Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет262/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

228
8 -ТА РАУ
Конфликт теориясы
Қазіргі ғалымдардың көбі нәсілдік және этностық теңсіздікті, әсіресе 
көпшілік пен азшылық топтар арасындағы теңсіздікті талдау үшін 
конфликт теориясын пайдаланады. Бұл теория бойынша шектеулі 
ресурстарға қатысты бәсекелестік барысында технологияға қол- 
жетімділік пен құлиеленушілік сияқты тарихи жағдайлар кейбір 
топтардың үстемдігін күшейтті, ал басңа топтарды төмендетті. Ар- 
тықшылықтары бар топтар өз билігін сақтау үшін басқа топтардың 
үстемдік етуіне жол бермейді (Tilly, 1998).
Конфликт теориясының нәсілдік және этностық теңсіздікке көз- 
ңарасы әлеуметтік теңсіздікке көзқарасымен бірдей деген пікір бар. 
Бір жағынан қарағанда, бүл теория «билік басындағылар мұнан пайда 
көреді және қолдағы билігі арқылы қалғандарды төмендетуге тыры- 
сады, сондықтан теңсіздік сақталады» деп пайымдайды.
Конфликтіні зерттеушілер басқа мәселелермен қатар, адам- 
дардың әділетсіздік салдарынан жақсы оқу орны, лайықты жұмыс, 
тұрғын үй сияқты басқа да игіліктерге қол жеткізе алмау себепгерін 
қарастырады.
Символдық интеракционизм
Символдық интеракционизм теориясы күнделікті қарым-қатынаста нә- 
сілдік және этностық теңсіздіктің күшеюін (немесе бәсеңдеуін) түсінуге 
көмектеседі. Мысалы, соңғы жылдары афроамерикалықтар арасында 
үйін тартып алып, баспанасыз қалғандар саны күрт өсті. Конфликт тео­
риясы тұрғысынан қараганда, «ірі банктерге (жоғары тап өкілдері бас- 
қаратын) қарызын төлеуге мүмкіндіктері жетпейтін адамдарға, әсіресе 
афроамерикалықтарға заң бойынша ұзақ мерзімге (көбін жоғары тапта- 
ғы ақ нәсілді саясаткерлер шығарған) ипотекалық несиелер беру қалай 
жеңілдетілген» деген сұрақ туындайды. Керісінше, символдық инте­
ракционизм зерттеушілері банкирлерді осындай ипотекалық несиелер 
үсыну тиімді болатынына, ал афроамерикалықтарды осындай ипотека- 
ны алу тиімді болатынына қалай көндірген деп таң қалады.
І
Соңғы жылдары 
әфроамерикалықтардың үйін 
тартып алу оқиғалары жиілеп кетті. 
Себебі банкирлер оларды төлеуге 
шамасы жетпейтін ипотекалықнесие 
алуға көндірген. Мұндай жағдай 
афроамерикалықтар арасында көп 
кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет