406
14-ТА РА У
Бұл - Ганада жыл сайын халық саны орта есеппен 2,3 пайызға артып
отыр деген сөз (Population Reference Bureau 2011a).
Егер осы қарқын
сақтала берсе алдагы 30 жылға жетпей ел халқының саны екі еселенуі
мүмкін.
Туу көрсеткіші жоғары болуының тағы бір себебі - Гана қоғамын-
дағы әйел рөлінің сипаты. Ганада көптеген әйелдер үшін бала - құр-
мет пен билікке қол жеткізудің маңызды бірден-бір жолы. Бала
көтере
алмайтын әйелдерді күйеулері тастап кетеді. Полигамды отбасылар-
да тұрып жатқан ганалық әйелдердің 22 пайызы үшін бұл - қалып-
ты жағдай (Social Institutions & Gender Index 2009).
Бала саны, соның
ішінде ер баланың көп болуы әйелдердің күйеулері алдында дәреже-
сінің жоғары болуына ықпал етеді. Сонымен қатар нәресте өлімі көп
болғандықтан, ганалық әйелдер ең болмаса
екі баласы аман қалсын
деген есеппен кемінде торт немесе одан да көп бала туады.
Туу көрсеткішінің жоғары болуына эсер етіп отырған тағы бір
себеп - экономикалық қауіпсіздік. Гана халқының басым бөлігі ауыл
шаруашылығында еңбек етеді. Күнкөріс үшін отбасыларға егістікте
жүмыс істейтін балалар және ересектер қажет.
Сонымен қатар бала-
лар өсіп, үйленген кезде басқа отбасылармен саяси және әлеуметтік
байланыс орнатып, өз отбасының экономикалық әрі саяси қауіпсізді-
гін нығайта алады. Сондай-ақ балалар - ганалықтар үшін қартайған
шақты сақтандырудың бірден-бір жолы,
яғни қартайғанда немесе
ауырған кезінде қамқорлықты балаларынан күтеді. Сонымен қатар
балалы болу көп шығынды қажет етпейді: қымбат медициналық
қызмет
көрсетілмейді, білім алу арзан немесе мүлде жоқ, балалар
дизайнерлік джинсы немесе 150$ тұратын теннис аяқ киімін алып
беруді талап етпейді. Шығыс пен кірісті салыстырсақ, ганалықтардың
не себепті көп балалы болуды қалайтыны түсінікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: