Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


 -ТА РА У Case Study: әсерді басқару және



Pdf көрінісі
бет152/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

4 -ТА РА У
Case Study: әсерді басқару және
үйсіз балалар
Әсерді басқаруды түсінудің ең жақсы тәсілдерінің бірі - мәртебесі өте 
төмен, Гоффмин (1961) «болмысы бұзылғандар» деп атаған адамдар- 
дың бет-әлпетіне көз салу. Бұлардың қатарына кісі зорлағандар, сат- 
қындар, жарадан бет-аузы бүжырланған адамдар жатады. Болмысы 
бүлінген адамдар қадір-қасиетін қалай сақтайды? Басқалардың бага- 
лауына қаншалық эсер етеді?
Сан-Францискода қаңғыбас балалар арасында жүргізілген зерт- 
теу осы жалғыз сұраққа жауап іздеді. Энн Рошель есімді ғалым қаңғы- 
бас балаларды апарып тастайтын орталықтарда ерікті ретінде жұмыс 
істеп, төрт жыл бойы олардың іс-әрекеттерін бақылап, әңгімелерін 
тыңдаған, балалармен ресми және бейресми жағдайда сөйлескен 
(Roschelle & Kaufmann, 2004).
Рошель сөйлескен балалар өздерінің бұзылған болмыстары ту- 
ралы жақсы білетін болып шықты. Олар жергілікті басылымдар- 
дың «қаңғыбас балалар» мәселесін жиі көтеріп тұратынынан да, 
саясаткерлердің «қаланы қаңғыбастардан тазартамын» деп уәде бе- 
ріп, дауыс жинайтынынан да хабардар екен. Балалардың бірі: «Бізді 
жүрттың бәрі жек көреді, себебі қаңғыбастар қоғамды кері тартады. 
Егер бұл ел шынымен керемет болса, мүнда біз сияқты балалар бол- 
мас еді», - деп жауап берген (Roschelle & Kaufmann, 2004, 30). Сонда бүл 
балалар қадір-қасиетін қалай сақтайды, басқалардың өздері туралы 
көзқарасына қалай эсер етуге тырысады?
Рошель мен оның әріптесі, екінші автор Питер Кауфман балалар- 
дың бейімделу және қарсы түру сияқты екі стратегияны қолданаты- 
нын аңғарады. Бейімделу түрлі формада журуі мүмкін. Балалар өзде- 
рінің адам ретінде қадірі бар екенін сезіну үшін еріктілермен және

Өзгелер сияқты, панасызжастар 
I дабасқалардыңәсерінбасқаруға 
тырысады. Мына жігіт сүйкімді ит тауып 
алып, оған қамқорлық көрсету арқылы 
басқаларды да оны жақсы көруге 
шақырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет