Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет481/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

430
14-ТАРАУ
тұрғылықты халықтың көңілінен шыға қоймайтын талаптарымен 
қоғамдастыққа қысым көрсетеді (Lichter and Brown, 2011).
Бұл бізге не береді?
Сандық көрсеткіштің маңыздылығына дау жоқ. Әлемде, жергілікті 
жерлерде халық саны өскен сайын мұның әсері сезіле түседі. АҚШ-та 
халық санының өсуіне қарай америкалықтардың табиғи ресурстарды 
пайдалануы да артып, оның залалы орасан екендігі қоршаған орта- 
дан білінді. Әсіресе дамушы елдерде тұрғындардың көбеюі - маңызды 
мәселе. Өйткені ол кедейліктен туындап қана қоймайды, кедейлік- 
ті одан әрі өршітеді. Сонымен бірге Еуропа халқы санының азаюы да 
үлкен мәселе болып огыр, өйткені жұмысқа қабілетті жастардан гөрі 
зейнет жасындағы қариялардыц саны артып барады.
Халық санының өсуіне қатысты мәселелер урбанизация және суб­
урбанизация мәселелерімен тығыз байланысты. Дамушы елдерде әлі де 
жалғасып жагқан индустриализация тенденциясының әсерінен қала- 
лар пайда болды. Ал қалалық өмірдің түрлі әлеуметтік саясатқа қарай 
айқындалған мәселелерінен қала маңы мен шеткері қалалар дамыды. 
Әрбір қоршаған ортаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері 
болады.
Қорытынды
1. Адамзат тарихында туу және өлім коэффи- 
циентері бірдей болып келді. Халық саны баяу 
өсті немесе тұрақты сақталды. Бала туу әйел- 
дердің өмірлік мақсаты болды. Ал өлім бар- 
лық отбасында жиі кездесетін жағдай еді. Бір 
жасқа дейінгі балалардың 1/3-1/4 бөлігі шеті- 
неп кететін.
2. Демографиялық ауысу - туу және өлім көрсет- 
кіштерінің ұзақ уақыт бойы жоғары болып, 
кейін төмен деңгейге ауысуы. Батыста та- 
мақтану, өмір сүру деңгейі, халыққа санитар- 
лық көмектің жақсаруы, заманауи медици- 
наның қолжетімділігі арқасында өлім-жітім 
азайды. Кейінірек индустриализацияға бай­
ланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер 
салдарынан туу көрсеткіші төмендеді. Да­
мушы елдерде өлім деңгейі тез төмендесе, туу 
көрсеткіштері өте баяу түсіп келеді.
3. Әлеуметтік құрылым, туу және өлім коэффи­
циент! өзара байланысты. Біреуіндегі өзгеріс 
басқасына эсер етеді. Бала туу көрсеткіші 
жоғары болуының бір себебі - әйелдер мәрте- 
бесінің төмен болуы.
4. Туу көрсеткіштері қоғамдағы бала туудың 
артықшылықтары мен кемшіліктеріне тіке- 
лей байланысты. Гана елі сияқты дәсгүрлі
қоғамдарда көптеген әлеуметтік құрылымдар 
(экономика және әйелдің рөлі) көп бала тууды 
қолдайды. Италия және АҚШ сияқты замана­
уи қоғамдарда әлеуметтік қүрылымдар бала 
тәрбиесіне кететін шығындарды ата-аналарға 
жүктейді.
5. Мемлекетте туу көрсеткіші төмендегенде бір- 
неше мәселе пайда болады. Олардың ішінде 
жұмыс күш інің жетіспеуі, саны артып келе 
жатқан қарттарга медициналық жәрдемақы 
және зейнетақы төлеу үшін мол қаражат бөлу, 
сондай-ақ шетелдік жұмысшылардың көбеюі- 
не байланысты алаңдау бар.
6. Артта қалған елдерде халық санының көбеюі 
қоршаған ортаның бүзылуына себеп болады. 
Ал дамыган елдерде халық саны көбейгені- 
мен табиғат ресурстарын қорғайтын техноло- 
гиялар қолданылады. Дамушы елдерде халық 
санының өсуі кедейлікті өршітеді. Сонымен 
қатар басқа да факторлар кедейлікке себепкер 
болады.
7. АҚШ-та қазір өмір сүру жасы ұзақ және әлі де 
ұзаруы мүмкін. Баласы жоқ адамдар қатары 
артқан. Туу көрсеткіші төмен болғандықтан 
халық санының өсімі нөлдік көрсеткіштің 
айналасында. 
Алайда 
иммигранттардың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет