Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет276/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Қазіргі жағдай
2010 жылғы санақ бойынша афроамерикалықтар АҚШ халқының 12,6 
пайызын құрайды. ГІайыздық көрсеткіші осы шамалас афроамерикалық 
тұрғындар қазір орта тапқа енді. Осы орайда ескере кетер жайт - АҚШ 
тұрғындарының басым бөлігінің (43%-ы, ақ нәсілді америкалықтар- 
ды қоса) афроамерикалық Барак Обамаға дауыс беріп президенттікке 
сайлауы, оған билік берілуі нәсілшілдіктің азайганын көрсетті. Кейбір 
афроамерикалықтар орта не жоғары тапқа да жатады және АҚШ қоғамы- 
на бірден сіңісіп кеткен. Алайда басқаларының жағдайы төмен, жұмыс 
орындарымен аз қамтылган және оқшауланған аудандарда өмір сүреді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан бері афроамерикалықтарға деген 
көзқарас күрт өзгере бастады. Ақ нәсілділердің басым бөлігі қазір шы- 
нымен бірлестікті қолдайды. Олар азшылық топтарға жататын афроаме- 
рикалықтармен көршілес тұрып, нәсіларалық некелерді де мойындай- 
тын болды. Осы сияқты маңызды жаңалықтар афроамерикалықтардың 
өмірінен орын алуда. Алайда аудандық сегрегация әлі де сақталган.
Осы орайда афроамерикалықтар білім саласындағы жегістіктер- 
мен ақ нәсілділерге жылдам жетуге тырысты, бірақ сонда да артта 
қалып отыр. Тіпті ақ нәсілді мен қара нәсілдінің білім деңгейі бірдей 
болса да «ақтардың» табысы көп. Афроамерикалық отбасылардың 
төрттен бір бөлігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүруде. Олар- 
дың орташа табыс мөлшері ақ нәсілді отбасыларының 59%-ын ғана 
қүрады. (АҚШ санақ бюросы, 2011) Одан да өкініштісі, 40 жас шамасын- 
дағы афроамерикалық отбасылардың көбінің қазіргі табысы ата-ана- 
сының тапқан табыстарынан да төмен.
Осындай таңғаларлық кемшіліктің пайда болуына әкелген екі 
фактор бар: афроамерикалықгардың табыс мөлшері ақ нәсілді амери- 
калықтардікіне қарағанда төмен және афроамерикалық отбасында 
екі табыскер болуы сирек кездеседі.
ТӨМЕНТАБЫС. Егер толық күндік жүмыспен жыл бойы қамтылған афро- 
америкалықгарды алсақ, олардың орташа табысы ақ нәсілді америка- 
лықтардан 20% төмен. 8.1-картасында көрсетілгендей, жағдайдың осын­
дай қалыпта болуының себебі - афроамерикалықтардың көбі еңбекақы 
көлемі ең төмен деңгейдегі оңтүстік аймақтарда тұратындығынан бо­
луы мүмкін. Сонымен бірге ақ нәсілді америкалықтармен салыстырған- 
да білімі нашар афроамерикалықтарға төлемі төмен егістіктерде ауыр 
жағдайларда еңбек етуге тура келеді. Нәтижесінде нәсілшілдік салда- 
рынан жұмыссыз қалу және төмен еңбекақы алу кең жайылған. Қандай 
кәсіп болмасын көптеген афроамерикалықтар ақ нәсілді америкалық- 
тармен салыстырганда кем айлық алып, төменгі деңгейде түр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет