Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Тең топ  -жас мөлшері шамалас мүшелерден құралады. Теория



Pdf көрінісі
бет527/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Тең топ 
-жас мөлшері шамалас мүшелерден құралады.
Теория 
- кеңірек децгейде байқалған үлгілерді түсін- 
діретін идеялар жиынтығы.
Терроризм (лаңкестік) 
- саяси-әлеуметтік себептерге 
байланысты адамдарға қасақана жасалатын зор- 
лық-зомбылық.
Технологиялық императив 
- жаңа технология қол- 
жетімді болған кезде оны қолданбау мүмкін емес 
деген тұжырымға келу.
Технология 
- құралдар жасау және табиғи ресурстар­
ды қолдану үшін адам білімін қолдану.
Тіл - ауызша, қолмен ымдау белгілерімен немесе жаз- 
баша нышандармен сөйлесу қабілеті.
Тоғысқан отбасы 
- балалары бірнеше үйдің арасында 
өмір сүретін отбасы.
Ton 
- өзара әрекеттесетін және өзара тәуелділікті мо- 
йындайтын екі немесе одан да көп адамға ортақ 
әлеуметтік құрылым.
Топтық сана сыни ойлауды шектеп, 
өзара келісу- 
ге итермелейтін ықпал бар кезде пайда болады. 
Бұл - пікірталастық сыни ойлауды тоқтата ала- 
тын күш.
Төмендеуші ассимиляция 
- иммигранттардың ұр- 
пақтарыныц негізгі топқа емес, АҚШ-та туған аз- 
шыл топтардың «жасырын» әлеміне сіңу процесі.
Трансгендерлік тұлғалар 
- жынысы және жыныс- 
тық бірегейлігі нақты емес, өзін нақты «ер- 
кекпін» немесе «әйелмін» деп айта алмайтын 
адамдар. Олардың кейбіреулері - гермафродиттер, 
енді біреулері - транссексуалдар.
Трансүлттық корпорациялар 
- тауарларды халық- 
аралық деңгейде өндіретін және сататын ірі кор­
порациялар.
Тренд 
- айнымалы шаманың уақыт өте өзгеруі.
Триада 
- үш мүшеден тұрагын топ.
Туу 
көрсеткіші 
- белгілі бір уақыт ішінде әрбір 
1000 адамға шаққандағы туу саны.
Туу 
коэфиценті 
- белгілі бір уақыт ішінде әрбір 
1000 әйелге шаққандағы туу саны.
Түске қатыссыз 
нәсілшілдік барлық нәсілдер бірдей 
қүрылды, нәсілдік теңдікке қазіргі кезде қол жет- 
кізілді деген сенімге негізделген, сондықтан та- 
бысқа жете алмайтын кез келген аз топтыц өкіл- 
дері өздері кінәлі деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет