Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


«Девиант» атыныңтаңылуыныңтүсіндірмесі



Pdf көрінісі
бет202/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

«Девиант» атыныңтаңылуыныңтүсіндірмесі
Ат таңу теориясы іс-әрекетке «девиант» деген аттың қалай таңылаты- 
нын түсіну үшін қажет. Бұл теория өкілдерінің көбі девианттылыққа 
баға бергенде, конфликтологиялық пікірді ұстанады. Олардың ай- 
туынша, кейбір топтар өз билігі мен мәртебесін арттыру мақсатында 
басқалардың іс-әрекетін «бүзақылық» деп айыптауға тырысады. Кәсіп- 
керлердің жаңа бизнес үшін өз идеяларын сатқаны сияқты, топтар да 
өздерінің кімді «девиантты» деп атауға болатынына қатысты мораль- 
дық идеяларын «сатуға» тырысады. Сондықтан әлеуметтанушылар де- 
вианттылықтың жаңа анықтамаларын қалыптастыруға тырысатын 
адамдарды моральдық кәсіпкер деп атайды. Әдетте топтың ықпалы 
неғұрлым жоғары болса, олардың басқаларды «девиант» деп атау әре- 
кеті соғұрлым сәтті болады. Ат таңу теориясын қолдаушылар неліктен 
жоғары таптағы девианттылықтан гөрі төменгі таптағы девиантты- 
лық адамгершілікке жат, қатыгездік немесе қылмыс деп есептелетінін 
түсіндіреді.
Бірақ топтар өздерін «девиант» деп атағандарға қарсы күресуі мүм- 
кін. Мысалы, «Ата-аналардың телевидение кеңесі» (АТК) - өздерінің 
консервативтік мораліне нүқсан келтіретін телевизиялық шоу бағ- 
дарламаларға қарсы әрекет ететін коммерциялық емес ұйым. Олардың 
жұмысы «Дүниежүзілік күрес федерациясына» (қазір «Дүниежүзілік 
күрес сауық кеші» деп аталады) қарсы бағытталған. АТК бұл ұйымды 
зорлық-зомбылық пен жүгенсіз жыныстық қатынасты насихаттағаны 
үшін сынға алған (Lowney, 2003). Бұған ұйым екі жолмен жауап берді. 
Алдымен 2000 жылдың ортасынан 2001 жылдың басына дейін «Цен­
зура құқығы» деп аталатын күрес командасын құрып, әзіл-оспақпен 
шабуыл жасады. Олар күрес кезінде ережені өрескел бүзып, АТК-ның 
моральдық қүндылықтарын насихаттаған сыңай танытты. Екіншіден, 
олар жала жапқаны үшін АТК-ні сотқа берді. Ұйым осы стратегиялар- 
дың екеуінде де өзінің қоғамдық келбетін қоргап, жұртшылықтың көз 
алдында АТК-нің «девиантты» деп ат қоюға бағытталған әрекеттерін 
тойтарып тастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет