Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет266/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

8 -ТА РА У
Кінәліні іздеу - адамдардың 
немесе топтардың мақсатқа қол 
жеткізуі қиынға соққанда өз 
сәтсіздігіне басқаларды кінәлау.
Дискриминация - адамдарды 
санаттардагы мүшелігіне қарай 
кемсіту.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ. Сүйіспеншілікті, яғни жақсы көруді қалай үйренсек, 
жек көру мен қорқуды да солай үйренеміз. Бұрмаланған пікір өзгелер- 
мен қарым-қатынас арқылы дамиды. Көзқарасы бүрмаланған адамдар- 
дың көбі жас кезінде бұрыс пікірлерді басқа да әлеуметтік нормалармен 
қатар қабылдаған. Есейгенде кездескен топтар мен институттар осы се- 
німдерін күшейгкен (Wilson, 1986; Feagin & Van Ausdale, 2001).
Сонымен қатар бұрмаланған пікір мен көзқарасты айналамыз- 
дағы қоғамнан үйренеміз. Егер біз теңсіз қоғамда өмір сүрсек және 
топтық бірліктің ешкімге маңызды емес екенін байқасақ немесе «біз 
сияқты» ешкім де «олар сияқтыларға» жолағысы келмесе, сол топ мү- 
шелері үшін де мұның еш маңызы жоқ екеніне көзіміз жетер еді. Мұн- 
дай процесс барысында азшылық топ мүшелері, сондай-ақ көпшілік 
топтар да азшылықтопты бағаламауға әдеттенеді (Wilson 1992; Feagin 
& Van Ausdale 2001).
КІНӘЛІНІ ІЗДЕУ. Барлығымыз қоғамда өмір сүргеннен кейін әрбірімізде 
бұрмаланған пікірлер қалыптасады, ал кездейсоқ бір жағдай олардың өр- 
шуіне түрткі болады. Олардың бірі - көңілі қалу, түңілу. Адамдар өз мақ- 
саттарына қол жегкізу қиынға соқса, кінәні басқалардан іздей бастайды. 
Мүндай әрекет кінәліні іздеу деп аталады, бұл - уақыт өте қайталанып 
отырады. Мысалы, 1930 жылдары болған Үлкен торығу кезінде нацистік 
Германияда экономика құлдырап, көптеген немістер жұмыссыз қалып, 
кедейлікке ұшыраған кезде антисемитизм өрши бастады.
ШЕКТЕУЛІ РЕСУРСТАР УШІН БӘСЕКЕЛЕСТІК. Шектеулі ресурстар үшін 
бәсекелестік (мысалы, лайықты жұмыс, жақсы үй, белгілі жоғары оқу 
орнында оқу) бүрмаланган пікірді күшейтеді. Барлық нәсілдік және 
этностық топтарға қагысты бүрмаланған пікірлер бір нәсілдік және 
этностық топқа тиетін пайданың басқа бір топқа зияны тиеді деген 
сенімге негізделеді (Bobo & Hutchings, 1996). Мәселен, соңғы бірнеше 
жылда жүмыс нарығында қиындықтар басталгалы имигранттарға 
қарсы көзқарас көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет