Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Білім алу м ү м к ін д ік т ер ін арттыру



Pdf көрінісі
бет252/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Білім алу м ү м к ін д ік т ер ін арттыру
Білім алу табыс теңсіздігін төмендету үшін маңызды екені анық (Isaacs, 
Sawhill & Haskins, 2008). Зерттеулерге сүйенсек, төменгі таптарға жататын 
оқушылардың жақсы білім алуына жағдай жасайтын бағдарламалар- 
дың саны артуда. Осындай бағдарламалар балаларды интеллектуалдық 
жағынан ынталандыруға бағытталған. Олар ағылшын тілін білмей- 
тін балалар үшін арнайы курстарды ұсынады. Сондай-ақ отбасылық 
жағдайы төмен балалардың оқуға түсуіне демеушілік жасайтын несие- 
лік және гранттық бағдарламалар да бар. Бұл бағдарламалар бұрынғы-


218
7-ТАРА У
мен салыстырғанда біршама жетістіктерге жетті; қазір төменгі таптың 
колледждер мен университеттерде оқитын студенттері басым.
Алайда балалар мектепте аптасына 35 сағат, ал отбасыларымен ап- 
тасына 130 сағат уақытын бірге өткізеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл 
кедей балалардың өздеріне кедергі келтіретін көп мәселелерді жеңе алма- 
уына эсер етеді. Мысалы, олар бастауыш сыныптағы математика пәнін 
кедей балалар да, жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар да бір 
деңгейде меңгеретінін анықтаған. Алайда кедей балаларда жазғы дема- 
лыста білімін бекітуге мүмкіндік жоқ, бай балалары үшін мүмкіндіктер 
алуан түрлі (Entwisle & Alexander, 1992). Кедей балалар оқуға ынтасын 
көтеретін түрлі және қызықты істермен үй жағдайына байланысты ай- 
налыса алмайды. Сондықтан қазір көптеген ғалымдар мен қоғам белсен- 
ділері кедей отбасынан шыққан оқушыларға арналған жыл бойы оқыта- 
тын мектептер мен жазғы бағдарламаларға қолдау көрсетеді.
Б ұ л б і з г е н е б е р е д і ?
Стратификацияны зерттеу мынадай басгы бір тұжырымды қалыптас- 
тырды: өздері оқу бітірмеген, балаларын интеллектуалды ынталан- 
дыруға уақыты да, ақшасы да жетпейтін және мәдени-рухани дамуы 
төмен ата-аналардың отбасынан шыққан балалар болады; сонымен 
қатар байлығы, байыпты байланыстары және «жоғары мәдениетті» 
ата-аналардьщ отбасынан шыққан балалар бар. Іс жүзінде олардың 
мүмкіндіктері тең болуы мүмкін емес. Сол сияқты, кейбір елдер ақша, 
мұнай, беделді БАҚ, танымал оқу орындары сияқты ресурстарға ие, 
ал басқаларында мұндай ресурстар тапшы. Нашар дамыған елдерде 
өмір сүру үзақтығы төмен, көптеген панасыз адамдар азық-түлік тап- 
шылығынан тіпті ашгықтан зардап шегеді. Яғни тең мүмкіндіктерді 
орнатудың жалғыз жолы - осы мәселелермен ел ішінде күресу немесе 
елдердің бірігіп күресуі. Осыған орай, америкалықтарға қойылар сұ- 
рақ: «Бізге мұның қатысы бар ма?».
Бұл сұраққа моральдық тұрғыдан жауап беру үшін кедей және 
бай америкалықтардың, сондай-ақ кедей және бай мемлекеттердің 
өмірінің сапасы бір-бірімен тікелей байланысты екенін үмытпағаны- 
мыз жөн. Бай америкалықтар өміріне риза, себебі олардың өздеріне 
көмекші алуға, такси жүргізушісін жалдауға мүмкіндігі жеткілікті. 
Олар еңбекақысы томен жұмысшылар салған үйлерді және өндірген 
тауарларды сатып ала алады. Сол сияқты, АҚШ және басқа бай елдер- 
дің азаматтары адамның бір сағат еңбегі қара бақырмен есептелетін 
елдерден шикізат пен өнімдерді арзанға сатып алады. АҚШ-тың әске- 
ри және экономикалық қуатына басқа елдердің қарсы тұра алмайты- 
нын сезу үстемдікті білдіреді. Сонымен бірге америкалық мәдениетке 
қарсы тұруға басқа мәдениеттердің күші жетпегендіктен, АҚШ-тың 
экономикалық және саяси билігі бүкіл әлемге таралуда.
Алайда бұл - этика оқулығы емес, әлеуметтану оқулығы. Әлеуметтік 
тұрғыдан алғанда, ең маңызды мәселе - теңсіздіктің деңгейін төмендету 
арқылы жеке адамдар мен жалпы қоғамға пайда тигізу. Теңсіздік деңгейі 
жоғары елдерде әрбір адам, сондай-ақ ауқатты азаматтар да стресске тү- 
седі. Олар қылмыс көбейіп, халықтың денсаулығы нашарлап, өмір сүру 
үзақтығы қысқаруынан зардап шегеді (Marmot, 2004; Wilkinson, 1996,2005). 
Егер қылмыскерлерден қорғану, есікті құлыптап отыру немесе жұмыс- 
тан шығарылу сияқты жағдайлар түрақты түрде үнемі болып тұратын 
болса, бай болудан да, орта тап өкілі болудан да рақат жоқ. Сол себепті бай 
елдер өз сақшыларының үнемі дайын тұруын талап етеді, басқа елдер өз- 
дерінің экономикалық және мәдени ұстанымдарын қорғауға ұмтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет