Кәсіби білім мен түсінік
182
қажет. «Неліктен» деген сұраққа өз тәжірибесіне сүйене отырып, се
-
німді жауап беруге ұмтылған мұғалімнің
жауабын негіздеуде қина
-
луы әбден мүмкін, сондықтан сыртқы қысымға төтеп беруі екіталай.
Тернер-Биссеттің (2001: 4) көрсетуінше, білікті оқытушылар – «білім
мен біліктің және процестердің барлық түрлерінің» білгірі. Кез келген
мұғалімнің оқыту, оқу, бағалау және мінез-құлықты басқару стратегия
-
лары бойынша терең кәсіби білімі, оқытатын пәнінің оқу бағдарлама
-
сының дұрыс екеніне деген нық сенімі мен өзін қай бағытта кәсіби да
-
мытуы керек екені туралы бағдары болуы қажет. Бірақ білім мен түсінік
тұрғысынан алғанда, үздік мұғалімдердің бір-бірінен айырмашылығы
неде? OFSTED тұжырымдарына қарағанда (2014: 39), үздік мұғалімдер
оқушыларды оқуға жұмылдыруға айтарлықтай ықпал ете алады, бүкіл
мектеп бойынша оқуға деген оң көзқарас қалыптастырады. Яғни мұға
-
лім оқушылардың білім алуына қажет дағдыларды дамытуға баса назар
аударады және ол дағдылардың қолжетімді болуы оқушылардың оқу
-
ға деген құлшынысын арттыра түседі. Бүкіл Біріккен Корольдік аума
-
ғында мұғалімдер өз пәні мен оқу бағдарламасын жақсы білуі керек деп
есептеледі. Осы тарауда мұның іс жүзінде нені білдіретіні қарастырыла
-
ды. Мысалы, 6-сынып мұғалімі өз пәнін жеткілікті деңгейде оқыту үшін
оқу бағдарламасын бүге-шігесіне дейін білуі мүмкін бе? Ерте балалық
шақтағы балаларды оқытатын маман білімді қалай түсінеді? Мұғалім
-
дер білімін уақыт талабына сай қалай жетілдіріп отырады? Сондай-ақ
мынадай теориялық сұрақтар ұсынылады:
Білім иерархиялық санала
ма? Балаларға қандай білім беру керек екенін кім шешеді? Білім де дағ
-
ды сияқты маңызды ма?
Достарыңызбен бөлісу: