Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Конфликті талдау: әлемдік жүйелер



Pdf көрінісі
бет226/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Конфликті талдау: әлемдік жүйелер
теориясы
Конфликтология теорияшылары «200 жылдан бері капитализм үс- 
темдік етіп келе жатқан әлем жалғыз экономикалық жүйе ретінде 
әрекет етеді» деген пікір айтады. Сонымен қатар теорияшылар бұл 
жаьандық еркін нарық жүйесінде ауқатты мемлекеттер мен транс- 
ұлттық корпорациялар (тауарларын бір емес, бірнеше елдерде өн- 
діріп шығаратын корпорациялар) тауар өндіруді, қызмет көрсетуді 
және еңбек етуді өздерінің қажеттілігі үшін жете бақылайтынын 
айғақтады (Wallerstein, 2004).
Үлттық мемлекеттер өзінің пайдасын арттыру үшін түрлі стра- 
тегияларды қолданады. Олар мұнай сияқты ресурстарды және на- 
рықты басып алуды көздейді. Сонымен қатар олар Солтүстік Америка 
Тегін Сауда келісімшарты (NAFTA) сияқты шарттар арқылы нарықты 
ұстап тұрады немесе қалаған тауарларды шығару үшін қажетті ре­
сурстарды пайдаланады. Ұялы телефонның әлемдік нарығында Фин- 
ляндияның үстем болуы (Nokia корпорациясы арқылы) - стратегия 
қолданудың үлгісі.
Трансұлттық корпорациялар -
халықаралық деңгейдегі тауарлар 
өндіретін және сататын аса ірі 
корпорациялар.

Экономикалықжәнесаяси 
I күшінебайланыстытрансулттық 
корпорациялар жоғары дамыған 
мемлекеттерде шоғырлана отырып, 
орташа дамыған елдердің нарығын 
жаулап алуды көздейді Мысалы, қазіргі 
таңда FedEx Вьетнам нарығында басым.


196
7-ТАРАУ
әлеуметтану және сіз
Егер нашар дамыған елдерге 
саяхаттаған болсаңыз, 
экономикалық дағдарыстың 
салдарын көрген боларсыз. Бұл 
елдерде тіпті су ішуге болмайды 
деген ескертулер енгізілген, 
себебі экономикалық ресурстар 
тапшылығынан халық ішуге 
жарамды ауыз сумен қамтамасыз 
етілмеген. Бұл елдерде еңбекақы 
деңгейі өте төмен болғандықтан 
тамақ, киім және кәдесыйларды 
арзанға сатып алуға болады. Такси 
сияқты қызметтер кең таралған. 
Еңбекақы төмен болғанымен, 
жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, 
сондықтан көшелерде қайыр сұрап 
жүрген адамдар, жезөкшелер мен 
ұрылар жиі кездесуі мумкін.
Әлемдік жүйелер теориясы - 
іргелі және шеткері қоғамдар 
ретінде белгілі бай және кедей 
елдер арасындағы экономикалық 
қатынастар туралы тужырымдама.
Іргелі елдер - экономикалық 
тұрғыда әртараптандырылған 
және сыртқы бақылаудан тәуелсіз, 
бай, қуатты елдер.
Шеткері елдер - салалық 
экономикасын өзі басқаруға 
мүмкіндігі жеткіліксіз, кедей және 
әлсіз елдер.
Соғыс - ұлттық әскер мен басқа 
бір топтың арасындағы қарулы 
қақтығыстар.
Әлемдік жүйелер теориясы кедей және бай елдер арасын- 
дағы экономикалық қатынастар конфликтісіне талдау жасайды 
(Wallerstein, 2004). Бұл теория әлемді екі топқа белуге болады деп па- 
йымдайды. Біріншісі - маңызы басым, экономикасы дамыған іргелі ел­
дер. Олар өзін-өзі басқарады әрі кедей елдерден пайда көруге де шамасы 
жетеді. Ал екінші топқа аз ғана дақылдар негізінде (банан немесе какао 
өндіру сияқты) құрылған әлсіз экономикасымен белгілі, дамыған мем- 
лекеттердің «қол астындағы» шеткері елдер (перифериялық елдер) 
жатады.
Әлемдік жүйелер теориясы бойынша, үстем қоғамдардың бай 
болуы шеткері қоғамдардың кедей болуына байланысты. Басқаша 
айтқанда, бағасы төмен аяқкиім, теледидар, банан не басқа өнімдері 
бар нашар дамыған елдерде орналасқан дамыған елдердің компания- 
сында жұмыс істеп, төмен еңбекақы алатындармен байланысты. Егер 
олардың еңбекақысы көтерілсе, онда бағалар да көтеріліп, шығындар 
көбейе түседі, ал қоғамның өмір сүру деңгейі төмендейді.
Әлемдегі кедейлік пен байлық арасындағы өзара байланыс одан 
әрі «Ғаламдық перспектива: Су және жаьандық теңсіздік» тарауында 
қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет