сандар бағаны түрінде
көбейтуге және бөлуге үй
-
рететін нақты әдістерді ұсынды.
Зерттеулер бүлдіршіндердің аз мөлшерде болса да санды «ажы
-
ратып», ауызша санау дағдыларын байқата алатынын көрсетті (Riley,
2007). Мектеп жасына жеткен балалардың көпшілігі саналы түрде са
-
нап, «көп», «аз» деген терминдерді дұрыс қолдана алады, бірорынды
сандарды қосуды, алуды біледі, сондай-ақ мәселе шешу стратегияла
-
рын қарастыра алады (OFSTED, 1995). Ерте балалық шаққа тән сандық
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
253
дағдыларға табиғи нысандарды санау, кері санау, сандық ұйқастарын
қолдану, «біреуі артық/біреуі кем» екенін анықтау, қарапайым сандық
байланыстарды (бірден беске, бестен онға дейін) білу және пішін мен
өлшемдерге қатысты зерттеу жұмыстары кіреді (О’ Хара, 2008).
Оқуды үйрету секілді, санау дағдыларын қалыптастыру бойынша
да әр мектептің өзіндік тәсілдері бар (Frobisher
et al.,
1999). Оқытудың
конструктивтік теориясы балалар математикада мағынаны ашуға ұм
-
тылғанда қателіктерге ұрынады деп болжайды. Соңғы жылдары жүргі
-
зілген зерттеулер нәтижесінің ең маңыздысы, оқушылар өз айналасынан
үнемі көретін модельдерді түсіндіру үшін ереже «ойлап табатын» көріне
-
ді (OFSTED, 1995). Мысалы, оқушылардың көпшілігі онға көбейту үшін
нөл қосу керек деген «ережені» қолданады. Содан кейін олар осы ереже
-
лерді тым жалпылап, мысалы, ондық сандарға да қолдануға ұмтылады.
Көп мұғалім сандар желісі, өзектер, 100 шаршылық торлар, функ
-
ционалды машиналар, суреттер, ақша және өлшемдер сияқты бірқатар
ресурстарды пайдаланады. Олар өздігінен санды тиімді оқытуды жү
-
зеге асыра алмайды. Анығында, мұның кілті оқушыларға сандардың
құрылымы мен үдерістерін түсінуге көмектесуде жатыр. Балаларды
жастайынан санды
сезінуге
үйрету керек. Хейлок пен Кокберн (1997:
17–19) адамдардың санасында сандар қалай бейнеленетінін суреттей
-
ді. Мысалы, егер 3 саны туралы ойлауды сұрасаңыз, санада нүктелер
-
дің, үшбұрыштың, саусақтар мен тәттілердің суреті немесе нақты сим
-
волдар бейнеленуі мүмкін. Сан үш заттан құралған жиынтықты білді
-
ріп,
кардиналдық
аспект ретінде қолданылса, кейде
номиналды
қызмет
те (мысалы, number 3 bus),
реттік
қызмет (мысалы, 3-бет – 2-беттен
кейінгі 4-беттен бұрынғы бет) атқарады. Сандар желісі көбіне сандар
-
дың реттік мәнін көрсету үшін қолданылады.
Санау дағдылары санның әртүрлі аспектілерін қажет етеді. Оқу
-
шылардың басты міндеті – қандай контексте қолданылса да санның
бірдей мағына беретінін түсіне алатын деңгейге жету, мысалы, «Сіз
қанша бетті оқыдыңыз және қай бетке жеттіңіз?». Балалар матема
-
тиканың мәнін, өзектілігін түсінген кезде жақсы оқитын болады. Көп
бала математикадан сыныпта оқығанын күнделікті өмірде, оқудан
тыс уақытта қолдануға қиналады. Балалар зерттейтін, талқылайтын
және ойын бөлісетін кезеңге жеткенде, математика «қорқынышты»
болудан қалады. Сабақтың мақсатын айқын ұғындырып, математика
-
лық терминдерді жақсы түсіндіретін және оқушылардың идеяларын
қолдап отыру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатын мұғалімдер
озық тәжірибелі болып есептеледі (Cockburn and Handscomb, 2006).
Бұл қосымшалардың нақты өмірлік контексте болуы керегін есте
ұстаған жөн. Бұл туралы көп жыл бұрын Гамильтон және басқалар
(1947: 50) да айтқан.
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
254
Көлік, газет, пошта сияқты қызығушылықтар, есептік салыстыру
-
лар жүргізіліп, оған кесіп-пішу, санау, өлшеу және сауда жасау тәжіри
-
белері қосылса, тереңдеп байи түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |