ГЛОССАРИЙ
461
әлеуметтік қарым-қатынас міндеттемелері те-
пе-теңдігін сақтауға ұмтылуыныңмөлшері.
Өзіндік түжырымдама (концепция)
- жеке адам
екеніміз туралы түсінік сезімінің туындауы.
Өзіне сырт көзбен қарау
- өзімізге өзгенің көзімен
қарауды үйрену процесі.
Өкілеттілік
- білім деңгейі ерекше жогары болған-
дықтан кейбір адамдардың басқаларга қара-
ғанда оларды артық деп есептеуі.
Өлім көрсеткіші
- белгілі бір уақыт ішінде әрбір
1000 адамға шаққандағы өлім саны.
П
Перифериялық елдер
- кедей және әлсіз келеді,
салыстырмалы түрде аз шамада бақылау орна-
тылған, экономикасы біржақты.
Плюрализм
- бір қоғамда жеке және тең мәдениет-
тердің бейбіт қатар өмір сүруі.
Полигамия
- ерлі-зайыптылардың бір уақытта бір-
неше жұбайы болуы мүмкін неке.
Постиндустриалдық қоғамдар,
негізінен, ақпа-
раттар өндіреді немесе қызметтер көрсетеді.
Провинциялар
- қала сыртындағы аумақты (не-
гізінен, тұрғын-жайларды) дамытатын аудан-
дар.
Пролетариат
- өндіріс құралдарына иелік етпейтін
тап. Олар өндіріс құралдарының иелеріне еңбе-
гін сату арқылы өздерін қамтамасыз етеді.
Протестанттық этика
түсінігі бойынша еңбек ету,
рационализм және қарапайым өмір сүруді
дұрыс деп, ал жүмыссыздық пен сылбырлық
күнә деп саналады.
Профан (қарабайыр)
- күнделікті өмірде өздігінен
болатын және қарапайым әрекет регінде көрі-
нетін барлық нәрселер, әдетте олар бізге таныс,
біз оларды бақылап, оған айла-шарғылары-
мызды жасай аламыз.
Р
Рационалды-құқықты бедел
- адамдардың рацио-
налды қойылған ережерлерге негізделген
билікті үстануы.
Революциялық қозғалыстар
қоғамды түбегейлі
өзгерткісі келеді.
Репликация
- басқа зерттеушінің эмпирикалық
зерттеулерін қайталау немесе әртүрлі үлгілер-
мен бірдей нәтижелерге жету.
Достарыңызбен бөлісу: |