Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет64/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
53
Д еректерге ден қо й с ақ
Д е р е к т е р д і з е р д е л е у :
қыздарға қа- 
рағанда жігіттердіц неліктен ішімдікке 
көбірек үйір келетінін әлеуметтанулық 
тұрғыдан түсініп көруге тырыстыңыз 
ба? Қыздар мен ұлдарға ішімдік жөнін- 
де әртүрлі тәрбие беріле ме? Маскүнем 
болғандарға ше? Кім қандай тәрбие 
берді? Ішімдік ішудің, ішкілікке салы- 
нудың еркектер мен әйелдерге зияны 
әртүрлі ме? Бүл олардың ішу деңгейіне 
қалай эсер етуі мүмкін?
Д е р е к т е р д і с ы н а у :
бұл деректер ерлер 
мен әйелдердің ішімдік дағдыларына 
қатысты айырмашылықтарын асыра 
көрсетпей ме? Мүмкін, ерлер ішімдік 
ішуін асырып, ал әйелдер өз көрсет- 
кіштерін азайтып айтатын шығар? 
Неліктен?
Колледждің 18 бен 20 жас аралығындағы күндізгі бөлім
студенттерініңсоңғы 30 күндегі алкогольдік ішімдік ішуі
ДЕРЕККӨЗ: Нашақорлық пен денсаулық туралы үлттық зерттеу 
комитеті (2008).
*Бір отырыста бес не одан да көп стақан ішімдік ішу.
**Бес не одан да көп күн ішінде бес не одан көп стақан ішімдік ішу
ді пайдалану өскен сайын студенттің оқу үлгерімі тұрақты түрде 
(сәл болса да) төмендеген.
Бүл «студенттердің бағасының нашарлауына ішімдік ішкені се- 
беп болды» дегенді айғақтай ма? Олай болмауы да мүмкін. Бірінші- 
ден, біздің бар білетініміз - студенттер қаншалықты жиі ішсе олар- 
дың бағасы соншалықты нашарлаған. Ішімдік ішу студенттің төмен 
баға алуына алып келді ме, әлде ол үлгерімі нашар болған соң іше 
бастады ма? Себеп қайсы, салдар қайсы - ол жағын ажырата алмай- 
мыз. Мұны анықтау үшін 
көпжылдық зерттеулерді 
қолдануымыз 
қажет; яғни белгілі бір уақыт аралығындағы деректерді жинауымыз 
керек. Бір адамдар тобынан бірнеше per сұхбат аламыз (әр ай сайын, 
болмаса эр бес жыл сайын) немесе сол халықтың ішінен кездейсоқ 
таңдалған топтарға араға апта, ай не жыл салып сауалнама жүргізе- 
міз. Осы арқылы студенттердің оқу үлгерімінің ішімдік ішкенге де- 
йін я ішкеннен кейін нашарлай бастағанын анықтай аламыз.
Екінші проблема - ішімдік пен улгерім арасында қандай да бір 
себеп-салдарлық байланыстың бар екеніне сенімді бола алмаймыз. 
Ішімдік ішетіндер мен ішпейтіндер түрлі көрсеткіштер бойынша әу 
баста әркелкі болса керек. Жиі ішетіндер күйзелісте жүрген болуы 
мүмкін немесе олар білімге аса мән бермейтін жерде өскен болуы ық- 
тимал. Олардың ішімдікке салынуына және томен бага алуына осы 
айнымалы шамалардың бірі эсер еткен болуы кәдік. Бұл жағдайда 
ішімдік пен төмен баға арасындағы анық (бірақ өтірік) себеп-салдар- 
лық байланыс 
жалған қатынас 
деп саналады. Бір айнымалы шама 
екіншісіне эсер етіп тұрғандай көрінгенімен (ішімдік пен нашар үл- 
герім) шын мәнісінде үшінші бір айнымалы шама алдыңғы екеуіне 
эсер етіп тұрғанын жалған қатынас деп атауға болады.
Жалған қатынастардың жетегінде кетіп шатаспас үшін басқа 
ықтимал айнымалы шамалардың әсерін тексеру керек, ол үшін үл- 
кен ауқымдағы сынама тобын аламыз. Мысалы, ішімдік ішетін және 
ішпейтін студенттердің орташа үлгерім бағасын салыстырудың ор- 
нына (1) күйзелістен ішімдік ішетіндер, (2) күйзеліске ұшырамаса
Көпжылдық зерттеу - деректер 
ұзақ уақыт бойы жиналған 
зерттеулер.
Жалған қатынас - бір айнымалы 
шама екінші айнымалы шамага 
эсер еткен сияқты көрінеді, алайда 
өзгерістің нақты себебі үшінші 
айнымалы шама болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет