Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет518/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Корреляция (өзара байланыс) 
- эмпирикалық қа- 
рым-қатынастардағы (мысалы, білім ұлғайған 
кезде табыстың артуы) екі көрсеткіш арасындағы 
сабақтас байланыстылық.


ГЛОССАРИЙ
459
Көлденең сызбалы кескін 
- белгілі бір уақыгтағы ха- 
лықтың үлгісін (немесе көлденең қимасын) пай- 
даланады.
Көлеңкелі экономика 
- экономиканың мемлекеттік 
бақылаудан жасырынатын бөлігі.
Көпшілік тобы 
- мәдени, экономикалық әрі саяси ба- 
сымдыққа ие топ.
Көтерілісшіл сана 
- өзгеріс қажет және ол мүмкін деп 
есептейтін жеке ой.
Көші-қон 
- адамдардың бір географиялық аймақтан 
екіншісіне көшуі.
Күнделікті өмірдегі әлеуметтану 
- қарапайым, 
қоян-қолтық араласатын жағдайлардағы тәжі- 
рибемізді түзетін әлеуметтік процестерді қара- 
стырады.
Күш - басқалардың мінез-құлқын, тіпті олардың 
өздерінің еркіне қарсы бағыттай алу қабілеті.
қ
Қайта әлеуметтендіру 
- жаңа идеяны және өмірдің 
түбегейлі өзгеше әдісін (көбінесе еріксіз) үйрену 
процесі.
Қақтығыс 
- ортақ ережелермен реттелмейтін ресурс- 
тар үшін күрес. Ол өз қарсыластарын жою, жа- 
рақаттау немесе бейтараптандыру әрекеттерін 
қамтуы мүмкін.
Қасиеттілік 
- біз бақылап, түсіне алмайтын, бізде 
қорқыныш нен табыну сезімін оятатын құбылыс- 
тар мен нәрселер.
Қатыса отырьш бақылау 
- қатысу, сұхбаттасу, оқиға 
орнына барып зерттеу жүргізуді қамтитын тал- 
дауәдісі.
Қауымдастық 
- көпгеген адамдар жеке байланыста- 
рымен топтасатын қоғамдар.
Қоғам 
- географиялық аумағымен бөлектенетін 
тұрақты қоғамдастықтагы ұлт немесе үлкен топ. 
Экономикалық, мәдени және саяси байланыстар 
жеке тұлғалардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі 
арқылы атқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет