 39 мың бірлікке дейінартып, клубтық құрамалар 52 бірлікке кеңейіп, 2013 жылы 299 бірлікті құрады. Тарихи-мәдени ескерткіштің саны 2013 жылы 449 бірлікті құрады. Облыстағы кітапханалар саны 2009-2013 жылдардағы кезеңде 2013 жылы 66 бірлікке, сондай-ақ кітап қоры 2009 жылмен салыстырғанда 102,2 мың бірлікке кеңейіп, 1 410,2 мың бірлікті құрады.

Сала проблемаларының талдауы:

мекемелер жүйесі облыстың қажеттіліктеріне сай емес (800 және одан астам адам тұратын 9 елді мекенде клуб жоқ, 800 және одан астам адам тұратын 4 елді мекенде кітапхана жоқ);

аудандар мен қалаларда мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы тепе-теңсіздікке байланысты, мәдениет ұйымдарына қолжетімділіктің теңсіздігі. Мәселен, аудандардағы кітапханалардың саны 10 000 адамға шаққанда 4,4 бірліктен (Маңғыстау ауданы) 0,3 бірлікке (Мұнайлы ауданы) дейін; 10 000 адамға шаққандағы клуб үлгісіндегі мәдениет үйлерінің саны 3,5 бірліктен (Маңғыстау ауданы) 0,1 бірлікке (Ақтау қаласы) дейін ауытқиды. Ауылдық жерде, әсіресе 2007 жылы жаңадан құрылған, облыстың ауыл халқының 40,6%-ы тұратын Мұнайлы ауданында тұрғындардың мәдениет объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету проблемасы өткір күйінде қалуда. Бейнеу ауданындағы барлық елді мекендерде кітапханалар мен клубтық мекемелер бар болса, халық саны бойынша аудандардың барлығынан үлкен болып табылатын Мұнайлы ауданында, аудан орталығы Маңғыстау ауылында Мәдениет үйі, сондай-ақ Атамекен, Басқұдық, Дәулет сияқты белсенді дамып жатқан ауылдарда клубтық мекеме де, кітапхана да жоқ. Бұдан басқа, бүгінге көбінесе бейімделген орынжайларға орналастырылып, залдары кіші болғандықтан қайтадан салынуға қажетті мәдениет объектілер жұмыс істеп тұр. Облыстық әмбебап кітапхананың үлгілік мамандандырылған ғимараты жоқ, ол бейімделген орынжайда, бұрынғы балабқшаның ғимаратында орналасқан;

мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі мамандардың тапшылығында байқалады (музыкалық аспаптардың, дыбыстық және жарықтық жабдықтарының, сахналық костюмдердің, қалпына келтіруші, каталог құрастырушы және бағдарлама жасаушы сияқты тар шеңберлі мамандықтардың жетіспеуі);

мәдениет объектілерінің төмен деңгейде ақпараттандыруы (жылжымалы мәдениет мекемелерінің тапшылығы, ауыл кітапханаларының Интернет желісіне қосылмауы);

материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күрделі және ағымдағы жөндеу жасауға бюджеттен бөлінетін қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

мәдениет саласындағы қызмет көрсетуді талап ету дәрежесінің жоспарлы өсуі белгіленеді;

облыстың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтап қалу жұмыстары жүйеленді.

Әлсіз жақтары:

мәдени мекемелер желісін дамытудағы сәйкессіздікке байланысты облыс халқының мәдениет ұйымдарының қызметіне қолжетімділігінің теңсіздігі;

әсіресе ауылдық жерде мәдениет объектілері материалдық-техникалық базасы деңгейінің нашарлығы, арнайы мамандардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтап, дамыту;

саладағы тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу.

Қауіптері:

тарихи-мәдени мұра объектілеріне табиғи-климаттық жағдайлардың жағымсыз әсер етуі;

білікті мамандардың саладан кетуі.
Тілдерді дамыту. «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №307 қаулысымен және «Маңғыстау облысындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы №3/39 шешімімен облыстағы іс жүргізу 2004 жылдан бастап мемлекеттік тілге ауыстырылды.

Елді мекендердегі көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тіл заңнамасының талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша іс-шаралар қабылданды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы №306 қаулысымен Маңғыстау облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2012 жылы тілдерді дамытудың өзекті мәселелері, ҮЕҰ тарту арқылы тіл ортасын, қазақ терминологиясын құру және ономастика мәселелері бойынша бірқатар ғылыми-теориялық семинар-кеңестер өткізілді.

Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын мониторинг жүргізілуде. Облыстық мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы үлес көлемі 99,6% құрайды. Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекмелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету аясында, 14000-нан астам оқу-әдістемілік әдебиет кітаптары таратылды. Республикалық конкурстардың қатысушыларын дайындауда жан-жақты көмек көрсетілуде.

Облыстың 8 жалпы білім беру мекемесі мен 20 шаруашылық жүргізу объектісінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын тексеру жүргізілді. Анықталған құқық бұзушылықтарды жою үшін тиісті органдарға нақты шаралар алу туралы ұйғарымдар жіберілді.

Облыстың тілдерді оқыту жөніндегі 3 негізгі орталығы: «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» МКҚК-мен, «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» РМК жанындағы Тілдерді оқыту орталығымен, «Inter Class» жеке орталығымен, сондай-ақ тілдерді оқыту жөніндегі әртүрлі 20 курспен өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. 2013 жылы тілдерді оқыту жөніндегі 3 негізгі орталықта мына тіл курстары: «Қазақ тілі» бойынша – 310, «Орыс тілі» бойынша – 30; «Ағылшын тілі» бойынша – 2015 облыс тұрғыны оқыды.

Облыстың 21 ұлттық-мәдени орталығында 4 жексенбілік мектеп жұмыс істейді (украин, лезгин, әзірбайжан, татар, неміс, дағыстан, грузин). Жексенбілік мектептермен шамамен 50 тыңдаушы қымтылған, олар өз ұлттарының тілдерін, мемлекеттік тілді, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін оқып, зерттейді.



Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,6% құрайды;

қызметтің барлық саласында пайдалану үшін оқу-әдістемелік кешендері әзірленіп, облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне таратылды, сөздіктердіәң, үш тілді сөздіктердің 10-нан астам түрі берілді, мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін әдістемелік көмек көрсетілуде;

мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілді;

өңірде тұратын этникалық топтардың тілдерін зерттеу және дамыту үшін жағдайлар жасалып, этникалық қауымдастықтардың (диаспора) өкілдерін ана тілдеріне оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету жүзеге асырылуда.



Әлсіз жақтары:

мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай стандарттарының болмауы;

қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;

тл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.



Мүмкіндіктері:

Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;

Тілдің көп алуандылығын сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу.

Қауіптері:

Жоғары миграциялық ағын, соңғы жылдары облыс халқы санының өсуі, облысқа оралмандардың, сондай-ақ елдің өзге өңірлері тұрғындарының көптеп көшіп келуі.


2.2.2.6. Дене тәрбиесі және спорт
Облыста жыл сайын спорт объектілерінің саны артуда, мәселен 01.01.2014 жылға спорт объектілерінің жалпы саны 518 бірлікті құрады (2011 жылдың 1 қаңтарына – 471 бірлік).

Спорт кешендері негізінен облыс орталығында, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, Қарақия ауданының Құрық ауылында орналасқан. Облыстағы стадиондар Ақтау қаласында, Жаңаөзен қаласында, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында орналасқан. Жүзу бассейндері Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Маңғыстау облысының Шетпе ауылында бар.

Облыстағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 107,2 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 18,9%-ын құрады (2011 жылы – 94 мың адам).. Облыста 10 мыңнан астам балалар және оқушылар айналысатын 15 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері жұмыс істейді.

Облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды тежейтін негізгі мәселелер:

бұқаралық және балалар спортының нашар дамуы. Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі мектеп жасындағы балалардың тек 10%-ын қамтиды.

Ауылдық жерде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі өткір күйінде қалуда. Ауылдық жерде бұрыннан бар 93 спорт залдың 72-сі жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын жүргізуге арналған. Облыс бойынша жұмыс істейтін 15 спорт кешендерінің үшеуі ғана ауылдық жерде орналасқан. Ауылдық жерде бес ауданда бір ғана жүзу бассейні бар. Ауылдық жерде спорт бойынша 34 әдіскер қана жұмыс істейді, бұл 58%-ды құрайды.



Дене тәрбиесі мен спорт бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар саны және спорт объектілерінің саны артуда. Облыстағы дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша шаралар кешені жүзеге асырылды. Спорттық ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Облыстың жетекші спортшылардың арасында олимпиадалық резерві анықталды.



Әлсіз жақтары:

Спорт инфрақұрылымының, әсіресе ауылдық жерде нашар дамуы. Спорт залдары мен спорт кешендер санының аздығы, соның салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау жеткіліксіз.



Мүмкіндіктері:

облыстық инфрақұрылымдағы дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін мүмкіншілік жасау (минифутбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, жүзу үшін алаң жасау, жалпы қолданысқа спорттық ғимараттарды салу, демалу саябақтарында спорттық ғимараттарды салу);

бұқаралық спортты дамыту, спорттық шараларды, дене шынықтыру - сауықтыру, бұқаралық-спорттық үлгілерін дамытып жетілдіру бойынша жұмысты бастау;

балалар сауықтыру клубтарының желісін дамыту, соның ішінде сабақтан тыс кезіндегі балалардың бос болмауының негізгі ретінде дене шынықтыру бойынша дайындықты дамыту;

балалар-жастар спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін ұлғайту;

бұқаралық спортты, спорттық резервті және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындауды дамыту бойынша жұмысты бастау;



Қауіптері:

әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен мәдениет бөлімінің және қаржыландырылуы төмендеуі мүмкін және тұрғындардың мәдениет мекемелеріне қолжетімділігін төмендетуі мүмкін;

бюджет ұйымдарының спорт бөліміндегі қызметкерлердің төлем ақысының төмендігінен айтылған бөлімнен мамандардың кетуі мүмкін және айтылған бағытта жұмыс істейтін мамандардың қызығушылығы төмен болады;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы және басқа аудандардағы бос уақыттағы бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының және дене шынықтыру және спорт дамуының жоқтығынан жастар арасындағы қылмыстың өсу фактілерінің ұлғаюы мүмкін.


Туризм. Қазіргі кезеңде туризм әлемдегі табысты салалардың бірі болып табылады.

Маңғыстау облысы туристік ұсыныстардың халықаралық деңгейдегі бәсекелестігін дамыту үшін ең жақсы табиғи және мәдени орындары бар.

Маңғыстау облысының аумағында Каспий теңізінің жағалау аймағының қашықтығы 874 км құрайды.

әдемі жартасты табиғат көрінісі және терең арнасы бар далалық және шөлдік ландшафт әсерлі көрініс береді.

ежелгі және бірегей тарихы бар көрікті мәдениет орындары: «жер асты мешіттері», сағаналар, көне қалалар және киелі жерлер.

Осыған байланысты, 2008 жылы облыста туристік кластер құру және дамыту бойынша шебер жоспар әзірленіп, облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/48 шешімімен бекітілді, сондай-ақ Туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақтан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы қаулыда Маңғыстау облысының туристік кластерін дамыту, оның ішінде «Кендірлі» курортты аймағын салу жөніндегі іс-шаралар көздестірілген.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Индустрич және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың жүйелік жоспары әзірленіп, онда курортты аймақтың даму стратегиясын айқындау, инвесторлар тарту үшін ерекше шарттар құру және курортты аймақты дамыту бойынша өзге де зерттеулер көздестірілген.

Ақтау қаласында 2009 жылғы қыркүйекте Маңғыстау туризм колледжі ашылды. Оқушыларды дайындау үрдісіне Германия, Ұлыбританиядан волонтерлер шақырылды.

Облыста 45 қонақ үй, «Шағала» санаторий-профилакториясы, 12 жазғы демалу базасы және 6 балаларды сауықтыру лагері, 4 мұражай жұмыс істейді, оның екеуі Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында орналасқан.

Облыстағы инфрақұрылым объектілерінің желісі «Caspian Riviera Grand Palace» жаңа қонақ үйінің, «PR» көңіл көтеру кешенінің, «TREE OF LIFE», «Sun Set» демалу базаларының, «Кендірлі» шығанағында «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ салған «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагерінің ашылуынан ұлғайды.

Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалармен ««Саура» арнасының таң қаларлық әлемі», «Ақ жартастар патшалығы», «Құпия ор», «Түпқараған мүйісінде», «Қаратау етегінде» атты шетел азаматтары және отандастар үшін 50-ден астам облысішілік туристік маршруттар, экологиялық маршруттар жасалды.

Жыл сайын облыс Алматы қаласындағы KITF «Туризм және саяхат», Астана қаласындағы «Астана - Демалыс», Берлин қаласындағы (ГФР), Лондон қаласындағы (Ұлыбритания), Мадрид қаласындағы (Испания), Гонконг қаласындағы (Қытай), Көкшетау қаласындағы «Сарқылмас саяхат» (жылжымалы), «Демалыс. Туризм. Саяхат», Ақтөбе қаласындағы ITFA сияқты халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатысады.

Қызмет көрсетілген келушілердің саны 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 212387 адамды құрады (2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 175075 адам).

Келушілердің саны 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 21,3%-ға артты.

Есепті кезеңде 54 туристік фирма мен туристік қызметпен айналысатын 7 дербес кәсіпкер 32673 келушіге қызмет көрсетті немесе 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 19,2%-ға көп.

Облыста келушілерді орналастырмен айналысатын 42 кәсіпорын мен дербес кәсіпкерлер 179714 адамға4525 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті. Орналастыру объекьтерінде бір жолғы орналастыру 2593 төсек-орын сыйымдылығымен 1520 нөмір бар.


2011-2013 жылдардағы туризм көрсеткішінің даму динамикасы


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

(9 ай)

Туристік қызметтің қызмет көрсету көлемі

млн.теңге

104,0

262,0

86,2

Көшпелі туризмнің көлемі

мың адам

43,9

33,7

13,5

Ішкі туризмнің көлемі

мың адам

5,1

156,8

78,6

Қонақ үйлердің толуы

%

88,4

56,1

50,1


Туризм бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

Әлемде аналогы жоқ бірегей туристік ресурстар (Үстірт шоқысы);

Қазақстанның тарихи-сәулет өнер мұрасының 75%-ы Маңғыстау облысында орналасқан;

Ауданның географиялық орналасуына байланысты – Каспий теңізінің болуынан Қазақстандағы теңіз жағажай туризмі дамыту саласындағы жалғыз «Кендірлі» халықаралық шипажайдың құрылыс жобасын жүзеге асыру, оның құрылысы тұрақты даму үлгісінде жүргізіледі;



Әлсіз жақтары:

қайта салынып жатқан және бар туристік объектілері және маршруттар үшін сыртқы инженерлік-қатынас және транспорт инфрақұрылымының жоқтығы;

инфрақұрылымның, сервистік қызметтердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;

туристік индустрияның үштен көп тіл білетін жоғары білікті мамандарының жеткіліксіз саны;

туризм колледжінде ғылыми дәрежесі бар білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

инвесторларға дотациялар, преференциялар және салықтық жеңілдіктер беру тетігінің болмауы.

Мүмкіндіктері:

Тұтастай алғанда, Маңғыстау облысы бойынша талданған кезеңде туристік қызметте оң беталыс байқалады. Маңғыстау облысының сирек табиғи көріністері ауданға туристік бизнестің орталығының бірі болуға мүмкіндік береді.


2.2.2.7. Ішкі саясат.

Облыста 9 саяси партияның филиалы, 300 ҮЕҰ, оның ішінде 70-і: 21 этномәдени бірлестік, белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрамына кіретін кәсіподақ органдарының қызметін үйлестіретін облыстық кәсіподақтар кеңесі ұйымдастырушылық, әдістемелік және консультациялық көмектер көрсетеді.

Облыста өтіп жатқан қоғамдық-саяси үдерістердің жағдайы мен даму беталысын, конфессияаралық және этникааралық қатынастарды терең зерттеу мақсатында, жағдайжды жүйелі мониторингілеу тетігі жолға қойылған.

Бұдан басқа, ел мен облыстың дамуының негізгі басымдықтарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіруге, халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағыттталған ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру саласындағы облыс әкімдігінің белсенді серіктесі үкіметтік емес сектор болып табылады. Бұл ретте, маңызды институт ретінде Қазақстан халқы Маңғыстау облысының ассамблеясы, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, жастар істері, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер, сондай-ақ Саяси партиялардың қоғамдық кеңесі белсенді жұмыс істейді.

2013 жылы 26 үкіметтік емес ұйым 41 әлеуметтік маңызды іс-шараны іске асырды. Олар – өңірлік ресурстық орталық және үкіметтік емес ұйымдар желісін құру және қолдау, облыстың кәсіпорындарында әлеуметтік және еңбек дауларынан сақтандыру және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, медицация институтын түсіндіру жобаларын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жобаны іске асыру, отбасылық-некелік институттарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ұлттық тарихты, Маңғыстау тарихын зерттеу және насихаттау, халықты зияткерлік дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, негізгі әлеуметтік-экономикалық параметрлер жөнінде зерттеу жүргізу және өңірдің қоғамдық-саяси ахуалын зерттеу, қазақстандық патриотизмді насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, халықтың азаматтық белсенділігін және құқықтық сауаттылығын көтеру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдікті дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жобалар және т.б..



Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызды іске асыруға тартылатын ҮЕҰ санының артуы үшін жағдай жасалған;

Облыстың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын іске асыруды қаржыландыру көлемінің өсуі қамтамасыз етілген;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін өңірлік ресурстық орталықтар ашылып, белсенді жұмыс істеуде;

Ауылдық жерде жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың саны артқан;

Қоғамдық кеңес аясында саяси партиялармен тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылған.



Әлсіз жақтары:

Аудандық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

Ақпараттық-насихат жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі төмен;

әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға бірыңғай критерийлердің болмауы.



Қауіптері:

өңірде ішкі саяси жағдайды нығайтуға бағытталған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау, соның салдарынан:

өңірге жалған діндердің ену және таралу мүмкіндіктері;

облыс халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі.



Мүмкіндіктері:

тұрақты жұмыс істейтін диалогтық алаңшалардың тиімді қызметі арқылы мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестіктерін одан әрі тереңдету, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, Қазақстан халқы Маңғыстау облысының ассамблеясының сессиясын қаржыландыруды ұлғайту;

достық үйін құру;

әлеуметтік шиеленісудің әлеуетті ошақтарын уақытылы аяқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын алу.



Жастар саясаты. Облыста жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, 30 жастар ұйымы, қалалар мен аудандарда 7 жастар орталығы бар.

Облыста мемлекеттік органдардың қоғамдық жастар бірлестіктерімен тиімді өзара іс-қимылы үшін барлық жағдай құрылған.

Мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимылының маңызды иниституттары:

барлық деңгейдегі әкімдердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер;

облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы әкімдіктер жанындағы жастар орталықтары мен бөлімдер болып табылады.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға облыстық бюджеттен 2013 жылы – 182,5 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді (2012 жылы – 122,6млн. теңге, 2011 жылы – 63,7 млн. теңге).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін, облыстық бюджеттен 35 млн. теңге көздестірілді (2012 жылы – 178 млн. теңге, 2011 жылы – 145 млн. теңге).

Жастар арасында, оның ішінде «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламаларының аясында жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Ақтау қласында жасарды жұмысқа орналастыруды қолдау және жастардың кәсіпкерлігіні қолдаудың орталықтары жұмыс істейді.

2013 жылы «Ауылым – алтын бесігім» атты жастар керуені ұйымастырылып, оның қатысушылар 25 шалғай орналасқан елді мекенге барды және ауыл жастарымен кездесті.

Сондай-ақ, ауыл жастарының облыстық слеті мен Ауыл жастары одағының республикалық кеңесі өткізілді. Таланты жастарды қолдау мақсатында, жастардың облыстың Дельфийлік ойындары, «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі және т.б. өткізілді.

Облыстың барлық жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарында Жастар ісі жөніндегі комитеттер бар (24). Облыстың 5 кәсіпорнында жастармен жұмыс жөніндегі ұйымдар мен комиттеттер бар.



Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (Әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;

белсенді әлеуметтік және азаматтық ұстанымды және салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамыту, жас таланттарды қолдау;

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артқан;

қалаға кеткен ауыл жастарының деңгейі төмендеген (республика бойынша төменгі деңгей);

облыстың жастар ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын іске асыруды қаржыландыру көлемінің өсуі айқындалды;

мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары.

Әлсіз жақтары:

бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төменгі деңгейі;

аудандарда жастар инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған;

жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай критерийлерінің болмауы.



Қауіптері:

жастар арасында діни экстремизм мен нашақорлықтың таралу мүмкіндігі;

жастардың іс-шаралары мен жобаларын жеткізе қаржыландырмау.

Мүмкіндіктері:

Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі жылжыту;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.



Ақпараттық саясат. Облыста 01.01.2014 жылғы жағдай бойынша 33 БАҚ есепке қойылды. 27 баспа БАҚ-ның 21 газеті мен 6 журналы, 6 электронды БАҚ-ның 1 телеарнасы, 2 кабелді теледидарламасы, 3 радиостанциясы жұмыс істейді.

Мемлекеттік облыстық газеттер – «Маңғыстау» газеті 6147 дана, «Огни Мангистау» - 5106 дана тиражбен шығады. «Қазақстан Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратып, облыстың барлық елді мекендерін қамтиды. «Маңғыстау» радиосы облыстың барлық аумағына хабар таратады. «Жолбаян», «Вест» радиолары Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы және Түпқараған аудандарына транслацияланады. Ағымдағы жылғы қазаннан бастап «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасы сандық форматта хабар таратады.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2012 жылы облыстық бюджеттен 316 909 998, 68 теңге, оның ішінде облыстық БАҚ-на 281 704 889, 68 теңге, республикалық БАҚ-на 35 205 109 теңге бөлінді.

Халықты мейлінше маңызды қоғамдық саяси оқиғалармен хабардар ету және мемлекеттік бағдарламалар мен ҚР Үкіметінің және Президенінің тапсырмаларының іске асырылу барысын көпшілікке тарату мақсатында, 23 тақырыптық медиа-жоспар әзірленіп, іске асырылды.



Ақпараттық саясат бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

мемлекеттік ақапараттық саясатты іске асыруды қаржыландыру көлемін өсіру қамтамасыз етілген;

мемлекеттік органдардың әріптестік негізінде жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі жолға қойылған.

Әлсіз жақтары:

қазіргі замандағы ақпараттық рыногттың талаптарына сай келетін кәсіпқой мамандар санының аздығы;

журналист кадрлардың құқықтық сауытының төмендігі.

Қауіптері:

өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес БАҚ-да шығуы.



Мүмкіндіктері:

мемлекеттік емес БАҚ-ын мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға тарту;

жергілікті журналист кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізу.
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру.
Қоғамдық қауіпсіздік

2013 жылдың 12 айында облыс аумағында 6380 қылмыс тіркеліп, 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың өсуі 46,1% құрады (немесе 2012 фактіге көп), бұл бұрындары «маңызы аздығына» байланысты тіркелмеген онша ауыр емес қылмыстардың, орташа ауыр қылмыстардың барлығы тіркелуіне байланысты болды.

Өзгенің мүлкін ұрлаудың өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 893 фактіні құрады (немесе 36,4%-ға). Бұзақылық 320 фактіде артық (немесе 70,5%) тіркелген.

Өңірдегі криминогенді жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында екенін атап өткен жөн.

Облыс ІІД-нің бөлімшелері 2013 жылы «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Жасырын адам», «Қаңғыбас», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Жасөспірім», «Назар аударыңыздар, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрафакт», «Іздеу», «Пәтер», «»Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізіп, бұл тұтастай алғанда өңірдегі криминогенді жағдайды оң әсер етті.

Бұдан басқа, 2012 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда Маңғыстау облысы ІІД жедел-қызметінің бірқатар негізгі көрсеткіштерінің жақсаруға беталғаны көрініп тұр. 2013 жылдың қорытындысында 2500-ден астам, оның ішінде 390 ауыр және 60 аса ауыр қылмыс ашылды.

Адам өлтіру (-2,7%, 37-ден 36-ға дейін), ауыр дене жарақаты (-16,7%, 48-ден 40-қа дейін), қарақшылық (-3,6%, 366-дан 353-ке дейін) және түрлі-түстіметалл ұрлау (-22,2%, 18-ден 14-ге кейін) саны саны қысқарды.

Көшеде жаслған қылмыстың (1,7%-ға,1010-нан 993-ке дейін), бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстың (26,2%-ға, 122-ден 90-ға дейін) мас күйінде жасалған қылмыстың (-7,4%, 146-дан 120-ға дейін) саны азайды.

Қоғамдық орындарда және қалалар мен елді мекендердің көшелерінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісінше құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, облыстың аумақтық ішкі істер органдары қоғамдық орындарда және елді мекендердің көшелерінде жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша тұрақты түрде кешенді ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдауда.

Мәселен, 2013 жылғы қарашада Маңстау облысында жол және патрульдік полиция бөлімшелерінің екі ірі саптық бөлімшесінің бірігуі болып өтті. Штат санының өзгеруіне байланысты, қоғамдық тәртіпті қорғайтын және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің де саны артты, патрульдік тексерудің бұрыннан бар бағытары толықтай қайта қаралды, сондай-ақ автопатрулдердің саны өсті.

Облыс ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері криминогендік жағдайға уақыты, аптадағы күіні, жасалған орны бойынша және көше мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар бойынша күн сайын талдау жүргізуде. Жүргізілген талдауды есепке ала отырып, патурльдік тексерудің бағытарына, қызмет атқару уақыттарына түзетулер мен өзгерістер енгізіледі.

Маңғыстау облысының аумағында ІІД 279 патульдеу бағытын, оның ішінде 228 жаяу патрульдеу бағытын, оның ішінде 6 стационарлық полиция пункті мен 51 автопатруль ұйымдастырды.

Ақтау қаласының аумағында ішкі әскердің №6656 әскери бөлімі орналасқан, бекітілген шығу мен қызмет режиміне сәйкес (ұзақтығы 6 сағат аптасына 5 рет), 120 әскери қызметші шығарылады, олар 1 полицей – жедел қызметтің 2 әскери қызметшісі схемасы бойынша бірігіп (аралас) патрульдеуге пайдаланылады. Бұл құрамалар шамамен 42 бірлескен патурльдеу бағыты мен 8 жеке патрульдеу бағытын қамтиды. Жеке нарядтардың басшысысы келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметшілер, 2автопатруль болады.

Жаңаөзен қаласында орналасқан осындай №5548 әскери бөлімнен 25 патрульдеу бағытын қамтитын 96 әскери қызметші шығарылады.

Учаскелік полиция инспекторлары 488 адаммен жеке-алдын алу жұмысын жүргізеді

Көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін одан әрі енгізу мен жетілдіру жұмысы жалғасуда. Ақтау қаласында 2013 жылғы желтоқсанда 15, оның ішінде қаланың теңіз жағалауының бойынжа 12 және Облыстың балалар үйінің жанында 3 (14 шағын ауданда) бейнебақылау камерасы орнатылып, қазір жұмыс жасап тұр. Жаңаөзен қаласында 2013 жылы Жаңаөзен қаласы ІІД ЖБО-на шығару арқылы 20 бейнебақылау камерасы орнатылды

Бейнебақылау камераларының көмегімен 12676 құқық бұзушылық анықталды және жолы қиылды (2012 жылы – 8043), 77 қылмыс ашылды (2012 жылы – 7).

6,4 мың құқық бұзушылық анықталып және жолы кесіліп, 7 қылмыс ашылды.

Бүгінгі күнге облыстың әкімшілік полициясының желісі бойынша 14 «Сақшы» отряды (58 адам), 18 студенттер отряды (142 адам), учаскелік полиция пункттері жанындағы 57 «Қоғамдастық кеңесі» (414 адам), полицияның 79 қоғамдық көмекшісі мен 44 консьерж қызмет етеді.

Қоғамдық құрамалардың қатысуымен 2013 жылдың 12 айында 279 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың көмегімен 25 қылмыс ашылды.

Қоғамдық тәртіпті қорғауға, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу мен ашуға қатысушы үздік шыққан азаматтар ақшалай қаражатпен ынталандырылады. 2013 жылдың 12 айында қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысқан және ішкі істер органдарына жәрдем көрсеткен 112 азамат 1 млн. 938 мың 720 теңге жалпы сомасында ынталандырылды.

Облыс ІІД-нің Жол полициясы басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге өзара іс-қимыл ете отырып, авариялардың алдын алу бойынша тиісті жұмыс жүргізуде. Мәселен, «Нұр Отан» ХДП облыстық филилалы өкілдерінің қатыуысен және БАҚ тартумен облыс аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шараларын өткізді.

Бұдан басқа, балалардың қатысуымен «Ақылды жүргінші» акциясы өткізіліп, оның аясында жалпы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде «Жолдос» анимациялық фильмін көрсету ұйымдастырылды, содан соң 1-5 сыныптың оқушыларының арасында әр оқушыға дискіні жеке тарату ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 12 айында әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Жол қозғалысы қағиадарын 76 мың 379 бұзушылықты (2012 жылы – 78 мың 250), оның ішінде көлік құралын мас күйінде айдаудың – 2143 (2012 жылы – 1972), қарсы қозғалыс жолағына шығудың 272 (2012 жылы – 551), белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың – 8764 (2012 жылы – 8360) және тағы басқа оғималарын анықтап, жолын кесті. Өрескел бұзушылықтардың үлесі 44,6% құрады (2012 жылы – 38,4%).

643 млн. 430 мың 369 теңге сомасында айыппұл салынып, оның 490 млн. 330 мың 841 теңгесі өндіріліп алынды. Облыс бойынша өндіріп алу пайызы 2013 жылдың 12 айында 76,21% құрады (65,89%).

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру. Маңғыстау облысының аумағында стихиялық апаттардан сақтандыру және жоюды ұйымдастыру «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 Заңына сәйкес жүзеге асырылуда.

Маңғыстау облысының аумағы түрлі техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлары туындайтын жерде орналасқан (қиратушы жер сілкінісі, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС апаттар, газды-ауа қоспалардың жарылысы, Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарындағы Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы аймақтарды су басу, қатты дауылды желдер, эпидемиялар және эпизоотиялық ошақтар және т.б).

Маңғыстау облысындағы Шетпе аулының (Маңғыстау ауданының әкімшілік орталығы) ауданындағы мүмкін төтенше жағдайлар жөнінде ескерту үшін жалпы ұзындығы 8 км 4 жер дуалы құрылған, аталған ауданның әкімінің шешімі негізінде қызмет көрсетуге «Абат» ЖШС жауапты. Сонымен қатар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ АҚ) балансында Бозашының пайда болған кен орнында Каспийдің бөгеті бар (L=46,6 км). Аталған бөгеттерді ремонттау және күшейту үшін барлық жоспарланған жұмыстар ММГ АҚ қаражатына «Ойл транспорт корпорейшэн» (ОТК) ЖШС-мен жасалады.

Қазіргі кезде Маңғыстау облысының аумағында газдың және мұнайдың жаңа кен орнын іздеуді және жасауды интенсификациялау жүргізілуде. Бұл алдағы Каспий қайраңында көмірсутекті ресурстарын ірі масштабты зерттеумен, жаңа теңіз кен орындарын жасаумен, Құрық (Қарақия ауданы), Сарытас (Түпқараған ауданы) жаңа порттарының құрылысына, Ералиев-Құрық теміржол учаскелеріне (шамамен 20 км), Маңғыстау – Форт Шевченко (140 км жуық) байланысты ерекшеленеді. Каспий теңізінің акваториясындағы табиғи көмірсутектерді қарқынды зерттеу ғаламды сипаттағы ТЖ туындау мүмкіншілігін арттырады.

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Мұнай және өзі төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау» 017 бағдарламасының шеңберінде 90-нан астам мұнай ұңғымасы жойылды. Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Ақтау қаласының жағажай аймағында суда құтқару станциясын, Мұнайлы ауданында өрт депосын салу, Ақтау қаласында жедел-құтқару тобын құру мәселесі ьтұжырымдалуда.



Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

ішкі істер органдарының, оның ішінде жол полициясының материалдық-техникалық жарақтандырылуының жыл сайын жақсаруы;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ЖБО-ның ашылуы, көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы;

Азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту;

Маңғыстау облысының аумағында стихиялық апаттардан сақтандыру және жоюдың ұйымдастырылуы

Әлсіз жақтары:

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсчіресе жастардың жұмыспен құамтылмауы, тонау, ұрлық және өзге де пайдакүнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуінің бір себебі юолып табылады;

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

автомобиль паркі мен қазіргі замандағы автомобильдердің жылдамдық сипаттмаларының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынынан асып түседі;

республикалық маңызы бар жолдардың айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта құрылымдауды, жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдар да жақсартуды қажет етеді;

аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі ТЖ туындауына бейімдігі;

аумақта БН-350 атом реакторының болуы (егер жер сілкінісі болса, өңір тұрғындары үшін үлкен қауіп тудырады).

Қауіптері:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің болмауы;

жол қозғалысына қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі;

Қазақстанмен шектесіп жатқан мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай миграциялық ағынға және оған ілеспе қылмыстарға, негізінен заңсыз есірткі, қару-жарақ айналымына, ұрлыққа ықпал етеді;

Маңғыстаудың жер қойнауында геодинамикалық белсенділік артты, бұл жер сілкінісіне әкеп соғуы мүмкін;

Каспий теңізінің қайраңындағы табиғи көмірсутектерді қарқынды зерттеу интенсификациясы ғаламдық сипаттағы ТЖ туындау мүмкіншілігін арттырады.



Мүмкіндіктері:

«мектептегі» полиция инспекторларының институтын одан әрі дамыту;

халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жалпы мемлекеттік жүйесін құру;

жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарынан және террорлық актілер салдарынан тұрғындарды қорғау, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін жетілдіру, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.



2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау
2.2.3.1. Жолдар мен көлік.

Облыс бойынша жүк тасымалдау көлемі 2011-2013 жылдары 15,6%-ға өсіп, 2013 жылы 215 млн. тоннаны құрады (2011 жылы – 186,6 млн. тонна, 2012 жылы – 207,8 млн. тонна). Тасымалдау көлемі автомобиль (211,1 млн. тонна) және теңіз (3,98 млн. тонна) көлігімен қамтамасыз етілді. Тасымалданған жүктердің негізгі көлемі облыс орталығы – Ақтау қаласына келеді (82%).

Өңір бойынша жүк айналымы оң беталысқа ие, мәселен облыс бойынша өсу қарқыны 2013 жылы 101,8% құрады. Жүк айналымы 2011 жылғы 7596,4 млн тонна/км-ден 2013 жылы 8598,7 млн. тонна/км-ге дейін өсті. Жүк айналымының негізгі көлемі де Ақтау қаласына келеді (99%).

Жолаушылар айналымы негізінен автомобиль көлігімен қамтамасыз етілуде және ол 2011-2013 жылдары 9,9%-ға артты (3666,9 жолаушы/км-ден 4033,4 млн. жолаушы/км-ге дейін). Облыстағы жолаушыларды тасымалдау бойынша негізгі көлем Ақтау қаласына келеді (73%).



Автомобиль жолдары. Маңғыстау облысындағы автомобиль желісі республикалық және облыстық маңызы бар жолдардан тұрады. Жолдардың жалпы қашықтығы 2 586,2 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 1 033 км құрайды. Маңғыстау облысындағы жолдардың қарқындылығы 1000 км-ге 13,3 км-ді құрайды, бұл көрші Ақтөбе (17,2), Атырау (18,6) және Батыс Қазақстан (30,3) облыстарына қарағанда төмен.

Қазақстанда асфальтталмаған немесе қиыршық тас төселген жолдардың орташа үлесі 341,3% құрағанда, облыстағы республикалық төселмеген жолдардың жалпы қашықтығы 37,6% құрайды.

Өңір экономикасының дамуы, облыс аумағы арқылы жүк айналымын арттыру үшін «Атырау - Ақтау» автомобиль жолының «Бейнеу - Ақтау» учаскесін жаңғырту бойынша жобаны іске асыру стратегиялық маңызға ие.

Жоғарыда көрсетілген Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта құрылымдауды қаржыландыру мақсатында, Азия Даму Банкімен (бұдан әрі – АДБ) жобаны 2015 жылға дейін іске асыру мерзімімен 1,2 млрд. теңге жалпы сомасында (800 млн. доллар – АДБ қарызы, 400 млн. доллар – РБ) шартты келісімге қол қойылып, бекітілді. Бұл ретте, АДБ-нің қарыз қаражаты 3 траншпен беріледі: 1-ші транш – «Бейнеу-Шетпе», 2-ші транш – «Шетпе-Ақтау», 3-ші транш – «Жетібай-Жаңаөзен- Түрікменстан шекарасы» және «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы».

Ағымдағы жылы облыстық, аудандық маңызы бар және облыстың елді мекендерінің автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға, сондай-ақ олардың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 2,6 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жолдары салынып, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында облыстағы автомобиль жолдарын күрделі, ағымдағы және орташа жөндеуге 342,3 млн. теңге бөілініп, игерілді.

Теміржол желісі. Маңғыстау облысындағы теміржол желісі Бейнеу - Өзбекстан шекарасы (125 км), Бейнеу – Ақжігіт (90 км), Бейнеу – Маңғыстау (404 км), Маңғыстау - Жаңаөзен (178 км) үшін ҚТЖ учаскесінен және Қазкортранссервистің басқарушылығындағы Ақтау теңіз порты мен Маңғышлақ станциясы арасындағы учаскеден (18 км) тұрады. Маңғыстау облысының барлық темір жол учаскелері бір жолды және электрленбеген. Облыс шегіндегі барлық учаскелерде автоматты сигнал беру және телекоммуникация жүйесі орнатылған.

Жалпылай қолданылатын темір жолдарының жалпы республикалық пайдалану ұзындығындағы Маңғыстау облысының үлесі - 5,2%. Маңғыстау облысының темір жолдарының жиілігі 1000 шаршы км аумаққа 4,73 км (республика бойынша – 5,41). Республикадағы темір жолдардың жиілігі және ұзындығы бойынша облыс 10 орында тұр.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, Иранға және Парсы шығанағы елдеріне шығуды қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009-2012 жылдары жалпы ұзындығы 471 км болатын «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салу жөніндегі жобас іске асырылды.

Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері 2013 жылғы мамыр айында Болашақ станциясы (Қазақстан) – Серхетяка станциясы (Түрікменстан) өткелінде елдер арасындағы тікелей темір жол қатынасын ашты. Осы дәліз жүк ағынының Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі Парсы шығанағының елдеріне шығуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы – Тассай станциясы» учаскесінде салу жобасы іске асырылуда. Жоба мақсаты Қазақстанның Орталық өңірі мен Достық станциясын арақашықтықты 1200 километрге дейін қысқарту арқылы Қазақстанның Батыс өңірі мен одан әрі Еуропаға жүйтердің тікелей шығуын қамтамасыз ету болып табылады.

Теңіз жолдары. Облыста Ақтау және Баутин екі порты жұмыс істейді, сондай-ақ мұнай экспорттау үшін Құрық порты салына бастады. Қазіргі кезде теңіз көлігінің серпінді дамуы байқалады.

Орташа алғанда, жыл сайын теңіз порттары арқылы шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып, тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, бидай, контейнерлер, тасты тау жыныстары және жүктер құрайды. Бұл ретте, Ақтау порты экспорттық қатынаста жұмыс істесе, Баутин порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.

Қазіргі кезде порттар жоба қуаттылығының шегінде жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта Ақтау портының бұрыннан бар инфрақұрылымын қайта жаңғырту, Баутин портын одан әрі дамыту және Құрық портын салу жоспарлануда.

Ақтау теңіз сауда порты Ақтау қаласы орталығының оңтүстік жағында орналасқан және Қазақстандағы жалғыз халықаралық порт болып табылады. Негізгі ауыстырылып-тиелетін жүктер - шикі мұнай мен жүктер. Кеңес үкіметі кезінде 1963 жылы салынған порт ең алдымен мұнай экспорттады (1980 жылдардың басында жыл сайын шамамен 7 млн. тонна) және жүкті ауыстырып тиеу көлемі ешқашан 300 мың тоннадан аспады. Қазақстандық металлдарды, сондай-ақ Теңізшевройл (ТШО) серіктестігінің мұнайын экспорттауға байланысты тасымал көлемі 1995 жылдан өсе бастады. Жүктерге қызмет көрсету бойынша тиеу-жүктеу кешенінің мүмкіндіктері жылына 1,5 млн. тоннаға, ал мұнай 8 млн. тоннаға дейінгі деңгейге жеткізілді.

Ақтау порты ТРАСЕКА, Солтүстік – Оңтүстік атты үш халықаралық көлік дәлізінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі жалпы көлемі шамамен 10 миллионнан астам тоннаны, оның ішінде 6,3 млн. тонна мұнайды, 0,7 млн. тонна болатты және 574 мың тонна өзге жүктерді құрады. Астық пен паромдық жкүтерді ауыстырып тиеу көлемі тиісінше 527 және 1978 мың тонннаны құрады.

Жүктерді жалпы ауыстырып тиеудің жалпы көлемінің 2012 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға төмендегені байқалады, бұл мұнай (11,2%-ға) мен болатты (48,6%-ға) ауыстырып тиеу көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

Ақтау порты арқылы ауыстырылып тиелетін мұнайдың 50%-нан астамы сауда флоты 6 меншікті және шамамен 20-сы жалға алынатын танкерден тұратын отандық «Қазтеңізкөлікфлоты» » ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы арқылы жеткізіледі. Бұл ретте, жүктерді тасымалдау толықтай шетелдік кеме компаниларымен қамтамасыз етіледі.

Кеңес Одағының уақытынан бастап Құрық порты Махачкаладан Ресейге тасымалданатын жүктерді Ақтау теңіз портына жібергенге дейін уақытша сақтау базасы ретінде болмашы рөл атқарды. Қазіргі кезде пайдаланылмауына қарамастан Ақтау портынан оңтүстікке қарай 75 км-де орналасқан зәкірге арналған объект әлі де сақталуда.

Құрық портының ауданындағы теңіздің тереңдігі 8 метрді құрайды. Құрық порты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен қосылу үшін Әзірбайжанға мұнай тасымалдау үшін жүк ауыстырып тиеу пункті ретінде белгіленген.

Теңіз портын және Құрық жұмысшы кентін дамытудың бас жоспары іске асырылуда. Бұл ретте, Құрық жұмысшы кентінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы теңіз кен орындарын игеру бойынша толыққанды жұмыстар бастауға іс жүзінде дайын.

Паромдық тасымалдар үшін ауыстырып тиеу пунктін құру мақсатында, «Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ Құрық портында темір жол-паром кешенін салуға ТЭН әзірледі.

Теңіз портының 19 объектісінің ішінен қуаттылығы 40 мың тонна метал конструкциялары болатын «Ерсай» Каспий верфінің құрылысы аяқталып, жағалаулық инфрақұрылым объектілерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қосалқы станция мен электрлендіру желілері салынып, пайдалануға берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай құю терминалының құрылысына ТЭН әзірлеуде. Резервуар паркі және мұнай құю терминалы бар «Ескене - Құрық» мұнай құбырын салу бойынша ТЭН әзірленген.

«Эни» компаниясымен бірге «Кеме жасау – кеме жөндеу зауыты» жобасы әзірленуде. Металл конструкцияларды өндіру бойынша зауыт пен теңіз табанын тереңдету флотының базасын салу үшін серіктестер мен инвесторлар іздестіру жүргізілуде.

Паром кешенінің құрылысы 2013-2016 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі кезде Баутинде ұсталған теңіз кемелеріне арналған айлақтың (айып тұрағы) құрылысын жоспарлау басталды. Айып тұрағын салу жобасының құны (ТЭН) шарт бойынша 54,2 млн. теңгені құрайды.



Баутин порты – теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайданылып, мұнай өндіруші компаниялар үшін жүк (жабдықтар, құрылыс материалдары, жанар-жағармай материалдары және т.б.) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутин портында негізінен Каспий теңізінің айдынын игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасқан.

Портта 2003 жылы «Теңіз Сервис» серіктестігінің тау жынысын түсіру бойынша айлақ кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, порт аумғында «Аджип ККО» серіктестігінің өндірістік базалары мен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-ның «Баутин жүк ауданы» бөлімшесі орналасқан. Қуаттылығы жылына 60 кеме болатын кеме жөндеу зауыты пайдалануға берілген.

Бұдан басқа, Сартас шығанағының жағалаулық инфрақұрылымын дамыту, теңіз операцияларын қолдау базаларын кеңейту және Түпқараған және Маңғыстау аудандарының (Таушық, Шетпе ауылдары) шикізат аумақтарынан құрылыс материалдарын жеткізудің жылдамдығы мен арақашықтығын қысқарту арқылы айлақтар салу мен жер бетіндегі коммуникацияларды дамыту арқылы перспективалары бар.

Көліктік инфрақұрылым бойынша SWOT-талдау:

Маңғыстау облысы стратегиялық маңызды халықаралық транзиттік теңіз торабы болып табылады. Осыған байланысты, облыстағы көлік инфрақұрылымының дамуына аса назар аудару керек. Өңір бойынша инфрақұрылымды жақсарту бойынша оң беталыс байқалады.



Күшті жақтары:

облыс аумағы арқылы «Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің өтуі үшін оңтайлы географиялық орналасуына қарай маңызды транзиттік әлеуетінің бар болуы.



Әлсіз жақтары:

облыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтардың (Түпқараған ауданы, Қарақия ауданының шекара бойындағы аумақтары) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, темір жол қатынасының болмауы;

транзиттік автомобиль жолдарының көптеген учаскелеріндегі жолдар мен инфрақұрылым жағдайының халықаралық және ішкі стандарттарға сай келмеуі.

Қауіптері:

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы.

облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.

Мүмкіндіктері:

транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облыстыі дамуы.
2.2.3.2. Ақпарат және коммуникациялар

Ақпараттық инфрақұрылым. 2009 жылдан бастап жергілікті желі құрылды, облыс әкімдігінің жергілікті желілерінде жұмыс істейтіндердің саны 1250 адамды, бұл пайыздық қатынаста облыс бойынша жалпы штат санының 100%-ын құрайды. Жергілікті атқарушы органдардың барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін Бірыңғай тасымал ортасы жұмыс істейді. Бірыңғай тасымал ортасын «Kazsatnet» АҚ ұсынды.

Маңғыстау облысының ақпараттық телекоммуникациялық инфрақұрылымын құру және оны қамтамасыз ету бойынша кешенді шешімді іске асыру мақсатында бүкіл облысты бірыңғай желіге қосуды қамтамасыз ететін серверлік телекоммуникациялық жабдық сатып алынды. Облыс әкімдігінің ғимаратындағы орталық сервердің және қалалық әкімдіктің ғимаратындағы резервті МӨО құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Әкімдікке ведомстволық мемлекеттік мекемелердің ішінде, соның ішінде аудандық, ауылдық округтерде 2011 жылдан бастап байланыс операторлары бөлген IP-VPN желілерін жалға алу арқылы әкімдіктің орталық серверіне қосылатын жергілікті желілер орнатылуда.

Бүгінгі күнге «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін енгізілді, оның аясында жергілікті атқарушы органдардың барлық лицензиялары мен мейлінше талап етілетін рұқсат беру құжаттарын электрондық пішінге көшірілді. Қазіргі сәтте электрондық пішіндегі барлық лицензиялар мына басқармалармен: денсаулық сақтау басқармасымен (фармацевтикалық қызметке арналған лицензия, медициналық қызметке арналған лицензия), ауыл шаруашылығы басқармасымен (жануарлардан шығатын шикізаттан жасалатын өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларын ашуға арналған лицензия, астықты өлшеуге, құрғатуға, тазартуғаға, сақтауға және тиеуге қабылдауға арналған лицензия), Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен (заңды тұлғалардың түсті және қара метал сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша) беріледі.

Әкімдік қызметкерлерінің компьютерлеріне және серверге вирусқа қарсы бағдарламалар сатып алынып, орнатылды.

Облыс әкімінің өңір деңгейінде облыстардың және облыстың қалаларының, аудандарының әкімдіктерімен бейне селекторлы кеңестерді өткізуге мүмкіндік беретін бейнеконференциялық байланыс жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.

Облыс әкімдігінің 90 мемлекеттік мекемесінде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілді. 2012 жылдың аяғына қарай аудандық деңгей кесінінде электрондық құжатайналымға өту аяқталды.

«Е-Region» ресурстарды басқарудың бағдарламалық кешені арқылы облыстағы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін паспорттау жүргізілді.

Облыс әкімдігінің ресми сайты жұмыс істейді (www.mangystay.gov.kz). Құрылған сайтпен 78 ақпараттық е-қызмет және 2 интерактивті қызмет көрсетіледі.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың ресми сайттары әзірленіп, жұмыс істейді.

Телекоммуникация және байланыс. Соңғы жылдары байланыс қызметінен түсетін кіріс бойынша теріс беталыс байқалады. Байланыс қызметтерінің НКИ 2013 жылы 94,9% құрады (2012 жылы – 107,6%, 2011 жылы – 122,2%). Төмендеу Интернет-байланыстан түсетін кірістердің төмендеуімен байланысты болды. Алайда, кейбір статистикалық деректердің дұрыс емес екені анықталды (мәселен, кейбір байланыс операторларының деректері өңірлер бойынша көрсетілмейді, компаниялардың бас кеңселері орналасқан аумақтарда ғана көрінеді).




Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

4

Байланыс қызметінің көлемі

млн. теңге

6574,0

7883,3

8089,0

7843

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті. Интернет қолданушылар тығыздығы 2009 жылы – 100 тұрғынға шаққанда 20,9-ды құрады, 2015 жылға қарай 36% құрайды, Интернет желісіне кең жиекті қол жеткізу көрсеткішінің тығыздығы 2015 жылға қарай – 100 тұрғынға шаққанда 22,2-ні құрайды.

Халық саны 1000 адам және одан артық облыстың барлық елді мекені 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

2012 жылы халықты «OTAU TV» ұлттық спутниктік телехабар тарату желісіне қосу басталды. Облыстың барлық елді мекендерінде «OTAU TV» қондырғылар бар. Бүгінге 37842 абонент қосылған.

Жергілікті бюджеттен 2012 жылы аз қамтылған 275 отбасына қосуға 9,1 млн. теңге бөлінді. Қалған 763 аз қамтылған отбасына «OTAU TV» ұлттық теледарлама желііне қосуға 2013 жылы 24,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде абоненттерді қосу аяқталуда.

Облыстағы ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» АҚ-ның 7 пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді.

Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы инфотелекоммуникациялық желілердің дамуы;

жұмыс сапасының және мемлекеттік органдар қызметі ашықтығының көтерілуі.

Әлсіз жақтары:

қалалық және аудандық деңгейде ЭҚАБЖ мен бірыңғай тасымал ортасының жеткілікті дамымауы;

жоспарлар мен өзге әлеуметтік маңызды жобалардың орындалуын қолда бар қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бақылау жүйесі дамуының сәйкессіздігі;

Мүмкіндіктері:

ақпараттық жүйелердің одан әрі дамуы, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігінің көтерілуі;

мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлері арасындағы өзара байланысты жүзеге асыруға уақыттың қысқаруы;

Қауіптері:

ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі іс-шараларды жеткізе қаржыландырмау;

веб-сайттарды уақытылы жаңартпау, қолда бар жүйелерді тиімсіз пайдалану,
2.2.3.3. Құрылыс

Маңғыстау облысында 2013 жылы 593 құрылыс ұйымы өз қызметін жүзеге асырды (2011 жылы – 402, 2012 жылы – 765). Орындалған құрылыс мердігерліқ жұмыстарының көлемі 2013 жылы 154,3 млрд. теңгені құрады, бұл 201 жылдың деңгейінен 1,1 есе асып түседі.

Құрылыс жұмыстары облыстың барлық аудандары мен облыстарында, Бейнеу ауданында белсенді дамуда, Бейнеу ауданына 2012 жылы мердігерлік жұмыстардың барлық көлемінің 8,9%-ы келеді, 2013 жылы да Бейнеу ауданының үлесі 27,2% құрады. Облыстың аудандарынан мпйлінше жоғары үлес 2013 жылы Ақтау қаласында – 18,8%, Маңғыстау ауданында – 15,8% құрады. Жаңаөзен қаласында мердігірлік жұмыстардың барлық көлеміндегі үлес 13,2% құрады.

Негізгі беталыс ретінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді атауға болады. Жеке тұрғын үй салушылар негізгі рөл ойнай бастады, егер 2012 жылы олардың үлесіне 81,4% келсе (2011 жылы – 85,9%), 2013 жылы жеке тұрғын үй салушылардың үлесі 92,4% құрады. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру 2013 жылы 1544,2 млн. теңгені немесе тұрғын үйге салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 7%-ын құрады (2011 жылы – 1716,8 млн. теңге немесе 5,5%, 2012 жылы – 4424,6 млн. теңге немесе 18,2%).

Тұтастай алғанда, 2013 жылы жалпы ауданы 532735 мың шаршы метр болатын 3209 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Аудандар мен қалалар бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру үлесі2013 жылы: Ақтау қаласында – 24,8%, Жаңаөзен қаласында – 16,2%, Бейнеу ауданында – 11,5%, Қарақия ауданында – 7,7%, Маңғыстау ауданында – 7,1%, Мұнайлы ауданында – 27,7%, Түпқараған ауданында – 5,1% құрады.

Салынған тұрғын үй көлемінің мейлінше артуы Мүнайлы ауданында байқалады.

Облыста салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданының көлемінде Мұнайлы ауданы (27,7%), Ақтау қаласы (24,8%) жәнен Жаңаөзен қаласы (16,2%) мейлінше жоғары үлес салмақты алады.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салу (жалдамалы тұрғын үй) бағытына 1 млрд. 50 млн. теңге бөлінді. Облыстың барлық аудандарында 31 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.

Жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй бағыты бойынша Ақтау қаласында жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метр болатын 100 пәтерлік тұрғын үй және 40 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік ведомстволық тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы үлескерлік құрылыстың екі проблемалық объектісінің құрылысын қайта жалғастыруға 80 млн. теңге сомасына қаржылай көмек көрсетілді («ДАВ-2» ЖШС-нің 17 шағын аудандағы және «РАП-Құрылыс» ЖШС-нің 12 шағын аудандағы кеңселік орынжайлары бар көп пәтерлік тұрғын үйлері). Жұмыстарды 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.

Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

соңғы жылдары мердігерлік жұмыстардың, жеке тұрғын үй салудың көлемі өсті;

азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділік деңгейі өсуде (тұрғын үй салудың дамуының негізгі көрсеткіші жылына бір адамға шаққандағы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші болып табылады). Облыста 2013 жылы бір адамға 0,91 шаршы метр пайдалануға берілді (мейлінше дамыған елдерде бұл көрсеткіш жылына бір адамғ шаққанда шамамен 1 шаршы метр болып келеді);

мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында әлеуметтік объектілердің құрылысы әске асырылуда.



Әлсіз жақтары:

жеке тұрғын үй салушылар үшін жеңілдетілген кредиттер көздестірілмеген.



Мүмкіндіктері:

жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй салуды қамтамасыз ету;

кредиттік тұрғын үй салу және сатып алынған тұрғын үй есебінен халықтың кең жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

тұрғын үй салу аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.



Қауіптері:

құрылыс жұмыстарының тоқтауы, жұмыс жүргізу кестесінен қалып қою, бюджеттік қаражатың игерілмеуі;

отандық құрылыс материалдарының шетелдіктермен салыстырғанда қымбат болуы (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.), құрылыс саласының құлдырауы.
2.2.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Электрмен жабдықтау. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС облыстағы электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және облыс тұтынушыларының 90%-дан астамын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстау облысын электр энергиясымен, ал Ақтау қаласын және оған жақын орналасқан аудандарды ауыз сумен және жылу электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын өндіру бойынша энергия кешенінің орнатылған қуаттылығы 1342 МВт, болжалды қуаттылығы - 980 МВт, жылу энергиясы - 1101 Гкал; тұщыту сүзу құрылғылардың болжалды қуаттылығы (СТҚ) 2825 сағ/тонна құрайды, ауыз суды дайындау бойынша - 70 мың текше м./тәулік құрайды. 2009 жылы кәсіпорынмен 2008 жылға қарағанда 4018,6 млн.сағ. кВт. өндірілді немесе 97,7%. 2011 жылы электр энергиясын өндіру 4 506,3 млн. сағ. кВт көлемінде өндірілді. Облыстың елді мекендерін электрлендіру 100%-ға жеткізілді.

Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығына байланысты экономиканың қарқынды көтерілуі энергия ресурстарын тұтынудың кенеттен өсуіне алып келді. Өңірдің тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуінің сенімді кепілі электр желісі объектілерін және электр өндіру көздерін озық дамыту болып табылады. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің базасында қуаттылығы 250 МВт бу-газ энергия блогын салу мәселесі қаралуда.

Электр энергиясын облыстың қалалары мен аудандарына тасымалдау «Маңғыстау электр таратушы желілік компаниясы» АҚ-ның (МЭТК), Ақтау қаласы бойынша «АУЭС» МКК-ның электр желілері бойынша жүргізіледі.

Қазіргі кезде электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 8699,26 км-ді, ТП, КТП – 1262 бірлікті, оның ішінде коммуналдық меншіктегі 2812,03 км-ді, жекеменшіктегі 5611,52 км-ді құрайды. Желілердің тозуы 63,5%-ды немесе 5526,15 км-ді, оның ішінде коммуналдық меншікте 823,68 км-ді немесе 24,4%-ды құрайды. Осы көрсеткіштің көп бөлігіні Ақтау қаласы желілері мен ТП, КТП-ларының тозуы құрайды - 52% немесе 360 км.

Осыған байланысты, «МЭТК» АҚ, АУЭС» МКК бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілері мен ТП-ларға жыл сайын ағымдағы, күрделі жөндеулер жүргізіп, қайта құрылымдайды. Мәселен, кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 2012 жылы 693,55 км, 592 ТП жөнделді. 211,562 млн. теңге сомасындағы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Ақтау қаласындағы бір трансформаторлық 20 қосалқы станцияны екі трансформаторлық қосалқы станцияға ауыстыру арқылы қайта құрылымдау жүргізілуде. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында 300 млн. теңге сомасына бұрыннан бар трансформаторлық қосалқы станцияларды, бөлу пункттерін қайта құрылымдау және кеңейту жүргізілуде. Электрмен жабдықтау жүйесін қайта құрылымдау бойынша бірқатар жобалар қаржыландырылған және жоғарыда көрсетілген жобаларды аяқтаған жағдайда, облыс бойынша тозу 2013 жылы 50,18%-ға дейін, 2014 жылы 48,52%, 2015 жылы 46,92% құрамақ. Электр энергиясын есептеу құралдарымен жарақталу 100% құрайды.

Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі облыстың энергия үнемдеу саласындағы ірі энергетикалық кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуде. Аталған кәсіпорындар энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар әзірлеп, онда жабдықтарды жөндеу, қайта жаңғырту, «МЭТК» АҚ, «АУЭС» МКК объектілерінде 2013 жылдан бастап электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға беру, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдейтін лампалар пайдалану бойынша іс-шаралар көздестірліген.

Тұрғындар арасында электр энергиясын үнемдеуді насихаттау мақсатында «Лада», «Тумба», «Огни Мангистау» сияқты жергілікті газеттерде энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұтымды және тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша мақалалар басылуда.



Қайта қалпына келетін энергетика. Бүгінге энергияны қайта жаңарту негізін қолдана отырып энергетиканы дамытуға аса назар аударылады. Жалпы Маңғыстау облысының желді күш-қуаты жақсы. БҰҰ дамыту бағдарламасының мамандарымен біздің облысымыздың желді күш-қуатын бағалау бойынша зерттеу жұмыстары жасалды, осыған байланысты желді электро станциясын салу үшін Түпқараған ауданында алаң таңдалды. Форт Шевченко үлкен мөлшерде электр энергиясын өндіру үшін желді энергетиканы қолдану мүмкіндігі бар, жоғары желді жүктеме аймағында орналасқан. Облыс әкімдігі қайта жаңару энергиясын қолдану бойынша жобаны іске асыру үшін шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Түпқараған ауданында жалпы қуаттылығы 62 МВт жел электр станциясының құрылысы жоспарлануда. «DMK-Ko» Оңтүстік-Корея серіктестігімен бірігіп «Каспий ӘКК» ҰК» АҚ қуаттылығы 20 МВт ЖЭС салуға ТЭН әзірлеуде. Сондай-ақ, аталған ауданда «SWP» ЖШС 2013 жылы іске асыратын қуаттылығы 42 МВт ЖЭС салу жоспарлануда.

«Energy Worldwide Holding» компаниясы облыстың Қарақия және Маңғыстау аудандарында жалпы қуаттылығы 100 МВт ЖЭС салуды жоспарлауда.

Жылумен жабдықтау. Облыс бойынша 100 Гкал-дан асатын барлығы 3 бірлік, оның ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтары, «Өзенжылу» МКК-ның қазандығы бар. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар саны – 126 бірлік.

Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау ауылында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 58% құрайды.

Ақтау қаласында жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.

Жаңаөзен қаласында жылумен жабдықтау «Өзенжылу» МКК-ның ортиалық қазандығымен жүргізіледі.

Аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды қазандықтар мен газ қазандары қолданылады. Оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру экономикалық тиімсіз.

Коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 697 км. Желілердің тозуы 80% құрайды.

Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін және жылу энергиясының жоғалуын азайту үшін, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарлама аясында 4 құбырлы жүйеге ауыстыру және қаланың 365 қоғамдық және тұрғын ғимаратында жеке жылу пункттерін орнату арқылы бұрыннан бар жылу желілерін қайта құрылымдау және кеңейту 100℅ жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік саланың және көп қабатты тұрғын үйлердің барлық обьектілері жылу энергиясымен қамтамасыз етілді

Сондай-ақ, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты қайта құрылымдау жүргізілуде, ол 4 кезеңге бөлінген. 1,2,3 кезеңдер 100% орындалды, 4 кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2010 жылы 1 364 080 теңге қаражат бөлінді. Осы жоба 2010 жыл мен 2014 жыл аралығында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылуда.

Бүгінгі күнге Ақтау қаласының жеке тұлғаларына 53 жылу энергиясын есептеу құралы орнатылды. 2014 жылы барлығы 548 есептегіш орнатылмақ.

Заңды тұлғаларға 283 жылу энергиясын есепке алу құралы орнатылды. Бүгінгі күнге заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.

Еуропа жаңғырту және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен «ТВСиВ» МКК Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне жаңғырту жүргізуді жоспарлауда. Кредиттік шарт қол қою сатысында. Осы жобаның аясында шамамен 66 км жылу желісін қайта құрылымдау, әрбір ғимаратта жылу есептегіш құралдары бар автоматты жеке жылу алмастырғыштар орнату, яғни, 334 ғимаратты «ашық» жүйеден «жабық» жүйеге ауыстыру жоспарланған. Осы жобаны іске асыру энергия үнемдегіш оқшаулауалды құбырларын пайдалана отырып, Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік бермек.

2010 жылы 70 км, 2011 жылы 31,2 км, 2012 жылы 21,9 км, 2013 жылы 13 км жылу желісі ауыстырылды, , 2014 жылы 12 км, 2015 жылы 34 км жылу желісін ауыстыру жоспарлануда.

Жылумен жабдықтау желілерінде орын алған апаттар мен өшірулер саны 2010 жылы - 698 бірлікті, 2011 жылы - 616 бірлікті, 2012 жылы - 484 бірлікті, 2013 жылы - 460 бірлікті құрады, 2014 жылы - 425 бірлікті, 2015 жылы - 360 бірлікті құрамақ.

Газбен жабдықтау. Қазіргі таңда облыстың елді мекені 100% газбен қамтылған. 2011 жылы табиғи газдың табысы 2416,63 млн.м3 құрады. 2011 жылы облыс бойынша табиғи газды тұтыну 2 415,05 млн.м3 құрады.

Облыстың тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, республиканың басқа өңірлеріндегі газбен қамтушы ұйымдардың жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ базасында газ тарату және жабдықтау бойынша көрсетілетін қызмет тарифін реттейтін, желілерді қата құру және жөндеу бойынша бірыңғай техникалық саясатын жүргізетін бірыңғай оператор құрылды.

Маңғыстау облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 2177,08 км-ді құрайды, оның ішінде 1966 км облыстың бірыңғай газ операторы ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның республикалық меншігінде, 211 км «Ақтаугазсервис» АҚ-ның жеке меншігінде. Желілердің тозуы 70% құрайды.

Қалалық жердегі сумен жабдықтау. Өңір шөлейтті аймақта орналасқан, су ресурстары өте аз. Облыстың табиғи байлықтарын игеру, экономиканың қарқынды дамуы үшін жеткілікті жағдай құру сапалы судың көп көлемін қажет етеді. Бүгінге облыстың тұщы суға деген қажеттілігі негізінен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің су тұщыту қондырғыларымен, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышы бойынша тасымалданатын еділ суымен қамтамасыз етіледі.

Облыс бойынша барлығы 3 қала бар – Ақтау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко.

Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 92,6%-ды, дәлірек айтқанда Ақтау қаласы бойынша - 100% («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Құйылыс кен орны), Жаңаөзен қаласы бойынша 85% (Астарахань-Маңғышлақ, Түйесу, Сауысқан кен орындары) құрайды. Форт-Шевченко қаласы бойынша сумен жабдықтау көзі орталықтандырылған емес (Кетік кен орны, Баута зауыты).

Облыстың қалаларындағы коммуналдық меншктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 808,7 км-ді құрайды. Су құбырлары желілерінің 517,87 км-і немесе 50,6%-ы тозған. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Ақтау қаласы желілерінің тозуы құрайды - 78% немесе 315,37 км.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК ЕДЖБ-нің қарыз қаражаты есебінен Ақтау қаласының № 1, 2, 3, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандарының су құбырлары желілеріне қайта құрылымдау жүргізуге шарт жасасты. Жобалардың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобаның сметалық құны – 1,215 млрд.теңге. 2014 жылға ауыстырылған аталған жобаны жүзеге асырудың бастамасына 2013 жылы республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бөлінді. 2014 жылы республикалық бюджеттен 307,442 млн.теңге қарастырылды. Обьектіні 2014 жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.

Приморский тұрғын жай алабын сумен жабдықтауды, Форт-Шевченко қаласының ауыз су құбырын салуды 2014 жылы, Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарының сумен жабдықтау жүйесін салуды 2015 жылы аяқтағаннан кейін облыстағы қала халқын 100% сумен жабдықтауға қол жеткізілмек.

2010 жылы – 33,7 км, 2011 жылы – 64,4 км, 2012 жылы – 10 км қалалық сумен жабдықтау желілері ауыстырылды, 2013 жылы – 27,5 км, 2014 жылы – 23,3 км, 2015 жылы – 23,3 км сумен жабдықтау желісін ауыстыру жоспарлануда.

Нәтижесінде апаттар мен өшірулер саны 2010 жылы – 1907 бірлікті, 2011 жылы – 1629 бірлікті, 2012 жылы – 997 бірлікті құрады. 2013 жылы 853 бірлікті құраса, 2014 жылы – 767 бірлікке дейін, 2015 жылы – 649 бірлікке дейін төмендету жоспарлануда.

Облыстың қалаларындағы суды есепке алу құралдарымен халықтың жарақталуы 2010 жылы – 91,5%, 2011 жылы – 92,6%, 2012 жылы – 93%, 2013 жылы - 100% құрады.

Ауылдық жердегі сумен жабдықтау. Облыс бойынша барлығы 17 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Түйесу, Сауысқан, Құйылыс, Торорпа, Онды, Шайыр кен орындары), 34 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады (Сам, Қарағайлы, Аққұдық, Ақмыш, Сауысқан, Ұланақ, Тұщыбек, Бекі, Боздақ кен орындары), 8 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады (Басқұдық кен орны).

Бұл ретте, ауыл халқының 28%-ы (68 088 адам) орталықтандырылған сумен жабдықтауға рұқсаты бар.

Ауылдық елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 495,14 км. 99 км немесе 17% су құбырларының желісі тозған.

2011 жылы – 142,7 мк, 2012 жылы – 163,7 км, 2013 жылы – 28,4 км, ауылдық су құбырлары желісі салынып, 2014 жылы 150,6 км, 2015 жылы 335,6 км желі салу жоспарлануда.

Облыстың ауылдық елді мекендеріндегі халықтың суды есепке алу құралдарымен жарақталуы 2011 жылы – 10%, 2012 жылы – 11,1%, 2013 жылы – 20,8% құрады, 2014 жылы – 23,3%, 2015 жылы – 57,7%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Су бұру. Су бұру және ағызынды суларды тазарту жүйелерімен тек Ақтау мен Жаңаөзен қалалары жабдықталған. Облыс бойынша 31 канализациялық құрылыс жұмыс істейді. Коммуналдық меншіктегі канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 421 км-ді құрайды, оның 332 км-і ауыстыруды қажет етеді. Канализация желілері 30 жылдан астам пайдаланылуда, және олардың 79%-ы, канализациялық сорғы станциялары 80%, канализациялық тазарту құрылыстары 90% ескірген.

Бүгінгі күнге су шаруашылығы және канализациялық жүйелер қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың көпшілігі қаржылық орнықтылықтың төменгі дәрежесіне ие және шығынды болып табылады. Осы жағдайда кәсіпорындардың су шаруашлығы және (немесе) канализациялық жүйелер қызметтеріне арналған тарифтері мен халықтың табысының арасындағы айырмашылық проблема болып қалуда (осы кәсіпорындардағы менеджмент деңгейі есепке алынбайды).

Ақтау (КОС-1, КОС-2) және Жаңаөзен (КОС) қалаларында орталықтандырылған су бұру пайдаланылады.

Халықтың орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі 74% құрайды. АЕМ-дерде көбінесе септиктер орналастырылатын ЖТС салынған (бір және екі қабатты жеке үйлер/коттедждер).

Форт-Шевченко қаласындағы тұрмыстық канализация құрылысын 2014 жылы, Шетпе ауылындағы канализация жүйесін 2015 жылы аяқтаған жағдайда, халықтың орталықтандырылған су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 2014 жылы - 55,7%, 2015 жылы – 57,9% құрамақ.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК ЕЖДБ-нің қарыз қаражаты есебінен 3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандарындағы ұзындығы 24,1 км болатын өзі ағатын канализациялық желілерді, №12 көше бойындағы өзі ағатын коллекторды және КНС – 1а, 2, 5, 10 арынды коллекторларын қайта құрылымдауға арналған шарт жасасты. Аталған жоба республикалық бюджеттен 254,180 млн.теңге бөлініп 2014 жылдан бастап іске асады. 2015 жылға ауыстырылған обьект болып табылады.

2010 жылы – 3,7 км, 2011 жылы – 7,1 км, 2012 жылы - 2,4 км су бөлу желісі ауыстырылды, 2013 жылы - 30,445 км су бұру желісін ауыстырылды, 2014 жылы – 4,2 км, 2015 жылы – 4,5 км су бұру желісін ауыстыру жоспарлануда.

Нәтижесінде, су бұру желілеріндегі апаттардың төмендеуі жыл сайын байқалуда. Мәселен, 2010 жылы апаттар мен өшірулер саны 4828 бірлікті, 2011 жылы 4388 бірлікті, 2012 жылы 2891 бірлікті, 2013 жылы 2024 бірлікті құрады. Осы көрсеткіштің көп үлесін Жаңаөзен қаласының желілері құрайды.



Тұрғын үй қоры. Статистика деректері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 4 087 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке меншік 98,5% құрайды.

Тұрғын үй қорының көп бөлігі – 1960-1970 жылдары салынған панел, блок және кірпіш үйлер.

Кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі үйлердің) жалпы саны 1381 объектіні (4087 мың шаршы метр) құрайды, оның ішінде 353 кондоминимум обьектісі тіркелген. Облыстың тұрғын үй қорының көп деңгейі тозған. Қазіргі кезде 1 158 мың шаршы метрден астамы немесе 28%-ы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді және 104 үй (23,24 мың шаршы метр) немесе 2,2 пайызы тұру үшін жарамсыз ретінде бұзуға жататын апатты үйлер болып табылады.

Шатырларға байланысты аса ауыр жағдай Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орын алуда. Соңғы жылдары жауын-шашынның мөлшері артты. Үйлердің шатырларының конструкциялары қорап тәрізді және нөсер жаңбыр жауған жағдайда бассейнге айналады. 80-100 мм диаметрде жасалған суағарлар судың жақсы ағуына мүмкіндік бермейді, соның нәтижесінде көптеген үйлердегі шатырлар іс жүзінде апатты жағдайда. Үйлердің қасаңбеттері мен кіреберістері де ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесінің төмендеуі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілуде.

Мәселен, 2011 жылы 17 мың шаршы метр жөнделді, бұл күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 1,5%-ға төмендетті.

Осы бағыттағы 2012 жылы жұмысты жалғастыру үшін Бағдарлама аясында 23 мың шаршы метрді жөндеу жоспарлануда, тиісінше үлесті 2%-ға төмендетпек.

2013 жылы 23 мың шаршы метрдлі жөндеу немесе үлесті 2%-ға азайту, 2014 жылы 35 мың шаршы метрді жөндеу немесе осы көрсеткішті 3%-ға азайту, 2015 жылы 24 мың шаршы метрді жөндеу немесе осы көрсеткішті 2%-ға азайту жоспарлануда.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

облыстың елді мекендерін электрмен және газбен қамтамасыз ету 100%-ға жетті;

электр энергиясын үнемдеу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Әлсіз жақтары:

жылу желілерін, газ құбырлары мен электр желілерін қайта құруды, жаңғыртуды және дамытуды қаржыландырудың жеткіліксіздігі.



Қауіптері:

табиғи газдың берілу құнының бағасының өсуі энергия ресурстарына тарифтерінің жылу құрамасының артуына әкеледі.

электр энергиясын және ескіруген тұшытушы жабдықтың фонында судың барлық түрлерінің тұтыну көлемінің жыл сайын 6-8%-ға артуы, 2012 жылдың басында терең тазарту дистиллятының тапшылығына әкеледі;

МАЭК қуаттылығы қорының 2015 жылға қарай 200 МВт дейін түгесілуі.



Мүмкіндіктері:

көлденең-құбырлы пленкалы буландырғыш базасында тұшытушы қондырғысының құрылысы шаруашылықта тұрмыста тұтыну үшін ішуге жарамды судың сапасын және энерготехнологиялық бу генераторларының үстеме суын дайындау үшін жарамды жоғары сапалы дистиллятты өндірудің қажетті көлемі, қамтамасыз етеді.

электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелерін салу, қайта құрылымдау және жөндеу.

жел генераторлары мен күн батареялары сияқты қуаты аз қайта қалпына келтірілетін электр энергиясы көздерін дамыту.

электр энергиясын үнемдеуді насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізу.
2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау

Қазақстан Республикасы өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік орналасуында оның одан әрі дамуын қиындататын бірқатар сипаттамалар байқалады. Мұндай факторларға тұрғындар тығыздығының бір қалыпты болмауы, өнеркәсіптік-өндірістік потенциалының үйлеспеуі, тұрғын-үй және әлеуметтік инфрақұрылымның шектелуі, сонымен қатар инженерлік желілердің тозуы жатады. Тиісінше, тұрғындар өмірінің сапалық деңгейі проблемалы болады.

Қазақстан өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік ұйымдастырылуының еңгерімсіздігі негізінен дәстүрлі кеңестік жоспарлау кезінде қалыптасты. КСРО кезінде өңірлердің дамуы негізінен аталған аумақтың салалық құрылымына тәуелді болды, нәтижесінде бұл бүкіл мемлекет өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық үйлеспеуіне әкеп соқтыратын. Үйлеспеушілікті түзеу және өңірлік дифференциацияны жетілдіру бойынша барлық шешімдер және ынталар жоспарлаудың орталықтандырылған сипатында келістірілген. Аумақтық даму табысты бола қойған жоқ, өйткені мемлекетік жоспарлауда басты назар салалық жоспарлауға берілетін. Қазақстан өңірлерінің қазіргі заманғы аумақтық-кеңістіктік жағдайында да салалық маңыздылық сақталған.

Маңғыстау облысы кеңістікті дамытудың негізгі тірек қаңқасының құрылымында.

Геосаясаттық және геоэкономикалық факторларды есепке ала отырып экономикалы үмітті аудандардағы және өмір сүру үшін жарамды табиғи-климаттық және экологиялық зоналардағы экономикалық және еңбек ресурстарын шоғырлау үрдістер мемлекеттің бүкіл жергілікті кеңістігін жайландыру және ұтымды зерттеумен сай келу керек.

Елдің 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына сәйкес, елдің әр аумағының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ұтымды ұйымдастыру және орналастыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру мейлінше маңызды міндет болып табылады.

Осы схемаға сәйкес, Қазақстан аумағы жергілікті дамытудың үш стратегиялық белдігіне, яғни Солтүстікке, Орталыққа және Оңтүстікке бөлінген.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «өсу нүктесімен» барлық белдікті біріктіреді және Орта Азия мемлекеттерінің шекарасы бойындағы аумақтарына шығуды қамтамасыз етеді.

Ақтау теңіз порты «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің құрамында мультимодальды көлік торабы ретінде қолдану, одан ары Ақтау қаласында ұлттық деңгейдегі ірі сауда-логистикалық орталығын жасау мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты «Ақтөбе – Атырау, Ақтау», «Жезқазған – Ақтау», «Қызылорда – Ақтау» коммуникациялық учаскесін күшейту Каспий ірі аймағындағы (көлік және темір жолдарының желілерін салу және модернизациялау) көлік тораптарына шығуды қамтамасыз ететін үмітті міндет болып табылады.

Қазақстанда темір жолдары желілерінің тығыздығы жоғары емес және өңірдің 1000 км2-на 5,43 км құрайды. Алайда, мемлекетімізде өңірлер бойынша көлік желілерін орнатудың түзу еместігінің дәрежесі де жоғары. Маңғыстау облысында темір жолдары желілерінің тығыздығы (Қазақстан облыстары арасындағы 10 орын) 1000км2-на 4,73 км жуығын құрады.

Республика бойынша көлік жолдарының тығыздығы 1000 шаршы км-ге 34,45 км құрайды, алайда көлік жолдарын көлік желілерімен қамсыздандырудың дифференциациясы да маңызды. Маңғыстау облысында тығыздығы аталған облыстар арасында ең төмен көрсеткіш болатын 1000км2-на 14,63 км құрады.


2.2.4.1. Маңғыстау облысының шекара бойындағы аумақтары

Маңғыстау облысы Каспий өңірінің бес мемлекетімен шекаралас. Аталған өңірлік аспект облыс үшін өзін халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда бәсекеге қабілетті өңірлік көшбасшы ретінде көрсетеуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық көп бағытта дамуда, соның ішінде Каспий зонасындағы ынтымақтастық аса стратегиялық маңызды. Себебі Каспий – барлық Каспий жанындағы мемлекеттердің біріккен жан-жақты жауапершілігінің аймағы.

Жылдан жылға Маңғыстау облысымен Ресей аймақтарының тауар айналым көлемі артуда (Қазақстан және Ресей шекара бойындағы аумақтарының тауар айналымы 23% жуығын қамтамасыз етеді). Ақтау теңіз кемежайы үмітпен 30 миллион тоннадан астам жүк өткізу қажет, негізінен көмірсутектерді. Ресеймен тығыз экономикалық байланысқа белгіленген, кеме жасайтын орны мен мұнай құюшы кеме аялдайтын орны бар Құрық теңіз портының да үлкен болашағы бар.

Жүк ағындарының қолданыстағы бағытын, көлік инфрақұрылымының дамуын, инженерлік коммуникациялардың болуын ескере отырып «Бейнеу» халықаралық шекара бойындағы ынтымақтастық орталығының («Бейнеу» ШХЫО) құрылысын, оның ішінде Бейнеу ауылында көлік-логистикалық орталығын (КЛО) және Тәжен ауылында шекара маңы еркін сауда аймағын құруды жөн көріп отырмыз.
2.2.4.2. Маңғыстау облысының ауылдық аумақтары.

Ауылды қалыпты өмір сүру үшін ауыл тұрғындары өмір ұлттық үлгі сапасына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз суымен, көлік жолдарымен, электр энергиясымен қамтамасыз етумен, байланыс, телевидение қызметімен, Интернет желісімен қамсыздандырылуы қажет, ауыл елді мекендерін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативті қамтамасыз етуге жету қажет.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті 65 медициналық ұйым қызмет көрсетеді.

Ауылдық аумақта жалпы білім беру мекемелерінің желісі 45,5 мың оқушысы бар 76 мектеппен және 7,1 мыңдай бүлдіршіндері бар 61 балабақшамен қамтылған. Ауыл мектептерінде 4,2 мың мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балалардың оқумен қамтылуы 100% құрайды.

Ауылдық аумақта 50 кітапхана, 2 мұражай және 1 тарихи-мәдени «Отпан» кешені қызмет көрсетеді.

Облыстың 60 ауылдық елді мекендерінің ішінде 30-нде ғана орталықтандырылған сумен жабдықтау қызмет етеді. Тасымалданатын суды 4 ауылды елді мекен қолданады.

«Ақ бұлақ» салалық бағдарламасының іске асырылуы, жалпы тұрғындар саны 26 993 адамы бар Боранқұл, Аққұдық, Түйесу, Жетыбай, Шайыр, Ұштаған, Оңды, Таушық сияқты 8 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыстың облыстық және қалалық маңызы бар көлік жолдарының желісі 1553,2 км құрайды, оның ішіндегі: облыстық деңгейдегі көлік жолдары - 1012 км және аудандық деңгейдегі - 541,2 км. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жолдары салынып, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді

Қазіргі кезде облыс бойынша телефон байланысы жоқ ауыл кездеспейді. Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясымен тұрғындар санына қарамастан барлық ауылдарға телефон байланысы орнатылған. Мұнайлы ауданынан басқа, тұрғындар саны 500 адамнан асатын барлық елді мекендерде АТС орнатылған.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқару» «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4-бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін жайластыруға 211,3 млн. теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бөлінді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасының аясында облыстың ауылдарын абаттандыруға 1611,3 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Осы қаражаттың есебінен даму әлеует жоғары және орташа 28 ауылдық елді мекенінде 96 жоба іске асырылды.

2012 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облысы маслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 шешімімен Қарақия ауданында Болашақ селолық округы, сонымен бірге 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 306 және Маңғыстау облысы маслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/81 шешімімен Жаңаөзен қаласында Рахат поселкесі құрылды.

Нәтижесінде Маңғыстау облысында 60 ауылдық елді мекен, оның ішінде 59 ауыл мен 1 кент бар.
2.2.4.3. Қоршаған ортаны қорғау

Табиғи-климаттық жағдайы бойынша облыстың барлық аумағы қолайсыз құрғақ зонаға жатады. Қоршаған ортаның компоненттеріне жағымсыз әсер ететін климаттық жағдайлардың ерекшеліктері: жоғары күн радиациясы, шаңды дауылдар, жылдық және тәуліктік температуралардың тұрақсыздығы, жауын-шашынның аз мөлшері болып табылады.

Өңір аумақтарының ландшафты антропогендік ықпалға тұрақсыз шөлден және шөлейттен тұрады, сол себепті климаттық жағдай топырақ-өсімдік жабынының қалыптасына аз ықпал етеді.

Облыстағы өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуы және дамуы бірыңғай көмірсутегі шикізатының қорына негізделген.

Өңір көптен бері айтарлықтай өзгерге және қазіргі кезде мына себептер бойынша экологиялық жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді:

бәрінен бұрын химиялық өндірістегі құрамында уран бар кендерді өндіру және өңдеу кезінде, экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің уақытылы және қанағаттандырарлықсыз шешілуі;

Каспий теңізіне іргелес жатқан аудандарда мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде экологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуы;

өткен ғасырдың 60 жылдарының соңында ядролық сынақтардың жүргізілуі;

жер қорының ұтымсыз пайдаланылуы;

топырақ және өсімдіктер қорынығ жел және су эрозиясынан жеткіліксіз қорғалуы;

Өткен жылдардан қалған қоршаған ортаны ластаудың шешілмеген мәселелерімен бірге ластанудың жаңа түрлері де пайда болуда, экожүйенің нашарлауы жалғасуда, биотүрленудің бір мезгілде жұтаңдауынан құрлық пен теңіздің биологиялық ресурстар қорының азаюы.

Облыста қалыптасқан экологиялық жағдаймен бірге, сумен жабдықтаудың табиғи көздерінің болмауы себепті ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалық міселе болып қалуда.

Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендері осы жерлерді ұтымды пайдаланбау (мөлшерінен көп мал жаю, талдарды кесу және т.б.), құмды алаптарды су алу нәтижесінде жерасты суларының төмендеуінен пайда болған жылжымалы құмдардың басуына байланысты экологиялық қысымға ұшырауда. Кен орындарын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар жерасты суларының пайдалану қорын қайта бағалау жүргізбейді; осылайша су алу кезінде осы аудандағы экологиялық жағымсыз салдар есепке алынбайды.

Ескі мұнай кен орындарымен бірге жаңа кен орындарын игеруге байланысты, Каспий айдыны экожүйесінің мұнаймен және мұнай қалдықтарымен ластануының алдын алу проблемасы өткір күйінде қалуда.

Қазіргі кезде суы таяз аймақтағы топырақтағы мұнай өнімдерінің мөлщері шекті ұйғарынды концентрациядан (ШҰК) 15-20 есе асып түседі. Қорықтық аймақтың ерекше мәртебесіне ие Солтүстік Каспий суының мұнай өнімдерімен ластану нормасының асып түсуі 10 есеге дейін құрайды. Фенолдың шоғырлануы нормадан жүз еседен астам асып түседі. Суда үнемі хлорорганикалық пестицидтер жүреді. Ихтиологиялық фауна ағзаларының шикі мұнаймен, ауыр металлдармен және өзге де заттармен ластануы орын алуда.

Маңғыстау облысының негізгі экологиялық проблемалары ретінде мыналар айқындалды:

уран өндіретін кәсіпорындардың, оның ішінде «Қошқар ата» қалдықтар қоймасында жинақталған радиоактивті қалдықтары, мұнда жиынтық белсенділігі 11,2 мың Кюри болатын 52 млн. тонна радиактивті қалдықтар көмілген;

көптеген елді мекендердің тазарту құрылыстарының болмауы;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде кешенді мемлекеттік экологиялық мониторингтің болмауы;

Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендерін жылжымалы құмнан қорғау проблемалары, деградацияға ұшыраған жер учаскелерінің өсімдік жабынын қайта қалпына келтіру қажеттілігі;

үстірт арқары, қарақұйрық сияқты жануарлар, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өзге де жануар түрлері санының ондаған есе қысқаруы;

өңірдің сусыздығына байланысты көгалды алаптың аздығы;

облыс аумағындағы өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталуы;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың және мұнай өндіру саласының тарихи ластануы («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 39,4, «Өзенмұнайгаз» АҚ – 16,9 га, «Қаражанбасмұнай» АҚ – 350 га жер). 2011 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ (6,49 га) және «Қаражанбасмұнай» АҚ (20 га) бойынша тарихи ластанған жерлерді қайта қалпына келтіру жүргізілді;

бұрынғы карьерлердің бұзылған жер учаскелерінің болуы.

Облыстық бюджетке түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының көлемі 2010 жылы – 3347,367 млн. теңгені, 2011 жылы – 1739,38 млн. теңгені, 2012 жылы – 4174,13 млн. теңгені құрады. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 2013 жылы 1989 млн. теңге бөлініп, игерілді немесе бұл барлық түскен соманың 47,66%-ын құрайды (2011 жылы – 1961,1 млн. теңге).

2011-2013 жылдардағы кезеңде облыстың барлық аудандары мен қалалары бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың өсу қарқынының артуы байқалады. Қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың негізгі үлесі Ақтау қаласына (87,2%), Түпқараған ауданына (7,7%) және Жаңаөзен қаласына (2,3) келеді.

Топырақ құнарлығын қалпына келтіруге арналған ағымдағы шығындар негізінен Ақтау қаласы (60,6%) мен Жаңаөзен қаласына (37,8%) келеді.

Ластаушы заттарды шығаратын кәсіпорындар санының жыл өткен сайын өсуіне бацланысты, ластаушы заттардың шығарылу саны ұлғаюда. Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға тасталуы 2012 жылы 35,3 мың тоннаны құрады, ол 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артты.

Қалалар мен аудандардың кесінінде тастаулардың мейлінше жоғары көлемі Ақтау қаласы (52,7 мың тонна) мен Жаңаөзен қаласында (16,7 мың тонна) байқалады. Мейлінше төмен шығару Қарақия ауданы бойынша – 6,4 мың тонна.

Ластаушы заттарды тастаудың үлкен көлемі, негізінен ластаушы көздердің ауа тазарты құрылыстарымен жеткілікті дәрежеде жарақталмауына байланысты болып отыр, жабдықталған ластаушы көздердің үлес салмағы тұтастай облыс бойынша 1,1% құрайды.

Облыстың басты экологиялық проблемаларының біреуі 105 млн. тоннадан астам улы, оның ішінде 52 млн. тонна радиоактивті қалдықтар көмілген «Қошқар ата» қалдықтар қоймасы болып табылады. Сұйық фазаның кебуіне байланысты жалаң учаскелердің тозаңдануы болып, аэрозольді бөлшектер атмосфераға таралады. Орналасқан қалдықтардың жалпы ауданы 66 шаршы километрді, жалаң жағажайдың ауданы шамамен 55 шаршы километрді құрап, сұйық фаза деңгейінің төмендеу үдерісі жалғасуда.

Осыған байланысты, жасанды көлдің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалдықтар қоймасына жыл сайын Ақтау қаласының 6,3 млн. текше метр тазартылған шаруашылық нысап суы айдалады.

Халықтың химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің ТЭН-і мен ЖСҚ-ы бір уақытта әзірленді.

Облыс әкімдігі Каспий теңізінің айдынын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде. Облыс әкімдігінің қаулысымен Каспий теңізінің барлық жағалауындағы Түрікменстаннан бастап Атырау облысының шекарасына дейінгі қашықтығы 1399,5 км су қорғау аймақтары мен жолақтары белгіленді.

Жылжымалы құмдармен күресу проблемасы Қазақстанның көптеген құрғақ өңірлері,әсіресе Қарақия ауданының Түйесу, Маңғыстау ауданының Бостанқұм және Қызылқұм құмды алаптары жататын белсенді өзгеру аудандары үшін өзекті болып табылады.

Осыған байланысты, Сенек ауылының жанындағы Түйесу және Үштаған ауылының маңындағы Бостанқұм құмды алаптарының деградацияға ұшыраған өсімдік жабынын жыл сайын 200 га бойынша қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2011 жылдан бастап Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылындағы жылжымалы құмдармен күрес бойынша жұмыс басталды.

Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ). Облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар шығарумен 2010-2011 жылдары ҚТҚ-ын 14 полигонға шығаратын облыстың қалалары мен аудандарының 20 кәсіпорны айналысады.

Облыстың аудандары мен қалаларында қосымша шикізатты жинауға арналған контейнерлер жоқ. Алайда, қосалқы шикізат Ақтау қаласындағы полигонда іріктеледі. Ақтау қаласы бойынша 95%, Жаңаөзен қаласы бойынша 96% қатты-тұрмыстық қалдық шығарылады.

Жер-топырақ ресурстарының жағдайын және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында, 2007-2009 жылдары Ақтау қаласында, Бейнеу, Шетпе, Құрық ауылдарында және Жетібай кентінде ҚТҚ полигондары салынды.

Ақтау қаласының ҚТҚ-ын шығару мәселесін шешу үшін, 2013 жылы «Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында қатты-тұрмыстық қалдықтарды көмеу полигонын салу» жобасына 800 млн. теңге сомаға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Бұдан басқа, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Көктем» МКК мен Еуропа қайта құру және даму банксінің арасында «Жасыл энергия өндіру арқылы Ақтау қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдейтін құрылыс салу» кредиттік шарты мен Жобалық қолдау туралы шартқа қол қойылды. Жоба құны – 6 120,0 млн. теңгені, оның ішінде ЕҚДБ-нің кредиті – 2 395,0 млн. теңгені, Таза технологиялар қорының кредиті – 1 200,0 млн. теңгені, мемлекеттік бюджеттен берілген жарна – 2 525 млн. теңгені (оның ішінде, «ТДҰА» АҚ-ның инновациялық гранты – 2307,0 млн. теңге, облыс әкімдігінің жарнасы – 218,0 млн. теңге) құрайды.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында сметалық құны 1 243,336 млн. теңге болатын «Жаңаөзен қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, жою және көму бойынша комбинат салу» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар аяқталу сатысында, объектіні 2014 жылдың бірінші жартжылдығында пайдалануға беру жоспарлануда.



Қоршаған ортаны қорғау бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы, қажетті зерттеулердің жүргізілуі және қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсердің төмендеуі;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстардың ұлғаюы;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылуы;

жергілікті экологиялық проблемаларды жою жөніндегі шаралардың әзірленуі.

Әлсіз жақтары:

қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;

су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;

өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы.



Қауіптер:

атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын әлсіз жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;

теңіздің жағалау аймағындағы су басқан мұнай ұңғымалары, сондай-ақ оффшорлық жұмыстарды жүргізу кезінде мұнай төгілуден болуы мүмкін апаттар Каспий теңізінің экожүйесіне жүктеме түсіреді және әлемде аналогы жоқ бірегей су қоймасының биологиялық әртүрлілігіне қауіп төндіреді;

Каспий маңы тау-кен металлургия комбинаты: химия тау-кен металлургия зауыты, күкірт қышқылы зауыты және азот-түк зауыты қызметінің нәтижесінде пайда болған, химия тау-кен металлургия өндірсінің пайдаланылмайтын қатты қалдықтарын қоймалау және сақтау ретінде қолданылған қалдықтар қоймасы экологиялық қауіп төндіреді.



Мүмкіндіктері:

туристк қызметтерге сұраныстың өсуі, курортты демалыстың, экологиялық туризмнің тартымдылығын арттыру, туристік саланың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың үйлесімділігін қамтамасыз ету актуалды табиғат қорғау іс-шараларының: тазарту құрылыстарын жаңғыртудың, су қорғау аймақтарын, жолақтарын және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізудің, ұйымдастырылмаған қоқыс тастаумен ластанған, ауыл шаруашылығында және өзге мақсатта пайдалануға жарамды жерлерді қалпына келтірудің қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлемдеріне бақылауды арттыру. Мониторингілік бақылаулар үшін стационарлық экологиялық алаңшалар санының артуы шаруашылық етуші субъектілердің техногендік қызметтеріне жедел ден қою есебінен қоршаған орта сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек;

облыстың МКК-н материалдық-техинкалық жарақтандыруды жақсарту;

ҚТҚ-ды қайта өңдеу бойынша зауыт салу.


Маңғыстау облысының тұрғындарының қазіргі қоныстануы.

Маңғыстау облысы бойынша тұрғындар тығыздығы 3,3 шаршы км/адам құрайды. Өңірдің ерекшелігі ошақтық көшіру болып табылады (Ақтау қаласында 592,2 шаршы км/адам, Жаңаөзен қаласында 198,2 шаршы км/адам), олар су тапшы шөл және жартылай шөлдің үлкен кеңістіктеріне көшірілмей қалады (Қарақия ауданы – 0,5 шаршы км/ адам; Маңғыстау ауданы - 0,7 шаршы км/адам).

Урбанизациялану деңгейі, яғни қала халқының облыстың барлық халқындағы үлесі 50%-ға тең. Облыс аумағында 1 ірі қала (Ақтау), 1 орта қала (Жаңаөзен), 1 шағын қала (Форт-Шевченко), 59 АЕМ және 1 кент бар. Урбанизациялану деңгейі 2005 жылдан бері 71,3-ден 51,6% дейін төмендеді.

Тұрғындар тығыздығының үйлесуіне байланысты көшірілген елді мекендердің сипатына, тұрғындардың табиғи және механикалық қозғалысының (пунктте анықталған демография) қатынасына қарай 3 кестеде көрсетілгендей Маңғыстау облысының көшірілуінің 3 түрін бөліп көрсетеді.



Бірінші түрі. 2013 жылы Ақтау қаласының ең жоғары демографиялық әлеуеті облыс тұрғындарының 31,4%-ын құрады. 2011-2013 жылдары тұрғындардың 2%-ға өсуімен сипатталады. Қала Ақтөбе-Атырау-Ақтау жергілікті белдіктің өсу коридоры болып табылатын қалалану зонасына жатады. Болашақта қосылған үш жергілікті дамудың стратегиялық белдіктері Ақтау қаласының теңіз қоршауы арқылы Еуропаға шыға алады. Ақтау қаласының ұлғаюшы демографиялық потенциалы бар. Сонымен қатар облыс бойынша жоғары демографиялық потенциал Жаңаөзен қаласында облыс тұрғындарынан 22,1% құрайды, қала үшін 6,5%-ға тұрғындардың өсуі байқалады.

Екінші түрі. Біркелкі емес ауылдық көшірілумен көрсетілген: Бейнеу ауданы – Бейнеу ауылы, Өтес ауылы (Опорный), Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы, Түпқараған ауданы – Форт-Шевченко қаласы, Баутино кемежайы.Тұрғындардың табиғи көбеюінің оң беталысы байқалады.

3 кесте


Маңғыстау облысы тұрғындарын орналасу түрлері.

Қо

ныстану түрлері



Сипаттама

Қалалар және аудандар

Тұрғын

дар тығыздығы



Орта тығыз

дығы


2009-2012 жылдарға тұрғын

дардың өсу қарқыны, %



1 түрі

Ақтөбе-Атырау-Ақтау жергілікті белдіктің өсу коридоры болып табылатын қалалану зонасына

Ақтау қаласы

5,9

3,9

6,3

Жаңаөзен қаласы

2,0

8,2

2 түрі

Біркелкі емес ауылдық қоныстану

Бейнеу ауданы

1,3

8,2

14,8

Мұнайлы ауданы

20,8

28,4

Түпқараған ауданы

2,7

7,6

3 түрі

Төмен тығыздығының біркелкі емес қоныстануы

Қарақия ауданы

0,5

0,6

5,7

Маңғыстау ауданы

0,7

4,5


Үшінші түрі. Тұрғындардың орналасуы біркелкі емес, Маңғыстау ауданының, Қарақия ауданының тығыздығы 1 шаршы км-ге 1 адамнан төмен келеді. Сонымен қатар табиғи өсудің оң беталысы байқалады.

Зерттеуді қорытындылай келе, облыста қоныстану ерекшеліктерін келесі ретпен қорытындылауға болады:



Халықтың орналасуын SWOT – талдау:

Күшті жақтары:

аумақтық-кеңістіктік құрылымның күшті жағы өңірлік және өңіраралық оң көші-қон болып табылады, мұнай - газ саласының болуы және болашақта теңіз кемежайына шығуымен өсудің барлық стратегиялық белдіктерін қосатын, пайдалы болатын газды экономикалық жағдайдың болуы. Облыстың тұрғындарының табиғи өсуінің оңды қарқыны облыс бойынша 2013 жылға – 15,3%.



Әлсіз жақтары:

тұрғындардың тығыздығының төмендігі облыс бойынша шаршы км-ге 3,3 адам, облыс аймағында урбанизация деңгейі жоғары емес - 50%. Облыстың негізгі аймағын шөл және жартылай шөлді аймақ алады.



Мүмкіндіктері:

облыс стратегиялық шекара бойындағы аумақта орналасқандықтан, облыстың аумақтық-кеңістіктік құрылысының оң әлеуеті бар. Орналасуының арқасында, облыс Қазақстанның басқа мемлекеттермен транзит жолы болуы мүмкін және дамудың барлық үш стратегиялық белдігін қосуы мүмкін. Сонымен, аймақтың көлікті инфрақұрылымын одан ары дамыту үшін мүмкіндік бар.



Қауіптері:

Өңір үшін қауіп-катердің бірі ТМД шеңберінде тұрмыс орнын ауыстырудың рұқсат етілуі және «Еңбек нарығы» тарауында айтылғандай жас, ұтқыр және біліктірек аймақ тұрғындарын тартудың тұрақты орталығының болуын анықтайтын, Ресеймен азаматтықты алудың жеңілдетілген режимі. Сонымен қатар аталған кезеңде экологиялық сипаттағы мәселелерді мұқият ойластыру қажет. Ауыр өнеркәсіптің әрбір түрі үшін өнеркәсіптік қалдықтардың болуы шарасыз екендігі мәлім. Сондықтан шығынды реттеу және өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарын пайдаға келтіру және өңдеу мәселелерін ойластыру қажет.



2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Жергілікті мемлекеттік басқару тиісті аумақтағы жұмыс жағдайына жауапты жергілікті өкіл және атқарушы органдармен жүзеге асырылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректеріне сәйкес, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 3056 бірлікті, оның ішіндегі саяси мемлекеттік қызметшілер – 7 бірлікті, «А» корпуысының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері – 12 бірлікті құрайды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдер саны 1 630 бірлікті немесе 60% құрайды.

Мемлекеттік қызметкерлердің орта жасы 39 жылды, бұл ретте саяси мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 47 жылды құрайды. 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны – 931 (34%), 30-ден 40 жасқа дейінгілер – 590 (33%), 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 515 (19%), 50 жастан үлкендері – 357 (13%) адамды құрайды.

Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны – 2298, орта кәсіптік білімі бар – 369, орта білімі бар – 26 адамды құрайды.Бі жоғары білімнен кейінгі білімі бар мемлекеттік қызметшілер 262 адамды құрайды.

Облыс бойынша жиыны 240, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын – 165, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын – 75 мемлекеттік орган жұмыс істейді.

2013 жылы кадрлық резервіне – 43 адам енгізіліп, жұмысқа орналасуына байланысты кадрлық резервтен 79 адам шығарылды. Кадрлық резервте тұру мерзімінің өтуіне байланысты 48 адам кадрлық резервтен шығарылды. 2014 жылғы 1 қаңтарға кадрлық резервте 19 адам тұр.

Кейбір заңнамалық актілерге жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрылымына өзгерістер енгізу, штат санының лимитін бөлу бойынша жұмыс жүргізілді.

Алғаш рет 46 ауылдық округте әкімдердің сайлауы өткізілді. Сайлауға 94 кандидат қатысып, оның ішінде 46 әкім сайланды (1 әйел адам, 45 ер адам; бұрыннан жасап келе жатқан 32 әкім, 14 жаңа әкім).

Мемлекеттік қызметтер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Оның 49 қызметі тізілімге сәйкес электронды пішінде көрсетілуі қажет. Қазіргі кезде 25 мемлекеттік қызмет электрондық пішінге көшірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес, мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен электронды нысанға ауыстырылатын болады.

Қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргуде.

Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіткеннен кейін, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізбек.

Халыққа көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік-маңызы бар қызметтердің қанағаттандыру деңгейі, мемлекеттік социологиялық тапсырыстардың аясында социологиялық зерттеулерді мемлекеттік емес ұйымдармен жүргізу арқылы анықталады. 2013 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде халықтың мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар қызметтерге деген қанағаттану деңгейі 54% құрады.



Гендерлік даму. Маңғыстау облысында Неғұрлым даярлығы бар, қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі салаларында қызмет атқаратын әйелдер қатарынан оларды шешім қабылдау деңгейіне жылжыту бойынша 2016 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын іске асыру жұмысы жалғасуда.

Облыста 2013 жылғы 1 желтоқсанға қалалар мен аудандарды қоса алғанда 766 мемлекеттік орган бар, оның 336-ын әйелдер басқарады (43,8%). Әйел мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 1630 бірлікті немесе мемлекеттік қызметшілер жалпы санының 60%-ын құрайды. Облыста 6834 кәсіпорын мен ұйым бар, оның 1948-ін әйелдер басқарады (28%-дан астамы).

Атқарушы билік органдарында жұмыс жасай жүріп, әйелдер өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін белсенді көрсете біледі. Облыс бойынша мемлекеттік қызметте 2584 адам, оның ішінде 1548 әйел қамтылған (59,9%). 23 облыстық басқарманың ішінен 7 басқарманы әйелдер басқарады (30,4%). Саяси мемлекеттік қызметте 2 әйел жұмыс істейді.

Бесінші шақырылған барлық деңгейдегі облыстың уәкілетті органдарында 115 депутат бар, оның 19 депутаты әйел адам (16,5 пайыз).

Облыста жиыны 17 гендерлік ұйым жұмыс жасайды.

2013 жылы облыстық Саясаткер әйелдер клубының ашылуымен өзгеше болды, оның төрайымы облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиева болып сайланды. «Маңғыстау әйел көшбасшы мектебі» ҚБ 2012 жылдан бері өз жұмысын жүргізіп келеді.

Бизнеске әйелдерді тарту, үйде бизнес ұйымдастыру мақсатында, «Облыстық шағын креит ұйымы» ЖШС мен «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» ЗТБ-нің аудандық бөлімдерінің өкілдері, Халықаралық отбасы күніне бағышталған «Отан отбасынан басталады» атты қайырымдылық акциясының аясында көшпелі семинар-тренингтер өткізеді, оның аясында шағын кредиттеу, әйелдердің өзін-өзін жұмыспен қамтуын ұйымдастыру, ауылда әйел бизнесін дамыту мәселелері талқыланады.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы қатысушыларының қатарынан 2013 жылы шағын кредит алғандардың ішінде әйелдер 50,7% құрады.

Ауылда әйелдік кәсіпкерлікті дамытуға «Ауыл шаруашылықты қолдау қоры» АҚ үлкен мкөмек көрсетеді. Егер 2012 жылы 28 әйел 26 млн. теңге жалпы сомасына шағын кредит алса, 2013 жылы Қордың Маңғыстау өкілдігі арқылы 41 әйелге 108,737 млн. теңге жалпы сомасына шағын кредит берілді.

«Жастар жетістігі» ҚБ 2013 жылғы наурызда Қарақия ауданының Құрық ауылында «Ерсай» компаниясының қолдауымен «Ажар» әйелдерді қолдау орталығын ашты, онда өз бизнесін бастауға ниет білдірген әйелдерге заңгерлік және экономикалық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетіледі, сондай-ақ өзара қарым-қатынас мәдениетін көтеруге бағытталған әр түрлі семинарлар, тренигтер өткізіледі. Облыс әкімінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссияның шешімімен (27.12.2013 жылғы №4 хаттамасы) осындай әйелдерді қолдау орталықтарын облыстың барлық аудандары мен қалаларында құрылатын болады.

Қазақстандағы Отбасы күнін, Халықаралық отбасы күнін, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күнін мерекелеуге орай әр түрлі қайырымдылық акциялары, "дөңгелек үстел» басындағы кездесулер, семинар-тренингтер мен т.б. өткізіледі.

Халықаралық ауыл әйелдері күнінің қарсаңында аудандар мен қалаларда «Ақниет» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акция аясында әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі аудандық және қалалық комиссиялардың мүшелері отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалар қылмысының алдын алу мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтер өткізеді. «Әжелер кеңесінің» мүшелері жас отбасылармен, отбасылық бұзақылармен әңмілесу өткізеді. Сондай-ақ, девиантты мніез-құлықты балар – басты назарда. Бүгінге аудандар мен қалаларда 46 «Әжелер кеңесі» жұмыс істейді.



Күшті жақтары:

облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрылымдау;

мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту;

әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды форматқа ауыстыру;



Әлсіз жақтары:

мемлекеттік қызмет персоналының кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі;

іріктеу және конкурстық рәсімдерден өту кезінде кадрларды бағалау жүйесінің жеткіліксіздігі;

ынталандыру және карьералық өсу жүйесінің жетік болмауы;

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингілеу және бағлау жүйесінің тұжырымдаудың жетіспеушілігі;

Қауіптері:

мемлекеттік қызметтің жоғары тартымдылығының жетіспеушілігі, еңбекақының төмен деңгейі, жеткіліксіз әлеуметтік қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметшілерге қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы (нормаға келмейтін жұмыс күні, демалыс күндеріндегі ақы төленбейтін жұмыс, заңсыз жұмыстан шығару және т.б.):

халық пен азаматтық қоғам институттарын стратегиялық құжаттарды әзірлеуге тарту және облысты басқару және дамыту бойынша шешімдерді қабылдау кезінде пікірлерді есепке алу деңгейінің төмендігі;



Мүмкіндіктері:

жаңа кадрлық технологияларды енгізу;

әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді Үкіметтің веб-ресурстары мен облыс әкімінің порталы арқылы беру үдерісінің қолжетімілігі мен тиімділігін арттыру.
2.3. Орта мерзімді перспективадағы аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, шектейтін факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

Өңір экономикасы құрылымы көміртегі шикізаттың өндірісіне негізделген. Облыстық экономикалық кеңестің сапасы негізінен Ақтау урбанизациялау аймағында жақсартуын тұрғындардың өсуі, жолдардың түзелуі және жергілікті аймақтарға байланысты жалпы аймақтың кеңестік құрылымдық дамуы азаймаған. Денсаулық сақтау, білім және тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы алға басулар байқалады, аймақтың ірі корпорацияларымен серіктестігі және мемлекеттің коммерциалық емес ұйымдарымен серіктестігі дамуда.

Аймақ дамуының әлеуметтік нәтижелерінің кешенді сипаттамасы негізгі мәселелерді, анықтайтын SWOT талдауда байқалады.

Күшті жақтары:

Маңғыстау облысы пайдалы қазбалармен бай, олардың незізгісі – мұнай мен газ. Жер қойнауы көмір, фосфорит, мырыш кендерімен, түрлі тұздар, ұлутас, минералдық сулармен де бай;

республиканың ЖІӨ-де ЖӨӨ үлесі бойынша 4 орынды алады;

облыста бизнес құрылуда «Ақтау теңіз порты» қызметі салдарынан инвестициалық климат жақсаруда;

өңір дамуының стратегиялық бағыттарының бірі мұнай-газ өнімін дайындау және шығару т.б.;

құрылыс индустриясының оңтайлы өсуі;

жоғарыдағы құнды өнімді өндіру бойынша өңдеу кәсіпорын барлық салалардың дамуының оң тенденциясы, бұл машина жасау, металлургия, құрылыс саласына жүзеге асырылуда;

қолайлы герографиялық орналасуы салдарынан айтарлықтай транзиттық әлеуетке ие және Оңтүстік-Солтүстік, ТРАСЕКА жолы бойынша халықаралық транзит жолының дамуы;

өңір айтарлықтай туристік-демалыс орындары бар рекреативтік мүмкіндігі бар тарихи мұраға бай, аса қолайлы бейнелі демалыс аймағына ие;

тұрғындар санының оралмандардың есебінен өсуі байқалады, Қазақстанның басқа аймақтарынан жұмыс және жоғарғы жалақы алу үшін келушілер.



Әлсіз жақтары:

өте құрғақ континентальды климат. Өңірдің көп бөлігін жусанды – бұталы, тұзды - шөл дала, топырақты жерлерге өсен бұталы алаңдар, тақырлар алып жатыр. Бұл жерде ауыл шаруашылығын жүргізуге аса қолайсыздық туғызады.

өзендердің жоқтығынан облыста су ресурстарының тапшылығы байқалады;

туризм объектілерінің ескіруі, кейбір стационарлық кәсіпорындарының жұмыс істемеуі немесе қайта құру кезеңінде, көптеген демалу орындарының инфрақұрылымының жоқтығы ондағы керек күнделікті демалушыларға жағдай жасалмауы;

облыс аумағында тұрғындар санының сай келмеуі және еңбек ресурстарының тапшылығы (облыстар және республкалық маңызы бар қалалар тізімінің ішінде 16 орынға ие);

облыстық білікті еңбек ресурстарының тапшылығы байқалады және бұл әлеуметтік мәселе көптеген біліктілігі төмен оралмандардың келуімен өршуде;

ауылдардағы жұмыссыздықтың 10,9%-ға жетіп, салыстырмалы жоғары деңгейі (Бейнеу ауданы);

облыс экономикасының шикізаттық тәуелділігі әсіресе мұнайгаз шығару өндірісінде;

өңірдің көптеген өндіру салалары үшін шикізат базасының әлсіздігі;

облыста ішкі тұтыну нарқы көлемінің шектеулі болуы және өндірілген өнімді сыртқы нарыққа шығару логистикасының әлсіз дамуы;

облыстың көліктік объектілерінің инфрақұрылымының әлсіз дамуы, бірқатар аумақтың инфрақұрылымының төмен деңгейде қамтамасыз етілуі, Түпқараған ауданында, Қарақия ауданының шекаралық аумақтарында теміржол жоқ;

көптеген автокөліктік транзиттік жолдардың ішкі және халықаралық стандарттарға сай болмауы.

әлеуметтік инфрақұрылым дамуының әлсіздігі және бұл сапаға инвестицияның төмен болуы;

аудандардың деңгейінде үкіметтік емес секторлардың төмен даму деңгейі.



Қауіптері:

кен орындарында экологиялық жағдайдың нашарлауы. Техногенді факторлар әсерінен жер және табиғат ресурстарының тозуы;

білікті кадрлар тапшылығынан еңбек өнімділігінің төмендеуі;

облысқа әлеуметтік инфрақұрылымының төмен болғандықтан тұрғындар иммиграциясы деңгейінің жоғары болуы;

ауылдық жерлерде тұрғындардың кедейшілік деңгейі жоғары, кірісі күн көріс мөлшерінен төмен тұрғындар - 32,4%;

облыстың экономикасы шикізат шығаруға бағытталғанына байланысты мұнайгаз ресурстарының азайуы салдарынан экономикалық кризис қауіп төнуі;

«Оңтүстік-Солтүстік» МТК және ТРАСЕКА қазақстандық жер үлесінің жай дамуына байланысты транзистік потенциалдың (бәсекеге қабілетті) бәсекестік қабілетінің жоғалуы;

облыста көлік және байланыс инфрақұрылымы дамуының жетіспеушілігінен инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі, және Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін жүзеге асырудың шегерілуіне байланысты шетелдік инвесторлардың кете бастауы;

азық-түлік тауарларының шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты азық-түлік қауіпі;

инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қанағатсыздық жағдайынан өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

АЭС құрылысы жобасының шегерілуіне байланысты электр қуатының тапшылығының болуы.

Мүмкіндіктері:

қордағы шикізат ресурстарын пайдаланып мұнай саласы, құрылыс индустриасын туризм сияқты кластерлерді дамыту мүмкіндігі;

көлік және логистика, туризм және машина жасау металлургия, мұнай химиясы, құрылыс индустриясы саясында жобаларды жүзеге асыру есебінен ЖҚҚ ұлғайта отырып ЖӨӨ құрылымын ұйымдастыру;

облыс қалаларын урбанизациялау перспективалары;

тұрғындар санын көбейтуге және облысқа білікті мамандарын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;

экономиканың басым және төменгі салаларында жаңа өндірістерді дамыту арқылы жұмыспен қамту санын ұлғайту;

өңірдің транзиттік, жүк және адам тасымалдау ағымын жандандыру арқылы кіріс көлемін неғұрлым ұлғайту;

облысты стратегиялық көліктік - логистикалық және «Север Юг» МТК ТРАСЕКА қызмет көрсету өндірістік бөлімшесі ретінде дамыту;

өңдеу өнеркәсіп салаларында өндірістік логистика және трансұлттық өндіріс негізінде болашағы бар өндіріс құру;

«МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ЖШС негізінде АЭС құрылысы;

ауыл шаруашылық өндірісін дамыту, соның ішінде жылыжай өсімдік шаруашылығын және мал азығын өндіру;

шаруашылық инфрақұрылымын дамыту (сауда – дайындау, өңдеу, көлік, қаржы);

әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мемлекеттік және жеке инвестициялар әлеуметтік серіктесін тарту.
2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттейтін қолданыстағы саясатты талдау

2010 жылдың аяғында Маңғыстау облысында 14 өңірлік бағдарлама іске асырылды.



Өңірлік бағдарламалардың және олардың іске асырылуы туралы есептерінің мазмұнын талдау негізінде бағдарлама әкімшілерімен аталған бағдарламалардың жоспарланған шараларының орындалу дәрежесін сипаттайтын қысқаша талдау жасалды.

  1. Маңғыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Облыс ауылдарының әлеуметтік экономикалық дамуының оң нәтижелері. Дегенмен, ауыл өмірінің деңгейі қала өмірінің деңгейіне қарағанда недәуір төмен. Осыған орай аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде жергілікті ауылдарды дамыту іс шараларын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

  1. Маңғыстау облысында ЖИТС эпидемиясына қарсы 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.

Бағдарлама мақсаттарының аясының тарлығын ескере отырып, бағдарламаның орындалмаған міндеттерін денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспары шеңберінде қарастыру қажет.

  1. Маңғыстау облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Бағдарламада қарастырылған іс шаралардың барлығы жүзеге асырылуда, бірақ қоршаған ортаны қорғау мәселесі Аумақтарды дамыту бағдарламасында әрі қарай шешімін табуды талап етеді.

  1. Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болғандықтан Аймақты дамыту бағдарламасында осы мақсаттар мен міндеттерді қарастыру қажет.

  1. 2006-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде әзірше өзекті болып отыр. Ұсыныстар: аймақтық даму бағдарламасында алдын алу шараларын қарастыру.

  1. Жерді тиімді пайдалану жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.

Соңғы жылдарда жергілікті бюджет қаражатын оптимизацияға байланысты бағдарламаның көптеген іс шаралары жүзеге асырылмаған. Сондықтан оны Аумақтарды дамыту бағдарламасына міндетті түрде енгізу қажет. Іс шаралар қаражат бөлінбегендіктен іске асырылмаған.

  1. Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Туризмнің дамуы облыстың бәсекелес басымдықтары болуымен байланысты, Кендерлі демалыс аймағын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, Аумақтарды дамыту бағдарламасында туристік саланы дамыту іс шарасын міндетті түрде қарастыру қажет.

  1. «Нұрлы көш» көші-қон бағдарламасына қатысушыларға әрекет жасаудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Осы бағдарламаның аясында 2010-2011 жылдары бір екі жаңа ауылдық елді мекен Батыр ауылы (Мұнайлы ауданы) мен Аппақ ауылын (Қарақия ауданы) дамыту басталып, онда келіп жатқан оралмандар орналастырылды. Облысқа оралмандардың көп келуіне байланысты бұл іс шаралар өзекті болып қала береді. Тиісті салалық бағдарламалар мен Аумақтарды дамыту бағдарламасының аясында мәселені шешу қажет.

  1. Жастар саясаты және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.

Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі іс шаралар Аумақтарды дамыту бағдарламасына енгізу қажет.

  1. Маңғыстау облысында ақпараттандырудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Бүгінгі таңда бағдарлама қаралған көлемде жүзеге асырылмаған, 2011 жылдың аяғына дейін іс шараны аяқтау жоспарлануда. Негізгі іс шаралар Маңғыстау облысы инфотелебайланыс инфрақұрылысын құру және қамтамасыз ету бойынша кешенді шешім қабылдау шеңберінде жасалған және ол қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу процесі жүруде. Салалық бағдарламаны әзірлеуге байланысты Аймақты дамыту бағдарламасында қарастыру қажет.

  1. Денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Нәресте өлімі, туберкулез ауруының неғұрлым жоғарғы көрсеткішіне байланысты, емдеу сапасының төмендігінен тиісті міндеттерді Аймақты дамыту бағдарламасына енгізу қажет.

  1. Маңғыстау облысының елді мекендерін газдандырудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Қазіргі уақытта облыстың барлық ауылдары табиғи газбен қамтамасыз етілген, бірақ сумен қамтамасыз етуді жақсарту және инженерлік инфрақұрылымдық жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс шараларды жалғастыру қажет.

Инфрақұрылымды жетілдіру үшін өңірлік даму бағдарламасында шаралар қарастыру қажет.



13. Маңғыстау облысын агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Елбасы алға қойған басым міндеттерге сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған міндеттер мен мақсаттарды Аумақтарды дамыту бағдарламасына міндетті түрде енгізу.



  1. Маңғыстау облысында құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарын өнеркәсіптік дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Облыста құрылыс индустриясының дамуына қажетті мүмкіндіктер болғандықтан, экономиканы диверсификациялау мақсатында, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдар өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттер өзекті болып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 шілдедегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделі орталықтандырылған мемлекеттік органдарымен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін пайдалану жөнінде Іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.

«Моноқалаларды дамыту бағдарламасының» аясындағы іс-шараларды іске асыруға, Жаңаөзен қаласы үшін 2013 жылы 930,8 млн. теңге бағытталды. Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелерінде инженерлік желілер салу; қаланың қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу; Жаңаөзен қаласының Көктем шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді абаттандыру сияқты 3 жобаны іске асыру аяқталды.

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы №1321 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1314 қаулысымен Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған өзектендірілген Кешенді жоспары бекітілді.

Жоспар аясындағы іс-шараларды іске асыруға 2012 жылы 14,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,9 млрд. теңге жергілікті бюджеттен 2,5 млрд.теңге және өзге де қаражат көздерінен 4,5 млрд. теңге бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар мына объектілердің: 200 пәтерлік коммуналдық екі тұрғын үйдің; Қызылсай және Теңге ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың; «Бостандық» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның; Қызылсай және Теңге ауылдарындағы мәдениет үйлерінің; «Шаңырақ» шағын ауданындағы жедел басқару орталығының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында, «Рахат-2» шағын ауданын сумен жабдықтау жүйесін (2-3 кезек); Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан елді мекендердің аяқталмаған учаскелеріің инженерлік желілерін (газбен, сумен жабдықтау); қалалық суару жүйесіне айдау үшін сорғы станциясынан келген кәріздік тазартылған суды сақтау үшін СЖР-5000м3 салу; Жаңаөзен қаласының және Теңге, Қызылсай ауылдарының жұмыс жасап тұрған сумен жабдықтау және газбен жабдықтау желілерін ауыстыру; жылу желілерін қайта құрылымдау және кеңейту жобалары іске асырылды.

Жаңаөзен қаласында 5 спорттық және 5 ойнайтын аулалық алаңқай салынып, 2 мектеп ауласы жайластырылды. 3000 орындық орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді.

Қалаішілік жолдарды салу және күрделі жөндеу (9,2 км), «Ақсу» шағын ауданындағы «Адайдың алпыс батыры» аллеясын, Бейбітшілік және Достық көшелерін, «Самал» шағын ауданының Маңғыстау, Қашаған, Сарбөпеев, және 17 маусым көшелерін және Қ. Сәтпаев көшесін абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды. 72 көпқабатты тұрғын үйдің алды сырланды. 16 объект 2013 жылға өтпелі болып табылады, тағы да 8 объектінің құрылысы басталмақ.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында облыстың қалаларындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 2013 жылы 2130,6 млн. теңге бағытталды. Осы қаражаттың есебінен трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта құрылымдау, Ақтау қаласында жылумен жабдықтаудың магистралды желілерін, Жаңаөзен қаласында жарықтандыру желілерін салу және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №961 қаулысымен Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Әлеуметтік жаңғырту мына бес бағыт: әлеуметтік заңнаманы жаңарту; әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру; өмір сапасының қазақстандық стандарты; әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдасы; әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі бойынша жүзеге асырылуда.



3. ӨҢІР ДАМУЫН ТОПШЫЛАУ

Маңғыстау облысы табысты ұлғайту және көмірсу шикізатын қайта өндіруден, жоғарғы құн қосылған құрылыс индустриясының дамуынан, тартымды туристік аймақ имиджін негіздеуден, Қазақстанның батысындағы аймақтық инфрақұрылымды модернизациялау және халықаралық көлік қатынасын жетілдіруден өмір сүру сапасының деңгейі тұрақталған аймақ болады.

Маңғыстау облысы дамуының негізгі стратегиялық мақсаты тұрғындар өмірінің сапасы мен жағдайын көтеру болып табылады. Оның артуы өңірдің жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін салалар есебінен жүзеге асырылады. Өмір сүру сапасы және жоғары стандарттар өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің салдары болып табылады.

Негізгі мақсатты жүзеге асырудың маңызды нәтижесі адам өмірін жақсартатын, денсаулық сақтаудағы сапалы көрініс, әлеуметтік қызмет көрсетудегі, мәдениет, спорт, дамыған көлік, тұрмыс инфрақұрылымын қамтамасыз ететін қозғалыста, үйлесімді және бәсекеге қабілетті экономиканы құру.

Жалпы топшылаудың жүзеге асырылуы:

Аймақтың тиімді интеграциясын ұлттық және әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етуге, өндірістік күштерді тиімді орналастыру есебінен әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдетуге;

Қазақстан дамуының локомотиві іспеттес аймақтың беделін нығайту және еліміздің жаңа кеңістіктік дамуын құруда белсенді ат салысуға;

Инновациялық өндірістерді қалыптастыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен жетілдіру;

Табиғи ресурстарды игеру және өңдеу;

Азық түлік қауіпсіздігі, халықты жұмыспен қамту, экономиканы диверсификациялар факторы ретінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

Инфрақұрылымның барлық нысандарын жетілдіруге;

Аймақтың тұрақты дамуына негіз ретінде экологиялық жағдайды қамтамасыз етуге. Экономикалық қызметті экологизациялау есебінен құрылымдық қайта кейіптеу шеңберінде қоршаған орта жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған.

Бағдарламаны жүзеге асыру құралы болып: 2011-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысы аймағын дамыту Бағдарламасы бойынша іс шара жоспары, тиісті мемлекеттік құрылым басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлар, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес жоспарлары және жобалары. Жоғарғы құн қосылған жекелеген салалардың басымдылықтардың дамуы үшін тиімді басқару және жағдай жасау. Дамуға бағытталған бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

Бәсекеге қабілетті және үйлесімді экономика құру жөніндегі Әкімдіктің алға қойған мақсатты саясаты даму стратегиясы бағдарламасында шоғырлануы қажет. Басымдықтарды бағалау стратегиялық талдау және сарапшылардың қорытындысы негізінде жүргізілген. Осылайша Маңғыстау облысы өңірлік даму бағдарламасының мынадай басымдығы анықталды:

I: тұрғындар өмірінің сапасын көтеру;

II: мұнайгаз өндіру секторы және мұнайхимия;

III: туризм;

IY: ұлттық деңгейдегі сауда логистикалық орталық негіздеу;

Y: ауылшаруашылығы;

YI: құрылыс материалдары өнеркәсібі.

Ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз ететін Маңғыстау облысы мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуі қажет:

Энергиямен қамтамасыз ету үшін және Қазақстан халықаралық энергетикалық міндеттерді орындау үшін көмірсутегі кені кеңінен өндірілуі қажет;

Көмірсутегі шикізатын түбегейлі өңдеуді ұйымдастыру;

Көмірсутегінің минералды шикізат базасын қалпына келтіру тиімділігін көтеру;

Қоршаған ортаны қорғауды күшейту;

Азық түлік қауіпсізігі мәселесін шешу;

Көлік және байланыс инфрақұрылымын дамыту;

Қызмет көрсету саласын, оның ішінде туризмді дамыту.


Негізгі индикаторлар:

ЖӨӨ, ФКИ жыл сайынғы нақты өсуі өткен жылға пайыз есебімен алғанда: 2011 ж. – 99,7%, 2012 ж.–102,2%, 2013 жылы – 103,4%, 2014 жылы – 104%, 2015 жылы – 107,5%.

Өнеркәсіптік өнімінің, ФКИ жыл сайын нақты өсуі өткен жылға қатысты пайыз есебімен алғанда: 2011ж. – 95,8%, 2012 ж. – 98%, 2013 ж. – 99,5%, 2014 ж. – 102,9%, 2015 ж. – 107,1%.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 2011 жылы – 112,1%, 2012 жылы – 90%, 2013 жылы – 109,1%, 2014 жылы – 111,2%, 2015 жылы - 102,1%.

Электр қуатын өндіріп шығаруды 2011 жылы 4,59%-ға, 2012 жылы – 4,93%-ға, 2013 жылы – 5,27%-ға, 2014 жылы – 5,61%-ға, 2015 жылы – 5,95%-ға дейін арттыру.

Мұнай өндіру көлемі 2015 жылға қарай – 21,8 млн. тонн ( 2009 жылы– 18,4 млн. тонн).

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің, ФКИ нақты жыл сайын өсуі өткен жылға қатысты пайыз есебімен: 2011 ж. – 119,5%, 2012 жылы – 103%, 2013 жылы – 106,4%, 2014жылы – 107,2%, 2015 жылы – 110%.

Құрылыс жұмыстарының жыл сайын нақты өсуі, ФКИ өткен жылға қатысты пайыз есебімен: 2011 ж. – 100,6%, 2012 ж – 100,2%, 2013 ж. – 103,9%, 2014 ж. – 102,2%, 2015жылы – 104,3%.

Сауданың, жыл сайын нақты өсуі, ФКИ өткен жылға қатысты пайыз есебімен: 2011ж. – 108,7%, 2012ж. – 111%, 2013 ж. – 114,6%, 2014 ж. – 111,1%, 2015 ж. – 113%.

Адам өмірінің күтілетін ұзақтығы 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін артады (2011ж. – 70,46 жыл, 2012ж.- 68,7, 2013ж.-68,6; 2014-68,9; 2015-70).

1000 адамға шаққанда жалпы өлім-жітім – 2015 жылы 5,3 (2011ж.- 5,29; 2012-6,0; 2013-5,9; 2014-5,6; 2015-5,3).

100 000 тірі туғанға қатысты ана өлімі –2015 жылы 27,7 (2011ж.- 30,9; 2012-33,7; 2013-31,2; 2014-29,4).

1000 тірі туғанға қатысты сәби өлімі –2015 жылы 13, (2011ж.- 17,2; 2012-16,3; 2013-15,2; 2014-14,1).

Мектепке дейінгі балалардың жалпы санынан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарымен қамтылған балалардың үлесі (3 жастан 6 жасқа дейінгі )2015 жылға қарай – 97,6% (2010 ж. – 38%).

2015 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға дейін азаяды (2010 – 6,4%).

Табысы күнкөрістің ең аз шамасынан төмен халықтың облыстағы жалпы халық санынан 2015 жылға қарай үлесі – 4,5% (2010 – 11,6%).

2015 жылға қарай дамудың жоғары әлеуеті бар АЕМ саны - 7 бірлік (2010ж. – 4 бірлік).

Облыс халқының 2015 жылға қарай полиция қызметкерлеріне сенімінің болжанушы деңгейі– 55% (2010 ж. – 50%).

Құрылыс жұмыстарының ФКИ 2015 жылы- 104,3%.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттарлық және жақсы күйдегі үлесі 2015 жылға қарай 74 км-ге дейін өседі.

2015 жылға қарай ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізу жалпы ауылдық елді мекендер санынан – 71,7%.



2015 жылға қарай әлеуметтік-маңызы бар қызметтер халықты қанағаттандыру деңгейі 100 % қанағаттандырады.

Жоғарыда аталған құжаттардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған Маңғыстау облысы дамуының мүмкін сценарийлері


Сценаридің жалпы сипаттамасы

Қазақстанның орташа шұғыл әлемдік экономикалық дамуының негізгі варианнары бірнеше негізгі факторымен анықталады.

қазақстанның экономикалық энергия, білім, жоғарғы техналогиялар және басқа салалардың даму және салыстырылым ерекшеліктерінің іске асырылу деңгейімен;

өңдеу өндірісінің жаңару қарқынымен және еңбек өндірісінің алға басуымен;

көлік және энергетикалық инфрақұрылым даму қарқынымен;

адами капитал сапасын жоғарлату қарқындылығымен және орташа класты негіздеумен;

еуразиялық экономикалық кеңістіктің интеграциясымен;

әлемдік көмірсутек нарығындағы баға конъюнктурасымен;

Осы факторлардың жүзеге асырылуына қарай орта мерзімді перспективада әлеуметтік-экономикалық дамудың үш сапалы сценарийін бөліп көрсетуге болады – инерциялық, энергия-шикізаттық және инновациялық.

Барлық сценарийлерде ұқсас сыртқы экономикалық жағдайлар қабылданған – жаһандандырылу мен өңірлендіру үрдістерінің теңгерімделген қатынасы кезінде әлемдік экономиканың динамикалық өсуі. Орта мерзімді перспективада әлемдік экономикалық жылына 4 % өсуі үтілуде. Барлық нұсқаларда мұнайдың әлемдік бағасы 2012 жылы оратша 100 АҚШ доллары барельге тең келеді, 2013-2017 жылдары орташа 90-85 АҚШ доллар деңгейінде болады.

Барлық сценарийлер бәсекелестікті дамытуға, меншік құқықтарын және экономикалық еркіндіктерді қорғауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған институтционалдық қайта құрылулардың реттік өткізілуін ескереді. Сонымен қатар екінші және үшінші сценарий шеңберінде белсенді құрылымдық саясатты немесе инвестициялық ахуалдың жағдайына, өндірістің құрылымына және экспортқа маңызды әсер ететін бәсекеге қабілеттілікті арттыру саясатын өткізу жоспарланып отыр. Басқаша айтқанда, екінші және үшінші сценарийде әлдеқайда жоғары сапа және Экономикалық пен әлеуметтік институттардың тиімділігі ескеріледі.

Пессимистік даму сценариі

Оның негізінде көмірсутектер экспорты өсуінің тежелуімен, дайын тауарлардың ішкі нарықтарын ашумен, өңдеу өндірістерінің бағалық бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты оның әлеуетінің тарылуы кезінде дамудың экспорттық-шикізат үлгісін консервациялау жатады. Инерциялық даму сценарийі мынадай болып сипатталады:

экономиканың салыстырмалы басымдықтарын іске асыратын жаңа ұзақ мерзімді жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуынан бас тарту;

әлеуметтік инфрақұрылымның жаңартылу үдерісін тежейтін халықтың экономикалық таралуын күшейту.

Осы сценаридың экономикалық өсуі мынадай факторларға байланысты:

құбыр инфрақұрылымының баяу таралуымен және жаңа кен орындарының жеткіліксіз игерілуімен шектелетін көмірсутектер экспортын арттыру мүмкіндіктері;

өңдеу өндірістерінің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін төмендету және импорттың озушы өсуін сақтау;

адами капитал сапасының төмендеуі;

еңбек өнімділігінің өсуі жылына 3-4%-дан төмен.

Аталған сценарийде отын-энергетикалық кешенде жұмыс нақты басталған жобалар ғана іске асырылады. Осындай жағдай 2013 жылдан кейін мұнай өнірісінің тоқтап қалуына және әлемдік нарықтағы қазақстандық қуат тасушылары үлесінің азаюына алып келеді. 2015 жылға қарай экономикалық өсудің инфрақұрылымдық шектеулері толық көлемде жасалады (энергетикалық қуат тапшылығы, көлік инфрақұрылымының тапшылығы). Қазіргі заманғы құрылымдық сипаттамалары да сақталады: экспортта да, капиталды жинауда да шикізат экспортының басымдығы, өңдеу секторларының әлсіз дамуы, жоғары технологиялық секторлардың және білім экономикасының анклавтық сипаты. Өңдеу өндірістерінің бәсекеге қабілеттілігі жалпы төмен болып келеді.

Облыстың ЖӨӨ өсу қарқыны 2015 жылға қарай 1-2% төмендейді. 2015 жылға қарай көмірсу кеңінің көлемі күрт қысқартылады, тұрғындар өмірінің деңгейі түсуі көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен әлеуметінің қысымы жоғарлайды.

Нақты даму сценарийі. Аталған сценарий Маңғыстау облысының дәстүрлі салаларда бәсекеге қабілетті әлеуетін іске асыру есебінен, энергия-шикізаттық салалардың сапалы деңгейін арттыру және Маңғыстау облысының Қазақстандағы шикізат мамандандырылуын нығайту есебінен инерциялық дамудың шектеулерін жартылай алып тастауға мүмкіндік береді. Ол мынадай болып сипатталады:

өндірістің жаңа аудандарында өндеуді және тиісті құбырлардың құрылысын қамтамасыз ететін ірі жобаларды (оның ішінде, жеке және шетел инвестицияларын тартумен) іске асыру;

жаңа технологияларды енгізу есебінен кен орындарын пайдалану тиімділігін күрт арттыру;

қазақстандық көмірсутектердің экспорт бағытын әртараптандыру, тиісті инфрақұрылымды құру;

атом және баламалы энергетиканың үлесін бірте-бірте арттырумен энергетиканы жаңарту және белсенді дамыту;

технологиялық жаңаруды және бәсекеге қабілеттіліктің артуын қамтамасыз ететін энергетикада, отын және шикізат салаларында (металлургия, негізгі химия), біріккен машина жасау өндірістерінде инновациялық белсенділікті арттыру;

жоғары технологиялық секторлардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі және импорттың жоғары қарқынын сақтау.

Мұнай-газ саласының жылдамдатылған дамуына негізделген өсудің жаңа көздерін қалыптастыру. Технологиялық даму түрткісіне өңдеу өнеркәсібі, машина жасаудағы мұнай-газ саласына арналған жабдықтар, химия өнеркәсібі ие болады. Экспорттық-шикізат ядросымен байланыссыз қалған салалар құлдырап жатқан бәсекеге қабілеттілікпен сипатталатын инерциялық режимде дамиды.

Экономикалық өсу мүмкіндіктері негізінен мынадай факторлармен анықталады:

қуат тасушыларының экспортын, шикізатты және көлік қызметтерін облыс экономикасын көмірсутектердің әлемдік нарық конъюнктурасынан тәуелділігімен түсіндіріледі;

көлік инфрақұрылымының жылдамдатылған дамуымен;

ішкі энергия тұтынуды қамтамасыз ету мүмкіндіктері, оның жоғары динамикасы экономика құрылымында энергияны көп қажет ететін шикізат салаларының басымдылығымен түсіндіріледі;

энергия-шикізаттық және көлік салаларым ен байланыссыз өңдеу өндірістерінің технологиялық бәсекеге қабілеттілігінің артта қалуымен;

адами капиталдың сапасын арттыру серпінінің жеткіліксіздігімен;

әлеуметтік және өңірлік дифференциацияның және орта тапты қалыптастырудың төмен серпінінің сақталуымен.

Облыстың ЖӨ өсу қарқыны 2015 жылға дейін жылына 4-5 пайызды құрайды.

Оптимистік даму сценарийі. Бұл сценарий облыс экономикасының дәстүрлі және жаңа ғылымды көп қажет ететін секторларында және білім экономикасында нақты басымдықтарын іске асыру есебінен өсудің инновациялық көздерін пайдалануды сипаттайды. Ол мыналарды ескереді:

жаңа технологияларды енгізу есебінен кен орындарды пайдалану тиімділігін арттыру, өндірілетін көмірсутектердің көлемін арттыру, көмірсутек шикізатының жаңа кен орындарын әзірлеу;

Ақтау агломерациясын адами капиталдың сапасын және халықтың өмір сүрі стандарттарын арттыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік инфрақұрылымды тереңдетілген жаңарту, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй секторы;

экономиканың инфрақұрылымдық салаларын жаңарту – көлік, электр энергетикасы, байланыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ол екінші сценариймен салыстырғанда энергия сақтаудың тиімділігін арттырады;

Маңғыстау облысында экономикалық дамудың өңірлік орталығын құру;

өңдеу өнеркәсібінде және қызметтер саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру.

Аталған сценарийді іске асыру мұнай-газ саласының жылдамдатылған дамуына негізделген өсудің жаңа көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Технологиялық даму импульсіне өңдеу өнеркәсібі, машина жасаудағы мұнай-газ саласына арналған жабдықтау, химия өнеркәсібі, сонымен қатар құрылыс индустриясымен, туризммен байланысты экономиканың парспективалы секторлары ие болады. Ауыл шаруашылығында, негізінен мал шаруашылығында өнімділік артады.

ЖӨӨ өсу қарқыны 2015 жылға дейін жылына 8-9 пайызды құрайды.

Әлеуметтік қызмет саласының мемлекеттік-жек серіктестік принциптерінде дамуы, әлеуметтік салада қызмет көрсетудің сапасын арттыруды қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің сапасына оң әсер етеді.

Қорытындылай келе, жақын арада Маңғыстау облысының экономикалық дамуы экономика дамуының екіншүі сценарийі бойынша жүреді деп айтуға болады, оған энергия ресурстарына бағалардың артуы әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың екінші толқынының пайда болуы кезінде, экономикалық даму дамудың бірінші сценарийіне ауысуы мүмкін, осы уақытқа қарай Қазақстан экономикасындағы инновациялық әлеуеті критикалық салмаққа ие бола қоймаған жағдайда байқалады. Әлемдік нарық өнімімен бәсекеге түсе алатын өнімі бар инновациялық инфрақұрылымды уақтылы қалыптастыру кезінде, Қазақстан мен Маңғыстау облысының экономикасы ұзақ мерзімді перспективада үшінші инновациялық сценарий бойынша дамиды.



4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет