Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет344/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

АҚШ-тағы медициналық сақтандыруы
жоқ адамдар
2010 жылы 65 жасқа дейінгі америкалықтардың 18,5 пайызында меди- 
циналық сақтандыру болмаған. (Medicaid және сақтандырылмағандар 
бойынша: Kaiser комиссия, 2011). Medicare арқасында қарт адамдардың 
100 пайызға жуығы медициналық сақтандыруға ие болды.
І
Қазір АҚШ-та банкроттыққа 
ұшырәудыңбасты себептерінің 
бірі - медициналықсақтандырудың 
және медициналық қызмет 
бағасыныңөсуі.


304
10-ТАРАУ
ә л е у м е тт а н у ж ә н е с із
Сізде де басқа жасөспірімдер 
секілді медициналық сақтандыру 
болмауы мүмкін немесе болған 
күнде де оқуды бітірген соң 
қандай да бір жағдайларға 
байланысты сақтандыруыңыздан 
айырылып қалуыңыз мүмкін. 
Қазіргі уақытта денсаулығыңыз 
жақсы болғанмен, оқыс жағдайға 
ұшырасаңыз сақтандыру қажет 
болады. Мысалы, жол-көлік 
апатына ұшырап, өлім аузында 
жатсаңыз, заңды түрде емханаға 
қабылданасыз. Алайда әрі қарай 
денсаулығыңызды жақсарту үшін 
емделу кезінде сізге мүгедектер 
арбасы берілмейді, физиотерапия 
немесе ота жасалмайды. 
Осылайша, жол апатынан кейін сіз 
медициналық сақтандыруыңыз 
болса, толықтай жазылып, 
денсаулығыңызды жақсартып 
шыға аласыз, сақтандыру 
жасалмаса мүгедек болып 
қалуыңыз мүмкін.
Сонымен қатар шағын бизнесте жұмыс істесе немесе денсаулығы 
нашар болса да (медициналық сақтандырушылар оларға көп қара- 
жат қажет болады деп қауіптенгендіктен) сақтандыру ала алмайды. 
10.1-кестеде бұл нақты сипатталған.
Сақтандырылмаған адамдар мемлекеттік емханаларда жедел 
жағдайда ем қабылдай алады. Басқа жағдайда дәрігерге көрініп, ке- 
ңес алу үшін ұзақ кезек күтуі қажет, кезегі жеткен күннің өзінде 
сапасыз қызмет көрсетіледі. Нәтижесінде сақтандырылмаған аме- 
рикалықгардың басқа ем алып жатқан азаматтар сияқты дәрігер- 
ге жиі баруға мүмкіндігі болмайды; емханада емделуді талап ете 
алмайды, емханада ем алғанына қарамастан, қайтыс болу қаупі 
жоғары (Medicaid және сақтандырылмағандар бойынша: Kaiser ко­
миссия, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет