Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Әлеуметтік рөлдердіңбала туу көрсеткішіне ықпалы



Pdf көрінісі
бет456/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Әлеуметтік рөлдердіңбала туу көрсеткішіне ықпалы
Соңғы жылдары Ганада бала туу көрсеткіші төмендеген, бірақ со- 
ның өзінде де жоғары саналады. Көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 31 
нәресте деңгейінде. Ал өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 8-ден келеді.


406
14-ТА РА У
Бұл - Ганада жыл сайын халық саны орта есеппен 2,3 пайызға артып 
отыр деген сөз (Population Reference Bureau 2011a). Егер осы қарқын 
сақтала берсе алдагы 30 жылға жетпей ел халқының саны екі еселенуі 
мүмкін.
Туу көрсеткіші жоғары болуының тағы бір себебі - Гана қоғамын- 
дағы әйел рөлінің сипаты. Ганада көптеген әйелдер үшін бала - құр- 
мет пен билікке қол жеткізудің маңызды бірден-бір жолы. Бала көтере 
алмайтын әйелдерді күйеулері тастап кетеді. Полигамды отбасылар- 
да тұрып жатқан ганалық әйелдердің 22 пайызы үшін бұл - қалып- 
ты жағдай (Social Institutions & Gender Index 2009). Бала саны, соның 
ішінде ер баланың көп болуы әйелдердің күйеулері алдында дәреже- 
сінің жоғары болуына ықпал етеді. Сонымен қатар нәресте өлімі көп 
болғандықтан, ганалық әйелдер ең болмаса екі баласы аман қалсын 
деген есеппен кемінде торт немесе одан да көп бала туады.
Туу көрсеткішінің жоғары болуына эсер етіп отырған тағы бір 
себеп - экономикалық қауіпсіздік. Гана халқының басым бөлігі ауыл 
шаруашылығында еңбек етеді. Күнкөріс үшін отбасыларға егістікте 
жүмыс істейтін балалар және ересектер қажет. Сонымен қатар бала- 
лар өсіп, үйленген кезде басқа отбасылармен саяси және әлеуметтік 
байланыс орнатып, өз отбасының экономикалық әрі саяси қауіпсізді- 
гін нығайта алады. Сондай-ақ балалар - ганалықтар үшін қартайған 
шақты сақтандырудың бірден-бір жолы, яғни қартайғанда немесе 
ауырған кезінде қамқорлықты балаларынан күтеді. Сонымен қатар 
балалы болу көп шығынды қажет етпейді: қымбат медициналық 
қызмет көрсетілмейді, білім алу арзан немесе мүлде жоқ, балалар 
дизайнерлік джинсы немесе 150$ тұратын теннис аяқ киімін алып 
беруді талап етпейді. Шығыс пен кірісті салыстырсақ, ганалықтардың 
не себепті көп балалы болуды қалайтыны түсінікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет