Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Жаңа технологияның артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет499/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Жаңа технологияның артықшылықтары
мен кемшіліктері
Дербес компьютердің ойлап табылғанына барлығымыз қуанышты- 
мыз. Оның артықшылықгары айқын, бірақ одан ту ындайтын кішкентай 
мәселелерді біз елемейміз. Ал атом бомбасының жасалғанына қуанған- 
дар аз. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка үкіметі оны 
қолданғанда америкалықтардыц көбі риза болды.
Демек, жаңа технологиялардың артықшылықтары мен кемшін түс- 
тары болады және олар бірден байқалмауы мүмкін. «Жаһандық көзқарас: 
Үндістан ұялы телефонды қарсы алды» бөлімінде артықшылық пен 
кемшіліктің арақатынасы қарастырылған.
Келесі тарауларда біз жаңа технологияның екі түрін - репродуктивті 
және ақпараттық түрлерін қарастырамыз. Осы ретте жаңа технология- 
мен қатар пайда болатын технологиялық тұрғыдан міндетті және қа- 
лыпты деп саналатын жазатайым оқиғаларды талқылаймыз.
Жаңа репродуктивті технологиялар
Жаңа репродуктивті технологиялар (кейбірі қарапайым, кейбірі кур- 
дел!) балалары өзінің ағзасынан болганын қалайтын әйел мен ер 
адамның нәресте сүю мүмкіндігін арттырды. Әйелдері бала көтере 
алмайтын ерлер өзінің үрығын басқа әйелге беру арқылы оны жүкті 
ете алады. Олар әдетте «суррогатты ана» (ақылы қызмет) деп атала- 
ды. Ерлері белсіз әйелдерге басқа адамның ұрығы арқылы бала кө- 
теруге болады. Бала көтере алмайтын әйелдер хирургиялық әдіспен 
аналық жасушасын алдырып, кейін оны пробиркада ұрықтанды-


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
447
ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАС
Назар
аударыңыз
Үндістан ұялы
телефондарды қарсы
алды
А
ҚШ түрғындары үшін үялы телефон­
ный пайда болуы өмірді бірталай 
жеңілдетті. Үндістандықтар үшін үялы 
телефон бәрін өзгертуі мүмкін.
Үндістанда үялы телефонды қолда- 
ну дүниежүзінде ешбір елде болмаған 
қарқынмен өсіп келеді. Қазіргі кезде үн- 
ділердің 1/3 бөлігінде үялы телефон бар 
(Giridharadas, 2009). Сонымен қатар үялы 
телефоны барлар саны кедейлер мен 
байлардың арасында, шағын қалалар 
мен ауылдарда және үлкен қалаларда 
да өсіп келеді.
Көптеген сұранысты қанағаттан- 
дыратын болғандықтан, үялы телефон- 
дар танымал бола түсті (Giridharadas, 
2009). Осы кезге дейін үнділерде стацио- 
нарлы телефонный өзі сирек болатын. 
Ал стационарлы телефоны бар үйлер 
оны өзінің қалауынша қолдана алмай- 
тын. Аппарат үйдің ортасында, бар- 
лығыныц қолдануына ыңғайлы жерде 
орналасатын. DVD ойнатқыш, стерео 
жүйе, камера сияқты басқа электронды
қүрылғылар әлі де қолданыста сирек 
кездеседі. Ал компьютер мен ноутбук- 
тері бар адамдар ғаламторға қосыла 
алмайды.
Осындай 
жағдайда 
үялы 
теле­
фон революциялық қүбылыс болды. 
АҚШ-тағыдай үнділер телефондарын 
қолшам немесе интернетке қосылу қү- 
ралы ретінде кунтізбе үшін және фо- 
тоға түсіру мақсатымен қолдана ала- 
ды. Айырмашылыгы сол, Үндістанда 
көпшілігі осы міндеттерді орындайтын 
басқа қүрылғыларды білмейді
Үялы телефон жас үнділердің жеке 
өмірін өзгертті. Отбасындағы, үйлен 
беген ер мен әйел арасындағы каты- 
насты қатаң бақылайтын қоғамда жас 
үнділердің телефонды хабарлама жазу 
үшін және өзіне үнайтын қызбен не жі- 
гітпен жасырын сөйлесу үшін қолдана- 
ды. Сөйтіп, үялы телефон жасырын өмір 
жайлы ойды өзгертті.
Үялы телефон Үндістандағы саяси 
өмірді де өзгертті Белсенді топтар үялы 
телефонды саяси үміткерлер жайлы мә- 
ліметті тарату үшін, журналистер саясат 
және оқиға жайлы сұхбат алу үшін, ал 
азаматтар теледидарға саяои хабарла-
рып, содан кейін жатырына имплантация жасатады. Мұндай әдіспен 
белсенді аналық жасушасы жоқ әйелдер де (менопаузадағы әйелдер 
де) басқа адамның ұрығын пайдалану арқылы бала көтере алады. 
Бұл технологиялар тек баласы жоқ жұптарға ғана емес, жалғыз бас- 
ты ерлер мен әйелдерге де қолжетімді. Қазіргі таңда жыл сайын 50 
мыңға жуық бала осы технологиялардың арқасында дүниеге келеді 
(U.S. Bureau of the Census, 2011c). Көптеген аналар гормондық дәрілерді 
қабылдаған соң немесе бала туу қабілетін қалпына келтіретін хирур- 
гиялық шаралардан кейін кәдімгі табиғи жолмен көтеріп, дүниеге 
бала әкеледі.
Репродуктивті технологиялар балалы болу мүмкіндігін арттыр- 
ғанымен, кейбір әлеуметтанушылар денсаулық, әлеуметгік және 
этикалық жағдайларға алаңдайды (Rothman, 2000). Денсаулыққа тө- 
нетін қатерлер өте көп. Гормондар қабылдайтын әйелдерге сүт безі- 
нің немесе аналық жасушаларының қатерлі ісікке шалдығу қаупі 
төнеді. Тағы бір әйелдер гормондар қабылдағаннан егіз, үшем немесе 
төртем көтергенде ұзақ мерзім бойы қатерге басын тігеді. Олардың 
балалары дүниеге ерте келеді. Сондықтан олардың да денсаулығы- 
на байланысты көп мәселелер туындайды (Saul, 2009). Хирургиялық 
жолға жүгінген әйелдер хирургиялық емнің барлық қауіп-қатерімен 
бетпе-бет келеді.
малар айту үшін қолдана бастады. Бүл 
әрекеттер жергілікті сайлау мен сот ісіне 
ықпал етіп үлгерді (Giridharadas, 2009).
Енді бір жағынан, телефон Үн- 
дістандағы көне мәдени және әлеумет- 
тік айырмашылықты нығайтушы жаңа 
әдіске айналды. Бір бақылаушы жаэған- 
дай, үялы телефон арқылы кім алда, ал 
кім артта қалғанын байқауға болады 
«Кішкентай» адамдарда - кішкентай те­
лефон, ал «үлкендерде» - үлкені. «Кіш- 
кентайларда» қарапайым нөмір, ал «үл- 
кен» адамның нөмірі маңындағыларға 
қыр көрсетудің бір қүралы ретінде теэ 
жатталатын 77777 сияқты сандармен 
аяқталады. «Кішкентай» адамдарда бір 
телефон, ал «үлкендерде» екеуден. «Кіш- 
кентай» адамдарда қарапайым қоңырау 
соғылса «үлкен» адамдардын қоңыра- 
уында Болливудтың әндері орындалады 
(Giridharadas, 2009).
Қорытындылай келгенде, басқа да 
жаңа технологиялар сияқты Үндістанда 
үялы телефондардың қолданысқа енуін 
жақсы не жаман деп бағалауға бол- 
майды Мүмкін, үялы телефондар үнді 
халқына қасірет сыйлар, мүмкін көмек- 
тесер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет