Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет403/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

360
12-ТАРАУ
«Ислам ұлтының» қазіргі басшыларының ықпалымен үлкен күшке 
ие болып тұр. «Ислам ұлты» мен негізгі Ислам дінінің арасында айыр- 
машылық көп болғандықтан қатардағы мұсылмандар «Ислам ұлты» 
өкілдерін мұсылман деп санамайды.
Бұл жаңа діни қозғалысқа ішкі қалалар мен түрмелерде отырған ке- 
дей және қүқықсыз афроамерикалықтар арасынан мүше болушылар көп. 
Бүл адамдарға Ислам діні үміт сыйлап, бірлестік, ұқсастық және айнала- 
сындағы басымдыққа ие «ақтар» әлемінен еркіндік сезімін ұялатады.
АҚШ-тағы дін
Америка Құрама Штаттары - плюралистік ел: оның азаматтары әртүр- 
лі діндерге сенеді немесе бірде-бір дінді ұстанбайды. Бұл тарауда АҚШ 
қоғамынын, діни бейнесін сипаттаймыз.
АҚШ-тағы діни тенденциялар
АҚШ-та бірнеше дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп келгендігі тарих- 
тан белгілі. Дегенмен христиандар қашан да ең үлкен діни топ болды. 
Еврейлер, буддистер, мұсылмандар және басқа христиандыққа жат- 
пайтын топтар маңызды орын алғанымен, олардың ешқайсысы АҚШ 
халқының 1 пайызынан аспайды. Оның үстіне, иудаизмнің қатары 
сиреп барады, ал қалған топтар тұрақты сақталып келеді. Америка- 
лық мұсылмандар туралы толығырақ «Алуан қырлы Америка: амери- 
калық мүсылмандар» тарауында айтылады.
Дегенмен христиандардың сан жағынан басымдығы өткен уа- 
қыттарға қарағанда төмендеген. АҚШ азаматтары арасында өзін хрис- 
тианмын деп санайтындар 1990 жылы 86 пайыз болса, 2008 жылы бұл 
көрсеткіш 76 пайызға түсті (Kosmin 8t Keysar, 2009). Бүл өзгеріс хрис- 
тиандардың басқа дінге ауысқандығынан емес, ешбір дінді ұстанбай- 
тын адамдардың көбейгендігінен болып отыр. 12.3-сызбада АҚШ және 
әлемдік деңгейдегі діндердің таралу көлемі көрсетілген.
Христиан діні ішінде лютерандық және еспископалдық сияқты не- 
гізгі протестанттық шіркеулерден, сондай-ақ Пентекостал және Назарян 
сияқты фундаменталиста шіркеулерден және Інжілдің төрт шаршысы 
шіркеуінен кетушілер күрт көбейген (Kosmin & Keysar, 2009). Ал католик 
дініндегі АҚШ халқының үлесі соңғы 20 жылда өзгермеген. Фундамента- 
листік протестанттық секталарға өткен католик лагынамерикалықтар- 
дың орнын жаңа испан тілді католик иммигранттар басып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет