Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет493/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
441
pi мүшелерін өздеріне қосылуға үгіттеп көндіреміз деген үмітпен 
пошта арқылы брошюралар жолдай алады. Сонымен қатар ол қыл- 
мыстық ахуал өршіген қала тұрғындарын қауіпсіздік үшін қолда 
қару болу керектігіне сендіру мақсатында жариялы түрде жина- 
лыс өткізе алады. Культтік және экстремистік топтар сияқты өзге 
де ұйымдар адамдарды көзқарастарының мүлде дұрыс еместігіне 
сендіру арқылы өзіне тартады.
Құрылымды орталықтандыру әдістері арқылы кімдерді тарту- 
ға болады? Әлеуметтік қозғалыс белсенділерін зергтеу нәтижесі бо- 
йынша, жаңа қатысушыларды тартуда идеология және наразылық 
маңызды болғанымен шешуші фактор - жеке байланыстар мен торап- 
тар. Адам қаншалықты идеологияға берілсе де жанында мүдделес се- 
ріктестері болмаса белсенді мүше бола алмайды. Егер оның достары, 
туыстары мен таныстары қолдау білдірудің орнына қозғалысқа қарсы 
шықса да белсенді мүше болуы екіталай (McAdam & Paulsen, 1993).
Kepi қозғалы стар
Kepi қозғалыстар дегеніміз - қарсы күресетін қозғалысқа мүлде өз- 
геріс енгіздірмейтін немесе оған қарсыласуға тырысатын әлеуметтік 
қозғалыс (Lo, 1982; Meyer & Staggenborg, 1996). Kepi қозғалыстар кез кел- 
ген қозғалысқа жауап ретінде пайда болуы мүмкін және олар не сол- 
шыл, не оңшыл болып келеді.
Егер үш шарт сақталса, онда кері қозғалыстар белең алады (Meyer 
& Staggenborg, 1996). Біріншіден, алғашқы қозғалыс аз ғана болса да 
жетістікке жетуі керек. Егер қозғалыс сәтсіз болса оған ешкім қарсы 
шықпайды. Ал қозғалыс толықтай сәтті болып көрінсе, онда оппози- 
цияның пайдасы шамалы болмақ. Мысалға, темекі тартатындардың 
көбі жұмыс орнында шылым шегуге тыйым салатын ережелерді еш- 
бір қарсылықсыз қабылдады. Ал қоғамдық орындарда, мейрамхана- 
лар мен барларда темекі шегуге тыйым салынған кезде олар өздерін 
қолдаушылар барын түсінді. Осындай орындардың иелері тұтынушы- 
дан айырылып қалмау үшін олардың сөзін сөйледі. Міне, сондықтан 
да аталған тыйымға қарсылық пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет