Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет70/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Әлеуметтанушылар: олар
немен айналысады?
Әлеуметтанушы дипломын алғаныңыз - беделді де табысты маман 
болып шыққаныңыз. Дегенмен мұнан кейінгі өмір жолыңыз магист­
ратура мен докторантурада оқуды жалғастыруыңызға байланысты 
болмақ.
Бакалавр әлеуметтанушылар
Гуманитарлық саладагы басқа ғылымдар сияқты әлеуметтану да 
көптеген салада жүмыс істейтіндерге бастапқы білім береді. Соны- 
мен қатар әлеуметтану студенттерді сыни тұрғыдан ойлауға, дерек- 
терді талдауға, әлеуметтік проблемаларды және адами қарым-қаты- 
настарды түсінуге баулиды. Сондықтан «Әлеуметтану» мамандығы 
бойынша бакалавр дәрежесін алып шыққан маман журналистика, 
бизнес, педагогика, денсаулық сақтау және басқа көптеген салалар­
да жақсы қызмет ету үшін кәдеге жарайтын дағды мен білім алып 
шығады. Мұнымен қоса, бакалавриатта әлеуметтанудан алған білім 
әрі қарай көптеген сала бойынша магистратура мен докторантураға 
түсуге тамаша мүмкіндік береді. Мысалы, Мишель Обама заңгерлік 
мамандығына келерден бүрын әлеуметтанудан бакалавр дәрежесін 
алған.
Дегенмен егер әлеуметтанушы болып жүмыс істегіңіз келсе осы 
мамандық бойынша академиялық дәреже алуыңызға тура келеді. 
Кейбір жұмыстар үшін магистр дәрежесі жеткілікті болуы мүмкін; 
енді бір жұмыстар PhD дәрежесін талап етеді.
Колледж және университеттегі
әлеуметтанушылар
Америкадағы магистр не доктор дәрежесі бар әлеуметтанушылар- 
дың төрттен үші колледждерде және университеттерде профессор не 
оқытушы болып жүмыс істейді. Кей оқу орындарында әлеуметтану- 
шылар тек сабақ беріп, мектептің әкімшілік жүмысына көмектеседі. 
Өзгелерінде олар сабақ берумен қатар зерттеумен де айналысады.
Әлеуметтану саласының кей профессорлары өз зерттеулерін 
адамның әлеуметтік мінез-құлқының негізгі ұстанымдарын түсіну- 
ге пайдаланады. Енді бірі зорлық-зомбылық, ауру және жұмыссыз- 
дық секілді әлеуметтік проблемаларды шешуге ден қояды. Мысалы,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет