Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша , жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады. Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |