Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет215/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Түрме баламалары
Американың сот жүйесі түрме мен жазалауға көп көңіл бөлгенімен 
түрмеге баламаның да түр-түрі бар. Соншама адамды түрмеге жабу- 
дың шығыны өте көп болғандықтан, қалалар мен штаттар әсіресе 
жастар мен жеңіл қылмыс жасаіандарға қатысты балама бағдар- 
ламаларды қолдануға ден қойып келеді (Steinhauer, 2009). Бұл бағ- 
дарлама бойынша қамалғандар сотқа барып, түрмеге қамалудың 
орнына қоғамдық жұмыстарға тартылады, маскүнемдіктен не на-


184
б-ТА РА У
І
Бірдей киім кигізіп, ығы-жығы 
адамдарды атымен емес, 
нөмірімен анықтайтын түрмелер 
сотталушылардың ашуын туғызып, 
мезі етіп жібереді. Осыдан 
девианттылықодан сайын өршиді.
шақорлықтан емделеді немесе жәбірленушінің алдындағы айы- 
бын өтейді.
Сотталғандарды шартты түрде босату кезінде оларға ерекше 
бақылау орнату бағдарламасы да елдің көп аймақтарында жүмыс 
істеп жатыр. Оның ішінде коменданттық сағат, нашақорлыққа 
міндетті тексеру, жақын жердегі үйде тұру, электронды бақылау 
сияқты әдістер бар. АҚШ Әділет институтына арнап әзірленген 
зерттеу қорытындысы көрсеткеніндей, нашақорларды емдеу және 
басқа да қолдау шаралары қылмыскерлердіц адам қатарына қо- 
сылу мүмкіндігін арттырып, қылмыстық жүйенің шығынын азай- 
тады (Petersilia, 1999).
АҚШ аймақтарының көбінде түрмеден шартты түрде шыққан- 
дарды полиция бөлімшесіне уақытында бармағаны үшін қайта 
түрмеге тығудың орнына, оларға психологиялық қолдау көрсетіп, 
жұмыс беруді алға қоятын қайта бейімдеу бағдарламалары да жү- 
мыс істей бастады, бұл саясат сотталғандардың түрмеге қайтуына 
тосқауыл қояды (Savage, 2011).
Бұл бізге не береді?
Девианттылық пен қылмысқа қатысты консервативтік ұстаным 
көбіне девианттылықты заңға қайшы әрекет қатарына жатқы- 
зып, қылмыс жасағандарды жазалауды ұсынады. Бұл үстаным 
1970 жылдардан бері басым болды, соның кесірінен түрмеге қамал-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет