Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет232/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

СТРАТИФИКАЦИЯ
201
7.3-СЫЗБА. АКДІ-тағы табыс көлемінің
айырмашылықтары
Барлық АҚШ тұрғындарын тең 5 топқа 
(квинтильдерге) белее және сол елдегі 
барлық табыс мөлшері тең бөлінсе, әрбір 
квинтиль (20%) барлықтабыстың20%- 
на ие болуы тиіс еді. Іс жүзінде 20%-ды 
құрайтын ең ауқатты америкалықтар 
(квинтиль) табыстың жартысына ие, ал 
кедейлерден туратын 20% табыстың 
4%-ға жетпейтін бөлігін ғана иемденеді.
Әлеуметтік тап мәселелерінің салдары
Әрқайсысымыздың мінез-құлқымыз бен қарым-қатынасымыз ең бол- 
мағанда бір себеппен қай әлеуметтік тапқа жататынымызды білдіреді. 
Сіз боулинг немесе теннис ойнауды қалайсыз ба? Шетелдік немесе 
америкалық фильмдерді таңдайсыз ба? Сыра ішесіз бе, әлде шерри 
ме? Осы және өзге де таңдауларыңыз әлеуметтік табыңызға байла- 
нысты жасалады. Адамның әлеуметтік табын білу басқа кез келген 
ақпаратқа қарағанда көп мәлімет береді. Сондықган «Сізді көргеніме 
қуаныштымын!» деген сөз тіркесі көбінесе «Сіз немен айналысасыз?» 
деген сұрақтан кейін айтылады.
Әлеуметтік таптар арасындағы айырмашылық қарапайым 
талғамға ғана қатысты емес, оның нәтижесіне де эсер егеді. Кедей 
адамдардың зорлық-зомбылық құрбаны болу, оқудан шығып қалу 
немесе созылмалы ауруға, не мүгедектікке шалдығу ықтималдығы 
өте басым (U.S Bureau of the Census, 2011). Осы мысалдардан бай- 
қалғанындай, қалталы азаматтардың өмір сүру сапасы жоғары.
Теңсіздік жөніндегі теориялың
көзңарастар
«Forbes» (2008) журналына сүйенсек, Стивен Спилбергтің қазіргі та- 
бысы $3.0 миллиард шамасында және ол жылына миллиондап табыс 
табады. Онымен салыстырғанда, орта буындағы полиция қызмет-


202
7-ТА РА У
керінің табысы $51000, ал америкалық отбасылардың 20%-ының жыл- 
дық табыс мөлшері $20 813 (U.S Bureau of Labor Statistic, 2011c; U.S Bureau 
of the Census, 2011c).
Табыстар арасындағы осындай үлкен айырмашылықты қалай 
түсіндіруге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін стратификацияның 
әлеуметтік қүрылымына көз жүгіртуіміз керек. Миллиардер немесе 
полиция қызметкерінің табысы туралы сүрамастан бүрын шектеу- 
лі ресурстарға неліктен кейбір топтар ғана ие болатыны туралы сөз 
қозғаймыз. Құрылымдық-функциялық және конфликтология теория- 
шылары ұсынған стратификация жөніндегі теорияларды қарастыр- 
ғаннан кейін адамдардың осындай әртүрлі топтарға қалай жікте- 
летіні туралы теориялық түсініктемелерге тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет