412
14-ТА РАУ
І
А у ға н с т а н с и я қ т ы ке д е й е л д е р д е б іл ім
бе ру ж ә н е ж у м ы с п е н қ а м т у д ы , ә с ір е с е
қ ы з -к е л ін ш е к т е р ү ш ін к ү ш е й т іп , о т б а с ы н
ж о с п а р л а у б а ғд а р л а м а с ы н ке ш е н д і
ж ү р г із г е н к е з д е бал а т у у к ө р с е т к іш ін
т ө м е н д е т у ге қ о л ж е т к із іл д і.
ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Бұл бағдарламалар бала са-
нын шектегісі келетін адамдар үшін заманауи контрацептивтер мен
үрықсыздандыру шаралары қолжетімді әрі қолайлы болуын қамта-
масыз ету мақсатында жасақталған. Мысалы, 1975-1991 жылдар ара-
лығында отбасын қатаң жоспарлау бағдарламасы аясында Бангладеш-
те жүктіліктен сақтандыру құралдарын қолдану 500 пайызға артып,
бас-аяғы 16 жылдың ішінде әр әйелге шаққандағы туу көрсеткіші
7-ден 5 балаға төмендеді (Kalish, 1994).
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ ДАМУЫ. Әлемдік тәжіри-
бе көрсеткендей, білім беру сапасы артқан сайын туу көрсеткіші
төмендеп, ел экономикасы алға басады. Мысалы, Оңтүстік Кореяның
экономикалық дамуына байланысты әр әйелге шаққандағы туу коэф-
фиценті күрт төмендеген. 1960 жылы 6,0 болса, қазіргі көрсеткіш - 1,2
(Population Reference Bureau, 2011a).
ӘЙЕЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ. Әйелдің мәртебесі томен елдерде олар
тек өздерінің әлеуметтік бағасын көтеріп, көп бала әсіресе ұл туу арқы-
лы алаңсыз қарттығын қамтамасыз ете алады. Ал әйел тереңірек білім
алып, аз да болсын өз бетімен табыс таба алған кезде отбасында ай-
тарлықтай билікке ие болады. Сөйтіп, кешірек тұрмыс құрып, аз бала
туады. Сонымен қатар қыздарын бесіктен белі шықпай жатып күйеуге
шығудан қорғай алады. Сондықтан білім беруді нығайтып, экономика-
да зор мүмкіндіктер ашып, әйел құқығын қорғауға барынша күш сал-
ған Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты елдер отбасын жоспарлауда
ең үздік деп танылды (United Nations Population Fund, 2000).
Достарыңызбен бөлісу: